Ќазаќстан республикасыныњ



бет25/128
Дата20.06.2020
өлшемі1,98 Mb.
#74127
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   128
Байланысты:
касипкерлик
Глоссарий
Қаржылық тәуекелдердің шоғырлануын лимиттеу үлкен шығындарды талап етпейтін және осы тәуекелдерді қабылдау бөлігіндегі, кәсіпорынның қаржылық идеологиясын жүзеге асыратын тәуекел-менеджменттің, кеңінен таралған ішкі механизмдерінің бірі болып табылады. Тәуекелдерді басқарудың аталған әдісі қаржылық және коммерциялық тәуекелдерге қатысты тиімдісі болып табылады және басқа тәуекелдерді басқару кезінде оны қолдану міндетті емес.

Кәсіпкерлік қызметте тәуекелдерді төмендету әдістерінің бірі әртараптандыру болып табылады. Әртараптандыру – бір-бірімен өзара тікелей байланысты емес, қызметтің алуан түрлері арасында капитал салымдарының күшін үйлестіру. Бұл жағдайда, егерде күтілмеген жағдайлар нәтижесінде қызметтің бір түрі зиянды болса, екіншісі табыс әкелетін болады.


Әртараптандыру тәуекел деңгейін төмендету әдісі ретінде.


Өз қызметінде кәсіпкер әртараптандырудың келесідей типтерін қолдана алады:

1) Шоғырланған әртараптандыру – техникалық және маркетингтік көзқарастан кәсіпорыннан шығарылатын өнімге ұқсас болатын өз номенклатурасын толтыру. Мысалы, құрылыс кәсіпорындары үшін, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыспен қатар – коттедждер, гараждар, саяжайдағы үйлер, сауда павильондарының құрылысы, күрделі және ағымдық жөндеу. Әртараптандырудың бұл түрі өндіріс профилін өзгертпейтін болғандықтан, қызмет үрдісіне біршама қосымша салымдарды талап етпейді.

2) Көлденең әртараптандыру – кәсіпорынның негізгі қызметіне байланысты болмайтын қызметтермен және өнімдерімен өз ассортиментін ұлғайту арқылы, сонымен қатар, тұтынушылардың қызығушылығын тудыратын қызмет жүйесі.

3) Конгломератты (латенттік) әртараптандыру – кәсіпорын қолданатын технологияға, қызмет ету аяларына және қазіргі өндіріліп жатқан тауарларына ешқандай қатысы жоқ жаңа өнім өндіру арқылы өз ассортиментін кеңейту. Тәжірибеде көбінесе көлденең әртараптандыруды қолдану жиі кездестіріледі.

Әртараптандыру әдісі өндірістік, коммерциялық және инвестициялық тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде кәсіпорындардың көпшілігінде конгломератты әртараптандыру қолданылады. Бұл механизм, ең алдымен тәуекелдердің жүйелік емес түрлерінің теріс қаржылық салдарын болдырмау үшін қолданылады. Сонымен қатар, ол белгілі бір дәрежеде жүйелік тәуекелдердің жеке түрлерін төмендетуге мүмкіндік береді. Әртараптандыру механизмінің іс-әрекет ету қағидасы шоғырлануға бөгет болатын тәуекелдерді таратуға негізделген.

Әртараптандыру механизмін жалпы сипаттай отырып, ескеретін жайт, ол жеке тәуекелдердің теріс салдарын төмендетуге әсер етеді. Жүйелік емес топтың кешенді тәуекелдерін болдырмауда сөзсіз тиімділікті қамтамасыз ете отырып, ол жүйелік тәуекелдердің, ең алдымен инфляциялық және салықтық тәуекелдерді болдырмауға септігін тигізбейді. Сондықтан, кәсіпорында бұл механизмді қолдану шектеулі сипатқа ие. Сонымен қатар, тәжірибеде жүзінде әртараптандыру тәуекелді тек төмендетпей, көбейтеді. Тәуекелдің көбеюі кәсіпкер өз қаражаттарын, оның білімі мен басқарушылық қабілеттері шектеулі болатын қызмет аясына салған жағдайда болады. Бұл жағдайда қызметтің басқа аяларынан алынатын пайдалар есебінен, зиян әкелетін қызмет аясын қолдауды болғызбау керек. Өйткені мұндай тәжірибе барлық пайданы зиянды салаға жұмсалуына әкелуі мүмкін.

Демек, әртараптандыру – бұл негізгі қызметпен байланысты емес, белгілі бір жобаларға салымдарды салудан түсетін табыс алуға мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқару әдісі. Әртараптандыруды қолдану, кәсіпорынды банкроттықтан құтқаруға және ары қарай өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді.

Тәуекелді төмендетудің келесі әдісі сақтандыру болып табылады. Өз кезегінде сақтандыру тәуекелді төмендетуге қойылатын идеалды жағдайларға жауап береді. Өйткені шығындарды жабу үшін қажетті ресурстарды, кәсіпкерлік фирмалар бизнес ішіндегі басқа ресурстарды қоспағанда, сақтандыру ұйымдарынан тез алады.



Сақтандыру үшін төленетін сақтандыру жарналары (сақтандыру сыйақылары) есебінен қалыптасатын, ақшалай қорлар есебінен белгілі бір жағдайлар (сақтандыру жағдайлары) болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау бойынша өзара қатынастарын сипаттайды. Және де мұнда, кәсіпкердің потенциалды сақтандыру мүддесі тәуекелдің максималды мүмкін болатын шамасын жабуға қол жеткізумен байланысты. Бірақ, сақтандырушы, жауапкершілікті қабылдау туралы мәселені шешу барысында ең алдымен, сақтандырушының еркіне байланысты болмайтын сақтандыру жағдайының ықтималды сипатынан шығуы керек. Ішкі тәуекелдер әрқашанда бұл талаптарға жауап бере бермейді. Сәйкесінше, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында бірінші кезекте сыртқы тәуекелдер сақтандырылуы тиіс.

Сақтандыруды жүзеге асыру тиімділігі деп, үрдіске қатысатын екі тарап – сақтандырушы мен сақтандырылушы - келісім жасалмаған кездегі жағдаймен салыстырғанда, сақтандыру келісімін жасаған жағдайда экономикалық тиімділікке қол жеткізеді.

Сақтандырылушының экономикалық тиімділігінің мәні – бизнес пайдалылығы мен қорлардың айналымы төмендейтіндіктен, сақтандыру жарналарын төлеуге біршама қаражаттарды бөлмеу және күтпеген жағдайларда пайда болған зияндардың орнын толтыру үшін ақшалай қаражаттардың қосымша көзін қамтамасыз етуде.

Сақтандырушыға төленген жарналар есебінен сақтандырылушы өзіне кәсіпкерлік қызмет барысында катастрофалық зияндар пайда болған жағдайда өз тұрақтылығының қосымша кепілдігін қамтамасыз етеді.



Кәсіпкерлік тәуекелдерді басқару, сонымен қатар күтпеген жағдай пайда болған пайдадан кәсіпкерлік фирманың арнайы резервтік қорын (тәуекел қорын) құру өзін –өзі сақтандыру құралдары есебінен жүргізілуі мүмкін. Кәсіпкерлік тәуекелдерді болдырмаудың бұл бағытының механизмі, тәуекел контрагенттерінің іс-әрекеттерімен байланысты емес. Сонымен қатар, өзін-өзі сақтандырудың натуралды нысаны болуы мүмкін. Өзін-өзі сақтандыру қоры өнім барысында уақытша қиындықтарды жеңіп шығуға мүмкіндік береді.

Өзін-өзі сақтандыру, сақтандырылатын мүліктің құны кәсіпкерліктің барлық мүліктік және қаржылық көрсеткіштерімен салыстырғанда онша үлкен емес болған жағдайда қолданылады. Шындығында, ірі кәсіпкерлік фирмаға сақтандыру компаниясы арқылы онша қымбат емес құрал-жабдықты кездейсоқ бүлінуден сақтау тиімсіз. Өзін-өзі сақтандыру шығындардың ықтималдылығы аз болған жағдайда да маңызға ие болады.

Тәуекелді басқарудың көптеген әдістері тек өзара толықтырушы ғана емес, сонымен қатар нақты жағдайдан шыға отырып, баламалы болып табылғандықтан, әрбір кәсіпорын экономикалық көзқарас тұрғысына ең оңтайлы әдісті таңдап алуы керек.

Өзін – өзі бақылауға арналған сұрақтар:



  1. Кәсіпкерлік тәуекел пайда болуының негізгі объективті белгілерін атап өтіңіз.

  2. Тәуекелдердің негізгі жіктемелік белгілерін атап өтіңіз .

  3. Кәсіпкерлік тәуекелді сапалық және сандық бағалау.

  4. Кәсіпкерлік тәуекелді басқару үрдісі қандай сатылардан тұрады?

  5. Кәсіпкерлік тәуекелдің деңгейіне қандай факторлар әсер етеді?

  6. Кәсіпкерлік тәуекелді болдырмау механизмі қандай?

  7. Тәуекелдерді болдырмау бағыты ретінде одан қашу мен лимиттеу әдістемесі.

  8. Тәуекелді төмендету әдісі ретіндегі әртараптандырудың мәні неде?

  9. Сақтандыру - тәуекелді төмендету әдісі ретінде?

  10. Өзін – өзі сақтандыруды кәсіпкерлік тәуекелдерді басқару тәсіліне жатқызуға бола ма?





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   128




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет