Қазақстан тарихы пәнінің интеграциялау әдістерін қарау және талдау



Дата04.11.2019
өлшемі20,82 Kb.
#51150
Байланысты:
Интеграция МО доклад

Қазақстан тарихы пәнінің интеграциялау әдістерін қарау және талдау

 ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында: «Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз» – деп атап көрсеткен еді . Қазақстан өзін әлемге аймақтық аумағының кеңдігімен емес, халқының көптігімен де, тіпті алуан түрлі ұлттардың береке бірлігімен ғана емес «білімділігімен» таныта алады. «Халықты-халықпен, адамды-адаммен теңестіретін білім» – деп ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай өркениетке апарар жолдың бастауында әрдайым жоғары білім беру мәселесі тұрады. Жоғары мектептегі білім барша әлем тыныс-тіршілігінің алғашқы іргетасы. Ал әлемдік қауымдастықтан тәуелсіз Қазақстан тұлғасы биіктеп, ғылыми техникалық прогресс қарыштап дамыған тұста, біздің еліміз үшін сапалы білім, саналы тәрбиемен қатар бүгінгі заман талабына сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған, құзіретті маман дайындау мәселесі маңызды болмақ. Алаштың ардақтысы А. Байтұрсынұлы: «Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін адамгершілік, ізгілік, имандылық тәрбиесін бойына жинаған білімді парасатты ұрпақ тәрбиелеу – біздің борышымыз деп білемін» – дейді. Қазақстанның әлемдегі барынша дамыған және бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіру стратегиясының шешуші басымдықтарының бірі – осы заманғы білім мен озық ғылымды дамыту болып табылады. Білім беруді дамыту векторы адам мен адамзаттың толыққанды өмір сүруінің басты шарты ретінде алынған руханилықпен анықталатын өмір сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл мәселені шешудегі бүгінгі күні оқытушының басты мақсаты – өзіндік рухани-адамгершілік құндылықтарын білім алушының бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір білімгерді жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарын дамыту. Осыған орай, білім беру ұйымдарында өзін-өзі тану пәнін оқытудың маңызды мәселелерінің бірі ретінде пәнді интерграциялаудың тәрбиелік мәнін ашып көрсетудің жолдарын қарастырамыз.

Бүгінгі таңда рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап, адамдардың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік сияқты қарым-қатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен әр жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуы және оларды жүзеге асыруға түрткі болатын құндылықтарды зерттеу көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр. Осы орайда, қоғамдық мұраттар мен адамдардың тәлімдік үдерістері өзгерді, сондықтан да білім мазмұнын түбегейлі жаңғырту, әдістерді жаңарту жас ұрпаққа тәрбие мен білім беру технологияларын жетілдіру қажеттілігі туындауда.

Қоғамның осындай дер кезіндегі қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жобасының авторы, еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызытұңғыш рет мемлекеттік деңгейдегі өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мәселесін көтерді. Рухани-адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдығы туралы сөз қозғауда қазіргі замандағы жаһандық мәселелер, адамзаттың жалпы дүниежүзілік тұтастығы мен рухани-адамгершілік құндылықтардың сипаты жан-жақты қарастырылып, жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашу көзделуде. Осы орайда, өзін-өзі тану пәнін жаппай білім беру ұйымдарына тәжірибеге енгізудегі барқатар төмендегідей көкейкесті мәселелерге тоқталамыз.



Біріншден, білім беру ұйымдарында өзін-өзі тану пәнін жүргізетін мұғалімдердің теориялық білімдерінің жетік болуына баса назар аудару қажет. Атап айтқанда: Рухани-адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы, «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи негіздері, заманауи білім кеңістігін ізгілендірудің жаңа тәсілдемелері, рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері, сабақтан тыс іс-әрекеттер арқылы «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жолдарын жан-жақты меңгеруі тиіс. Сондай-ақ, өзін-өзі тануды оқытудың аксиологиялық аспектілерін, Ақиқат, Сүйспеншілік, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық және Қиянат жасамау жалпыадамзаттық құндылық ретінде жас ұрпақтың санасына сіңіре білу тәсілдерін меңгеруге ден қою, рухани адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мұғалімнің рөлін жете түсінуі керек. Екіншден «Өзін-өзі тану» пәнінің құрылымдық мазмұндық және әдістемелік аспектілеріне талдау жасай отырып, сабақтағы жағымды ойлау, әңгімелеу әдісін терең рухани адамгершілік құндылықтарға бағыттау, ән айту мен музыканың маңызына жан-жақты мән беру. Ата-аналармен байланыс жасау жолдарына баса назар аудару қажет. Отбасы – ұлттың, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттың негізі. Сондықтан оны нығайту керек. Отбасында тыныштық болса үйде тыныштық болады; Үйде тыныштық болса мамлекетте тыныштық болады. Мемлекетте тыныштық болса әлемде тыныштық болады. Үшіншіден, «өзін-өзі тану» пәнінің әлемде теңдесі (аналогы) жоқ пән ретінде Қазақстанның білім беру саласына енгізілгені және рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи негіздерін айқандауда әлемдік рухани-тұлғалардың идеяларына сүйене отырып заманауи ғылымдағы рухани бастауларға баса назар аударылуымен құнды.  Төртіншіден, «Өзін-өзі тану» пәні ұлы ғұлама ойшылдарымыздың тұжырымдарына негізделгендігімен маңызды. Атап айтар болсақ: Баласағұнның «Ізгілік ілімі», Қожа Ахмет Яссауидің «Хал ілімі», Әл-Фарабидің «Жан қуаты ілімі», Абайдың «Толық адам», «Имани гүл ілімдері», Шәкәрімнің «Шын адам», «Ар ілімі» тағылым мен тәрбиенің тірегі болуында. Абай: «Адам бол!» – деген ойларынан нағыз адам болу үшін тек қана өзіңді тану арқылы сыртқы мәдениетке, тілге, дінге мән бере отырып дамуға сол арқылы адамгершіліктің-қайырымдылық, биік талғам, шындық, әділдік негіздерін қабылдауға ықпал етеді. «Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» – дейді. Адамдықты көрсететін қасиеттер мен құндылықтар: жан мен рух, мінез, әрекет, тәжірибе, білім, өнер, кәсіптік икемділік. Абайдың рухани-адамгершілікті өрбітуге байланысты осындай көрсеткіші ақыл мен білім, рухтың тазалығы.Тыныштық қуаты – жүректе, келісім қуаты – қайратты, ерікті, иманды кісіде. Адамның кісілігі: – әсерлі, әдепті, табысты өнерінде. Адамның ең биік қасиеті – Адам бола білу!» – дейді.

Шәкәрім: «Үш анық» атты еңбегінде, адамгершілікті «ар ілімі» деп қарастырады. Ар-ұжданның мазмұнын нысап, әділет, мейірім құрайды дейді, оларды адамшылық ұғымымен байланыстыра келе, рух пен нәпсі, ақыл  мен  ой, сенім мен махаббат, ақиқат, жүрек жылуы сияқты рухани ілімді талдап берді. Рухтың ұясы жүрек. Ақыл жүрекпен нұрланса, неғұрлым рахымға толы болса, соғұрлым адамды ізгілендіреді. Жүрек жылуынсыз тек қана ақылмен қабылданған білім адамның өзіне де, қоғамға да болашаққа да теріс ықпал етеді. Даму кезеңдерінде адамның рухани өзегін қоректендіруші ретінде тәрбие, біліммен қатар қолға алынуы тиіс, яғни білімге адами және рахымдылық сипат беріліп, ақылды жүрек жылуымен нұрландырған жөн дейді. Интеграциялық үдеріс (от лат. integratio – біріктіру, қалыпқа келтіру) бірін-бірі толықтыратын,  бір-бірімен  байланысты  жеке ұғымдарды біртұтас етіп біріктіру. Барлық пәндерді мәңгілік бүкіл адамзаттық құндылықтар негізінде алуан түрлі құбылыстарды бірлікте қарастыра отырып, тұтастай білім беруде жалпы адамзаттық құндылықтардың негізгі түп қазық болуы, яғни берілетін білім біртұтас, жүйелі болуы көзделеді. Интеллектуалды (сыртқы білім ақыл үшін) адам оқу-білім алу үшін алдымен қоршаған дүниені, табиғат құбылыстарын танып-білу арқылы (кітаби білім, сыртқы білімді зерттей отырып қол жеткізеді). Рухани-адамгершілік (ішкі білім жүрек үшін) табиғатты аялап, ізгілікке баулу ұлттық тамырдан нәр алады, табиғатқа деген адам көзқарасының дұрыс бағытта болуы оның ой-сезіміне әсер етіп, мінез-құлқын жетілдіру арқылы жүзеге асады (ішкі дүниені зерттей отырып, өмірлік мақсатқа жетелейді, интуицяны дамытып, сананы оятады) Академиялық пәндерді өзін- өзі тану пәнімен интеграциялап өткізудің келесідей оңтайлы тұстарын алға тартамын



Қазақстан тарихы: Тарихи тұлғаларға деген құрметті оқушы бойына адамдық парыз ретінде орнату, өткен тарихын оқыта отырып бейбіт өмірді қастерлеуге үйретеміз. Қазақ халқының басынан өткен қиын нәубетті білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап ұрпағына аманат етсе бүгінгі жастардың міндеті сол байлықты болашақ ұрпаққа табыстау. Осы жолда балаларды елжандылыққа, жауаптылыққа, жанашырлыққа рухани білім беру арқылы тәрбиелейміз.

География пәні: Егер өсімдікке қамқорлықпен қарап, оны әрдайым баптап күтіп, түрлі зиянкестерден қорғап, қажет мөлшерде сумен қамтамасыз етіп тұрсақ, ол, әрине, жайқалып, әдемі болып өседі. Дәл сол сияқты, балаға да жастайынан дұрыс тәрбие беріп, оған қамқорлықпен, мейіріммен қарауымыз керек. Сонда ғана көркем мінезді, адал және ел ертеңін ойлар ұрпақ тәрбиелей аламыз.

Мұхит, өзен, жер асты сулары, мұздықтар мен атмосферадағы су  булары жердің гидросфера қабатын құрайды. Судың негізгі қорын мұхит пен теңіз сулары алып жатыр. Құрлықтағы сулар тұщы болып келеді. Су түссіз, мөлдір, иісі-дәмі жоқ, ұдайы ағып жатады. Судың тірі организмдер үшін маңызы зор. Ол болмаса тіршілікте жоқ. «Су – өмір көзі»,  су жанға сұлулық береді, көңіліңді көтереді, тазалық көзі, шынығу көзі, су – тағам, табиғатқа сән, өмірге мән береді. Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын, адамға қорек нәр беретін байлық көзінің бірі – су. Бүгінгі таңда, өзен, көл, теңіз жағалауларының, арық жағасының таза болмауы адамдардан суға тиіп отырған зияндық. Одан су ластанады, таза су ішпеген, таза суда шомылмаған халық науқастанады. «Судың да сұрауы бар» дегендей, суды үнемдеу, су жағалауларын таза ұстау, қамқорлық жасап, денсаулығымызды сақтау өз қолымызда екендігін естен шығармау қажет. Судың қасиеттері қаншалықты көп болса, адам бойында соншалықты адамгершілік қасиеттер мен құндылықтар көп болады. Әрбір қазақтың дүниетанымы – рухани байлықпен тығыз байланысты. Кез келген дүниені рухани санаға салып ой елегінен өткізу арқылы жағымды мінезқұлық, жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіреміз.



Әркімнің рухани байлығы оның ісінен, мінез-құлқынан, адамдармен қарым-қатынасынан, өмір сүру салтынан, ағайын, еңбек ұжымы, ел алдындағы абырой, сый-құрметінен айқын көрінеді. Жан тәнді нәзік болмыс арқылы билейді. Сондықтан жан неғұрлым таза болса, адамның іс-әрекетіде соғұрлым саналы болып келеді. Бұл адам өмірін мазмұнды етіп, бақытқа бөлейді деген ойдамын.

Қорытынды

 Ойымды қорытындылай келе, білім беру ұйымдарында  барлық  пәндерді   оқытуды  олардың мазмұнын рухани тәрбиемен сабақтастыра, интеграциялап оқытудың маңызы зор екендігіне көз жеткіздік. Бұл пәнді оқу арқылы адам өзінің мінез-құлқы мен қоршаған ортаға қарым-қатынасын жақсы жаққа қарай өзгерте алады. Сол арқылы өзгені де өз арнасына тарта алады. Әлемде болып жатқан барлық жақсылыққа жаршы бола алады. Ал ол жақсылықты жасаған адам қалған мың адамға үлгі болады. Өзін-өзі тану жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы барлық пәндермен тығыз байланысты интеграциялап өткізудің тәрбиелік, тағылымдық маңызы зор. Білім беру ұйымдарында өзін-өзі тану пәнін ингерациялау арқылы ақиқатқа жетуде риясыз сүйіспеншілікпен қызмет етуге, дұрыс іс-әрекет жасауға баса назар аударатын болса жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, үлгілі өнеге беруге болатыны, өзін-өзі тәрбиелей отырып жүрегінде ішкі тыныштық орнату арқылы ешкімге, ешқашанда қиянат жасамауға үйрету басты ұстаным болып қалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет