Қазақстандағы сэс-тің дамуы Дайындаған: Турдиев Н



бет4/5
Дата06.10.2022
өлшемі1,69 Mb.
#151903
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қазақстандағы СЭСтің дамуы
«Ұл бала мен қыз бала

Самарқан бөгені (Теміртау бөгеніНұра бөгені) — Нұра өзен аңғарында, Қарағанды облысы Осакаров аудан жерінде. 1941 ж. іске қосылған. Шарасының ауданы 84 км2, ұзындығы 20 км, ені 7 км, орташа тереңд. 3,25 м (ең терең жері 17 м), суының мөлш. 260 млн. м3. Бөгеннің су жинайтын алабы 11500 км2. Шарасы қалың құмды-малтатасты шөгінділерден, саз және саздақтан түзілген. Түбі тегіс, батыс жағына қарай еңкіштеу келеді. Солт-нің көк желекті жағасы (ені 200 — 300 м) демалыс орнына айналдырылған. Батыс жағалауы Теміртау қаласының шетіне тиіп жатыр. Солт. жағалауында Сарымсақ, Қарабұйрат қоныстары жайласқан. Бөгенге Ертіс— Қарағанды каналының суы Нұра өз. арқылы ауық-ауық қосылып отырады. Бөген деңгейінің жылдық өзгерісі 2 м шамасында. Суы мөлдір, минералдылығы 0,7 — 1 г/л. Бөген суын Қарағанды, Теміртау қалаларының өндірістік кәсіпорындары пайдаланады.

  • Самарқан бөгені (Теміртау бөгеніНұра бөгені) — Нұра өзен аңғарында, Қарағанды облысы Осакаров аудан жерінде. 1941 ж. іске қосылған. Шарасының ауданы 84 км2, ұзындығы 20 км, ені 7 км, орташа тереңд. 3,25 м (ең терең жері 17 м), суының мөлш. 260 млн. м3. Бөгеннің су жинайтын алабы 11500 км2. Шарасы қалың құмды-малтатасты шөгінділерден, саз және саздақтан түзілген. Түбі тегіс, батыс жағына қарай еңкіштеу келеді. Солт-нің көк желекті жағасы (ені 200 — 300 м) демалыс орнына айналдырылған. Батыс жағалауы Теміртау қаласының шетіне тиіп жатыр. Солт. жағалауында Сарымсақ, Қарабұйрат қоныстары жайласқан. Бөгенге Ертіс— Қарағанды каналының суы Нұра өз. арқылы ауық-ауық қосылып отырады. Бөген деңгейінің жылдық өзгерісі 2 м шамасында. Суы мөлдір, минералдылығы 0,7 — 1 г/л. Бөген суын Қарағанды, Теміртау қалаларының өндірістік кәсіпорындары пайдаланады.

Бөген бөгені , Оңтүстік Қазақстан облысында, Бөген өзенінің төменгі ағысында орналасқан. 1967 жылы пайдалануға берілген. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан, Ордабасы ауданы, Отырар ауданы аудандарының егістігін сумен қамтамасыз ету мақсатында салынған. Аумағы 65 км2, ұзындығы 13 км, ені 6 км, орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 15 м. Жиналатын су көлемі 377 млн м3. Арыс, Бөген өзендерінің суымен толығады. Суы тұщы. Бөген бөгенінде шармай, Түркістан шабағы, торта, табан, сазан, жайын, көксерке, дөңмаңдай ақ амур, т.б. балықтар өсіріледі. Жылына шамамен 300 т балық ауланады.

  • Бөген бөгені , Оңтүстік Қазақстан облысында, Бөген өзенінің төменгі ағысында орналасқан. 1967 жылы пайдалануға берілген. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан, Ордабасы ауданы, Отырар ауданы аудандарының егістігін сумен қамтамасыз ету мақсатында салынған. Аумағы 65 км2, ұзындығы 13 км, ені 6 км, орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 15 м. Жиналатын су көлемі 377 млн м3. Арыс, Бөген өзендерінің суымен толығады. Суы тұщы. Бөген бөгенінде шармай, Түркістан шабағы, торта, табан, сазан, жайын, көксерке, дөңмаңдай ақ амур, т.б. балықтар өсіріледі. Жылына шамамен 300 т балық ауланады.
  • Астана бөгені (Вячеслав бөгені), Есіл өзенің жоғарғы ағысында. Ақмола облысы Аршалы ауданында 1968 ж. салынған. Аумағы 61 км², ұзындығы 11 км, ені 5,4 км, орташа тереңдігі 6,8 м (ең терең жері 25 м), суының мөлшері 419 млн. м3. Солтүстік жағасы тік жарлы, су кемері түпкі жыныстарға тіреледі, оңт. жағасы жазық, саз балшықты. Қарашада қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді. БөгенЕсіл, Мойылды өзендері суымен, қар және жауын-шашын суымен толығады. Деңгейінің жылдық ауытқуы 4 м. Суы тұщы, минералдылығы 0,22 – 1,02 г/л аралығында өзгереді. Астана бөгенінде Сібір тортасы, тарақ балық, шортан, алабұға, табан балық, сазан, т.б. түрлері бар. Бөген суы Ақмола облысының өндіріс орындары мен шаруашылықтарын сумен қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет