Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі



бет14/127
Дата27.04.2022
өлшемі0,84 Mb.
#141049
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   127
Байланысты:
Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі
Lek5, запрос
Созылмалы әкімшілік құқық бұзушылықта ескіру мерзімі ең соңғы іс-әрекетті істеп біткен уақыттан бастап есепке алынады.
3. «Созылып кеткен әкiмшiлiк құқық бұзушылық кезiнде, сондай-ақ бюджеттiк қатынастар саласында қоғамның және мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғылатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткеннен кейін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
Қаржы саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап үш жылдан кешiктiрiлмей әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатады, бiрақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткеннен кейін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды.
Осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнiң ережелерi әкiмшiлiк құқық бұзушылық қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал еткен және бұл туралы қылмыстық iстi тергеп-тексеру немесе сот қарауы барысында белгілі болған жағдайларға қолданылмайды. Сот ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнiң 405-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен мұндай құқық бұзушылыққа кiнәлi тұлғаға, егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезден бастап бiр жылдан аспайтын уақыт өткен болса, әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану мерзiмiнiң өтуі сараптама тағайындалған, өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамды күштеп әкелу туралы ұйғарым шығарылған, сондай-ақ iс сотқа немесе мемлекеттiк органның әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген лауазымды адамына жiберілген кезден бастап тоқтатыла тұрады.
Бұл мерзімдерді есептеу сараптама нәтижелері алынған, сондай-ақ әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адам күштеп әкелу туралы ұйғарымды орындайтын органға (лауазымды адамға) іс жүзінде жеткізілген кезден бастап қайта басталады.
Күштеп әкелудің жалпы мерзімі бір айдан аспауға тиіс.
6. Құқық бұзушының әрекеттерiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi болған кезде қылмыстық iс тоқтатылған жағдайда, тұлға оны тоқтату туралы шешiм келіп түскен күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.
7. Егер осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде көрсетілген мерзiмдер өткенге дейiн тұлға жаңа әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолдану мерзiмiнiң өтуiне үзiлiс жасалады. Мұндай жағдайларда мерзiмдi есептеу жаңа әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған кезден басталады.
8. Судьяның немесе уәкiлеттi органның әкiмшiлiк iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулысы осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мерзiмге қарамастан, ол заңды күшiне енген күннен бастап бiр жыл iшiнде берілген Жоғарғы Сот Төрағасының, Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасы төрағасының ұсынуы, прокурордың наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкiн.
Ескертпе. Осы бөлiмнiң Ерекше бөлiгiнiң бабында көзделген белгiлi бiр іс-әрекеттiң бiрыңғай құрамының үздiксiз жүзеге асырылуымен сипатталатын және оны анықтаған кезде аяқталмаған құқық бұзушылық созылып кеткен құқық бұзушылық деп танылады».
Ескіру мерзімінің есептелуі жаңа әкімшілік құқық бұзушылық істеген кезден бастап, ал қалған реттерде егер адам ескіру мерзімі біткенге дейін жаңа әкімшілік құқық бұзушылық жасаса, әрбір әкімшілік құқық бұзушылық бойынша ескіру мерзімі өз бетімен, дербес жүріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   127




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет