Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары


Қазақ жерлерінің ҚКАСР құрамына біріктірілуі (1924-1925 жж)



бет33/107
Дата11.12.2021
өлшемі328,42 Kb.
#99094
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   107
Байланысты:
Тарих жауаптары
Тарих
25Қазақ жерлерінің ҚКАСР құрамына біріктірілуі (1924-1925 жж).

Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР-і қүрамына біріктірілуі. Қазақстандағы отаршылдық саясаттың ауыр мұрасы — өлкенің жекелеген әкімшілік-аумактық бөліктердің арасында бөлшектеніп кетуі еді. Қазақ АКСР-інің құрылуы қазақтар мекендеген барлық жерлерді біріктіру проблемасын қойды. 1921 жылы Қазақстанның батысы мен солтустігінде және Батыс Сібірде шекаралық мәжелеу болып өтті. Орталық Азияны ұлттық-аумақтық жағынан межелеу мен қазақ жерлерін біріктіруді шешу жөнінде ірлкен дайындық жұмыстары жургізілді. Түркістанның кұрамына кірген Жетісу мен Сырдария облыстарын Қазақстанға қосу жөніндегі идея Азамат соғысы кезеңінде- ақ пайда болған-ды. Осы облыстардағы қазақтар солтүстік облыстармен бірігіп, бір республиканың құрамында болу тілегін білдірді. Бұл ұлттық республикалардың күшеюіне мүдделі болмаған орталық өкімет орындарының жоспарларына сай келді. 1924 жылы 16 қыркуйекте Туркістан. OAK- нің Төтенше сессиясы Орта Азия республикаларын ұлттық-мемлекеттік тұргыдан межелеу жөнінде қаулы қабылдады. Межелеудің нәтижесінде Қазақ АКСР-іне бұрынғы Түркістан, Хорезм және Хиуа республикаларының 1,5 млн-дай адам тұратын 40% аумағы берілді. Қазақстан аумағы 1920 жылғы. 2 млн шаршы шақырымнан 1925 жылы 2,8 млн шаршы шақырымға дейін артты. Қазақ АКСР іне оңтустік аумақтарды қосқан соң оның халқы 1920 жылғы 4,8 млн-нан 1925 жылы 6,5 млн адамға дейін өсті. Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеудің нәтижесінде қазақ жерлерін біртұтас кеңестік қазақ мемлекетіне біріктіру аяқталды. Осыған орай Қазақстанның халық саны ұлғайып, аумағы кеңейді, зкономикалық күш-қуаты артты.

Қазақ халқының аумактық жағынан бірігуі казактардың одан әрі біртұтас ұлт болып қалыптасуында, Қазақстан экономикасы мен мәдениетін дамытуда, республиканың ұлттық саясатында маңызды рөл атқарды. Барлық қазақ жерлерінің бір республиканың құрамына бірігуі қазақ халқының тарихындағы айтулы кезең, сол уақыттағы қиыншылықтарға қарамастан қазақ мемлекеттілігінің құрылуындағы өте маңызды қадам болды. Нәтижесінде Қазақ АКСР-інің аумағы едәуір дерлік ұлғайды. 1926 жылғы халық санағы бойынша қазақтар Қазақстанның барлық халқының 61,3%-ын құрады.

26. Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны.

Қазақстанда социализмнің бұрмалануы 1925 – 1933 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф. И. Голощекиннің есімімен және қызметімен тікелей байланысты. Ол «қазақ ауылы», Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «Кіші қазан» төңкерісін жасау қажет деген идеясын ұсынды. Голощекиннің бағыты елеулі қарсылыққа ұшырады, сол жағдайда ол И. В. Сталинге хат жазып, онда өлкелік партия комитеті бюросы бағытының өңін айналдыра баяндап берді. И. В. Сталин қысқа әрі мейлінше айқын жауап қайтарды, онда былай делінген еді: «Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден – бір дұрыс саясат деп ойлаймын И. Сталин». Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды.


Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты: 1) өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту; 2) өлкені шикізат базасы ету.

“Кіші Қазанның” мақсаты – қазақ ауылында социалистік өзгерістерді жүргізу және кедейлер мен батрактардың көмегіне сүйене отырып, кеңестендірудің әлеуметтік базасын жасау еді. Голощекин Қазақстанда 1917 жылғы Қазан революциясы іске аспаған, сондықтан “Кіші Қазан” революциясын жасау керек деп өз тұжырымын айтты. Осы саясат барысында 1925-1928 жылдары өткізілген іс-шаралар:


Қазақ ауылын кеңестендіру;
Жайылымдық-шабындық жерлердің қайта бөлу;
Ірі бай шаруа қожалықтарын тәркілеу бағыттарында жүзеге асырылды.
Голощекин бұл идеясын 1927 жылы ұсынып, 1930 жылы VII өлкелік партия конференциясында нақтылады. Саяси бюро мүшелігіне кандидат А. А. Андреев VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты қолдайтындығын мәлімдеді. Ірі саяси қайраткер және экономист Смағұл Садуақасов «Кіші қазан» бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды. Оның бағыты: 1. Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату. 2. Қазақстанды ірі өнеркәсіптер еліне айналдыру.
Қазақстанда индустрияландыру жолдары туралы пікір сайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты: Біреулер «түйеден социализмге» өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен заводтар салу шамадан тыс нәрсе» болып табылады, «ұлттық өзіндік ерекшелікті» жояды деп пайымдады, енді басқа біреулер «қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді», қазақтармен «өнеркәсіп – қаржы жоспарын орындай алмайсын» және т. б. деп санады. Жергілікті мамандардың индустрияландыруды жүзеге асыру барысындағы ұсыныс – пікірлері ескерілмеді. С.Садуақасов пен Ж. Мыңбаевтің өнеркәсіпте сақталып отырған отаршылдық құрылымды қайта қарау қажеттігі туралы айтқандары «ұлтшылдық көрініс» деп бағаланды. Өндіргіш күштердің даму деңгейіне, еңбек қорының дәрежесіне сәйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы ескертпелер «ұлыдержавалық шовинизм көрінісі» деп есептелді. Сөйтіп, теориядағы субективизм мен практикадағы әміршіл – ырықсыз әдістер республиканың социализмге бет алуының балама жолын зерттеу мүмкіндігін жоққа шығарды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   107




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет