Табиғат жаны нәзік жаратқаннан, Жауапсыздық келтіреді оған нұқсан



бет1/6
Дата06.02.2023
өлшемі33,57 Kb.
#167615
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Табиғат
8 сынып жаңартылған77777777-2021ж, Түсінік хат баскетбол, Авторлық бағдарлама 5 сынып, қмж, қмж, 000642ae-61f1c458, жансая эссе, № 10 Шешендік және сөз мәдениеті, ҮНдістан

Табиғат
Табиғат - жаны нәзік жаратқаннан,
Жауапсыздық келтіреді оған нұқсан.
Адамдар немқұрайлық танытпаса,
Байлығын төгіп берер асып - тасқан.

Табиғаттың құпиясы – тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарадай бір биік.
Естіп,біліп,сырын ұғып жүрейік
Жүректерге өшпес жалын,нұр құйып.

Табиғатты әспеттеп жырға қосайық,
Беймәлім сыры бәрімізге ғажайып.
Мәңгілік мекен бола білген адамға
Алтын бесік,жайнай берші жайқалып.

Жанымның қызғалдағы бүрін жарып,
Бағыма қонды таңнан бұлбұл барып.
Мен қалай жақсылыққа жақын жүрмін

Туған жер тынысы

Туған жерім асқар тауым дара шың,
Сенде ғана тіршіліктің бал асым.
Сенде ғана бақытым мен байлығым,
Сенде ғана аулақ менде қайғы мұң.

Сенде ғана асқар таудай алыппын,
Сенде ғана толған айдай жарықпын
Табиғатты, тіршілікті бұлт басса,
Кеткені ғой қастерлісі халықтың.

Сенде ғана оң мен солды таныппын,
Сенде ғана дүлей күшті, алыппын.
Келешегі табиғаттың бұлыңғыр,
Десе біреу қайғы басып тарықтым.

Табиғатым тіршілігім, тынысым,
Бақыт, байлық, мақтанышым, ырысым.
Толқындары тулап жатса Жайықтың,
Толқын қуып, көшіңе ерген қайықпын.

Неге, неге ойланбайды адамдар,
Қөзіңді аш, төңірекке қараңдар.
Болашағын ойламайтын ағалар,
Тал орнына зәулім үйлер қалаңдар.

Бала ойнасын асыр салып көк белге,
Аққу жүзсін айдын шалқар ақ көлге
Ешбір жанның өміріне дақ салмай,
Көгіңде күнің нұрын төксін бұл елге.

Табиғат бұл біле білсең өмірің,
Табиғат бұл біле білсең шуақ шашқан көңілің
Келгенінше қолдарыңнан аяла
Бағын баптап, талын өсір саясында саяла.

Табиғаттың лайламайық тұнығын
Туған жердің қадірін тұт соны ұғын
Жайқалады жаны жайсаң жандардай
Өз қолыңда «өмір» деген бақ гүлің


Гүлсана Тілеубекова


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет