Қазақстан Тәуелсіздігінің Дара жолдары. Мақсаты



Дата11.01.2017
өлшемі24,73 Kb.
#7101
Қазақстан Тәуелсіздігінің Дара жолдары.
Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Оқушыларға ұлтжандылық тәрбие беру.

Көрнекілігі: Мультимедиялық тақтадан «Қазақстан Республикасының 20 жыл ішіндегі жеткен жетістіктері» жайлы слайд фильм көріністері.

Барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ Мемлекеттік әнұран орындалады.

ІІІ 1 қыркүйек мерекесіне арналған тәрбиелік шараның ашылуы.



Жүргізуші: Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де, ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтындығы – оның халық тағылымдарымен байланыстылығында. Қоғам құрсағында жетілген қайшылықтардың салдары ретінде көрінген мұндай құбылыстардың талайы тарихтан белгілі. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы- әңгіме емес, дүмпуі алып құрлықты аралап кеткен ғаламат тарихи оқиғаның бірі. Сол бір қаһарлы желтоқсан күндерінен бері талай жылдар өтті. Қазақстан халықтарын өмірінде, яғни мемлекетімізде көптеген айтулы өзгерістер болғаны белгілі.

Осыдан кейін оқушылар кезек-кезек тәуелсіздік шежіресінен сыр шертеді.



  1. оқушы: 1990 жылы 25 қазанда Егемендік туралы декларацияға қол қойылды.

Арманға ақыр жеттік, ел болдық та егемен,

Ойда жоқта түскен жоқ ол төбеден.

Тарихи сол күрестердің тартуы ол,

Аруақ қолдап, әділ шындық жебеген.



2 – оқушы 1991 жылы 2 қазанда Алаштың ақберені Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.

Қарыны ақ түйенің ақтарылды,

Бар қазақ алақайлап атқа мінді.

Біз барып Байқоңырдан қарсы алайық,

Ғарыштан қайтып келе жатқан ұлды.

3 – оқушы 1991 жылы 1 желтоқсанда ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев сайланды.

Барша қауым бецнеттен арылғанда,

Жаңа ғасыр есігі ашылғандай.

Елбасы тыным таппай ел кезіп жүр,

Елі үшін Асанқайғы бабасындай.

4 – оқушы 1992 жылы 2 наурызда ҚР БҰҰ-на мүше болып қабылданды.

5 – оқушы 1992 жылы 8 мамырда Республика ұланы құрылды.

6 – оқушы 1992 жылы 4 маусымда ҚР Жоғарғы кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады.

7 – оқушы 1993 жылы 15 қазанда ұлттық валюта- төл теңгеміз дүниеге келді.

«Елім менің» әні орындалады Нушанова Диана

8 – оқушы Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері екі рет Ата заңын қабылдады. 1993 жылы қабылданған Конституцияда мемлекеттік алғашқы құрылым жүйесі мен басқару ұлттық-патриоттық дамудың жолдары айқындалса, 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум нәтижесінде Ата заң қайта қабылданды. Заң 2001 жылдың 5 қыркүйегінде күшіне енді. Сөйтіп, жаңа тарихи бастау алды.

9 – оқушы 1997 жылы «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып жарияланды. Бұл жылы ақиқат пен ынтымақты ту еткен жыл бастамаларының ұйтқысы болды.

10 – оқушы ҚР Президентінің Жарлығымен бекіген «Тілдерді қолдану мен дамытудың» 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік тіл бағдарламасында : «Мемлекеттік ресми жиындар тек қазақ тілінде өткізілуі тиіс» делінген.

Ана тілін білмеген,

Ақылы жоқ желікпас

Ана тілін білмеген,



Халқын сүйіп жарытпас.
Күй орындалады Ахмедия Айғаным.
Осыдан кейін оқушылар мен қонақтар назарына мультимедиялық тақтадан «Қазақстан Республикасының 20 жыл ішіндегі жеткен жетістіктері» жайлы слайд фильм ұсынылады.
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет