4.Өлеңді оқып, сан есімдердің астын сыз. Өлеңді қара сөзге айналдыр.
Он саусақ
Жалғыз саусақ тіпте де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
5.Сәйкестендір
1. Қанша? Неше? 1. жиырма сегіз
2. Нешінші? 2. екеу, жетеу.
3. Нешеу ? 3. жеті, он бір.
4. Дара сан есім: 4. он, алты.
5. Күрделі сан есім: 5. бесінші, алтыншы.
6. Есептік: 6. бірінші, оныншы
7. Реттік: 7. бір, екі, үш
33- сабақ. Өз біліміңді тексер
1. Зат есімнің сұрақтары:
а) не істеді? неғылды? ә) қандай? қай?
б) кім? не? кімдер? нелер? в) қанша? неше?
2. Мына сын есімге зат есімдердің лайықтысын анықтап көрсет “Аласа”
а) домбыра ә) көл
б) тау в) дәптер
3. Қияр, сібіз, қызылшаны бір сөзбен қалай атайды?
а) жемістер ә) көкөністер
б) ыдыстар в) оқу құралдары
4. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалғанзат есім
а) негізгі зат есім ә) туынды зат есім
б) жалқы есім в) жалпы есім
5. Зат есімнің тәуелденуі дегеніміз-
а) заттың атын білдіреді ә) заттың біреуге тән екенін білдіреді.
б) заттың қимылын білдіреді в) заттың сынын білдіреді
Достарыңызбен бөлісу: |