Қазақстан Республикасынын білім және ғылым министрлігі Азаматтық Авиация Академиясы



бет6/84
Дата07.02.2022
өлшемі261,84 Kb.
#85798
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Байланысты:
УМКД Философия (ОНО)
күнделік кз ӨЗДЕРІМ
2. ПӘННІҢ ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ:



Пәннің атауы, оның бөлімдері(тақырыптары)

1

Мектеп қабырғасында алынған білімдер мен «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы», «Мәдениеттану», «Әлеуметтану» пәндерінің білімдері.



3. ПӘННІҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ:



Пәннің атауы, оның бөлімдері(тақырыптары)

1

«Авиация саласындағы адами фактор», «Авиациялық қауіпсіздік», «Ұшу қауіпсіздігі» пәндері



4. САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУДІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ






Тақырып атауы

Сағат саны



















Барлығы

дәрістер

семинар сабағы

БОӨЖ

БӨЖ




Философияның пайда болуы және дамуы


















1

Ойлау мәдениетінің пайда болуы.

9

1

1

1

6

2

Философияның пәні мен әдісі

9

1

1

1

6




Дүниені философиялық түсінудің негіздері


















3

Сана, рух және тіл

10

2

1

1

6

4

Болмыс. Онтология және метафизика

11

3

1

1

6

5

Таным және шығармашылық

10

2

1

1

6

6

Білім, ғылым, техника және технологиялар

10

2

1

1

6




Адам философиясы және құндылықтар
әлемі


















7

Адам

10

2

1

1

6

8

Өмір және өлім. Өмірдің мәні

10

2

1

1

6

9

Этика. Құндылықтар философиясы

10

2

1

1

6

10

Еркіндік философиясы

10

2

1

1

6

11

Өнер философиясы

10

2

1

1

6

12

Қоғам және мәдениет

11

3

1

1

6

13

Тарих философиясы

10

2

1

1

6

14

Дін философиясы

10

2

1

1

6

15

"Мәңгілік Ел" және "Рухани жаңғыру" – жаңа Қазақстан философиясы

10

2

1

1

6




Барлығы:

150

30

15

15

90

5. ПӘННІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:


I. Философияның пайда болуы және дамуы
1. Ойлау мәдениетінің пайда болуы.
Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия. Философия – даналыққа құштарлық. Философияның сұқбаттық сипаты және эвристикалық мүмкіндіктері. Философиялық ойлау түрі – сын және күмәндану. Өткенге сыни көзқарас – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен ұлттық санасындағы өзгерістер шарты. Философиялық мәселелердің тұлғалық сипаты.
Философия және дүниетаным. Дүниенің ғылыми, философиялық, діни бейнелері. Мифология, дін және философия. Қоғам дамуындағы мифтің рөлі. Философия – білім мен рухани қызметтің ерекше түрі.
2. Философияның пәні мен әдісі.
Философияның негізгі бөлімдері – онтология, гносеология, философиялық антропология, логика, этика, эстетика, әлеуметтік және саяси философияның қысқаша сипаттамалары. Философия және фәлсафа. Фәлсафа дәстүріндегі ғылым мен дін мәселелерін шешу жолдары.
Философияның анықтамалары, түрлері мен бағыттарының санқырлылығы және философиялық пайымдау тәсілдерінің әртүрлілігі. Философия мен философтың адам және қоғам өміріндегі рөлі. Қазіргі Қазақстанның үшінші модернизациясындағы философияның орны.
II. Дүниені философиялық түсінудің негіздері
3. Сана, рух және тіл
Жан, ақыл, парасат, рух. Антикалық философиясындағы рух пен парасаттың космологизмі. Фәлсафа дәстүріндегі рух ұғымы: Ибн-Сина рух туралы. Ортағасыр дәстүріндегі рух пен жанның теологиялық түсінігі. Сананың гносеологиялық моделдері. Жаңа заман философиясындағы тума идеялар концепциясы және cogito статусы. Неміс классикалық философиясындағы ақылдың транценденталдық негіздері. Шәкәрімнің үш анығы. Шәкәрім рух туралы. Рух және адамның рухани қызметінің табиғаты. Тәндік және руханилық.
Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну. Сана фактілері. Сана феномендері. Сананың қалыптасуын анықтайтын факторлар. Антропосоциогенез. Сананың шығу тегі мен мәні: негізгі концепциялар. Шығыс философиясындағы сана мәселесі. Сана құрылымы. Бейсаналық, сана, санадан жоғары. Сананың сезімдік-перцептілік, эмоциялық, құндылықтық-мотивациялық, жігерлік, логикалық компоненттері.
Бейсаналықтың философиядағы негізгі концепциялары (З.Фрейд, К.-Г.Юнг). Постмодернистік философиясындағы сана мәтін ретінде (Ж.Деррида, Ж.Делез). Сана және өзіндік сана. Қазақстандық тұлға санасының ашықтығы: әлемдік үдерістерді түсіну, өзгерістерге дайын болу, алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесінен үйренуге қабілеттілік. Сана және ұлттық сана-сезім. Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы аясындағы ұлттық сана-сезім. Рухани жаңғыру – ұлттық сананың әртүрлі полюстерінің ымыраға келуі.
Ойлау және тіл. М.Қашғаридің тіл философиясы. ХХ ғ. философиясының "лингвистикалық бұрылыс": сана философиясы тіл философиясы ретінде (аналитикалық және структуралистік интерпретациялары). Тіл және ұлт. Латын графикасына көшудің қазақ ұлты мен қазақ тілінің дамуындағы рөлі.
4. Болмыс. Онтология және метафизика.
Болмыс және тіршілік. Мән және бар болу.
Онтология – болмыс туралы ілім. Бар болудың онтологиялық құрылымы.
Болмыс және бейболмыс (Парменид, Зенон). Болмыстың түрлері. Платон мен Аристотельдің философиясындағы болмыс мәселелері. Әл-Кинди және Ибн-Рушд концепциялары. Жаңа заман философиясындағы субстанция мәселесі (Р.Декарт, Б.Спиноза, Г.Лейбниц). М.Хайдеггердің "фундаменталды онтологиясы" (Dasein). "Материя" ұғымы. Материалдық әлем болмысы. Қозғалыс, кеңістік және уақыт.
Философияның негізгі ұғымдары: дүние, заман, мән, құбылыс, мазмұн, форма, жалпы, жеке, бүтін, бөлік, сан, сапа, өлшем, терістеу, себеп, салдар, қажеттілік, кездейсоқтық, мүмкіндік, шындық. Болмыс және Абсолют. Құдай-әлем қатынасы мәселесі. Абай дүниетанымдағы Құдай және адам мәселесі.
"Идея" ұғымы. Болмыс пен ойлау арақатынасы мәселесі. Идея және рухани құндылықтар болмысы. Виртуалды шындықты философиялық зерделеу пәні ретінде талдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет