Қазақстан-татулық мекені



бет2/4
Дата04.11.2023
өлшемі9,54 Mb.
#189602
1   2   3   4
Байланысты:
Қазақстан-татулық мекені
Жаратылыстану жумыс дәптерi 7 сынып, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ

Медиация – бұл дауды үшінші тараптың шешуін көздемейтін делдалдықтың ерекше түрі. Сәйкесінше, медиатордың басты міндеті тараптарға мүмкіндігінше тезірек өзара тиімді және өмірлік қабілетті шешімге келуге көмек көрсету болып табылады.

Медиация кімдікі дұрыс, кім кінәлі екендігін анықтауға емес, өзара тиімді шешімді іздеуге бағытталған. Басқаша айтқанда, қақтығысқан екі тарап сотқа дейін оларды тыңдап, қолайлы шешім қабылдауға көмектесетін кәсіби делдалға жүгінеді. Тағы бір маңызды аспект, медиация рәсімі 30 күн ішінде жүруі мүмкін, бұл сот үдерісіне қарағанда анағұрлым тезірек. «Медиация» термині mediatio латын тілінен шыққан – делдалдық дегенді білдіреді. Қазіргі таңда медиацияның көмегімен экономикалық, отбасылық, еңбек, тұлға аралық, мәдениет аралық және басқа да қақтығыстарды шешуге болады. Медиация – бұл қатысушылар (қақтығысушы тараптар) өздерінің қақтығыстарын бейтарап үшінші тараптың (медиатор) көмегімен шешетін үдеріс. Медиатор сот емес, дауласушы тараптардың ешқайсының өкілі де емес, тергеуші де емес, прокурор да болмайды, тәрбиеші және кеңесші де емес. Медиатор – қақтығыстың мүмкін болатын шешімдері бойынша тараптардың арасында жүйелі диалог құруға көмектесуші және оларды тең дәрежеде қолдаушы бейтарап делдал.

Негізгі бөлім

Егер мектеп оқушысы жанжалды жағдайға тап болса не істеуі керек?

1.Көңілін тыныштандырып, жағдайға өзге қырынан қарау керек.

2.Жанжалдасушы мен ашық сөйлесіп, өзара тиімді шешімін табуға тырысуы тиіс.

3.Егер келісу мүмкін болмаса, ересектерден: ата-ана, мұғалім. психолог, медиатор, мектеп әкімшілігінің өкілінен (директордың тәрбие жөніндегі көмекшісі, мектеп директоры және т.б.). Көмек сұраған жөн.

4.Егер олар шара қолданбаса немесе жанжалды шеше алмаса және оқушы құқығы бұзылса, арнайы өкілетті лауазымды тұлғаға (кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор және басқа құқық қорғау органдары, сот және т.б.) хабарласуға болады.


Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет