Ќазаќстан республикасыныѕ


Қызығу – шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі. Дүниетаным



бет2/22
Дата14.06.2023
өлшемі270 Kb.
#178797
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
«Ойынны психологиялы -педагогикалы негіздері»

Қызығушындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі.
Дүниетаным – адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдердің жүйесі. Адамдарымыздың дүниетанымы мистика мен идеализмге жат, дәйекті ғылыми-материалистік дүниетаным.
Мұрат – адамның алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсаты. Мұрат дүниетаным, айқын сенім, сөз бен істің байланысы бар жерде ғана болады.
Әрекет – дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Адам іс-әрекеті – күрделі процесс. Оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесі кіреді.
Дағды – алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекеттің бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуы.
Икемділік – адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті. Икемділік білім мен тәжірибеге негізделеді. Кімнің білімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады.
Байқау – белгілі мақсат пен объектіні әдейлеп қабылдау.
Бейімділік – адамның белгілі бір әректпен айналысуға бет бұрысы оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.
Ақылды (Умный) – ақыл-ойдан қортынды шығарып, дұрыс ойлап, дұрыс шешім қабылдай білетін адам. Ақылды адам басқаның азғыруына, өсегіне ермейді,өз ойымен ой қорытады.
Әдіскер (Методис) –оқу – тәрбие әдісін жетік меңгерген ұстаз. Оның міндеті- пәннің оқытылу жағдайын бақылайды: озат мұғалім мен мектеп тәжірибесін жинақтап таратады. Ұстаздарға әдістемелік көмек көрсетеді.
Әдіснама (методология; грек methodos- зерттеу жолы, теория, ілім және ...логия) - 1) ғылыми таным әдісі, 2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Педагогика теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдіс, нысаны мен таным амалдары арқылы педагогикалық болмысты өзгеріске түсіру, 3) дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет