Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу


ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі



бет4/14
Дата25.12.2021
өлшемі82,92 Kb.
#128668
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
тарих жауаптары
семинар (практика)
4. ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының саяси қызметіндегі басты мақсаты ұлттық және жалпы қоғамдық құндылық болды. Нағыз интеллигент өзі біліп қана қоймай, өз білгенін өзгеге де үйрете жүреді. Нағыз инеллигенттердің көп болуы қоғам үшін пайдалы. Себебі, ұлттың интеллигенциясы жойылса, ол ұлттың рухы әлсірейді. Бұны тарихтың өзі әлдеқашан дәлелдеп өткен. Қазақ зиялылары әрқашанда ұлттың рухын асқақтатып, тәуелсіздігін алу жолында көп күресті. Сондықтан да, олар  сталиндік саяси қуғын-сүргін құрығына жаппай ілікті. 1925 жылы 29 мамырда Сталиннің Алматыға жолдаған хаты қазақтың маңдай алды тұлғаларының көзін жою саясатының жүргізілуіне себепші болды. Олар ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының ұлттық санасының оянуына ықпал етті. Алаш зиялыларының басты армандарының бірі қазақ даласын сауаттандыру еді.

30-шы жылдардың аяғына қарай толық салтанат құрған «сталинизм» қазақ интеллигенциясын жойғаныменен, Алаш идеясын өлтіре алмады. Ол Хрущевтің, Брежневтің билік жүргізіп тұрған тұсында да қазақ даласына рух сыйлады. 


Ұлы Отан соғысы да қазақ баласына аз қиыншылық алып келген жоқ. Соғыс дүрбелеңі қалың бұқараның берекетін қашырды. Кеңес үкіметі тұсында өсіп жетілген интеллигенцияның басым бөлігі (1941-45 ж.ж.) Ұлы Отан соғысында ажал құшты. Соғыс оты талайларды жалмады. Осы кезде Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов, Ғ. Мұстафин, Б. Бұлқышев, Ж. Саин, К. Әзірбаев, Қ. Аманжолов, Ж. Жабаев сынды ақын-жазушылар халықтар достығының жаршысы бола білді. Мәскеу түбіндегі қиян-кескі ұрыстарда батальон командирі аға лейтенат Бауыржан Момышұлының жеке басының ерлігі мен командирлік шеберлігі айқын көрінді. Қатаң идеологиялық тәртіп кезінде атақты жауынгердің қаһармандық ерлігі өз дәрежесінде бағаланбады, тек 1990 жылы қайтыс болғаннан кейін жұртшылықтың көп жылғы талабы орындалып, Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Саяси репрессияның ұшқыны 40-жылдың соңы мен 50-жылдың басында идеологиялық тұрғыда өз жалғасын тапты. Осы жолғы қуғындау ғылым саласына, әдебиет пен өнер, тарихқа қарсы жүргізілді. Қайтадан ұлт зиялылары арасында «буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дәріптеуші» деген саяси кінә жайы қозғалған-ды. Қатты сынға іліккендер қатарында 1943 жылы басылған «Қазақстан тарихы» болды. Дәл сол уақыттарда Е. Бекмахановтың Алматыда қазақ және орыс тілдерінде «ХІХ ғасырдың 40-20 жылдарындағы Қазақстан» атты монографиясы жарық көрді. Асыра сілтеу мен күдікшілдік белең алған осы тұста, Е. Бехмахановтың Кенесары Қасымовтың батыр екенін дәлелдеген оның монографиясын да, өзін де жазаға тартты. Ол 1951 жылы университеттегі жұмысынан қуылды, партия қатарынан шығарылды. 1952 жылы Е. Бекмахановты 25 жылға бас бостандығынан айырып, ГУЛАГ-тың алыстағы лагерінің біріне айдау жөнінде үкім шығарылды. Көп ұзамай тиісті органдарға жазған көптеген арыздарының нәтижесінде, Анна Михайловна Понкратованың көмегінің арқасында 1954 жылы 16 ақпанда оның ісі жабылып, өзі бостандыққа шықты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет