Қазақстан тарихы нұсқау



бет2/19
Дата12.06.2023
өлшемі2,32 Mb.
#178695
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
«Дешті Қыпшақ» туралы
«Біз тоқтаған бұл жер Дешті Қыпшақ деп аталады. Бұл далада тау, қырат, ойпат, орман атымен жоқ, тек қана теп-тегіс жасыл және өте әдемі дала. Мұндағы тұрғындар ағаштың орнына мал қиын пайдаланады, бұл оларда тезек деп аталады. Саяхатшылар Дешті Қыпшаққа арбамен барады. Дешті Қыпшақтың о шеті мен бұл шеті алты айлық жерді алып жатыр, оның үш айға жуық жері Мұхаммед Өзбек ханның билігінде, қалғандарын басқалар билеп- төстейді...».

  1. Мәтінде сипатталған үзінді алынған еңбектің авторын анықтаңыз:

A)Ибн Баттута
B)Ибн Хаукаль
C)Әль-Шахиз
D)Ибн Қордабек
E)Гардизи
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНАН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ


ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
Нұсқау:Оқу сауаттылығы бойынша 4 мәтін және олардың мазмұны бойынша құрастырылған бір дұрыс жауапты тест тапсырмалары беріледі. Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз. Таңдаған жауапты жауап парағындағы сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.
1-мәтін
Қаңтар
Қаңтар – қыстың екінші айы. Күннің «қаңтарылып байланатын», одан әрі тұқырып қысқара алмайтын айы болғандықтан осылай аталған. Қаңтарда түс уақытында күннің көзі аспанның оңтүстік жағында және сол күнгі ең биік деңгейде тұрады. Күн сайын бұл деңгей өзгеріп отырады. Күннің жыл ішіндегі ең биік қалыпта болатын кезі – жазғы күн тоқырау (22 маусым), ең төмен болатын кезі – қысқы күн тоқырау (22 желтоқсан). Қаңтарулы тұрған аттың басы жерге қалай жетпесе, қаңтардағы күн көзі де одан әрі төмендеп, көкжиекке жақындай алмайды. Мұны қазақтар баяғыда-ақ байқаған. Қаңтарда күн қысқарып, түн ұзарады.

  1. Күннің ең биік қалыпта болатын кезі

A)жазғытұрғы күн тоқырау
B)қысқы күн тоқырау
C)көктемгі күн тоқырау
D)жазғы күн тоқырау
E)күзгі күн тоқырау

  1. Мәтін мазмұны бойынша қаңтар айының ерекшелігі

A)түн қысқарып, күн ұзарады
B)түн де, күн де қысқарады
C)күн көкжиекке жақындайды
D)күн қысқарып, түн ұзарады
E)күннің көзі жарқырайды




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет