Қазақстандағы хор өнерінің дамуы мен қалыптасуы және бугінгі жағдайы



Дата07.02.2022
өлшемі17,77 Kb.
#83513
Байланысты:
Қазақстандағы хор дамуы

Қазақстандағы хор өнерінің дамуы мен қалыптасуы


және бугінгі жағдайы
Хор музыкасы тарихи кезеңдерде әр түрлі функция атқарды. ХIV-ХV ғасырларда көп дауыстылықтың дамуына байланысты хорға арналған шығармалар хор партияларына бөлінді. Негізгі дауыс тенор дауысы болды. Хор партияларының саны әр заманның музыкалық стиліне байланысты өзгерді. Хорға арналған шығармалар ХIV-ХV ғасырларда 3-4 дауыстан, қайта өрлеу дәуірінде 6-8 және одан да көп дауыстардан тұрды. Гомофонды-гармониялық стильге байланысты хордың, дауысты түрі қалыптасты, олар (дауыстар) – сопрано, альт, тенор, бас.
Қайта өрлеу дәуірі көп дауысты хор өнерінің аса дамыған кезеңі болып табылады. Алғашқы жанрлар – лютет, баллада, лауда, мадригал. Хор музыкасының аса дамыған түрі –месса. Нидерлан мектебінің композиторлары Дюфаи, Окегем, Обрехт, Ж.Депре Вилларт, Орландо Лассо шығармашылығында дамыды. Хор XVIII ғасырда пайда болған опера жанрының негізгі компоненттерінің бірі болды. Көптеген операларда хор үлкен драматургиялық роль атқара бастады. Хор каппелалары дамыды. Осы кезенде оратория, кантата жанрлары қалыптасты. И.С. Бах, Г.Ф. Гендель шығармашылығында хор музыкасы пассион оратория, месса, магнификат, хорал сияқты жанрлар түрінде орын алған.Глюк опера реформасында хордың драматургиялық мағынасын жоғары бағалады. Вена классикатерінің шығармашылығында хордың ролі орасан зор. Романтик-композиторлардың хорға арналған шығармалары (Мендельсон, Шуман, Брамс, Малер, Верди т.б.). Орыс композиторлары М.Березовский, Д. Бортянский (ХУ111 ғасыр) орыстың классикалық хор музыкасының негізін қалаушылар. Орыстың хор музыкасының жаңа дәуірі М. Глинкамен байланысты. Хордың М. Мусоргский, А. Даргомыжский, П.И. Чайковский шығармаларындағы маңызы. С.И. Танеев шығармашылығы. Қазақстанда Ұлттық хор мәдениетінің әрі қарай өсуі және қалыптасуы барысында 1935 жылғы Қазақстан мемлекеттік филармониясының жанынан ұйымдасқан, Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Д.М.Мацуциннің жетекшілік етуімен құрылған бірінші профессионалдық хор ұжымы үлкен маңызды орын алды. Осы ұжымның негізінде 1937 жылы республикада қазақтың мемлекеттік хоры ұйымдастырылды, оның бірінші жетекшісі Қазақ ССР-нің халық әртісі, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры Борис Васильевич Лебедев (1910-1975) болды. Хор өнерін дамытуда әр жылы композиторлар өздерінің үлесін қосты: Қазақ ССР-нің халық әртісі Латиф Хамиди, Қазақ ССР-не еңбегі сіңген өнер қайраткері Бақытжан Байқадамов (1917-1977) болған. 1939жылы ақпан айында Қазақтың мемлекеттік хор ұжымы Қазақтың мемлекеттік хор капелласы болып қайта өзгертілді. Ұлттық ұжым өздерінің алдына аспазсыз орындалуды мақсат етіп қойды. 
Күнделікті талмай еңбек етудің арқасында мемлекеттік капелла үлкен жетістіктерге жетті. Бұл ұжымның репертуарына халық әндері енді. Қазақтың халық әндері Қазақстанның композиторларымен қатар басқа республиканың, еліміздің хор өнерінің ірімамандары хорға өңдеп жазды.Бұған мысал ретінде А.Егоровтың аралас және әйелдер хорына жазған өңдеулерінатауымызға болады. Ол А.Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» жинағынан төрт әнді өңдеді: «Гүлзейнеп» (875), «Ардақ» (687), «Сайраса бір» (704), «Ғашық жарым» (667). Қазақтың профессионалдық музыка өнерін әрі қарай дамыту барысында хор партитурасы көп дауыстылықтың жаңа тәсілдерімен тола бастады. Д.Мацуциннің а капелла хорына өңдеген «Айттым сәлем, Қаламқас», «Дударай», «Қараторғай» шығармалары кеңінен қолданылды. «Айттым сәлем, Қаламқас» а капелла хорына арналып өңделген. Бас партиясының ұзақ ұстау және барлық хор тобының имитациялы-вокалдық әндетушілігі фонында тенор партиясы әннің әуенін жеке орындайды (хор жабық дауыспен айтылады).Д.Мацуциннің «Дударай» әніне өңдеуі де дамыған имитациялық талдаумен ерекшеленеді. Шығарманың полифониялық арқауы әннің өзінің интонациялық құрылымынан табиғи түрде шығады композитор альттер мен бас партиясының ұзақ дыбысталуы барысында біртіндеп партитураны байытатенор мен сопраноға әннің негізгі әуенінің имтациясын боямалай қолданып, хордың қуатты дыбысталуына жетеді. Д.Мацуцин «Қараторғай» әніне өңдеу жасағанда хор жазбаларының имтациялық тәсілдерін қолданған. 1939 жылы Москвада болып өткен Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесінде, үлкен театрда Д.Мацуциннің жетекшілік етуімен біріккенүлкен хор ұжымы осы «Қараторғай» әнінорындады. Д.Мацуциннің қазақтың халық әндеріне жасаған өңдеуері әлі күнге дейін хор айту өнері үшінтворчестволық үлгі болып қалады. Композитор М.Төлебаевтің халық әндеріне жасаған өңдеулері гармониялық және полифониялық үйлесімі жағынан түрліше алмасып жатады. Оның Абайдың «Көзімнің қарасы» әніне жасаған өңдеуінде имтациялық даму принципі сезіледі. Мұнда біз Абайәуендерінің мазмұндылығын жәнетерең ойдың үйлесімділігін және композитордың өңдеу барысындағы өте нәзік тәсілдерін көреміз. Өңдеу жеке дауысқа және хорға арналып жасалынған, ән қайырмасының жоқтығы соңғы екі жолын қайталап орындалуымен толықтырылады. Хор оптимистік мажорлы көңіл-күймен әннің сазын әшекейлеп тұрғандай, әуеннің ырғақтары негізінде фортепианалық сүйемелдеу құрылғандай жеке дауыстыңмелодиялық сөйлемін қайталап жүріп отырады. Төлебаев осы имитациялық құрылымды дауыстардың қарама-қарсы қозғалысында өте қызықты берген («бітпейді» сөзінде). Композитордың драматургиялық шеберлігі таңқаларлық, бұған куә – көлемі бойынша үлкен емес шығарманың формасының бір қалыптылығы. Автордың дыбыс деңгейін бөле білуі да әсер қалдырады: негізгі әуен үш рет қайталанып келе, хор дыбысталуының диапозонын вариантпен біртіндеп өсірумен баяндайды. Бірінші рет ол – жеке дауыспен біртіндеп, екінші рет – таза фактурада айтылатын хормен, үшінші ретте – тағы хормен, бірақ оны жоғарғы тесситурасында, аккордтық нық фактурада беріледі. Қазақтың кәсіби хор шығармашылығының сапасының дамуы жағынан және орындалуы жағынан да кенет көтерілді. Бұл кезде капелла хоры үшін маңызды шығармалар пайда болды.1954-1958 жылдары Қазақтың мемлекеттік хор капелласына Ленинградтың Римский-Корсаков атындағы мемлекеттік консерваториясының түлегі Галина Евгеньевна Виноградова жетекшілік етті, Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген әртисі. 1956 жылдан бастап П.И.Чайковский атындағы Москва мемлекеттік консерваториясынан тәрбиеленіп келген хор дирижеры Гүлжазира Ахметова белсенді жұмыс жүргізді., қазір Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген әртісі, ал.1958жылдан бастап капелланың көркемдік жетекшісі және дирижеры болып Анатолий Васмльевич Молодов келді – Қазақ ССР-нің халық әртісі, Совет Одағының мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Социалистік Еңбек ері, профессор Александр Васильевич Свешниковтың шәкірті болған.Республика композиторлары халық әндерінің негізгі және оның музыкалық характерінің ерекшеліктерін сақтай отырып, әндік-шумақтық форманың негізгі жақтарын игере білді және тамаша шығармалар жазды, хор сюиталарын, поэмаларын жазды. Солардың ішінде Б.Байқадамовтың төрт бөлімнен тұратын а капелла хорына жазған қазақ халық әндерінің тақырыбына құрылған сюитасын алуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет