«Қазақстан тарихы және әлеуметтік- қоғамдық пәндер кафедрасы»


Мәдени-этикалық сипаттағы факторлар



бет4/4
Дата13.11.2022
өлшемі113,59 Kb.
#157977
1   2   3   4
Байланысты:
срс кукык 2
Қоңыр күз еді, 100 есеп физикадан, 1, матем 113 дарс 3 синф, Мағжан Жұмабаев мақала
Мәдени-этикалық сипаттағы факторлар. Сыбайлас жемқорлыққа мәдени - этикалық факторлардың ықпал етуіне баға беру жеңіл емес, себебі бұл сала «материалды емес». Алайда қоғамның мәдениеттілігін сыбайлас жемқорлықтың негізгі себебі ретінде қарастыруымыз тиіс. Дін, мәдениеттің ажырамас бөлігі бола тұрып, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың дамуының алғышарттары болуы мүмкін. Сондықтан қоғамда бір әрекет норма деп танылса, оны қылмыс деп жариялау қиындық келтіреді. Осы жағдайға орай мынадай мысал келтірейік. Қытайда басты идеология конфуциандық болғанын білеміз, оның қағидаттары бойынша халық жоғары қызметтегі адамдарды «әкеміз» деп қарастырған. Сондықтан қабылдауға келмегеннен гөрі, қабылдауға сыйлықсыз келгені наразылық туғызған. Байқағанымыздай, бір елде кейбір құбылыс сыбайлас жемқорлықтық деп танылса, екінші елде оны сыпайылық танутышылық деп біледі.

Сыбайлас жемқорлық түрлері:



• 1. мемлекеттік қызметшінің өзі алдына келген адамды пара, сыйақы беруге мәжбүрлейді.
• 2. белгілі бір адам, бұл ұйымдасқан қылмыс өкілі болуы
мүмкін, мемлекеттік қызметшіге көп жағдайда
психологиялық қысым көрсетіп, оны «сатып алу» мақсатында пара, сыйақы алуға итермелейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымдары
1-мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы жеке секторларда табысты жұмыс істеп жүрген тұлғалардың орташа еңбекақысы көлемінде есептелінеді;
2-пара беруші де, пара алушы да жақтарға қатаң шаралар қолданылады;
3-мемлекеттік лауазымдық тұлғалардың мүлкі, активтері, қарыздарына жыл сайын тексеру есебі жүргізіледі;
4-жоғары лауазымдардағы шенеуніктердің жемқорлыққа қатысты әрекеттеріне қатаң түрде қарау;
5-сыбайлас жемқорлық жағдайлары туралы хабарлаған адамдар жайлы құпия ақпараттарды қатаң сақтау; 6-экономиканы дамыту үшін артық әкімшілік кедергілерді жою; 7-әр 3-5 жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа
қатысты жүргізілген шараларға мониторинг, талдау, сараптама жүргізу.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік Қылмыстық кодексте және әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте көзделген.
Қорытынды
Сыбайлас жемқорлық - бұл, біріншіден, мемлекетке үлкен қаржылық нұқсан келтіреді, екіншіден, мемлекеттік биліктің беделіне залал келтіреді, үшіншіден, қоғам мен мемлекет билігінің өкілеттіктерін моральдік тұрғысынан құлдыратады.

Қолданылған әдебиеттер



  1. https://abai.kz/post/40309

  2. https://egov.kz/cms/kk/articles/state_service/20korrupciu

  3. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%8B%D0%B1%D0%B0%D0%B9%D0%BB%D0%B0%D1%81_%D0%B6%D0%B5%D0%BC%D2%9B%D0%BE%D1%80%D0%BB%D1%8B%D2%9B

  4. https://referatikz.ru/load/kursty_zh_mystar/aza_sha_kursty_zh_mystar/sybajlas_zhem_orly_teorijaly_negizderi_damu_tarikhy_zh_ne_t_rleri/25-1-0-891


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет