Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғы шарттары: ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері



Дата29.05.2020
өлшемі23,75 Kb.
#71531
Байланысты:
Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғы шарттары


Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғы шарттары: ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері

Жоспар:


  1. Бірінші орыс революциясының Қазақстанға әсері

  2. Қазақтардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі

  3. 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы. Қазан төңкерісі

    

1-сұрақ. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының әлеуметтік- экономикалық жағдайы жақсара бастады. Бұған басты мәселелердің бірі ол 1901-1905 жж салынған Орынбор-Ташкент темір жолы болды. Осының нәтижесінде сауда-саттық дамыды, жаңа қалалар салынды.

Сонымен қатар тау-кен өнеркәсібі дамыды. Басты салаларының бірі алтын шығару болды. Екібастұз, Қарағанды көмір кен орындары мол пайдаланылды. Орал-Ембі аймағында мұнай шығару өнеркәсібі дамыды. Бірақ, ол кәсіпорындар толығымен шетел капиталистерінің билігінде қала берді.

Жергілікті қазақ жұмысшылары көбінесе маусымдық жұмыстарға тартылып,кәсіби мамандықтарының болмауынан тұрақты жұмыстармен қамтылмады. Жұмыс күні ұзақ, қазақ жұмысшыларының жағдайы ауыр болды.

Қазақ еңбекшілерінің саяси оянуына, өлкедегі отаршылдық езгіге, әлеуметтік теңсіздік пен қанаудың басқа да түрлеріне қарсы ұлт-азаттық, жұмысшылар мен шаруалардың бостандығы жолындағы қозғалыстардың ерекше серпін алуына, патшалық Ресейдегі 1905-07 жылдарда өткен тұңғыш буржуазиялық-демократиялық революциясының ықпалы зор болды. Біріншіден, өлкенің экономикалық және саяси дамуы дәрежесінің салдарынан жұмысшы қозғалысы өрістеді. Екіншіден, оған өнеркәсіп пен қала жұмысшылары қатысты. Үшіншіден, аграрлық қозғалыстар, негізінен, қазақ ауылдарының, қоныс аударған деревнялардың, еңбеккерлер топтарының іс-әрекеттерінен көрінді. Төртіншіден, ұлт зиялылары қоғамдық-саяси жұмысқа белсене араласып, ұлт-азаттық қозғалысты жаңа сатыға көтерді.

1905 жылғы тамызда II Николай патша Ресейдегі революциялық күштердің қысымымен империяның заң шығарушы және өкілетті органы ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифеске қол қойды. Бірақ ол манифест бойынша Ресей империясының бірқатар халқы, соның ішінде Орта Азия мен Қазақстан халқының да сайлауға және сайлануға құқығы жоқ болып шықты.

Бірінші орыс революциясы қатаңдықпен басып тасталғаннан кейін патша үкіметі елде қуғын-сүргін шараларын жүзеге асыруға кірісті. 1907 жылы реакцияшыл сайлау заңы шықты. Ендігі жерде бұратана ұлттар, соның ішінде қазақтар да сайлау құқығынан айырылды. Патша үкіметі Қазақстанның байырғы халқы сайлауға қатысуға әлі дайын емес деп санады. Сондықтан да 1907-1917 жылдарда қазақтар Ресейдің Мемлекеттік Думасына сайланған жоқ. Патша үкіметінің бұл шарасы қазақ халқының ашу-ызасын туғызды. 1907 жылғы маусымда Ақтөбе, Петропавл, Костанай сияқты тағы да басқа қалаларда наразылық митингілері болып өтті. 1908 жылы Ә. Бөкейханов Выборг үндеуіне қол қойды. Ол үндеу II Мемлекеттік Думаның таратылуына қарсылық ретінде қабылданған болатын.

1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы жеңіліске ұшырады. Бірақ ол қазақ халқының қоғамдық сана-сезімін арттыруға, өлкедегі демократиялық қозғалысты дамытуға орасан зор ықпал етті. Ресейдегі революциялық оқиғалардың әсерімен қазақ халқының көрнекті перзенттері саяси сахнаға көтерілді. Халықтың таңдаулы өкілдерінің Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы Қазақстан тарихында аса маңызды рөл атқарды. Қазақ халқының көшбасшыларына айналған зиялылар Ресей империясының өкілетті органының мінберінен ең маңызды проблемаларды, жерге қатысты мәселелерді принципті түрде батыл көтере білді.

Сұрақ: 


  1. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде ең ауыр жағдайда қалған кәсіпорындардың жұмысшылары:

 

 Ресей кәсіпкерлерінің иелігінде

 

жалға берілген



 

 Қазақстаннан тыс жерлерде орналасқан



 

 шетел кәсіпкерлерінің меншігінде болған



 

жұмысшылар сатып алған

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет