Қазақстан тарихы. 9-10 сынып оқу материалдары



бет18/82
Дата22.12.2021
өлшемі3,59 Mb.
#926
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82
«Алаш» партиясының Семей облыстық комитетінің ашылуы Ә.Бөкейхановтың Тамда 8-10 қазан аралығында болып өткен Сібір автономистері съезінен қайтар сапарында іске асырылады. Ол қайтар жолында Семей қаласына тоқтап 12-13 қазан күндері қала жұртшылығымен кездесулер өткізіп, баяндамалар жасайды. Ал оның соңы «Алаш» партиясының 15-кісіден тұрған уақытша комитетін ашумен аяқталады.
Комитеттің төрағасы болып Халел Ғаббасов, жолдасына Ахмеджан   Қозбағаров, хатшысына  Сыдық  Дүйсенбин, қазынашы Әнуар Молдабаев сайланады. Комитет мүшелері оған құрматті төраға етіп Әлихан Бөкейхановты   сайлайды.

Д.Әділов нақты көрсеткендей, «Алаш» партиясының Омбы облыстық комитеті мүшелерінің аты-жөні «Қазақ» газетіне жарияланған, бірақ олардың саны 10-нан көп еді. Қазан -желтоқсан айларында облыстағы бес уезде «Алаш» партиясының уездегі комитеттері ашылады. («Қазақ». 1917. №255).

«Қазақ» газеті өзінің 1917 жылғы 14 желтоқсандағы санында «Алаш» партиясының Орынборда Торғай облыстық комитетінің ашылғандығын мәлімдейді. Комитетке мүшелікке Орынбор қаласында «тұратын 10 қазақ һәм 4 уезден 4 қазақ, барлығы    14  ағза» сайланады.  Комитеттің  төрағасы  болып Ә.Бөкейханов төраға серігіне А.Байтұрсынов, хатшысына М.Дулатов, қазнашысы Ж.Жәнібеков  сайланады.

Партияның орталық комитеті болған емес. Өйткені партияның арнайы съезін шақырып басқару орындарын сайлауға, жарғысы мен бағдарламасын бекітуге уақыт та,  жағдай да болған жоқ. Бірақ оның басқарушысы ұйытқысына бірінші      жалпықазақ  съезі  бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат етіп бекіткен топты жазған.




Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет