Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу


ХХ ғасырдың басындағы патша үкіметінің қоныс аудару саясаты. Столыпиннің аграрлық реформасы



бет2/14
Дата25.12.2021
өлшемі82,92 Kb.
#128668
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
тарих жауаптары
семинар (практика)
ХХ ғасырдың басындағы патша үкіметінің қоныс аудару саясаты. Столыпиннің аграрлық реформасы.

ХIX ғасырдың 60-90-жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалар қазақтардың жерін түгелдей мемлекеттің меншігі деп жариялады. Ол реформалар Қазақстанды шаруалар арқылы кең көлемде отарлап алуға берік негіз қалады. Орыс шаруаларын шикі Ресейден қоныс аудару көп жағдайда қазақтарды ежелгі атамекенінен, қонысынан жаппай қуу және ең құнарлы жерлерін күштеп тартып алу арқылы жузеге асырылды.1903 жылы «Сырдария, Фергана және Самарқанд облыстарындағы қазыналық жерлерге шаруалардың өз еркімен қоныс аударуы туралы Ереже» бекітілді. Ол ереже бойынша жергілікті халықтың «басы артық» жерлерін, ондағы суару жүйесі мен су көздерін қоса жаппай тартып алу көзделді. Тап сол жылы «Сібірге және Дала генерал-губернаторлығына қоныс аударушыларға үкімет атынан берілетін жәрдем түрлері туралы Ереже» бекітілді.1904 жылы патша үкіметі «Егін егумен айналысатын село тұрғындары мен мещандардың қоныс аударуы туралы уақытша Ереже» шығарды. Бұл ереже бойынша жергілікті отаршыл өкімет билігіне шаруалардың Ресей империясының азиялық бөлігіне қоныс аударуына ешқандай кедергі келтірмей, рұқсат етуіне құқық берілді.1904-1905 жылдары патша үкіметі Қазақстан аумағын қоныс аударушылардың бес аймағына бөлді. Олар Торғай-Жайық, Ақмола, Семей, Сырдария және Жетісу аймақтары еді. Оларды құрғандағы жүктелген негізгі міндет қоныс аударушыларға арналған қор құру үшін «басы артық» жерлерді іздеп табу болды. Патша үкіметі қоныс аудару басқармаларына қазақтардың жерлерін тартып алуына және оларды ғасырлар бойы ежелгі отырған атамекенінен күштеп қуып шығуына толық ерік берді.1870—1914 жылдар аралығында Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария, Торғай және Орал облыстарының аумағына 1,4 миллионға жуық шаруа қоныстандырылды. Олардың тең жартысына жуығы (721 мың адам) Ақмола облысына жайғастырылды. Өйткені бұл облыстың жері өте құнарлы болатын. Қоныс аударып келген шаруалар өз алдарына жеке болыстарға біріктірілді. Алғашқы кезде олар уезд бастығына бағындырылды. 1902 жылдан бастап шаруалар бастығы деген лауазымды қызмет пайда болды.

Столыпиннің 1906 жылғы аграрлық реформасы. Қазақ халқының занды құқығын мүлде елеп-ескермеудің бір белгісі қоныс аударушы шаруалар санының одан әрі арта түсуі болды. Бұл ретте жергілікті халықтың өкілдерімен алдын ала кеңесу, ақылдасу деген атымен болған жоқ. 1906 жылы Ресей Министрлер Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпин шаруаларды Ресейдің азиялық бөлігіне жаппай қоныс аудару туралы шешім қабылдады. Шаруалар қауымын ыдырату, оларды Қазақстанға қоныс аудару жөніндегі реформа Столыпиннің аграрлық реформасы деп аталды.Бұл реформаның көздеген негізгі бағыты қоныс аударушы шаруалар қозғалысының кеңінен етек алуын қамтамасыз ету болатын. Шаруалардың шығысқа карай атап айтқанда, Қазақстан аумағына қоныстануға құқық берілді. Ал олардың бұрынғы жерлеріне қайтып оралуына елеулі түрде шек қойылды. Шаруаларды жер телімдерімен қамтамасыз ету қазақтардан тартып алынған жерлердің есебінен құрылған отаршылдық қоныс аудару қорынан жүзеге асырылды.Жергілікті қоныс аудару мекемелері шаруаларға хутор салу үшін 45 десятинадан, егін егуге 15 десятинадан жер бөліп беруге міндеттелінді. Жер бөлумен айналысатын мекемелерге жергілікті халықтың жерін тартып алып, олардың жеріне келімсек шаруаларды орналастыруына рұқсат етілді. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында қазақтардың егін суару құрылыстары да тартып алынды.Шаруаларға ең құнарлы жерлерді іздеп тауып, көріп келетін адамдарды кедергісіз жіберіп тұру құқығы берілді. Шаруалардың темір жолмен жүруге де жеңілдіктері болды. Оның үстіне, патша үкіметі шаруалардың Қазақ жеріне емін-еркін қоныс аударуын кеңінен насихаттады. Мәселен, 1907 жылы Ресейдің орталық губернияларындағы шаруалар арасында осы тақырыпқа арналған 6,5 миллион дана кітапша мен парақша таратылған. Оларда үкімет шаруаларды Ресейдін азиялық бөлігіне неғұрлым көбірек қоныс аударуға шақырды. Ол басылымдарда Қазақстан мен Сібір аумағында қалай ыңғайлы орналасуға болатыны жөнінде практикалық ұсыныстар мен кеңестер берілді.1917 жылға қарай жергілікті байырғы халықтың пайдалануындағы 45 миллион десятина жер тартып алынды. Бұл кезде Қазақстанға қоныс аударған шаруалардың жалпы саны 1,5 миллионға жуықтап қалған болатын.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет