«Цифрлық сауаттылық» оқу пәні 1-сыныпта 2022 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі. 1-сыныптағы «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны білім
алушылардың алгоритмдік ойлау қабілетін ойын программалау ортасында
қалыптастыруға, робототехника жиынтығының негізгі компоненттерімен
таныстыруға, қарапайым роботтар жинауға және оларды басқаруға
бағытталған.
1-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық
мазмұны:
1) «Компьютер»: Информатика кабинетіндегі ережелер;
2) «Интернет желісіндегі жұмыс»: желіде орналастырылған ақпараттың
сенімділігі мен пайдалылығы; желідегі қалаусыз байланыс тәуекелдері;
3) «Есептей білу»: алгоритмдер; сызықты алгоритмдерді орындаушы;
программалау ойын алаңынының интерфейсі (Scratch (скретч)); программалау
ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу;
4) «Робототехника»: білім беру роботының негізгі моделін құру; роботқа
арналған программаны жүктеп алу және іске қосу; роботтың доңғалақ
73
бұрылыстарының белгіленген саны бойынша қозғалысы, роботтың берілген
бұрышта қозғалысы (90, 180 градус).