Қазақстан тарихы пәнінен студенттердің өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар



Дата14.11.2022
өлшемі38,73 Kb.
#158032
Байланысты:
Сұрақтар (1) (3)
Қазақстан мәдениеті — Уикипедия, Гаухар Онгарбаевна, қазақ отбасын әке ролі, Крассворд

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



Министерство образования и науки Республики Казахстан



М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Южно-Казахстанский университет им. М.Ауезова



«БЕКІТЕМІН»
М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің
Басқарма Төрағасы-Ректор
______Д. Қожамжарова
«___»___________2022 ж


Қазақстан тарихы пәнінен студенттердің өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар.

1-сұрақ. Қазақстан тарихы пәнін оқытудың мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері. Тарихнамасы және дереккөздері.


2. сұрақ. Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы. Адамның шығу тегі териясы және адамзаттың алғаш пайда болған жері мәселесі.
3-сұрақ. Тас дәуіріндегі Қазақстан. Антропогенез туралы жаңа мәліметтер. Қазақстан аумағы – homo sapіensтің қалыптасу ошақтарының бірі. Глоттогенез түсінігі. Культурогенез тұжырымдамасы.
4-сұрақ. . Ерте палеолиттегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы.
5-сұрақ. Қазақстан аумағында тас дауірінде жартасқа сурет салу өнері – петроглифтер (Мыңшұңқыр, Өлеңті, Еңбек, Тесіктас, Шатыртас, Ақбидайық, Ақбауыр, Баянжүрек).
6-сұрақ. Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамның шаруашылығы мен тұрмысы.
7-сұрақ. Қола дәуіріндегі палеоэкономика. Қазақстан аумағында кен ісі орталықтарының қалыптасуы. Материалдық мәдениет.
8-сұрақ. Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті. Қазақстан – жылқыны қолға үйретудің ежелгі ошағы.
9-сұрақ. Қазақстанның ежелгі тұрғындарының антропологиялық түрі. Қола дәуіріндегі өнер: петроглифтер. Ешкі өлмес, Тамғалы кешендеріндегі тасқа қашалған суреттер.
10-сұрақ. Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары. Атқа міну мәдениеті. Құдықтар. Ат әбзелдері. Төрт түлік түрлері. Әлеуметтік құрылымы мен қоғамдық құрылысы.
11-сұрақ. Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы. Сақтар. Массагеттер. Савроматтар мен сарматтар.
12-сұрақ. Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихы мәселесі. Ғұндардың (сюнну) империясының саяси тарихы.

13-сұрақ. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері.


14-сұрақ. Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы.
15-сұрақ. Көне түркі кезеңіндегі көшпелі мемлекеттік және мәдени дәстүрлердің дамуы./Түрік және Батыс түрік қ./
16-сұрақ. Жетісу және Оңтүстік Қазақстандағы араб-қытай қайшылығы. Қазақстан аумағына Ислам дінінің енуі [Түркеш және Қарлұқ қағандығы кезінде].
17-сұрақ. Сырдария бойындағы жабғу мемлекеті. Ауызша тарих және археологиялық деректер. Оғыздардың этникалық тарихының мәселелері.
18-сұрақ. Қараханидтер мемлекеттілігі түркі мемлекеттілігі эволюциясының жаңа кезеңі ретінде.
19-сұрақ. Түркі көшпелі мемлекеттік және әлеуметтік-мәдени дәстүрлерінің дамуының соңғы кезеңі ретінде Қыпшақ хандығының құрылуы.
20-сұрақ. Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы. Қазақстанның түркі дәуіріндегі ортағасырлық сәулет ескерткіштері. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу қалалық мәдениетінің гүлденуі.
21-сұрақ. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Ясауи шығармаларының әлемдік маңызы.
22-сүрақ. Шыңғыс хан және Монғол империясының құрылуы. Қазақстан үш монғол ұлысының құрамында.
23-сұрақ. Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы: территория, этникалық процестер, мәдени симбиоз.
24-сұрақ. Ақ Орда (XIII ғ. соңы – XVғ. басы). Шыңғыс әулеттерінің Сырдария өңірі үшін бәсекелестігі. Орта Азиямен және Хорезммен байланыстары.

25-сұрақ. Моғолстан (XIV ғ. ортасы – XVI ғ. басы). Мемлекеттің құрылуы. Аумағы мен этникалық құрамы.


26-сұрақ. Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468 жж.), немесе Әбілқайыр хан мемлекеті.


27-сұрақ. Жәнібек пен Керей сұлтандардың көшіп кетуі (1457 ж.). Объективтік және субъективтік себептері.


28-сұрақ. Ноғай ордасы. Аумағы және этникалық құрамы. Би және мырза лауазымдары. Ноғай Ордасының көршілес мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы.


29-сұрақ. Сібір хандығы (XV ғ. соңы – XVI ғ.). Ішкі және сыртқы саяси тарихы. Аумағы, этникалық құрамы, шаруашылығы.


30-сұрақ. Алтын Орда дәуірінің мәдени-өркениеттік мұрасы. Қала құрылысының өркендеуі.

31. Қазақ халқы қалыптасуының тарихи алғышарттары. Қазақстан аумағындағы этникалық үдерістер.
32. Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғалары. Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы.
33. Қазақ хандығының XVI ғ. басындағы шаруашылығы: мал шаруашылығы, егіншілік, қалалары, саудасы.
34.Қасым хан тұсында хандық аумағының ұлғаюы. Шайбанидтердің Қазақ хандығына қарсы жорығы.
35. Жоңғар хандығының күшеюі: жоңғарлардың басқыншылық стратегиясы. «Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама» жылдары. Ордабасындағы басқосу.
36. Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Билер институты.

37. XIV ғасыр – XVIII ғғ. басындағы Қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениеті. Көшпелі шаруашылық түрлері, олардың ерекшеліктері.


38.Қазақстанның қалалық мәдениеті. Қала мен даланың өзара байланысы. Қазақстанның түрлі аймақтарындағы қалалардың құрылымы.
39. Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің қазақ халқының тарихындағы алатын орны

40. Қазақ жүздері. Олардың орналасуы, этникалық құрамы.


41. Қазақ халқының ХҮ-ХҮІІ ғғ. шаруашылық-экономикалық даму


сипаты.
42. Қазақстандағы отарлық дәуірдің басталуы
43. 1739-1741 жж. жоңғар-қазақ соғысы. Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары. Абылай сұлтанның дипломатиялық өнері.

44. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіруі.


45. Орынбор генерал-губернаторы О.Игельстромның реформасы. Кіші және Орта жүздерде хандық билігін жою.


46. Көшпелі қазақ ауылының егіншілікке көшу үдерісі. Жатақтық.
47. Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық-азаттық күресі
48. ХІХ ғ. 60-70 жж. Орал, Торғай облыстары мен Маңғыстаудағы
көтерілістер.

49. Ж.Нұрмұхамедов бастаған Сырдария қазақтарының орыс және


Хиуа басқыншылығына қарсы көтерілісі

50. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық


Көтерілісі

51. И.Тайманов пен М.Өтемісов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.


52. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
53. Қазақтардың Е.Пугачев бастаған көтеріліске қатысуы
(1773-1775 жж.).
54. 1916 жылғы Орта Азия ұлт-азаттық көтерілісі, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері.
55. Қазақ халқының көрнекті ағартушылары – А.Құнанбаев,
Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин.
56. «Қазақ» газетінің, «Айқап» журналының қазақ халқының ұлттық болмысын қалыптастырудағы рөлі.
57. «Қазақ» газетінің, «Айқап» журналының қазақ халқының ұлттық болмысын қалыптастырудағы рөлі.
58. Қазан төңкерісі және Қазақстандағы саяси өмір. Кеңес өкіметінің орнауы. Ресей халықтарының құқықтары Декларациясының жариялануы (1917 ж. 15-қазан).
59. Алаш автономиясының және Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметінің құрылуы, жойылуы, тарихи мәні.
60. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). ЖЭС мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері.
61. Түркістан республикаларының ұлттық-мемлекеттік межеленуі – біртұтас Түркістан идеясының күйреуі. Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына қосылуы.
62. Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мәні мен салдары. Қазақ зиялыларына қуғын-сүргіннің басталуы.
63. Қазақ ауылын кеңестендіру саясаты – қазақтың дәстүрлі қоғамының жойылуы.Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны. Ашаршылық салдарлары.
64. Ұлттық мүдде жақтастарының саяси ұстанымы – С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев. М.Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметі.
65. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы экологиялық дағдарыстар. Мәдениет және ғылым. Қазақ Ғылым Академиясының құрылуы.
66. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары
67. Қазақ ұлттық санасының стихиялық қайта өрлеу белгілері: «Жастұлпар» бейресми ұйымдары. Қазақ жазушылары мен ақындары шығармашылығы-ның рухани маңызы. /М.Шаханов, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, О.Сүлейменов, І.Есенберлин және т.б./
68. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты және оның нәтижелері.
69. Д.А.Қонаевтың қызметі. 1986 жылғы Алматыда және республиканың басқа қалаларында болған Желтоқсан оқиғасы.
70. 1991 жылғы тамыз төңкерісі. КОКП қызметінің тоқтатылуы. КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы.
71. Қазақ КСР-інің Егемендігі туралы Декларациясының жариялауы және оның мәні.
72. Тәуелсіздікті жариялау қарсаңындағы Қазақтандағы қоғамдық-саяси жағдай.
73. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі туралы Заңының қабылдануы және оның тарихи мәні.
74. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымын жасақтау. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру. Қоғамның конституциялық құрылысының негіздерін құру/1993 жылғы Конституция/.
75. ҚР мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұранының бекітілуі. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылуы. Ұлттық армияның құрылуы.
76. Ұлттық валютаны енгізу және оның маңызы. ҚР мемлекеттік шекарасын делимитация және демаркациялау нәтижелері.
77. Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы Конституциясының Бүкілхалықтық референдум арқылы қабылдануы. Қазақстандағы парламентаризмнің дамуы.
78. «Қазақстан-2030» Стратегиясы, оның бағыттары.
79. «Қазақстан-2050» Стратегиясы, оның бағыттары.
80. Қазақстан астанасының көшірілуі, оның маңызы.
81. Егемендік жолындағы қиындықтар: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік қиындықтар, өмір сүру деңгейінің төмендеуі.
82. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі кезеңдері.
83. Ұлттық валютаның енгізілуі. Ұлттық қордың құрылуы.
84. Қазақстанда ұлттық компаниялардың құрылуы. Экономиканың өнеркәсіп, аграрлық және қаржы-банк секторларын басымдықпен дамытудың келешегі.
85.Қазіргі кезеңде Қазақстан экономикасын реформалау бағыттары.
86. Қазақстан Республикасының АҚШ, Батыс Еуропа, Оңтүстік Шығыс Азия, Таяу Шығыс елдерінің ірі компанияларымен сыртқы экономикалық ынтымақтастығы.
87. Экономиканы дамытудағы «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» бағдарламаларының жүзеге асырылуы.
88. Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайының шақырылуы және оның тарихи маңызы.

89. Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайлары (1992-2017жж.).


90. Қазақстан халықтарының форумы (1992 ж.).


91.ҚР қоғамдық қозғалыстарының құрылуымен көп партиялық жүйенің қалыптасуы.


92. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер.


93. Қазақстан халқының ұлтаралық келісімі – тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың кепілі.

94. ҚР Адам құқықтары бойынша өкілдік институты (Омбудсмен).


95. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының тарихи маңызы.


96. Елді демократияландыруға, саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған саясат. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы.

97. «Қаңтар оқиғасы». Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы.
98. Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі Референдум. Ұлттық Құрылтайдың құрылуы.
99. «Мәдени мұра», «Тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламалары. «Мәңгілік ел» идеясының негіздері. Тарихи сананы жаңғырту. «Ұлы даланың жеті қыры».
100. 2022 жылғы кезектен тыс ҚР Президентін сайлау, оның нәтижелері.

«Қазақстан тарихы» кафедрасының мәжілісінде талқыланып,


бекітілген №1, __________ ж.

Қазақстан тарихы кафедрасының


меңгерушісі т.ғ.к.,доцент: С.Джунусбаев

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет