Лекция. Тақырыбы: Азаматтық істі сотта талқылау Лекция мақсаты: Тақырыптың аясын ашып, толық деректермен қамту арқылы оны тәжірибеде қолдана алуын оқытып үйрету болып табылады



Дата08.03.2022
өлшемі17,44 Kb.
#134644
түріЛекция
Байланысты:
Lek5
Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі, запрос

5-лекция. Тақырыбы: Азаматтық істі сотта талқылау
Лекция мақсаты: Тақырыптың аясын ашып, толық деректермен қамту арқылы оны тәжірибеде қолдана алуын оқытып үйрету болып табылады.
Лекция мәтіні: §1. Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде соттың қызметіне араласуға жол берілмеушілік нақты істерді шешкен кезде судьялардың Конституция мен заңдардың нормаларын басшылыққа алатындығын, нақты істе барлық мәселелерді өзінің ішкі сенімімен шешетіндігін және бірде-бір мемлекеттік немесе қоғамдық мекеменің, бірде-бір лауазымды адамның судьяға нұсқау беруге құқығы жоқ екендігін, қандай да істі болсын шешу тек қана сотқа жүктелгендікті білдіреді. Істі іс жүргізуде шешетін бірінші сатыдағы сот жоғары тұрған сотқа тәуелсіз болады.
Қандай да бір нысанда болсын судьяға істің жан-жақты, толық және объективті түрде қаралуына кедергі жасау мақсатында ықпал ету немесе заңсыз шешім шығарттыру қылмыстық жауаптылыққа жатады.
Сотта іс қарау - істі мәні бойынша талқылауға және шешуге бағытталған бірінші сатыдағы сот пен басқа да қатысушыларының іс жүргізу әрекеттерінен тұратын азаматтық процестің негізгі сатысы. Сотта іс мәні бойынша жан-жақты, толық және заңды шешіледі.
Бұл сатыда сот мынаны басшылыққа алуы қажет:

  • істі мәні бойынша шешу;

  • тараптар арасындағы даулы құқықтық қатынастарды реттеу;

  • сот қызметінің тәрбиелік әсер етуін қамтамасыз ету;

  • заңды тұлғалар мен азаматтардың бұзылған құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қалпына келтіру міндеттерді жүзеге асырады.

Бірінші сатыдағы сотпен істі сот отырысына талқылауға тағайындау туралы ұйғарым шығарған кезден сотта іс қарау басталады және сәйкесті сот актісін (шешім, ұйғарым) қабылдағанға дейін жалғасады.
Қазақстан Республикасының азаматтық процестік кодексінің бабына сәйкес азаматтық істі қарау сот отырысында жүргізіледі, сондықтан "сотта іс қарау" және "сот отырысы" ұғымдарды бір-бірінен ажырата білу керек.
§2. Соттың бірінші сатысындағы азаматтық іс қарайтын сот отырысын бөлімдерге бөліп қарастыруға болады. Істі сот отырыстарында қарау мен шешу ҚР Конституциясының 77-бабында аталған қағидаларғе негізделеді.
Сот отырысының әр бөлімінде жасалатын іс жүргізу әрекеттер жиынтығының өз мәні бар және азаматтық істер қарап шешуге байланысты нақты сұрақтар шешуге бағытталған.


Соттың бірінші сатысындағы сот отырысы төрт бөлімнен тұрады:

  1. дайындау бөлімі;

  2. істі мәні бойынша қарау бөлімі;

  3. сот жарыс сөздері және прокурордың қорытындысы бөлімі;

  4. шешім шығару және оны жариялау бөлімі.

§3. Істі сотта талқылауды кейінге қалдыру - іс талқылауды және мәні бойынша оны жаңа сот отырысында шешуді сотпен тағайындаған белгілі уақыт пен орында бастап өткізу. Істі талқылауға кедергілерін жою қажеттілігімен байланысты іс қарау кейінге қалдырылады. Сондықтан кейінге қалдыру дегеніміз - әр түрлі себептерге байланысты осы сот отырысында істі талқылауға мүмкіндіксіздіктің іс жүргізу салдары. ҚР АПК-і істі талқылауды кейінге қалдырудың негіздерінің нақты тізімін белгілемейді. Сонда да ҚР АПК-і 198-бабының 1-бөлігі бойынша істі талқылауды кейінге қалдырудың келесі негіздерін атауға болады:

  • егер істі талқылауды кейінге қалдыру ҚР АПК-де көзделсе;

  • егер істі осы сот отырысында қарау мүмкін емес деп тапса.

Істі талқылауды кейінге қалдыру мүмкін ҚР АПК-нің нормаларымен көзделген келесі жағдайларда:

  • істі қарау барысында оған қатысушы азаматтар жаппай тәртіп бұзған кезде (ҚР АПК-і 187-бабы);

  • іске қатысушы адамдардың біреуі сот отырысына келмеген жағдайда, оларға хабарланғаны жөнінде мәліметтер жоқ болса;

  • егер іске қатысушы адамдар сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланса, олардың келмеу себептері дәлелді деп танылған жағдайда;

  • істің мән-жайлары бойынша сот отырысына қатысуын міндетті деп танылған тараптар келмесе;

  • сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланған іске қатысушы адам өкілінің дәлелді себептермен келмеуі;

  • сот отырысына куә, сарапшы немесе маман келмеген жағдайда, егер істі олар жоқта қарау мүмкін болмаса;

  • сот отырысына аудармашы келмеген жағдайда, егер аудармашыны ауыстыру мүмкіндігі болмаса;

  • үш ай аралығында татуласу үшін ерлі-зайыптарға мерзім белгілеу неке бұзуына ерлі-зайыптылардың біреуінің келісімі жоқтығы (Неке және отбасы туралы заңның 19-бабының 2-бөлігі).


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет