3 – мәтін Бекет атаның Махамбет батырға бата беруі – Шырағым, үйіме келген жандардың ең құдіреттісі осы балаң болды, ең бастысы дер кезінде алып келгенің, – деп Бекет ата тоқтау салады да, Махамбетке қарап:
– Неше жасыңда өздігіңмен атқа отырдың? – дейді.
– Төрт жасымда үзеңгі тарттым, бір жылдан кейін құлын-тайға бас үйрете бастадым...
Осы жауапты естіген Бекет әулие көзін тарс жұмып, алға-артқа теңселіп отырып:
– Екінші мүшеліңде хан Ордасына еркін кіресің, бір бөлек елді басқарасың. Әділетсіздікке төзбейсің, ол маңдайыңа жазылған. Басыңа алғашқы пәле ханның өзінен емес, туыстары мен маңындағылардан болады. Арқалы ақындық қонғалы тұр, халық әр сөзіңді жатқа айтатын болады. Отызыңнан асқанда Ордадан кетесің, ханнан аулақ қонып, қару алып, шабысқа да барасың. Даудың басы жер мен әділетсіздіктен басталады, жазықсыз халық жапа шегеді, ақ патшаның өзі араласады. Ең жақын жолдасың сен үшін басын оққа байлайды. Одан айырылғаннан кейін ханмен, оның айналасымен тартысқа барғанның жөн еместігін біле тұра, ат сабылтып сарттарға барасың, олар көмек бермейді, осыдан кейін елге оралмағаның дұрыс. Үкімет үшін ең қадірлі де қымбатты басың мен ақылдылығың болады... Еліңе сыйлы боласың, атағың тек жеті аталық емес, жүздеген жылдарға жайылады, кейінгі ұрпақ өзіңді мақтан тұтады. Ал енді маған қояр сұрағың бар ма, ұялма, іркілме, – деген Атаға:
– Алдымды болжап бергеніңізге рақмет, сіздей Әулиеге менің айтарым жоқ, – деп қысқа ғана жауап қайтарады Махамбет.
– Бірақ менің өзіңізбен бір байланысым болатын тәрізді, осыны қалай ойлайсыз?
– Махамбетжан, енді тіпті кездеспейтін де шығармыз, мәңгілік емеспіз ғой!.. – деп, маңдайынан құшырлана иіскеп тұрып Өтеміске:
– Махамбетіңді ержеткенше бетінен қақпай еркін өсіргейсің! – дейді де, неге екені белгісіз көңілі бұзылғандай күй кешіп бұрылып жүре береді.
Бекет атаның Махамбетке айтқан сөзінің түйіні
A)Жаман қасиеттерден аулақ бол
B)Өмір жасың ұзақ болады
C)Саған қауіп төніп тұр
D)Еліңе сыйлы, қадірлі боласың
E)Өзіңді ғана ойлайсың
Бекет атаның айтуынша Махамбетке төнетін алғашқы қауіп
A)Туыстары мен маңындағылардан
B)Туған халқынан
C)Ең жақын жолдасынан
D)Жолдастарының әділетсіздігінен
E)Ханның өзінен
Бекет әулие сөзіне тән емес қатар
A)Басыңа алғашқы пәле ханның өзінен келеді.
B)Бір бөлек елді басқарасың.
C)Қауіп туыстарың мен маңындағылардан болады.
D)Екінші мүшеліңде хан Ордасына еркін кіресің.
E)Әділетсіздікке төзбейсің.
Бекет атаның болжамы бойынша, Махамбет отыз жасынан асқанда...
A)ақындыққа ден қояды
B)Ордадан кетеді
C)басын оққа байлайы
D)хан Ордасына кіреді
E)бір елді басқарады
Мәтін мазмұнының реттілігі
1. Бір бөлек елді басқарасың.
2. Арқалы ақындық қонғалы тұр.
3. Еліңе сыйлы боласың.
4. Ержеткенше бетінен қақпай еркін өсіргейсің!
A)1, 4, 3, 2
B)2, 1, 3, 4
C)1, 2, 3, 4
D)3, 2, 4, 1
E)3, 1, 2, 4
Махамбеттің алғаш атқа отырған кездегі жасы
A)Жігіт шағында
B)Төрт жасында
C)Бес жасында
D)Бозбала кезінде
E)Мүшел жасында