Қазақстан тарихы логикалық құрылымдық кестеде (7 сыныпқа арналған қосымша оқу құралы) Алғы сөз Құрметті оқушы !



бет1/13
Дата28.11.2019
өлшемі0,79 Mb.
#52696
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Қазақстан тарихы логикалық - құрылымдық кестеде (Восстановлен)
қолданбалы өнер
Қазақстан тарихы логикалық - құрылымдық кестеде

(7 сыныпқа арналған қосымша оқу құралы)

Алғы сөз
Құрметті оқушы !

Қазақстан тарихы – Қазақстан Республикасы азаматы үшін Отан тарихы болып есептеледі. Ал өз Отанының тарихын білу мемлекетіміздің әрбір саналы азаматының қасиетті борышы.

Тәуелсіздігімізге қол жеткізген аз ғана жылдардың ішінде біз төл тарихымыз төңірегінде анағұрлым көбірек біле бастадық. Халқымыздың жүріп өткен ұзақ жолы өзге жұрттан артық болмаса кем емес. Бұрындары ұлттық тарихымыздың ұланғайыр қабаттары үзіп-жұлып, бөлшектеніп зерттеліп келгенін енді біліп жатырмыз.

Отанымыздың өткенін танып-білу – отансүйгіштік сезімді тәрбиелеудің, басқа халықтардың рухани және материалдық мұрасына сыйластықпен қараудың, жалпы адамзаттық құндылықтарды құрметтеудің маңызды факторы. Еліміздің тарихы – қазіргі жалпы дүниежүзілік тарихтың, соның ішінде Еуразия тарихының, түркі халықтары тарихының құрамдас бөлігі болып табылады. Әрбір қазақстандық азамат үшін өз Отанының тарихын білу - өз халқының өткен және келешек ұрпақтары алдындағы қасиетті борышы. Сондықтан Қазақстан тарихын танып-білу өмірлік қажеттілік деп түсіну керек.

Тарихты білу арқылы сеңдер қоғамдағы өз орнындарынды анықтап, қоғамдық маңызды проблемаларды айқындауға және оларды дұрыс шешу жолдарын табуға мүмкіндік аласындар. Тарихи білім оқушылардың өз азаматтық құқықтары мен міндеттерін түсінуге, тарихи сана-сезімнің сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыруға қажетті оқушылар құзіреттілігін , біліктілігін дамытуға әсер етеді.

Балалар! Ұсынылып отырған оқу құралы сендерге орта ғасырлардағы Қазақстан тарихын терең меңгеруге мүмкіндік береді және нақты көмек беру мақсатын көздейді. Оқу құралының мазмұны оқулықтағы тақырыптарға сай құрастырылған. Бұл – Қазақстанның ортағасырлардағы мелекеттері, олардың мәдениеті мен тұрмысы, қазақ хандығынының құрылуы туралы мәліметтер. Бұл оқу құралының тиімділігі - әр тақырып түсінуге және есте сақтауға қолайлы сызба-кестелер арқылы берілген. Тақырыптардың мазмұнын ашатын ең маңызды мәліметтер жинақталып, меңгеруге жеңіл жолмен құрастырылған. Негізгі хронологиялық мерзімдер, даталар, тарихи оқиғалар мен фактілер, тірек сөздер басшылыққа алынған. Бұл сеңдерге өз беттерімен тақырыпты ашып түсінуге мүмкіндік береді. Тараулардан кейін білімдерінді жинақтап қайталауға арналған тест сұрақтары құрастырылған. Олар оқу материалын терең меңгеруге жәрдемдеседі.

Оқу құралы сендердің өз білімдерінді тексерулеріне мүмкіндік туғызады. Құралдағы сызбаларды сабақта интерактивті тақта арқылы қолдануға болады. Тақырыпты түсіндіргенде немесе үй тапсырмасын тексергенде, бекіту кезінде, тарауды қайталауда компьютер арқылы әр оқушы осы құралды пайдалануға мүмкіндігі болады. Оқу құралының тиімді жағының бірі – оны ҰБТ-ге дайындық кезінде көмекші құрал ретінде пайдалануға болады. Сыныпта немесе үйде оқушы компьютердің көмегімен өз бетінше тақырыптарды меңгеріп, бекітуге мүмкіндік алады. Сабақ үстінде мұғалімнің көмегісіз өз беттерімен тақырыпты ашып түсінуге бұл оқу құралының маңызы зор. Себебі, әр тақырып жүйелі түрде құрастырылып, қабылдауға ыңғайлы түрде ұсынылған. Тақырыпты өткеннен кейін пысықтау үшін осы сызба –кестелерді дұрыс қолдана білу арқылы білімдерінді бекітуге болады. Сабақта уақытты үнемдеуге арналған оқу құралы арқылы сеңдер жылдам және нақты тарихи фактілерді іріктеп, тақырыптың мазмұнын өз бетімен түсінуге мүмкіндік аласындар.

Отанымыздың мыңдаған жылдық күрделі тарихын оқып-үйренулеріне сәттілік тілейміз!



1-тарау Қазақстан территориясындағы ортағасырлық мемлекеттер


Мемлекет атауы

Тарихи шеңбері

Территориясы

Астанасы

Ел билеушілері

Жоғары

билеушісінің

титулы

Тайпалары

Әлсіреуінің

себептері

Түрік қағанаты

552-603 жылдары

Жетісу,Әмудария

мен Сырдария

аралығы


Суяб

Бумын,

Қара Еске,

Мұқан,Тобо,

Иштеми


Қаған

Барлық түрік

тайпалары:оғыз,

қырғыз,ұйғыр,үйсін т.б.


Қағанат ішіндегі

қарама қайшылықтар,

Қытаймен соғыс


Батыс Түрік қағанаты

603-704

жылдары


Жетісу

Суяб, жазғы

ордасы-Мыңбұлақ



Тардуш Шегу,

Тон жабғу

Ешбер Елтеріс


Қаған

«Он оқ бұдын»,

бес тайпа дулу,

бес тайпа нушиби т.б.


Ішкі талас-тартыс,Қытай империясының қысымы

Түркеш қағанаты

704-756

жылдары


Жетісу, Іле, Шу,

Талас алқаптары



Суяб,екінші ордасы – Іле

бойындағы Күнгіт



Үшлік,

Сұлу,


Күли Шор

Тұқарсан Құтшар

Жыпыр


Қаған

Сары түркеш, қара түркеш, болат, шігіл, ташлық, тухси, азкіші, халаж,барысхан т.б

Билік пен жайылым,жер үшін талас.Батыстан араб шапқыншылығы.

Шығыстан Қытай шапқыншылығы.



Қарлұқ мемлекеті

756- 940

жылдары


Жетісу

Суяб, Тараз

Білге Күл Қадырхан

Елтебер, жабғу, қаған(840 жылдан кейін)

Үшжігіл, үшбескіл, бұлақ,көкеркін,тухси,

лазана, фаракия т.б.



Ішкі талас- тартыс,билік үшін күрес.

Қарахандықтар мемлекеті

942-1212

жылдары


Жетісу, Шығыс Түркістан

Батыс хандықта Бұхара,

Шығыс хандықта

Баласағұн


Сатұқ,

Боғыра хан



Хан

Яғма,шығыл,қарлұқ, оғыз,қаңлы,үйсін т.б.

Наймандар шапқыншылығы, Хорезмдердің шапқыншылығы

Оғыз мемлекеті

IX ғасырдың соңы мен XI ғасырдың басы

Жетісу мен Қашқардан Ферғанаға дейін және Сырдың орта ағысына дейін

Янгикент

(Жаңа Гузия)



Али хан,

Шах Мәлік



Жабғу

Халаж, жағыра, жарұқ, қарлұқ, имур, баяндұр, қай т.б.

Селжұқтармен көп жылғы соғыс.

Ішкі талас-тартыс.

Қыпшақтар соққысы.


Қимақ қағанаты

IX ғасырдың соңы мен XI ғасырдың басы

Солтүстік,Орталық,

Шығыс Қазақстан



Имақия




Жабғу,қаған

Эймур, имақ, ажлар,

құман, ланиказ, татар, қыпшақ, баяндұр т.б.



Қыпшақтардың күшеюі.Орта Азиядағы көшпелі тайпалар арасындағы қақтығыс

Қарақытай мемлекеті

1128-1213

жылдары


Жетісу

Баласағұн

Елұй Дашы

Горхан

Қидандар

Найман ханы

Күшліктің қысымы



Наймандар мемлекеті

X-XIII ғасырлар

Орхон мен Ертіс

өзені аралығы,

XIII ғасырдың басында Жетісуға келді


Балықты

Наркеш Дайын,

Инанч Білге

Даян

Күшілік


Хан

Найман, керей, меркіт және сегіз тайпа

1218 жылы монғолдардан жеңіліс тапты

Керейлер мемлекеті

X-XIII ғасырлар

Шығыс Монғолия

Солтүстік астанасы- Қатынбалық, оңтүстік астанасы- Хуанхе өзенінің иірімі

Маркус

Құршақыз


Торы

Хан

Керей, жырқиы, қоңқай, сақау, тұтау, албат, тұңхай, қыркун т.б.

Монғолдардан жеңілді

Қыпшақ хандығы

XI ғасырдан ХІІІ ғасыр

Дешті- Қыпшақ

(Ертіс пен Днестр аралығы)



Оң қанат- Сарайшық, сол қанаты- Сығанақ

Табыр хан, Қадыр Бөке, Алып Дерек, Отырар әміршісі, Қайыр

Хан

Елбөрілі, тоқсоба, иетиоба, дурут, қарлұқ, қимақ, оғыз, құман, башқұрт, жікіл т.б.

Ішкі алауыздық. Хорезмдермен қақтығыс. Монғол шапқыншылығы


Түрік қағанаты (552-603 ж.)

542 ж.- түрік этнонимі қытай жылнамаларында кездеседі

545 ж.-түрік елі мен қытай арасында бейбіт қарым-қатынас орнады

552 ж.-Бумын жужандарды жеңіп, «елхан» деген атақ алады.

552 ж.- Бүмын қаза болады

570-580 ж. -түріктер шығыста күшті болған

555 ж. - түріктер Арал теңізіне дейін жеткен

581 ж.-қағанаттың өз ішінде соғыстар басталды

603 ж.-Батыс және шығыс Қағанат болып екіге бөлінді
Түрік қағанатының билеушілері Халқы – теле (тирек) тайпалары, «теле»- «түрік» ,30 астам тайпа бол

болған



Бумын – жужандарды жеңді,Түрік қағанатың билеушісіне айналды.
Шаруашылығы - көшпелі,жартылай көшпелі мал шаруашылығы

Баспанасы - киіз үй



Діни-нанымы - отқа табыну
Қара-Еске –орхонның жағындағы Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңеді



Мұқан қаған (552-554 ж.) –жужандарды бас көтерместей жеңеді,түріктер Ұлы Даланың шығыстағы қожасына айналады,солтүстігінде Саян тауына дейінгй ,ал шығыста Сары өзенге дейінгі жерді жаулап, қидан,оғыз-татар т.б. тайпаларды бағындырды.қытайлардың бір жағы жылына 100 мың тен жібек төлеп отырды

Тобо қаған-қытайдың екі жағымен де жақсы қарым-қатынаста болды



Иштеми – 10 түмен қолмен ху елін (соғдылықтарды) жаулап алуға аттанады,эфталиттермен соғысып,он жылдан кейін 563-567 ж жаулап алады


Қағанаттың әлеуметтік құрылымы.


Қаған


Қаған сайлаған ұлықтар


Ябғу, шад, елтебер, бұрық, тархан



Бектер


Қара бұдундар



Батыс Түрік қағанаты (603-704 ж.)
Территориясы- оңтүстік-шығысында- Іле,Шу, солтүстік-батысында- Еділ,Кубань, солтүстік-шығысында-

Есіл,Ертіс,оңтүстік-батысында-Тарым,Әмудария

Орталығы – Суяб

Жазғы ордасы – Мыңбұлақ ( Жамбыл облысы)

Халқы- «он тайпа» он-оқ будун


Қоғамдық құрылысы

қаған

ұлық

Ябғу,шад,елтеберр

Қаған руынан шыққан ақсүйектер

Сот істерін атқарған

бектер

«қара бұдундар»

Қарапайым халық

«тат»

құл

шаруашылығы


Мал шаруашылығы

егіншілік

7 ғ. – түріктер жаппай отырықшылана бастайды

Сауда дамыған –Византия,Қытай

Сюань Цзянь«Қаған жасыл жібектен желбегей шапан киген,оның жанында жүрген нөкерлері де қамқадан желбегей шапандаржамылған,қандай тамаша көрініс»


Бұрықтар,тархандардар




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет