Ќазаќстан республикасыныњ



бет3/36
Дата06.02.2022
өлшемі317 Kb.
#58706
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Негізгі ұғымдар: психология, сана¸
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Ұсынылатын әдебиеттер: 7.1.1; 7.1.2; 7.1.3; 7.1.4; 7.1.5; 7.1.6 ; 7.1.7.


3 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАР


1 Модуль. Психодиагностикаға кіріспе


Практикалық сабақтың тақырыбы №1 Психолог мамандығын меңгерудің ерекшеліктері


Мақсаты: ЖОО оқыту ерекшеліктерімен таныстыру.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1
Бұл практикалық сабақта студент ЖОО-ның оқыту процесінде қолданылатын оқыту әдістерімен танысуы керек.
Бақылау сұрақтары:

  1. ЖОО түсумен байланысты жаңа қоғамдық статусқа ие болу.

  2. ЖОО-да оқыту ерекшеліктері.

  3. Дәрістер, семинарлар, коллоквиумдарға сипаттама беріңіз.

Қолданылатын әдебиеттер:


1-2 Тақырып: Жалпы ғылым туралы сипаттама. Психология ғылымының пәні мен объектісі
Сұрақтары:
1. Психология пәні және оның міндеттері.
2. Қазіргі заман психологиясының міндеттері.
3. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орыны.
4. Психология салалары.

1. Талай ғасырлар бойы адам көптеген ғалымдар әулетiнiң зерттеу объектiсі болып келдi. Адам болмысыньщ табиғатыньң, оньщ саналы қоғам шеңберiнде еркендеуiмен қалыптасуына, төңiрегiндегi басқа адамдармен


қ,арым қаатынасыньң ерекшеліктеріне деген психология дамуының негізінде
жатқ,ан қызьқсыну уақыт озуымен бiрге ерiстей тускен. Адам әртурлi ғылым тұрғысынан жанжақтты зетрттелетiн объект, ал ғылымдардьң әрбiрi өзiне тән ерекше меселелермен айналысады. Психология ерекшелiктерiн танудьң қиындығы олардьң адам ақылына сиып болмайтын, қаалыптан тыс, тылсым құбылыс болуында. Себебi әр қандай нақты заттың өзi мен қабылданған кейiпi бiр бiрiнен ажыралып туратыны даусыз.
Пән атының өзi де грек тiлiнен аударуында психология-жан туралы ғылым дегендi аңғартады. Дәл осы меселенiң шешiмi төңiрегiнде бiр-бiрiне тiкелей қарсы философия бағыттары-идеализм мен материализм- пайда болды. Жан женiнде танымдар Кқандай құбылыс-өзгерiстерге eнгенімен өмiрлiк ic-әpeкeттік, қозғаушы кушi жан деген тұжырымға ешбiр шубе келтiре алмады. Тек 18ғ психология бiлiмнiц дамуында Рене Декарт жаца дәуiр ecігін ашты. Ал адамньң iшкi мушелерi ғанa емес, тiптi де не әрекетінің, де жанға ешқандей әрекетінің, қаатысы болмайтыны жөнiнеде пiкiр айтып дәлелдедi.
Декарт ғылымға екі түсінікті енгiзген - рефлекс және сана -бiрдей енгiздi. Декарт тағылымы «дуализм » атауын алды. Дуалистер көзқарасында, психикальқ табиғат ми қызметiнiң өнімі емес,мидан тыс, оған тәуелсiз, өз бетiнше жасайтын құбылыс екені тусiндiрiлдi.
Интероспектiк психология аймағындағы теориялардьң бiр-бiрiнен айырмашылығы сананы құрылымы, мазмуны жене белсендiлiк дережесiне қарай әрқилы сипаттаудан болды, яғни бiр сипаттама жетекшi деп есептелiндi. Осы турғыдан идеалистiк сана психологиясы өз зерттеулерiн 5 бағытта алып барды:
1.санальқ элементтер теориясы.
2.санальқ әрекеттер психологиясы.
З.санальқ aғым теориясы.
4.дербес құрылым психологиясы.
5.Дильтей суреттеме психологиясы.
Бул теориялардың бәрiне ортақ тусiнiм: қоршаған дуниемен белсендi қатынастағы адам орнына сана қойылып, оньң бар ic әpeкeтi сана белсендiлiгi деп танылды. Осыдан ХХF.екiншi он жылдығында психологияньң және бiр бағыты пайда болып,оньң өкiлдерi психологияньң жаңа пәнiн жариалады:ол психика да емес, сана да емес, ал сырттай бақыланатын, негiзiнiң адам қозғалысыньң жиынтығы- әрекет қыльқ едi. Бул бағыт «бихервиоризм» аталып, психология пәнi жөнiндегi түсініктep дамуыньң үшiншi кезецiн қалады.
Диалектикалық материализм бағдарынан психологиялық ғылыми білімдердің құрамы неден тұрады, яғни пәні не? Бұл ең алдымен психикалықө өмір деректері. әрқандай ғылым мақсаты – зғрттелетін процестер мен құбылыстар бағытынан обьектив заңдарды белгілеу. Теориялық және эксперименталды зерттеулердің бәрі нақ осы мақсатқа бағдарланған. Ғылыми танымның өзі құбылыстар арасындағы мәнді, қажетті, тұрақты, қайталанып жүретін байланыс, қатынастарды білуден келіп шығады.
Ғылымдағы күрделі міндеттердің бірі – заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды көре білу. Ғылымдық қатал талап – обьектив заңдарды ашып қана қоймастан, олардың әрекеттік аймағы мен қолдану жағдайларын көрсете алу. Сондықтан да психологиялық зерттеулердің обьекті – психологиялық деректермен қатар психологиялық заң, заңдылықтар.
Сонымен бірге ескеретін жәйт, заңдылық байланыстарды білу өздігінен заңдылықтарды іске асыратын нақты тетіктерді ашып бере алмайды. Осыдан психологияның міндеті – психологиялық деректер мен заңдылықтардыа аша отырып, психологиялық іс - әрекетті қозғаушы механизмдерді деанықтап білу. Қорытындыласақ, жантану ғылымы – психология психика деректерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін білімдер саласы.
2. Қазіргі кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және практикалық міндеттердің сан қилығында орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның негізгі міндеті – психикалық әрекетті оның даму барысымен байланыстыра зерттеу. Жантану ғылымы үшін ең маңыздысы – зерттелуші құбылыстардың мән-мағынасын ашып беру. Осыған байланысты әдіснамалық мәселелер туындайды.
Психикалық құбылыстардың мәнін тануда диалектикалық материализм үлкен роль ойнайды. Б.Ломов өзінің аталған еңбпгінде психология ғылымының тірек категорияларын, олардың жүйелі өзара байланысын, жалпылығын, сонымен бірге бұл категориялардың өзіндік дербестікте екенін айқындап берген. Ғалым психологияның келесі тірек категорияларын атайды: бейнелеу категориясы, іс-әрекет категориясы, жеке адам категориясы, тіл қатынас категориясы, сондай-ақ жалпылық мағынасына орай категория санына жататын түсініктер «әлеуметтік» және «биолгиялық».
Алғашқы оң жылдықта психологияның теориялық тарапы басым болды. Ал қазіргі кезеңде оның қоғамдағы ролі көп өзгеріске ұшырады. Ол енді білім жүйесіндегі, өзгерістегі, мемлекеттік басқару, медицина, спорт және т.б кәсіби практикалық қызметтің ерекше саласына айналып барады. Психолгия ғылымының практикалық міндеттерді шешуне араласуынан оның теорисының даму жағдайлары да біршама өзгерді. Шешімі психологиялық біліктілікті қажет еткен міндеттер адамдық фактор маңызының жоғарылауынан қоғам өмірінен барша тарапында әр қилы формада болуда. «Адамдық факторлар» дегеніміз әрбір адамзат тұлғаға тән болып, олардың нақты іс-әрекетінде көрініс беретін әлеуметтік-психологиялық, психологиялық және психо-физиологиялық қасеттердің кең ауқымы.
Психолгия ғылымының қолданбалық мәнін қоғам түсініп, қабылдануынан халыққа білім беру мекемелерінде кең психологиялық қызмет тармақтарынг іске қосу идеясы өз қолдауын тапты. Қазіргі күнде бұл қызмет қалыптасып даиуда, ол келешекте ғылыммен оның нәтижелерін практикаға ендіруде дәнекер жүйе болуы кәміл.
3.Психологиялық басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын тануға орай психологиялық деректерді басқа ғылымдарда пайдалану мүмкіндіктерін және керісінше, психология олардың нәтижелерін өзіне қалай қолданатынын жете түсінуге болады.Психологияны жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі
қызметі - зерттеу объекті адам болған барша ғылым салаларының жетістіктерін біріктіріп, байланыстыру.
Психологияның аталған ғылымдық үш бұрышпен байланысының мазмұндық сипаты қандай? Психологиның негізгі міндеті – психикалық іс-әрекет заңдарын даму барысында зерттеп, тану. Осы заңдар арқылы объекті дүниенің адам миында қалай бейнеленетіні, осыған орай оның әрекеттері қалай реттелетіні, психикалық қызметтің дамуымен жеке адамның психикалық қасиеттері қалай қалыптасқаны айқындалады.
Психологияны педагогикамен байланыса аса назар аударған жөн.Әлбетте, бұл сабақтастық бұрыннан да белгілі,кезінде К.Д.Ушинский «Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін оны жан-жақты зерттеу қажет», - деген еді. Бұл арада психологияның практикалық маңызы нақты көрініп тұр.Педагогиканың барша салаларының даму барысында психологиялық зерттеулерді қажет ететін проблемалар туындап отырады. Психикалық процесс жүру заңдылықтарын; білім, ептілік және дағдылардың қалыптасуын; адам қабілеттері мен мотивтерін, оның психикалық дамуын тұтастай білу оқудың әр сатысындағы білім мазмұнын анықтау, оқу мен тәрбиенің ең тиімді әдістерін нақтылау және т.б сияқты өзекті педагогикалық проблемаларды шешуде келелі мағынаға ие.
4. Психологиялық білімдердің даму ерекшеліктері психологияның басқа ғылымдарға тәуелді байланысынан ғана емес, көп жағдайда қоғамдық практиканың өрістеп жатқан қажеттерден белгіленеді. Осы заман психологиясы білімдер жүйесі ретінде көп тармаққа бөлініп, әртүрлі еңбек тәжірибесімен байланысуда. әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі – іс-әрекеттер даму принципі.
Еңбек психологиясы адамның қоғамдық өнімге бағытталған психологиялық ерекшеліктері. Еңбектің ғылыми ұйымдастырудың психологиялық тараптарына зерттеумен бірге психология ғылымының дербес салаларына айналған білімдерге жіктеледі.
Педагогикалық психологияның қызметі – адамды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын ашу. Оның бөлімдері: оқу психологиясы, тәрбие психологиясы, сондай-ақ мұғалім психологиясы, дамуы жетімсіз балаларды оқыту, тәрбиелеу психологиясы.
Заң психологиясы құқық жүйесін іске асыруға байланысты психикалық мәселелерді қарастырады.Ол да бірнеше сатыларға жіктеледі: қылмыскер пчихологиясы, үкім шығарушы мен орындаушы психологиясы.
Жалпы психология курсында жантану ғылымының теориялық принципі мен маңызды әдістері жөнінде таным беріліп, оның негізгі пәндік түсініктері сипатталады. Барластыру қолайлығымен бұл түсініктер үш негізгі категориялар төңірегінде: психикалық процесстер, психикалық қалыптар мен психикалық қасиеттер немесе жеке адамның дара ерекшеліктері.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет