Зияты зақымдалған тұлғалардың ерекшеліктері



Дата07.02.2022
өлшемі21,67 Kb.
#86077
Байланысты:
docx1544103182
5.ИББ. Намазбай Ж

Зияты зақымдалған тұлғалардың ерекшеліктері

Зиятының зақымдалу жағдайы – ол жеке тұлғаның әлеуметтік қызметтерінің мүмкіндіктерін толық қиындататын психиканың туа немесе ерте даму кезеңінде жетілмеуін шартталған ауытқушылық болып табылады.


Зият бұзылысы (ақыл естің кемдігі) отандық мамандар тарапынан бас миының ағзалық бұзылысының кері әсерінен пайда болатын (тұқым қуалаушылықтан немесе жүре пайда болған кесел) танымдық қызметтің тұрақты бұзылысы ретінде ұсынылған. Ой өрісі – (лат.таным) кең мағынада жеке тұлғаның барлық танымдық қызметтерінің жиынтығы болып табылады.
Ақыл-ой кемістігі бар балаларды және жас жеткіншектердің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін шет мемлекеттерінде терең ХІХ ғасырда зерттеле бастады. Ғылымның түрлі салалары дамуында ауытқуы бар балалардың тірішілік әрекетіндегі әртүрлі өзекті мәселерін зерттеген және әлі дезерттеп келе жатыр: дәрігерлер, психологтар, генетиктер, әлеуметтанаушылар, психотерапевттер, заңгерлер, тіпті соңғы уақыттарда-экологтар және диетологтар.
Л.С.Выготский зиятының зақымдалуы түсінігін арнайы педагогиканың белгісіз және ең қиын түсініктерінің бірі деп атап кеткен.
В.М.Астаповтың пікірінше, «зиятының зақымдалуы – ол орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдалуының нәтижесінде болатын толық психиканың сапалық өзгеруін» айтамыз. Мұнда тек ақыл-ой ғана емес, сонымен бірге эмоциялық даму аймағы зардап шегетін дамудың түрі.
Ақыл-ойы кем балаларды оқыту бірнеше ғасырлардан өтеді. «Ақыл-ой кемістігі» психиатрлық түсініктердің ең көне ұғымына жатады. Ж.Эскироль ақыл-ой кемістіктің туа біткен және жүре пайда болған түрінің арасындағы айырмашылығын сипаттап берген.
Ж.Эскироль – шәкірттерінің еңбектері ақыл-ойы кем балаларды тәрбиелеу мен емдеу ғылымының дамуына ерекше ықпал жасады. Э.Сеген нақұрыстық пен имбецильдікке анықтама және клиникалық сипаттама беріп, сонымен қатар көп жылдар бойы құрастырған өзінің емдік және педагогикалық коррекциялық жүйесін ұсынған. Сеген ақыл-ойы кем балаларды емдеу мен тәрбиелеу маңызды және қажет екенін жазды: «Идиотияның емделмейтіні жөнінде пікірлер көп болды, тіпті ешбір адам бұл аурудың табиғи тұрғысынан қарауға тырыспайды». 1952ж. А.Тредгольд (А.Tredgold) ақыл-ой кемістікті психиканың қалыпты дамудың деңгейіне жете алмау күйі ретінде анықтап, оны диагностикалау үшін критерийлерді ұсынды:интеллектуалді (оқытуы бойынша), биологиялық және әлеуметтік. 1959ж. М.С.Певзнер олигофренияның түп негізін – баланың жатыр ішіндегі дамуы және ерте жастан даму кезеңдерінде немесе орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдану салдарынан психикалық қызметтің күрделі формасының дамымау түрі ретінде түсінді. Бірақ берілген анықтамаларда кейбір дәлелсіздіктері бар, дей тұрғанымен, олигофрения – бұл орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы.
С.Я.Рубинштейн бас миының органикалық зақымдануының салдарынан барлық танымдық қызметті зақымдалған балаларды ақыл-ойы кем балалар деп атаған. Осы уақытта М.С.Морозовтың авторлығымен алғашқы рет ақыл-ой кемістігінің жинақтық психологиялық сипаттамасы жасалады. Ол психологиялық құбылыс ретіндегі ақыл-ой кемістігін кең мағынада қабылдаудың бұзылуымен, пассивті және активті назардың жеткіліксіздігімен сәйкестендіріледі деп болжайды.
Ақыл-ой кемістігінің өзіндік ерекшелігінің сапалық сипаттамасы болады: ақыл-ойы кем балалар ойлау жүйесімен, тез еліктеушілігімен және назарының тұрақсыздығымен, физикалық әлсіздігімен, жұмысты ақырын жасауымен ерекшеленеді.
Зияты бұзылған балаларды зерттеуге үлкен үлес қосқан Л.С. Выготский болды, ол аномальды балалар психикасының даму заңдылықтарын көрсететін тұжырымдар жасаған болатын. Олардың құрамына мыналар кіреді:

  1. Адам психикасының құрылуының жүйелілігін тұжырымдау, мұнда бір бөліктің зақымдануы, бүкіл жүйе жұмысын өзгертеді.

  2. Баланың жақыннан және белсенді даму аймағын анықтау.

  3. Дені сау және аномальды балалар дамуын көрсететін негізгі факторлар ұқсастығын тұжырымдау.

  4. Аномальді балалардың дамуындағы бірінші және екінші кемістікті көрсету және сәйкесінше әрбір баламен жүргізілетін коррекциялық оқу-тәрбие жұмысының маңызды бағыттарын анықтау.

  5. Ақыл-ой кемістігі жағдайында баланың аффект және зият қатынасындағы өзгерістерді тұжырымдау.

Баланың ақыл-ой кемістігі оның өмірінің ерте шағында байқала бастайды. Дамудағы кемістік айқын көріне бастаған сайын, оған тән нақты ерекшеліктер нақты байқала бастайды. Ақыл-ойы кем балалардың жалпы дамуын, олардың білім, білік, дағдыны игеруін қамтамасыз етуде арнайы ұйымдастырылған, түзетуші-бағыттаушы, өзінің оң мүмкіндіктерін ескере отырып құрылған оқыту мен тәрбиелеу қажет. Интеллектуалдық жетіспеушілік салдарынан ақыл-ойы кем балалардың жеке тұлғасының қалыптасуы әртүрлі аспектілерінде қиын жағдайларда өтеді. Олар мадақтауға, қолдауға және ренжісуге әсершіл болып келеді.
Ақыл-ой кемістігі туралы ғылымның дамуына үлкен үлес қосқан М.С.Певзнердің жұмыстары болды. Оның пікірі бойынша, олигофренияға тән ерекшелік – назар аудармау мен жалпылау үдерістерінің дамымауынан көрінетін зияттың кемістігі ақыл-ой кемістігінің бірден бір емес, негізгі көрсеткіші болуы мүмкін және өзге бұзылулар арқылы, яғни жол бойында кездесетін бұзылулар арқылы асқынады. Автор жол бойында кездесетін асқынуларға жұмыс қабілеттілігінің күрделі ауытқуларын, тұлғалық ауытқуларды іс-әрекеттің мақсатты бағыттылығы, сөйлеу мен анализаторлық бұзылуларды жатқызады. Сонымен қатар, М.С. Певзнер олигофренияның негізгі асқыну формалары мен зият кемістігінің жол бойындағы асқынған формасын ұсынады.
Бұл М.С. Певзнергеи(1959) берілген топтағы балаларға тән, жеке және бірлескен түрде көрінетін танымдық іс-әрекеттің бұзылуының 4 нұсқасын көрсетуге мүмкіндік береді:

  1. назар аудармау және жалпылау үдерістерінің дамымай қалуы;

  2. жұмыс қабілеттілігінің күрделі бұзылуының сәйкестілігі;

  3. тұлғалық күрделі ауытқулар, мақсатты бағытталған іс-әрекет және моториканың сәйкестілігі;

  4. сөйлеудің күрделі кемістіктерінің байланысы.

1960 жылдардың басында зияттың бұзылуын диагностикалауда зерттеудің тәжірибелік-психологиялық әдістерін белсенді түрде қолдана бастады.
С.Я.Рубинштейн ғылымның маңызды теориялық қалпына, жеке тәжірибесіне сүйене отырып, ақыл-ойы кем балалардың психологиялық ерекшеліктері туралы мәліметтерді жүйеледі, тәжірибелік-психологиялық зерттеу әдістемелерін жинақтап, олардың диагностикалық маңыздылығы мен сенімділігін дәлелдеді, баланы психологиялық зерттеудің толыққанды сапалы схемасын ұсынды.
Ақыл-ойы кем балалар мен жеткіншектердің ерекшеліктері: жоғары жүйкелік іс-әрекет; психиканың түрлі жақтары, психикалық үдерістер (қабылдау, ес); ойлау мен ойлау операцияларының әртүрлі түрлері, іс-әрекет; сөйлеу белсенді зерттеліп, сапалы бейнеленді.
1970 жылдары ақыл-ойы кем тұлғалардың әлеуметтік бейімделуіне байланысты сұрақтар ретіне арналған халықаралық жиналыстарда ақыл-ой кемістігі айқын балаларға көптеп назар бөлінді, күрделі ақыл-ой кемістігі бар балалардың мүмкіндіктері олардың болжағанына қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі белгіленді. Бұл сұрақ кең түрде ақыл-ойы кем балаларды зерттеудің 1971 жылы Варшавада өткен халықаралық ассоциация конгресінде талқыланды. Ерте шақтан психологиялық-түзету жұмыстарын жүргізу мен әлеуметтік бейімдеу жұмыстарын жүргізуге көп көңіл бөлінді. (Н.Н.Малофеев, 2000).
1978 жылы Австрияда ақыл-ойы кем балаларға көмек көрсету қоғамы лигасының халықаралық сегізінші конгресі өтті. Мұнда ақыл-ой кемістігі айқын көрінетін тұлғаларға әлеуметтік көмек беру байланысты сұрақтар талқыланып, оларды әлеуметтік бейімдеудің негізгі қағидалары мен кезеңдері көрсетілді.
Аурулардың халықаралық топтастыруы (АХТ) – 10 мағлұматтары бойынша балалардағы зиятының бұзылуын төрт деңгейге бөлуге болады: зиятының жеңіл бұзылуы (F70); зиятының орта деңгейі (F71); зиятының ауыр бұзылысы (F72); зиятының терең бұзылысы (F73).
Дамуында кемістігі бар адамдарға деген қоғмның қазіргі таңдағы қатынасын 1990 жылдарға жатқызуға болады. Бұл жылдары Ресейде бала құқығын қорғау туралы Конвенция, БҰҰ қабылдаған «Ақыл-ойы кем балалардың құқығы» (1971), «Мүгедектердің құқығы»(1975), Білім туралы заң қабылданды. Арнайы білім берудің мемлекеттік жүйесі күрделі құрылымдық бұзылулары бар балаларды бөліп қарағаны үшін үлкен сынға тартылды.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында қоғамдағы қиындықтары бар адамдардың яғни, арнайы қажеттіліктері мен қызығушылықтары ба қоғамның ерекше әлеуметтік-демографиялық тобы ретіндегі мүгедек балалардың жағдайын қарастыратын жаңа құжаттар қабылданды. Бұл ҚР-ның және басқару органдарының осындай топтағы адамдар қалпына деген жаңа көзқарастарының қалыптаса бастағандығын көрсетеді.
Г.В.Цикотоның өзі өз зерттеулері арқылы ақыл-ой кемістігі күрделі деңгейдегі балалар «оқуға қабілетсіз» және оларға тек жаттығу жұмыстарын, яғни өздері үйреніп қалған тапсырмаларды орындау ғана тән деген түсініктерді жоққа шығарған еді. Оның Даун ауруымен ауыратын балаларды тәжірибелік зерттеу жұмыстары – бұл балаларды оқыту дамытушы сипатқа ие екендігін, алған білімдерін жаңа тапсырмаларды шешуде қолдана алатындығын көрсетті. Балаларды оқыту үдерісі оң нәтижелерді көрсетті: орындаған әрекеттерін саналы түрде түсінулерінің тууы, іс-әрекеттерінде тапсырманы нәтижелі шешуге бағытталған әдістер мен тәсілдердің пайда болуы. Балалардың зейініл мақсатқа бағытталып, берілген тапсырмаларды тезірек түсініп, әрекеттерін нақты және саналы орындай бастады. Оларға тән дидактикалық ойындар мен тапсырмалардың шеңберінде өз іс-әрекеттерін жақсырақ ұйымдастырып, әрекеттерінде берілген үлгіні дұрыс қолданып, алған түсініктерін сақтап, келесіде қолдана бастады.
ҚР Білім туралы заңының 2-тарау 8-бабының 6-тармақшасында «Мемлекет даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік жағдай жасауды қамтамасыз етеді» делінген. Яғни, қоғамда мүмкіндігі шектеулі балаларға зейін қойылып отыр.
Соңғы он жылдықта Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға арналған арнайы (түзету) мектептерде «Ерекше бала» атты сыныптар, мектепке дейінгі ұйымдарда топтар ашылды. Осындай балалар мен жеткіншектердің жеке тұлғасын дамыту мақсатында арнайы бағдарламалар дайындалды: А.С.Жалмұхамедова (Естуі бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасы); Т.А.Вишневская (Көруі бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасы); Г.А.Абаева (Күрделі кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасы) және т.б.
Ақыл-ойы кем балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламаларын: К.Б.Бектаева, К.К.Өмірбекова, О.В.Завалишина, И.Г. Елисеева және т.б. жасаған еді. Сонымен қатар, көптеген басқа да педагогтардың еңбектері ақыл-ойы кем мүгедектерді еңбекке үйрету мен өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыруға ғана емес, олармен түзетуші-дамытушы оқытуды ұйымдастыруға септігін тигізді. Ғалымдардың пікірінше, ақыл-ойы жеңіл және күрделі зақымданған балалар мен жеткіншектерді түзетуші түрдегі оқыту мен тәрбиелеудің барлық үдерісі, яғни оларды жан-жақты тәрбиелеуге, дамытуға, еңбекке дайындығы мен әлеуметтік бейімдеуге бағытталған үдеріс – оларға өмірде өз орнын табуға, отбасындағы қобалжу деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет