Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. Өнеркәсіптің жетекші салаларының бірі Отандық брендтер



Дата06.04.2022
өлшемі76,5 Kb.
#138160
Байланысты:
бренд даттау


Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. Өнеркәсіптің жетекші салаларының бірі Отандық брендтер. 
Әлемдік нарықта көптеген елдер отандық өнімдерімен тауар алмасып отырады. Бүгінде әлемдік тауар алмасуда әртүрлі, дамуы мен мәртебе жағынан сан қилы елдер кездесіп жатады. Соның ішінде өнеркәсібі дамыған, жаңа индустриалды елдер қатары бар. Олар әрине, АҚШ, Германия, Жапония, Франция т.б. сияқты елдер. Аталмыш нарықта Қазақстан Республикасының да алатын орны бар. Біздің еліміз бірнеше әлемдік ұйымдарға мүше болып табылады. Осындай деңгейде, отандық өнім шығаруда да, ел экономикасына оң өзгерістер әкелуде. 
Еліміздің брендтік тауарлар өндіруі бойынша әлемдік тауар айналымындағы дәрежесі қандай? Жалпы өзге елмен салыстырғанда жер көлемінен де, халық тұрмысының жағдайы да алдыңғы қатарда десе артық айтпағанымыз болар. Тәуелсіз ел болып қалыптасқаннан бастап, елдің өз теңгесі, экономикасы өмірге келді. Алайда 25 жыл ішінде әлемдік нарықта айтарлықтай орын алдық па? Не себепті, әлі күнге дейін шет елдік тауарларды пайдаланамыз? Отандық өнімнің сапасы төмен болғаны ма?
Отандық тауарлар қолжетімді болғанымен бағасы жағынан аса қымбат. Себебі, кейбір техниканың жетіспеуінен шет елдерге жіберу арқылы өңдеу мәселелері көтеріліп отыр. Бұл кәсіпкер үшін де тиімсіз болып табылады. Бұдан шығатын қортынды, отандық сапалы өнім өндіру үшін ең алдымен, қабілетті мамандар мен техника қажет. Осындай мәселелердің көтерілуі нәтижесінде елбасымыз отандық кәсіпкерлерге үлкен жағдай жасап отырғаны мәлім. Яғни, үлкен көлемде қаражатты несиеге беріп, өз кәсібін бастаймын деушілердің қолтығынан демеуде.
«Бренд» ұғымы - өнім немесе компания белгілерін нарықтағы белгілерінен ерекшелейтін белгілі жиынтығы. Көпшілік тұтынатын өнімдерге қатысты айтар болсақ, отандық бренд тізбесі біздің экономикамыздың жастығына қарамастан, алуан түрлі және өсіп келеді. Мысалы, жеңіл өнеркәсіпте отандық бренд атағын иеленіп үлгерген қазіргі қазақстандық компанияларды атап өтетін болсақ, «Aida KaumeNOVA» - бұл бренд киімі жетістікке жеткен, белсенді өмір сүретін, стильді және сәнді көрінгісі келетін әйелдерге арналған. Жарнамасы жер жарған қазақи әмиандар және «Отан» брендімен назарға ілінген сағаттар. Мұнымен қатар, арнайы таза қойдың, түейенің жүнінен керемет көз тартарлық көйлектер тігетін Ая Бапанидың жұмыстары шетелде өте жоғары бағаланады. 
Дизайнердің айтуынша тауарларының ең басым тұтынушылары шетелдік азаматтар екен. Бұл дегеніміз еліміздің экономикасының дамуына септігін тигізетін бірден бір сала. 
Сонымен қоса, елдің абыройы, елдің имиджі, елдің шетелде танылуы, шетел азаматтарында елге қатысты туындайтын ассоциация. Ең алдымен Қазақстан аумағына инвестицияны тартады, туристер ағымын көбейтеді, елді экономикалық, саяси тұрақты ел ретінде көрсетіп, отандық тауарлардың әлемдік нарыққа шығуына көмектеседі.
Иә, бізде Қазақстанды әлем жұртшылығына кеңінен танытатын, ұлттық брендіміз болатын дүниелер баршылық. Экономика саласында шетелдерге өтімді туарлар қатарында «Әдемі-ай» компаниясын атауға болады. «Әдемі-ай» компаниясы қазақ халқының ұлттық болмысын, салт-дәстүрін, тарихын, еліміздің бүгінгі жетістіктерін бейнелейтін кәдесыйлардың қайталанбас түрлерін шығарады. Олар көптеген елдерде өткен көрмелерге қатысып, жүлдегер атанды. Елімізге келген туристер кәде сый ретінде сатып алады екен.Мұны ұсақ-түйек дүние деп қарауға болмайды. Себебі, әлем елдері бұған айрықша мән беріп отыр 
Маркетинг мамандар Қазақстанның киім-кешек нарығын әлемдік брендтер иеленіп алғанын айтады. Ал тұрғындар «қазақстандық дизайнерлердің киімдері өте қымбат» дейді.
Дана Маратова журналист. Елімізде ұлттық бренд болатын өнімдер мен бұйымдар шығаратын компаниялар да баршылық. Отандық тауарлар сондай көз тартарлық болғанымен, бағасы өте қымбат. Мен 40 000ға қазақстандық бір көйлек алғаннан гөрі DeFacto, MANGO, Zara сынды бутиктерден 4000тг алғанды жөн көремін.
Тұрсымбаева Айнаш аспаз. Елімізге «Мен сыйға тартқан орамал» әнімен кеңінен танылып, халқының сүйікті әншісіне айналған Роза Әліқожа жеке брендпен орамалдар шығаруда. Жалпы Қазақстандық өнімдердің сапасына артар мінім жоқ, жарнамасы да ұрып тұр. Дегенмен, қымбат. 
Осы тұста, Идея бар. Қолдау бар. Сұраныс бар да өзімізге пайда әкелу үшін табиғи шикізатты дұрыс пайдалануымыз керек. Табиғи шикізатты дұрыс пайдалану дегеніміз – шикізаттарды аты-жөні жоқ сата беру деген емес, одан сапалы тауар шығару арқылы брендке айналдырып, сол бренд арқылы елдің брендін көтеруге әбден болады. Сонда ғана артық шығынсыз пайда таба аламыз.
Аты да, заты да қазақы 7 бренд
Орта және шағын бизнесті дамытуға арналған бағдарлама қабылданғалы кәсіпкерлікке көңіл бөлгендер саны бірашама артты. Соның ішінде ұлттық брендтің қалыптасуына жол ашылды. Әз Наурыздың қарсаңында 7kun.kz қазақы брендтерді шолып өтуді жөн көріп отыр.
Ұлттық киімнің заманауи қазақы брендін дизайнерлер әлі қалыптастыра алмай отыр
Әйелдер арасында заман талабына сай тігілген ұлттық киімдер мен орамалдар сұранысқа ие бола бастады. Алайда ұлттық стильде киіну қолжетімсіз.
Қазақ әйелдерінің киімге деген талғамы соңғы бес жылда күрт өзгеріске ұшырады десе де болады. Батыстың сән үлгісінен шаршағандықтан болар, ерекше үлгідегі қолдан тігілген киімдерге деген сұраныс артқан. Тіпті әлемге әйгілі бренд киімдерден де шығыстың үлгісін байқауға болады.
Ұлттық үлгідегі сәнді киім қымбат
Кейбір шет мемлекеттерден әкелінетін киімдердің бағасы қолжетімді болғанмен, көңілге қонымсыз. Ал сәнді киім тіктіру қалтаны қағады.
Амалдың жоқтығынан қыз-келіншектер күнделікті киюге қолайлы, заманауи үлгідегі ұлттық киімдерді тиімді бағаға іздеп, дүкен-базар аралап, аяғынан таусылады. Ұнаған ұлттық үлгідегі киімді алайын десе қымбат. Сатушының уәжімен айтсақ, "қолдан жасалған бұйымның бағасы соған лайық". Талғамы мен қалтасындағы теңгесі үйлесім таппаған соң, барымен базарлайды.
Әлеуметтік желіде де ұлттық нақышта безендірілген, заманауи үлгідегі киімдердің жоқтығы қызу талқыға түсіп жүр. Желі қолданушылар арасында әйелдердің жасына лайық киім киюі – өзгелерге үлгі, өзіне деген құрметті білдіреді дейді.
Киім кие білуде де тектілік керек
Осы мәселені жиі көтеріп жүрген ардагер тележурналист Гүлмәрия Барманбекова қазіргі заманда адамның киіміне қарап, тектілік пен бекзадалықтың белгісін анықтау мүмкін болмай қалды дейді.
– Мынау өлшеулі өмірге жалаңаш келіп, жалаңаш кететін адам баласының киім таңдау құқын өзіне қалдырыпты Тәңірім. Киіну – адамның талғам-тәрбиесінің көрінісі. Көбіміз сәнді киінуді білсек те, мәнді киінуден қалып бара жатқанымыз рас. Иә, киімінің бренд таңбасына қарап қалтасының қалың-жұқалығын байқауға болады, бірақ ұлттық сыр-сипатын, болмыс-бітімін айыру қиын.
Оқи отырыңыз: 23 жыл бойы аяқ киім жамаумен отбасын асыраған қазақ
"Армани", "Берберри", "Версаче", "Гучи", "Диор" "Кальвин Клайн", "Валентино", "Макс Мара", "Босс", "Роберто Кавалли" секілді Еуропаның танымал брендтерінің өнімін киіп кетіп бара жатқан қазақ па, жоқ әлде шет елдің бір байшыкеші ме, ажырата алмай жатсаңыз таңырқауға болмас, – дейді Гүлмәрия апамыз.
"Қазақ дизайнерлерінің қазақы талғамы қалыптасуы тиіс"
Қазақтың болмысын аша білетін замануи үлгідегі қазақы брендті қалыптастыру бұл күнде арманға айналды.
– Тұтынушының биік талғамын қалыптастыру – қаны тамшылап тұрған мәселе. Ол үшін алдымен, бар ынта-шынтасымен Европаға есі кете елеңдеп тұратын дизайнерлердің жан дүниесі жаңғырып, қазақы талғамы қалыптасуы тиіс деп ойлаймын.
Дизайнердің жан дүниесінен қазақтың "жұпары" бұрқырап тұрса ғана күнделікті киюге ыңғайлы, ұлттық нақыштағы заманауи сән үлгілер өмірге көптеп енеді. Ол үлгілер сапасы мен сәнділігі жағынан жоғарыда аталған европалық брендтермен үзеңгі қағыстыра алатындай дәрежеде болса ғой, шіркін! Бағасы да қолжетімді болса. Мұны армандамайтын Қазақстанда қыз-келіншек бар ма екен?
Гүлмәрия Барманбекова отандық дизайнер Құралай Нұрқәділоваға ұлттық үлгідегі замануи киім тігуді ұсынып отыр / Фото жеке мұрағаттан алынды
– Осы күні қай сауда орнына бармаңыз, жастардың неше түрлі сәнді киімдері самсап тұрады да, ересектердікін ырымға таппайсың. Болса да, некен-саяқ.
Кейбір егде жастағылар киімнің әдемілігіне қызығады да, жас-кәрі деп жатпайды, үстіне жапсырып ала қояды. Енді қайтеді, өзінікін таппаса? Ол да – адам, ол да әдемі көрінгісі келеді. Жас көрінгісі келетіндер де бар. Міне осыдан келіп үлкен де, кіші де жүргені сол, ілінгенін киіп, – дейді Гүлмәрия Барменбекова.
"Шеттен әкелінетін киімнен шаршадық"
Бұл мәселе жөнінде драматург Сая Қасымбек те фейсбук желісіндегі парақшасында өз еліміздегі барды ұқсата алмай, өзгенікіне қызыға қарап отырғанымызды ашына жазады.
–Күзге қарай əйел халқы үшін сапырылысқан мəселелердің бірі – сыртқы киім. Қайсы бір мемлекет болмасын, əйелдерінің киімінен əлеуметтік деңгейін бағамдап отырғаны белгілі. Əйтсе де, қоғамдағы ұлттық нақыштағы сəнді киінген əйелдің келбеті көз қуантады. Шеттен келетін денеге қонымсыз жеңіл сырт киімнен шаршағанымыз қашан?! Қыстық киімді сырттан әкелінгенінен таңдап алармыз-ау, қоңыр күзде желбегей киетін, ұлттық нақыштағы сырт киімді мүлдем таппаймыз.
Əйел болған соң, ұлттық нақыштағы дизайнды киім кигің келеді. Біздегі ұлттық бешпенттер мен камзолдар тек велюр матасынан екі өңіріне оқа төгілген бір ғана стилде жасайды. Апыр-ау, не көп – мата көп?! Тіптен, үндестіктегі екі түсті матадан оюын келтіре отырып, қиыстырып, əсем киім тігуге болады ғой?
Соңғы сəннен еуропаның сəнқой əйелдерінің сырт киімдерінде көбіне кəдімгі қошқар мүйіздің қолданатынын байқадым. Əсіресе, француз əйелдерінен көп көресің. Ықшам. Сәнді. Күнделікті кигенде әйелге көрік беріп тұр.
Демек, солай тігуге болады ғой? Бізде ше?! Арнайы дизайнын жасағаны үшін, киімге қоса "терісі" қоса сыпырылып қалардай удай қымбат. Қанша қызықсаң да, қалтаң көтермейді.
Тойға деген ұлттық киімді де қырғыздардан аламыз
Қазір этнодизайн сәннің бағытын өзгертті. Бұрын қазақы ою-өрнек салынған киімдер тек қазақтың той-томалағында пакетке салынып, қолдан қолға өтіп жүретін. Гүлмәрия Барманбекованың айтуынша, қырғыздар сол киімдерді пакеттен шығарып, замануи үлгіде тігіп, бізге сатып, қызығын көріп жатыр.
– Баяғы заманның қазақтары киген желбегей бешпет пен қапсырма шапанды, қабадай қалпақты, сүйретілген қосетек көйлекті мына заман адамдарына мылтық кезеп тұрып кигізе алмайсың. Өйткені тұрмысқа қолайсыз. Кестеленген шапандар мен қалпақтар, бешпет, көкірекше-жилеткалар көбінесе қолдан-қолға өтіп, той аралап жүріп кірлейтін сый-сияпат бұйымдарының немесе сахна киімдері түрінде ғана қалған. Кейбір аймақтарда жекелеген кемпір-шалдарды болмаса, күнделікті тұрмыста ұлттық киім киген адамдарды сирек кездестіресіз.
Жұрт кигісі-ақ келеді. Бүгінгі тұрмысқа бейімделген,бояуы айшықты ұлттық киімдер жоқтың қасы. Неге? Мұндай киім тігу оңай емес. Ол шығармашылық ізденісті, бас қатырып ойлануды, талмай еңбектенуді, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға деген жанкешті ұмтылысты талап етеді. Осыншама еңбекпен өндірілген өнімнің құнының арзан болмайтыны анық. Ал халықтың қалтасы тесік. Кәсіпкерге тез тігіліп, тез сатылатын табыс көзі тиімді.
Біз ойланып жүргенде, қырғыздар әлемдік аренаға шығып кетті
Бұл мәселеде қырғыздар жарап тұр. Киімге ою-өрнек кестелеп әуреге түспей-ақ кәдімгі шыт, бөз, кендір, атлас матаның қиығынан түсін үндестіре этнодизайнмен құрап, заманауи үлгідегі сырма бешпеттер, желеткелер, белдемшелер тігіп жатыр. Ауа өткізеді, сәнді, ыңғайлы. Көрген жан қызығарлықтай.
Тіпті сол құрақ киімдерімен халықаралық аренаға шығып кетті. Біздің дизайнерлер әрі кеткенде заманауи үлгідегі киімге ұлттық ою-өрнектерді кестелеуден басқа ештеңе ойлап таба алған жоқ.
Қазақы сәнді көйлектің бағасы 45 мыңнан басталады
Десек те, бірлі-жарым дизайнерлер ұлттық нақышта безендірілген киім тігумен айналысып жүр. Солардың бірі Нұржамал Нұрпейісованың қолынан шыққан сәнді көйлектер мен орамалдар қалталы әйелдер арасында сұранысқа ие бола бастаған.
"Nur_shah_kazakhstan" сән үйінің ұлттық үлгідегі көйлек-бешпеттері / Фото жеке мұрағаттан алынды
Өйткені 16 жылдан бері нарықта ұлттық нақыштағы заманауи киімдер ұсынып жүрген "Нұр шах" сән үйінің киімдері көзге ерекше түседі. Ою-өрнектермен безендірілген сәнді көйлектерінің бағасы қымбат болғандықтан екінің бірі алып кие алмайды. Сәнді көйлек бағасының қымбат болуының басты себебі –матасы шетелдікі.
– Қолдан кестелеу көп уақыт алады. Біз пайдаланатын матадан бөлек, оған кесте салу оңай емес. Сондықтан бағасы соған лайық. Ал матаны біз шетелден әкелеміз. Жалпы әйел адамдардың көйлектері 45 мың теңгеден басталады , – дейді Нұржамал Нұрпейісова.
Қазақы ою-өрнекті киімге шет елде сұраныс бар
14 жасынан бастап, киім тигуді қолға алған Нұржамал жұмысқа күнделікті киюуге арналғандарымен қатар кешкі отырыстарға арналған сәнді көйлек те тігеді.
– Біздің киімімізді Қазақстанда ғана емес, АҚШ, Дубай, Россия, Қытай, Франкфурт , Италия сияқты елдерден адамдар келіп тапсырыс береді. Тіпті гардеробтағы киімдерінің 70 пайызын тек біздің сән үйіміздің киімдері құрайтын әйелдер бар.
"Nur_shah_kazakhstan" сән үйінің замануи үлгідегі киімдері үлкен сұранысқа ие болып отыр / Фото жеке мұрағаттан алынды
– Біз қазақтың оюларын қолданарда ұжым болып талқыға салып, бір ауыздан шешім қабылдаймыз. Сосын оның жақсы үйлесім табуын қадағалаймыз. Негізінен қошқар мүйізді пайдаланамыз. Замануи киім үлгісін жасарда геометриялық кескіндерді қазақша оюлармен араластыра отырып қолданамыз. Әр киімде қазақ ұлтының болмысы жаңғырып тұрса деп тырысамын. Дәл осы себептен менің тіккен көйлектерім басқа дизайнерлерден ерекше болып тұрады деп ойлаймын, – дейді Нұржамал.
Ою салудың өз жөн-жосығы бар
Алайда қазақы оюларды киімде болсын, ыдыс-аяқта болсын қолданудың өзіндік тарихы бар. Гүлмәрия Барменбекова дизайнерлердің ою салудың тарихын зерттеп, зерделеп алмастан пайдалана беретініне қынжылады.
– Киімге салынатын өрнектің жөн-жосығы, өзіндік дәстүрі барын үлкендерден көріп, құлағыма құйып өстім, жұқанасын ұстап қалдым. Анық білетінім, біздің халық еш уақытта киіміне текеметтің оюын салмаған. Киімнің өзіндік өрнегі болған. Оған қарап адамның әлеуметтік мәртебесін, жас ерекшелігін айтпай тануға болатынын айтып отыратын анам. Тіпті киім матасының түсін де осы ерекшеліктерге лайықтаған. Қыстық, жаздық киімдердің өрнегінің өз ерекшелігі болған. Өрнектер қазіргідей алабажақ, шақырайған контраста емес, матаның түсімен үйлесіп, білінер-білінбес, ары кеткенде сәл (онда да салтанат кімдерінде) қанықтау болған.
Жалпы ғалымдар бүгінгі күнге дейін оюдың 200-ге тарта түрін анықтаған. Соның ішінде мүйіз тектес ою көп тараған. Бұған елімізде ұзақ жылдар жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Ал ыдыстарға көбіне геометриялық оюлар салынған.
Әр оюдың өзіндік тарихы бар. Мысалы, қошқар мүйіз – молшылықты, байлықты, ал құсқанаты – еркіндікті, бейбітшілікті білдірген. Сонымен қатар оюлардың ішінде арқар мүйіз, таңдай, гүл тағы да басқа оюларды көбіне киімнің жағасына, жеңіне, қалтасына салатын болған.
Кеңес кезінде ұлттық киімге текеметтің өрнегін салып жіберген
– ХХ ғасырдың басындағы нәубеттер ұлттық киімнің өзіндік белгісін түгелдей жойып жіберді деуге болады. Кейіннен ел есін жинап, түрлі мәдени шаралар өткізіле бастаған кезде сахна киімдерін өрнектей бастаған орыс дизайнерлері (ол кезде қазақ дизайнері болмаған) текеметтің оюын көрген де, ұлттық өрнек деген осы екен деп, түгел киімге жапсыра берген ғой.
Келе-келе бұл дәстүрге айналып, соған сай көзқарас қалыптасып кетті. Бүгінгі қолданыста жүрген көз қарықтыратын, айдақ-сайдақ, тым ірі, тұрпайы, талғамсыз өрнектер қазақ халқының ежелден қалыптасқан сырлы өнеріне, нәзік талғамына жасалған қиянат дер едім.
Жалаң сөз болмасын, бір мысал келтіре кетейін. Мемлекеттік мұражайдан белгілі зергер-дизайнер Айжан Абдубаит қайта қалпына келтірген Фатима ханшаның бешпетін көргеніңіз бар ма? Міне осы киімдегі соншама нәзік талғаммен жасалған өрнектер текеметтің оюына үш қайнаса сорпасы қосылмайды.
Сондай-ақ бүгінге аман сақталып жеткен бірен-саран суреттерден қазақы киімдердің бірде бірінен текемет оюын көре алмайсыз. Біздің дизайнерлердің киімге салып жүрген қазіргі өрнектері – өткен ғасырдағы орыс дизайнерлерінің білместікпен енгізген жасанды өрнегінің жаңғырығы, – дейді Гүлмәрия Барманбекова.
Сәнді көйлектің орнына сәндеп орамал тақсаң жеткілікті
Драматург Сая Қасымбектің айтуынша, кез келген көйлекті бастағы орамалмен үйлестіріп кисе жеткілікті.
–Орамалға жарнаманы қатырдыңыз. Қашан шешпек ойыңыз бар деген танысымның сөзіне таңқалдым?!
Адам бойындағы өзгеріс неге жарнама үшін болуы керек? Адамның көзқарасы, санасы уақыт дөңгелегінде өзгереді. Былтырғы жасағаның, биыл ерсі болып көрінуі əбден мүмкін. Еш өзгермеген санада, демек, қозғалыс жоқ. Қоғамдағы ересектердің киім киісінің өзі ой салады емес пе? Бəлкім, шашымды көрсететін стильмен де тартуым мүмкін, бірақ, аналарымыздан мирас болған орамалды тартпай кету ойымда жоқ.

Сая Қасымбек орамалды түрлі тәсілге салып тағуды ұсынып жүр / Фото жеке мұрағаттан алынды


Қыздар-ау, орамалды тəсілге салып тағуға едəуір уақытым кетеді. Бұрынғымнан жарты сағат ерте тұратынымды жасырмаймын. Кейде, бекітетін инеге саусақтарымды шаншып та аламын. Бірақ, əдемі тағылған орамалға айналам қызыға қарағанда, қарапайым көйлегің 100% өтіп кетеді!
Орамал әйелдің кемшілігін жасырады
Сая Қасымбек фейсбуктегі парақшасында орамал тағудың жөн-жосығын айтып, әдемі тағудың сырымен бөлісіп отырады. Оның айтуынша, орамал тағу – айналаңдағы адамдарға сенімділік туғызады әрі сыйластықпен қарайды. Сондай-ақ әйелдің кемшілігін бүркеп, жағымды әсер қалдырады.
– Қазір адамды киіміне қарап бағалайтын заман. Мен орта жасқа келгенде ішкі жан дүнием мен сырт келбетім қалай үйлесім табады деген сауалға жауап іздедім. Содан кейін әжелерімізден қалған ормалды неге қолданбасқа деген ой келді. Оны біреуге насихаттау үшін емес, егделіктің үзеңгісіне аяқ басқаныңды, әже болғаныңды мойындау үшін тағу міндет деп ойлаймын. Ақ жаулық қашанда қазақ үшін қадірлі. Тіпті жаугершілік заманда батырлар көзіне қан толып тұрса да орталарына ақ жаулық тасталғанда, бір мәмілеге келген.
Бірақ орамал тағудың да өзіндік реті бар. Басқа ауа өткізетіндей орамал табиғи матадан тігілу керек. Оның әдемілігін көрсету үшін нәзік иірімдерін көрсетіп, келістіріп таққан жақсы.
"Бір әйелді киіндіріп миллиардер бол"
– Мен қазір жүрген жерімде орамалды 1000 теңгемен 5000 теңге аралығындағы бағаға сатып аламын. Қазақстан мақтаның отаны бола тұра не мата, не көйлек тікпейді. Барлығы шет елден келеді. Дубайдың ормалдары тіпті қымбат. Мен Қазақстанның кәсіпкерлеріне таң қаламын. Бір әйелді киіндіру арқылы милиардер болуға болады ғой. Ол үшін әйелге не керек екенін сұрасаң жеткілікті емес пе?–деді Сая Қасымбек.
–Біздің ел қазір рухани жаңғырамыз деп әлемге жар салады. Жаңғыру ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртудан басталса керек. Әлемдік мәдениет кеңістігіне төл құндылықтары арқылы бойлап енген ұлт қана өзіндік сипатын сақтап қала алады. Сақтап қана қоймайды, ұлттық канонды қалыптастырады, – дейді Гүлмәрия апамыз

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет