Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған



бет1/5
Дата30.10.2019
өлшемі1,07 Mb.
#50888
  1   2   3   4   5
Байланысты:
алтын күз жоспар

Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ата – аналар, асыға күткен күз мерекесі де келіп жетті, баршаңызды алтын күз мерекесімен құттықтаймыз! Құттықтай отырып бүгінгі біздің «Балапан» тобының «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Төңірек толы сары алтын
Күз келді туған жеріме
Шуағы нұрлы жайнаған
Алтын күз әсем айналам
Мерекесі халықтың
Алтын күзді бастайық,
Алтын күзге арналған
Ертеңгілігімізді бастайық!
Ортамызға балаларды шақырып қарсы алайық!
(балалар орындықтардың алдына келіп тұрады)
Хормен
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Құрметпенен сіздерге, бас иеміз біз!

Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып,өңі тайып, 
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады,
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады? (Күзде)

Көрініс «Бұлттар мен жел»

Бұлттар:      Біз бұлттармыз,  бұлттармыз

Қолымыздан ұстаймыз.

Көк аспанды торлаймыз,

Күнді жасырып қоршаймыз.

Жүргізуші:          Көрінші бізге қымбатты күнім

Қуантшы бізді нұр шашып бүгін

Күн:          Қуантар ем бұлттар мені қоршап алды,

Көк аспанды қара бұлттар торлап алды

Шуағымды шаша алмаймын мен жерге

Желді  шақыршы көмектессін сендерге.

Жүргізуші: Күзгі жел, тез келші мұнда қалыспа

Бұлттарды ұшырып, қушы өте алысқа

(Музыкамен жел келеді)

Жел:            Мен күзгі желмін, өте жылдам желемін,

                    Бұлттарды алысқа қуу үшін келемін.

Бұлттар:    Біз бұлттармыз, үлкейе береміз,  (шеңберді үлкен жасайды)

Ашуымызға тисеңдер,

Жаңбыр болып нөсерлетіп төгеміз.

Жүргізуші:      Сұрғылт бұлттар! Біз сендерден қорықпаймыз,

Күнді сөндіре алмайсыңдар.

Күштіміз деп, мықтымыз деп

Мақтануды неге қоймайсыңдар?

Жел:  Балалар, бұлттар қанша мықты болса да олар желден қорқады. Сондықтан маған көмек керек, кәне бұлттарды үрлейікші, әйтпесе жалғыз шамам жетпейді.  (Бәрі үрлейді)

Бұлттар:  Ай, ай, ой, ой бізді қуып жатыр, қашайық.



                       (Жел бұлттарды қуып кетеді, күн қалады)

Жүргізуші:Мінеки балалар,  күзгі жел бұлттарды қуып әкетті. Ал шуақты күніміз ортамызда жарқырап тұр. Енді біздің мерекеміздің шырқын ешкім де бұза алмайды. Олай болса күнімізбен қосылып ойын ойнайық, билейік, ән салайық.



Бүлдіршінмен бәріміз,
Отбасындай бір ұямыз

Береміз ендеше 

Би өнеріне кезегін.
   Ортада бір топ бүлдіршіндерімізді қошеметтеп қарсы алайық. «Жұмысшылар биі»               

Жүргізуші:Қараңдаршы,  балалар, бізге күз ханшайымы келе жатыр, кане қарсы алайык.


Сәлеметсіңдер ме балалар! сәлеметсіздер ме қадірлі қонақтар! Мерекелерің құтты болсын! Ғажайып сәт: Әуенмен залға күз келеді.
Жүргізуші:
Балалар,біздің мерекеге күз келді, қане барлығымыз тұрып амандасайық.
Балалар орындарынан тұрып амандасады.


Күз ханшайымы: - дұрыс айтасыңдар. Ал мен «Күз ханшайымы» боламын. Баршаңызды алтын күз мересімен құттықтаймын! Күз бақыт, береке әкелсін!

Жүргізуші:  Ән салыңдар күліңдер


                    Жайнап гүлдей жүріңдер
                    Күздің тойын тойлайық
                    Би билейік, ойнайық.

Ән: «Алтын күз» қабыл алыңыздар! Орындайтын хор.



Жүргізуші:  Келді міне алтын күз, сары шашты жарқын жүз.
                    Мол өнімді ісімен, таңдандырып халқын күз. Балалар, біздер күзге арнап өзіміздің тақпақтарымызды айтып берейік. Жомарт күздің бізге берер сыйлығы бар. Қабыл алыңыздар!

1 бала: Алақай – алақай
Шаттанды балақай
Береке – салты күз
Мереке – Алтын күз.

2 бала: Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр-сыбдыр түседі
3 бала: Алтын суық күз келді

Желмен жаңбыр әкелді.
Құстар ұшып кетеді

Ән салмайды өтеді.
4 бала: Ән саламыз жараса

Шаттықпенен алаша!

Жеміс-жидек пісетін

Күз мезгілі тамаша!
5 бала: Мен шиемін, шиемін

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл менде дәм бар,

Төмен бас иемін!
6 бала: Күзім, күзім, күзім,
Пісті алма жүзім,
Тұрғанда бәрін күз беріп
Кел алайық біз теріп
7 бала: Жапырақ ұшты
Суық та түсті
Сондада бізге
Қызық көп күзде

8 бала: Алтын сары қызыл-көк,
Алуан-алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.

9 бала: Ой балалар, балалар,

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ солыпты,

Ел егінін орыпты.

10 бала: Ой алақай, алақай,

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма едім жатып ап.

Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бос келген жоқпын, би ойын алып келдім. Кәне жапырақтарым, маған қарай ұшыңдар.
Би: «Жапырақтар биі» қыздардың орындауында.

Жүргізуші:
- Айтқаныңыз келсін, күз ханшайымы. Сіз бізге күз дегеніміз не? Неге «Алтын күз» дейді деген сұрақтарға жауап беріңізші?
Күз ханшайымы:
-Күз дегеніміз біріншіден байлық, молшылық қап-қап астық, картоп, жүгері, өрік, алма. Осының бәрі күзде піседі. Әне қараңдаршы! Дала да, егін де, тоғай да сап-сары. Сондықтан халық күзді «Алтын күз» дейді.
Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. «Дәмін тат та, атын айт» ойыны. Тәрбиеші: Балалар күз патшайымының әкелген тапсырмасы ойын екен, яғни ойын шарты: көздерің байланады, дәмін және иісін сезу арқылы қандай жеміс немесе көкөніс екенін табасыңдар.
Бір, екі, үш, ал қанеки ұш!
Жүргізуші: Күзім –ау, күзім ау

Мінезін бұзық — ау

Жаңбырын сіркіреп тұрғанын қызық –ау.
Шеңберге тұрып өлең айтады. «Жаңбыр» әні (Кап-кап, тук-тук)
Алтын күздің жұмбақтарын шешу.
Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан (сәбіз)
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады (пияз)

Ағайынды бәрі,

Шықса жасыл,

Түссе сары. Бұл не?
Мың бұралып, би билеп,

Шығамыз біз ортаға.

Бүгінгі той тамаша,

Қуанамыз балаша.

Алтын күз, енді балалардың өзіңе арнаған биін тамашалаңыз.

Жүргізуші:

Өнер десе жайнаймыз,

Бұлбұлдай сайраймыз.

Алтын күзге арнаған

Әнімізді шырқаймыз. Балалардың орындауында «Күз келгенде»әнін тамашалаңыздар


Күз: Керемет! Қандай әдемі! Мен туралы жаттаған әсем тақпақтарыңды, айтқан әндеріңді көріп, билеріңді тамашалап көңілімді көтердім. Рахмет сендерге! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне  баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше аманшылық болсын!

Жүргізуші: Балалар, барлығымыз күздің сыйына алғысымызды білдіріп, шығарып салайық.
Балалар: Рахмет сізге күз, сау болыңыз!
Күз: Сау болыңдар балалар!
Жүргізуші: Күз ханшайымының сыйы-жемістерден дәм тататын кез келген сияқты, тобымызға баруға жиналайық.
Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын дей келе сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі Кубекова Г.А.-ға береміз.

          «  Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып
            Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып.»






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет