Көркем әдебиет стилі Талдау Мұқағали Мақатаев «Үнсіздік»



бет1/4
Дата15.12.2021
өлшемі15,09 Kb.
#100798
  1   2   3   4
Байланысты:
Асан Гүлбар Талдау. (1)




Көркем әдебиет стилі

Талдау

Мұқағали Мақатаев «Үнсіздік»

Бәрі де үнсіз.
Үнсіз аспан, үнсіз жер,
Үнсіз орман, үнсіз таулар, үнсіз көл.
Мен де үнсізбін, дәрменім жоқ күрсінер.
Үнсіз кеуде...
Үнсіз жүрек дүрсілдер.
Бәрі де үнсіз...
Бәрінде бір сұрақ бар,
Үнсіз ауыл.
Үнсіз жанып тұр оттар.
Үнсіз зират ұйықтап үнсіз қыратта,
Үнсіз ағып бара жатыр бұлақтар.
Неге үнсіз?!
He көрінген бұл маңға?
Үнсіз күзде үнсіз тірлік тынған ба?
...Бір машина үнсіз аңыз үстімен,
Үнсіз заулап бара жатыр қырманға...

«Үнсіздік» өлеңінде үнсіз сын есімі бірнеше рет қайталанып өлеңге айрықша мағыналық эмоционалдық, экспрессивтік реңк береді.

«Сіз» - есім сөздерден болымсыздық мағына беретін туындысын есім жасайтын өте өнімді жұрнақтардың бірі. Үнсіз сын есімнің мәтін ішіндегі қатарласып, тізбектеліп, он үш рет жұмсалуы өлеңдегі ырғаққа, дыбыстар гармониясы үшін де қызмет етеді.

Ұлы Абай атамыз айтқандай: «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп». Осы бір өлеңдегі қайталанып қолданылған үнсіз сын есімінің стильдік бояуы айқын. Оған жалпылық ұғымды білдіретін зат есімдердің – аспан, жер, орман, көл, кеуде, жүрек, ауыл, оттар, зират, қырат, бұлақтар, күз тіркесіп келуі тұтас дәуір бейнесін жасаудағы тіл мүмкіншілігін көрсетеді. Осы өлең жолдарынан дыбыстардың белгілі бір үнмен топтасуын байқаймыз. Мәтінде ассонансқа құрылған лексикалық анафораның түзілімі ырғақтың қуатын арттырып, өлеңнің сазын, әуенін биіктетіп, әсемдей түседі.



Үнсіз ауыл.
Үнсіз жанып тұр оттар.
Үнсіз зират ұйықтап үнсіз қыратта,
Үнсіз ағып бара жатыр бұлақтар.

Өлеңнің тілдік композициялық құрамында сұраулы сөйлемдердің берілуі мәтінге айрықша салмақ тартады. Ақын үнсіздіктің сырын ашу үшін бар әлемге жар салады. Шешімі жұмбақ сұраулардың (Неге үнсіз? Не көрінген бұл маңға? Үнсіз күзде үнсіз тірлік тынған ба?) жауабын кімнен сұрарын білмей жаны толқып, жүрегі тебіренеді.

Бұл – сонау тоқырау жылдарында жазылған өлең. Кейде жанды дүниенің өзі ақынға үнсіз мылқау күйінде қабылданады (Үнсіз кеуде, үнсіз жүрек).

Ақын айналасындағы мылқау тірлікке назаланады, қанша елегізіп құлақ түргенімен, айналасы жым-жырт тыныштыққа батып мүлгіген.

Саңырау үнсіздік ақынды қайғыртады. «Қараңғы саңырау қайғы ойды жеген» деп кемеңгер Абай да айтып кеткен жоқ па? Жарық дүние ғажайып сыбдырынан, адамдар рухани қазынасынан айырылып бара жатқан секілді. Осындағы үнсіз сын есімі арылы ақын біраз ойлардың сырын ашады. Үнсізді бір, екі рет қолданса, өлеңнің қуаты осыншалық арта түспеген болар еді.

Ақынның ішкі жан айқайы мүлгіген тыныштықпен астасып жатыр. Үнсіз сын есімі – мағыналы, бейнелі, астарлы, стильдік қуаты басым, әсері күшті қолданыс болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет