Қазақстан республикасының



бет3/4
Дата05.01.2017
өлшемі0,65 Mb.
#6340
1   2   3   4

Заттық


Компьютерлік

Вербальды, вербальды емес.

Мағынасы қарай:

Интелект тестер

Қабілет тестер

Жеке адамға арналған тестер

Жетістік тестілері.


Сұрақшалар- тапсырмалар сұрақ ретінде беріледі немесе пікір ретінде. Нәтижесі сұрақтарға жауап берген адамның пікірлеріне негізделе отырып беріледі.

Проекциялық әдістеме – адам өзінің ішкі дүниесін сызады.

Психодиогностика ерекше ғылым ретінде дамуымен тұрақтануыдың белгілі жолдарынан өтті.Сол жолдың негізгі этаптарын қарастырамыз.

Психодиагностика психологиядан бөлініп 20 ғасырда шетелдерде практика қажеттілігі әсерімен қалыптаса бастады. Оның пайда болуы, психология дамуының көптеген бағыттарымен даярланған болатын. Оның бірінші ағымын эксперименталдық психология болды. Өйткені эксперименталдық әдіс психодиогностикалық әдістердің негізіне жатады. Психодиогностика эксперименталдық психодиогностикадан өсті. Ал оның пайда болуы 1850 – 1870 жылы психологиялық құбылыстардың аумағында жаратылыстанудың әсерімен байланысты болады. Бірінші енетін эксперименталдық әдістерімен психодиогностиканы басқа ғылымдар қаруландырды. Әсіресе физиология ғылымы.

Эксперименталдық психологияның пайда болуы деп 1878 жылды айтамыз. Себебі дәл осы жылы В. Вунд Германияда ең алғаш эксперименталдық психологиялық лоборотория ашты. Оның теориясы бойынша жаратылыстану ғылымдық эксперимен-талдық әдісті тек элементарлық немесе психиканың ең төменгі денгейінде пайдалану керек деген.

Эксперименталдық зерттеулерге тек жан емес оның сыртқы бейнелеріде жатады. Сондықтан оның лабороториясында негізінен түйсіктер және оның қозғалмалы актерінен пайда болатын – реакция. Сол сияқты перифериалды және бинокулярлық көру, түйсіну т.б. зерттелген.

В.Вунд лабороториясы үлгісі бойынша осындай түрлі лабороториялар мен каби-неттер тек Германияда емес басқа да елдерде (Француз, Голландия, Англия,АҚШ) ашылады.

Американдық психолог Джеимс Кеттел (1860-1944) зейіннің көлемін зерттеген ол тахистоскоп арқылы түрлі объектілерді – формалар, әріптер, сөздерді және т.б. қабылдап оны атауға қажетті уақытты анықтаған.

Тахистоскоп (зерттеуші адамдарға қысққа мерзім уақытында көру стимулын көрсетуге мүмкіндік беретін қурал) оның нәтижесінде 5- объекті қатарының ұлғаюы зейін көлемін құраған. Айланбалы барабанда жазылған әріптер мен сөздерді оқумен жасаған эксперментерде Кеттел антиципация феноменін айқындады.

Осылайша 20 ғасырда шет елдер психологиясында көлемді эксперементальдық әдіс бекітеді. Ол әдіс толығымен психологиялық ғылым мінездерін анықтай бастады.

Психодиагностика әдістерінің классификациясы.


  1. Диагностикалық әдіс түрлері.

Қазіргі кездегі психодиагностика өзінің қасиеттеріне қарай екіге топқа бөлінеді:

  1. қатаң ережелі әдістемелер.

  2. Қатаң ережесіз әдістемелер.

Формалық әдістемелерге: тестілер, сұрақшалар, проектілік техника, және психофизиологиялық әдістер жатады.

Бұл әдіс қысқа мерзім ішінде адамды басқа адаммен саналық жағынан салыстыратын диогностикалық мәлімет жинауға мұмкіндік береді.

Шағын формализданған әдістерге: бақылау, сұрақ қою мен анализдерді жазуға болады.

Бұл әдіс сыналушы туралы бағалы мәліметтер береді.

Шағын формолизданған диогностикалық құралдарды қатал формализация мен қарама- қарсы қоюға болмайды.

Ереже бойынша олар бір-бірін толықтырып отырады.

Толық диогностикалық зерттеулерде формализацияланған әдіспен гормондық үйлесімділігі болуы керек. Тест арқылы жинаған мәліметтерде сынаушының объективті көрсеткіштері туралы танысу периоды болуы тиіс (мысалы: сынаушының биографиалық мәліметтері, бейімдері және тағы басқалар).

Осы мақсатпен интервью, сұрақ, бақылау қолдануы мүмкін.



  1. Жоғарғы деңгейдегі формализация әдістері.

Жоғарыда айтылғандай олар өздеріне төрт негізгі әдісті кіргізеді

Негізгі ұғымдар:

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Андреева Т.В. Психология семьи: учебное пособие. – СПб.: Речь, 2007

  2. Малкина-Пых И.Г. Семейная терапия. – М.: Эксмо, 2006;

  3. Эйдемиллер Э.Г. Психология и психотерапия семьи;

  4. Тұрдалиева Ш.Т. Қарым-қатынас психологиясы. – Алматы: Эверо, 2013

  5. Леонтьев А.А. Психология общения. М., 1997.

  6. Оразбекова К.А. Отбасы психологиясы. А., 1997.


Тақырып 9. Отбасы терапиясының құрылымдық техникалары.

  1. Отбасы терапиясында қолданылатын техникалар жүйесі.

  2. Социометрикалық, әрекет-қылықтық және қарама-қайшылық техникаларды қолданудың негіздері.

Негізгі ұғымдар:

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Андреева Т.В. Психология семьи: учебное пособие. – СПб.: Речь, 2007

  2. Малкина-Пых И.Г. Семейная терапия. – М.: Эксмо, 2006;

  3. Эйдемиллер Э.Г. Психология и психотерапия семьи;

  4. Тұрдалиева Ш.Т. Қарым-қатынас психологиясы. – Алматы: Эверо, 2013

  5. Леонтьев А.А. Психология общения. М., 1997.

  6. Оразбекова К.А. Отбасы психологиясы. А., 1997.



Тақырып 10-11. Отбасылық кеңес беру жұмыстарын ұйымдастыру

  1. Отбасылық кеңес беру жұмыстарын ұйымдастырудың негіздері.

  2. Неке дейінгі және неке алды кеңес беру мәселелері.

Коррекциялық бағдарламалардың түрлерін құру келесі принциптерге сүйенуді талап етеді:

  1. Коррекциялық профилактикалық, дамытушы тапсырмалардың жүйелігі принципі ;

  2. Коррекция мен диагностиканың бірлігі принципі ;

  3. Коррекцияның каузальді типінің проритеттілігі принципі;

  4. Коррекциялық іс-әрекеттік принципі ;

  5. Клиенттің жастық - психологиялық және индивидуалды ерекшеліктерін есепке алу принципі ;

  6. Кешенді әдістемелердің психологиялық әсері принципі ;

  7. Белсенді әрі жақын әлеуметтік ортаның коррекциялық бағдарламаларға әсері принципі ;

  8. Психикалық үрдістерді зерттудің түрлі деңгейіне сүйену принципі ;

  9. Бағдарламалық оқыту принципі ;

  10. Күрделену принципі ;

  11. Материалдың көлемін, деңгейін және әртүрлілігін есепке алу принципі ;

  12. Материалдық эмоционалды күрделілігін есепке алу принципі ;

1.Коррекциялық, профилактикалық, дамытушы тапсырмалардың жүйелігі принципі.

Бұл рпинцип тапсырмалардың келесі үш түрінің коррекциялық бағдарламада міндетті түрде қатысуын көздейді.



  • коррекциялық ;

  • профилактикалық ;

  • дамытушы ;

Мұнда бала тұлғасының дамуының түрлі жақтары қарастырылады.Әрбір бала дамудың түрлі деңгейінде болуы мүмкін.

Қалыпты деңгей – мұнда бала өзіне сай даму деңгейінде болады.

Қауіпті деңгей – дамуда потенциялды қиыншылықтар туындайды.

Дамудың актуалды қиыншылықтары деңгейі – баланың қауыпты дамуындағы айқын әрі обьективті көрінетін кемшіліктер. Мұнда дамудың заңдылықтарындағы түрлі өзгерістер көрініс береді. Баланың интелектуалдық және тұлғалаық дамуында кемшіліктері байқалады. Оны нақты анықтауда алғашқы кезеңне дәл қазіргі уақыт аралығындағы өзгерістерді есепке ала отырып, әрбір коррекциялық дамытушы бағдарламалар келесі үш жүйе сатыларына бағытталуы тиіс.

Коррекциялық - артта қалушылық пен дамудың өзгерістері мен бұзылуын түзету, дамудағы қиыншылықтарды шешу.

Профилактикалық - артта қалушылық пен дамудың күрделі қиындықтарын ескеру.

Дамытушы – белсендіру, стимул беру, бамуды байыту.

Көрсетілген тапсырмалар ғана коррекциялық – дамытушы бағдарламалардың жемістілігі мен мақсатқа қол жеткізуге қамтамасыз етеді.



2. Коррекция мен диагностиканың бірлігі принципі.Бұл принцип практик психологтың негізгі іс-әрекетіні ңтүрі ретінде клиенттің дамуына психологиялық көмек көрсетуді бүтіндей үрдіс деп қарастырады.

3. Коррекцияның каузальді типінің проритеттілігі принципі.Бұл принцип бағытталуына қарай коррекцияның екі типін қарастырады.

1. Симптоматикалық ;

2. Каузальдік (себептік) ;

Симптоматикалық коррекция кездесетін дамудың түрлі қиын жақтарынан симптомдары мен белгілерін қарастырады.

Каузальдік тип артта қалушылық пен кемшіліктердің себебін айқындауға бағыытталған.

4. Коррекциялық іс-әрекеттік принципі. Берілген принціптердің теориялық негізі ретінде А.Н.Монтьев пен Д.Б.Элькониннің баланың психикалық дамуы жөніндегі теориясын қарастыруға болады, яғни іс-әрекеттің бала психикасының дамуындағы рөлі жөнінде.

5. Клиенттің жастық- психологиялық және индивидуалды ерекшеліктерін есепке алу принципі. Мұндай талап клиенттің психикалық және тұлғалаық тұрғыдан қалыпты дамуына қойылады.

6. Кешенді әдістемелердің психологиялық әсері принципі. Бұл әдістемелер принціпі коррекциялық-бамытушы бағдарламаларды құруда кеңінен қолданылады және практикалық психологияның түрлі әдістемелері мен жабдықтарын кеңіне қолдануды талап етеді.

Практикада қолданылатын көптеген әдістемелер шет елдік психологияның теориялық негізінде құрастырылған. Яғни бихевиаризм, гуманистік психология, гештальтпсихология және т.б .Әрбір психологиялық әдістеменің өзіндік ерекшеліктері болады, сондықтан клиентке психологиялық көмек көрсетуде бұл әдістемелердің алатын орны ерекше.



7. Белсенді әрі жақын әлеуметтік ортаның коррекциялық бағдарламаларға әсері принципі. Бұл принцип жақын әлеуметтік қарым-қатынас шеңберімен анықталады. Яғни баланың ересектермен қатынас жүйесі, тұлғалық қарым-қатынас ерекшелігі, іс-әрекет формасын баланың әлеуметтік дамуындағы келесі деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Бала әлеуметтік ортадан тыс адамдармен қарым-қатынас жасамай өмір сүре алмайды, дамымайды. Бала сол әлеуметтік жүйеде бір тұтас бірлікпен дамиды.

Коррекциялық бағдарламаларды құруда неғұрлым дамыған психикалық үрдістерге сүйеніп және оларды белсендіруші әдістемелерді қолдану қажет. Бұл 8. Психикалық үрдістерді зерттудің түрлі деңгейіне сүйену принципі. интелектуалдық және перцептивті дамудың нәтижелі жасы болып табылады.



9.Бағдарламалық оқыту принципі. Яғни мұнда жүйелі әрә түрлі аперациялардан тұратын бағдарламалардың нәтижелілігі қарастырылады. 10.Күрделену принципі. Әрбір тапсырма белгілі деңгейлерден құрылу тиіс: қарпайымнан күрделіге қарай. Материалдың формальды күрделілігі оның психологиялық күрделілігімен үнемі сәйкесе бермейді. Ең жоғарғы деңгейдегі күрделі әрі нәтижелі коррекция клиентке жағымды, әрі қиыншылықтарды жеңуге деген құштарлығын оятады.

  1. Материалдың көлемін, деңгейін және әртүрлілігін есепке алу принципі. Яғни бұл принцип әрбір коррекциялық бағдарламаларда жүзеге асыруда материялдық көлемімен әртүрлілігін бірте-бірте жоғарлатуды қарастырады.

  2. Материалдық эмоционалды күрделілігін есепке алу принципі. Әрбір жүргізілетін ойындар жарияланатын материалдар жағымды эмоционалды әсер қалдыруф тиіс. Коррекциялық сабақтар міндетті түрде позитивтік эмоционалдық фонда аяқталу қажет.

Коррекциялық жұмыс бағдарламасы психологиялық тұрғыда негізделген болуы керек.Коррекциялық бағдарламалардың түрлері : жалпы, типтік және индивидуалдылық.

Коррекцияның жалпы үлгісі – бұл жүйе тұлғаның жас ерекшелік дамуының біртұтас оптималды талаптарын қарастырады. Ол айналадағы орта, әлем және адамдар жөнінде терең, кең әрі нақты көз-қарасты қалыптастыру үшін ойлаудың үрдісін жақсарту, қабылдау мен бақылай алушылықты жоғарылату үшін дайындалады.

Коррекцияның типтік үлгісі- клиенттің психикалық дамуын, индивидуалдық дамуын, қызығушылығын, үлгерімін, түрлі іс-әрекет деңгейін анықтауды көздейді.

Стандарттық бағдарламада- коррекцияның этаптары, қажетті материалар, қатысушыларға қойылатын талаптар жазылады.



Клиентке бағытталған әсер « Психокоррекциялық кешеңді » құрайды: ол бірнеше блоктан тұрады.

  1. дианностикалық ;

  2. бағдарлаушы ;

  3. корекциялық ;

  4. коррекциялық әсердің нәтижелілігін бағалау ;

Психокоррекциялық бағдарламаларды құруға қойылатын негізгі талаптар:

  • Коррекциялық жұмыстың мақсатын нақтылау ;

  • Коррекциялық жұмыстың мақсатын анықтайтын тапсырмалар шеңберін анықтау ;

  • Белгілі тактикамен жұмыс жасау ;

  • Клиентпен жұмысжасаудың түрлерін нақтылап алу;

  • Коррекциялық жұмыстың әдістемелері мен жабдықтарын іріктеу ;

  • Барлық корекциялық бағдарламалрды жүргізуге кететін жалпы уақытты анықтау.

  • Кездесудің аралықтарын белгілеу ;

  • Әрбір корекциялық сабақтығын ұзақтығын есептеу ;

  • Коррекциялық жұмысқа өзге адамдардың, жанұясының, туыстарының араласуын жоспарлау ;

  • Қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды әзірлеу ;

Корекциялық сабақ аптасына 1(сағат) күн 1-1,5сағаттан кем өткізілмеуі тиіс. Коррекциялық жұмыс аяқталған күннің өзінде қарастырылған мәселе жайлы

1-2айдан кейін бақылау жүргізіліп қойылуы тиіс.



Коррекциялық бағдарламалардың түрлері.

Коррекциялық әсер етудің бірнеше үлгілері бар: жалпы, типтік, индивидуалды.



Коррекцияның жалпы үлгісі- бұл жеке тұлғаның жас ерекшелік дамудың оптималды шарттар жүйесі. Ол қоғамдық қатынастар, адамдар, қоғамдағы өзгерістерді т.б. туралы білімдер жүйесін тереңдету.

Коррекцияның типтік үлгісі – практикалық әрекеттерді ұйымдастыруға негізделген.Әртүрлі әрекеттерді бөлшектеп қалыптастыру көзделеді.

Коррекцияның индивидуалды үлгісі – Клиенттің кәсіби білімі, қызығушылығы, үйренуге деген қабілеттілігі т.б. индивидуалды ерекшелігі қарастырылады. Бағдарлама қалыптасқан негізде, алынған білімді жаңа әрекетке пайдалану мүмкіндігіне ие болады.

Стандартталған және еркін коррекциялық бағдарламалар да қазіргі кезеңде пайдаланылуда. Стандартталған бағдарламада –бағдарлама мүшелеріне нақты талаптар метілектер, қажетті материалдар мен коррекцияның кезеңдері анық белгіленген. Еркін бағдарламада – коррекцияның бағыты, мақсат, міндеті мен езеңдерін психолог өзі құрастырады.

Клиентке жүйелі түрде әсер ету психокоррекциялық кешен арқылы жүзеге асады. Ол бірнеше блокьардан тұрады. Әрбір блок белгілі бір мақсат, міндетке жауап береді де оны орындаудың әдіс-тәсілдері болады.

Психокоррекциялық кешен негізгі 4 блоктан тұрады.



Диагностикалық блоктың мақсаты: жалпы психологиялық коррекция бағдарламасын қалыптастыру, жеке тұлғаның даму ерекшелігін диагностикалау;

Бағдарланушы блоктың мақсаты: Бірлескен әрекетке деген қатынасты орнату, қобалжуды жою, клиенттің өзіне-өзінің сенімділігін жоғарлату, психологпен қарым-қатынас жасауға деген даярлығы, өзінің өмірін өзгертуге деген құлшынысы.

Коррекциялық блок мақсаты: клиенттің дамудағы үйлесімділігі, дамудың жағымсыз фазасынан жағымды фазасына көшу, әрекеттердің әдістерінн анықтау, қоршаған орта мен өзінің арасындағы қарым-қатынас бірлігі.

Коррекциялық әсердің нәтижелілігін бағалау болгының мақсаты: реакция динамикасы мен психологиялық мазмұның өлщеу, позитивті тәртіп реакциясы мен алаңдаудың пайд болуы, позитивті өзін-өзі бағалаудың тұрақтылығы.

Психокоррекциялық бағдарламаларды құрудың негізгі талаптары.

Психокоррекциялық бағдарламаларды құру барысында мына жағдайларды ескеру керек:

-коррекциялық жұмыстың мақсаты мен міндетін нақты қалыптастыру;

-коррекциялық жұмыстың мақсатын нақтылау және анықтау;

-коррекциялық жұмысты жүргізу барысында стратегия мен тактиканың таңдап алу;

- клиентпен жұмыс формасын (индивидуалды, топтық немесе аралас) анықтап алу;

-коррекциялық жұмысты жүргізу әдістері мен техникасын іріктеп алу;

-барлық коррекциялық бағдарламаны жүзеге асырудың жалпы уақытын анықтап алу;

- күнделікті кездесу жиілігін (күнделікті, жұмасына 1 рет, жұмасына 2 рет, екі жұмада 1 рет т.с.с.);

-коррекциялық сабақтың ұзақтығын ( 10 -15минут коррекциялық бағдарламаның басында, 1,5-2 сағат қорытынды бөлімінде);

-коррекциялық бағдарламаны құрастыру және коррекциялық сабақтардың мазмұның анықтау;

-жұмыс барысында басқа да адамдардың әрекетін жоспарлау;

-коррекциялық бағдарламаны орындау;

-қажетті материалдар мен жабдықтарды әзірлеу.



Психокоррекциялық шаралардың нәтижелілігін бағалау.

Коррекциялық әсер етудің нәтижелілігін бағалау;

А. даму қиындығын шешу;

Б.коррекциялық бағдарламаның мақсаты мен міндетін анықтау. Коррекцияның нәтижелілігін бағалау бағалаушыға байланысты әртүрлі болады.



Клиент үшін, коррекциялық бағдарламаның нәтижелілігі оның эмоционалды қанағаттануы мен өзінің ішкі жағымды сезімдері мен өзгерістерінің жағымды болуымен сипатталады. Психолог үшін, коррекциялық бағдарламаның нәтижелілігінің негізгі критерииі оның қойған мақсатқа жетуімен сипатталады. Клиенттің қоршаған адамдары үшін, бағдарламаның нәтижелілігін өздерінің психолог көмегіне бетбұрған мотивтердің қанағаттану деңгейін анықтап, қанағаттануы мен клиенттің мәселелерін шешуінде.

Коррекциялық жұмыстардың нәтижелілігін талдау барысында коррекциялық іс-шаралардың интенсивтілігінің де маңызы зор екендігі анықталды. Коррекциялық сабақтар жұмасына 1 рет 1-1,5 сағат мөлшерінде жүргізілуі керек. Коррекциялық бағдарламаның интенсивтілігі оның мазмұнының әртүрлілігі мен клиенттің өзінің белсенділігіне байланысты. Коррекциялық жұмыстарға коррекциялық әсердің лонгидтілігі де әсер етеді. Коррекциялық жұмыстар аяқталғаннан кейін де клиентпен қарым-қатынастың болғандығы тиімді. Коррекциялық жұмыс аяқталғаннан кейін де 1-2 ай көлемінде бақылаудың болғандығы тиімді болады. Дамудағы ауытқушылық ерте анықталса, со ғұрлым коррекциялық жұмыс тиімді болады.



Психокоррекция тиімділігін анықтау факторлары.

1.Клиенттің өзінің күткені.

2.Клиенттің өзінің мәселелерден босаудағы мақсаты.

3.Клиент мәселесінің мазмұны.

4.Клиенттің бірлесуге дайындығы.

5.Коррекциялық іс-шараны жүргізу барысындағы психологтың өзінің күткені.

6.Психологтың өзінің жеке бас және кәсіби тәжірибесі.

7.Психокоррекция әдіс-тәсілдерінің спецификалық әсері.

Коррекциялық әсердің нәтижелілігі келесі жағдайларға байланысты:

-коррекциялық әсердің нәтижелілігі әдіс-тәсілдердің нақтылығын қажет етеді,

-бір әдіс-тәсілдің өзі маманның кәсібилілігіне байланысты әртүрлі нәтиже беруі мүмкін;

-жұмыстың бағасын тәуелсіз эксперттер бағалауы тиіс;

-психологтың тәжірибесін де есепке алу керек;

-психокоррекциялық әсердің нәтижесін басқа да нәтижелермен салыстыру қажет;



-коррекциялық бағдарламада топтық формада психологтың тәжірибесін ескеру қажет
Негізгі ұғымдар:

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Андреева Т.В. Психология семьи: учебное пособие. – СПб.: Речь, 2007

  2. Малкина-Пых И.Г. Семейная терапия. – М.: Эксмо, 2006;

  3. Эйдемиллер Э.Г. Психология и психотерапия семьи;

  4. Тұрдалиева Ш.Т. Қарым-қатынас психологиясы. – Алматы: Эверо, 2013

  5. Леонтьев А.А. Психология общения. М., 1997.

  6. Оразбекова К.А. Отбасы психологиясы. А., 1997.

  7. Осипова Г.Н. Основы психокррекции. М., 2002-680 с.


Тақырып 12. Отбасы өміріне дайындық мәселелері

  1. Отбасын құруға дейінгі жұптардың құндылық бағдарлары мен күтілімдерінің психологиялық негіздері.

  2. Психофизиологиялық үйлесімділік.

Негізгі ұғымдар:

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Андреева Т.В. Психология семьи: учебное пособие. – СПб.: Речь, 2007

  2. Малкина-Пых И.Г. Семейная терапия. – М.: Эксмо, 2006;

  3. Эйдемиллер Э.Г. Психология и психотерапия семьи;

  4. Тұрдалиева Ш.Т. Қарым-қатынас психологиясы. – Алматы: Эверо, 2013

  5. Леонтьев А.А. Психология общения. М., 1997.

  6. Оразбекова К.А. Отбасы психологиясы. А., 1997.


Тақырып 13. Ерлі-зайыптылар қарым-қатынасы

  1. Ерлі-зайыптылар қарым-қатынасының бұзылуы.

  2. Ажырасудың алдын алу.

  3. Ажырасу және ажырасудан кейінгі психопрофилактикалық шаралар.

Негізгі ұғымдар:

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Андреева Т.В. Психология семьи: учебное пособие. – СПб.: Речь, 2007

  2. Малкина-Пых И.Г. Семейная терапия. – М.: Эксмо, 2006;

  3. Эйдемиллер Э.Г. Психология и психотерапия семьи;

  4. Тұрдалиева Ш.Т. Қарым-қатынас психологиясы. – Алматы: Эверо, 2013

  5. Леонтьев А.А. Психология общения. М., 1997.

  6. Оразбекова К.А. Отбасы психологиясы. А., 1997.


Тақырып 14. Ата-аналар мен балалар қарым-қатынасы

  1. Ата-аналар мен балалар қарым-қатынасының психологиялық негіздері.

  2. Қарым-қатынас дағдарыс заңдылықтары.

Негізгі ұғымдар:

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Андреева Т.В. Психология семьи: учебное пособие. – СПб.: Речь, 2007

  2. Малкина-Пых И.Г. Семейная терапия. – М.: Эксмо, 2006;

  3. Эйдемиллер Э.Г. Психология и психотерапия семьи;

  4. Тұрдалиева Ш.Т. Қарым-қатынас психологиясы. – Алматы: Эверо, 2013

  5. Леонтьев А.А. Психология общения. М., 1997.

  6. Оразбекова К.А. Отбасы психологиясы. А., 1997.


Тақырып 15. Топтық терапия.

  1. Тотық тренингтерге қойылатын талаптар.

  2. Отбасы бойнша тренинг топтарының түрлері.

  3. Тиімді техникаларды қолданудың психологиялық негіздері.

Негізгі ұғымдар:

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Андреева Т.В. Психология семьи: учебное пособие. – СПб.: Речь, 2007

  2. Малкина-Пых И.Г. Семейная терапия. – М.: Эксмо, 2006;

  3. Эйдемиллер Э.Г. Психология и психотерапия семьи;

  4. Тұрдалиева Ш.Т. Қарым-қатынас психологиясы. – Алматы: Эверо, 2013

  5. Леонтьев А.А. Психология общения. М., 1997.

  6. Оразбекова К.А. Отбасы психологиясы. А., 1997.

  7. Осипова Г.Н. Основы психокррекции. М., 2002-680 с.

3 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАР
Практикалық сабақтың тақырыбы №1 Отбасы жүйесіне психологиялық талдау

Мақсаты:

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1

Бақылау сұрақтары:

  1. Отбасы туралы жалпы мәлімет.

  2. Отбасының қызметі.

  3. Құрылымы.

Қолданылатын әдебиеттер:

Практикалық сабақтың тақырыбы №2 Отбасының өмірлік циклі

Мақсаты:

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1

Бақылау сұрақтары:

  1. Өмірлік цикл туралы түсінік.

  2. Отбасы өмірлік циклінің негізгі кезеңдері.

  3. Отбасы өмірлік циклінің заңдылықтары.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет