Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік


Қазақ мемлекеттілігі туралы тұжырым-Елбасының Ұлытау төрінде берген салиқалы сұхбаты (2014ж.)



бет64/71
Дата07.06.2022
өлшемі228,74 Kb.
#146148
түріСабақ
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   71
Байланысты:
2 5357346311572035582-1

114. Қазақ мемлекеттілігі туралы тұжырым-Елбасының Ұлытау төрінде берген салиқалы сұхбаты (2014ж.). Біріншіден, Жезқазған жерінде үлкен тарихи оқиға болды деп санаймын. Бұл – Жезқазған өңірінен ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың мыс кенін табуымен және Жезқазған қаласының орнығуымен сабақтас нәрсе. Қазір арада 50-60 жыл өтті, қаншама кен шығарылды, мыс алынды. Жер қойнауындағы байлықтың таусылатын кезі болады. Жезқазғанның төңірегіндегі мыс кені де таусылып, қаланың жағдайы нашарлай бастады. Бұл – табиғи жайт. Кеңес Одағы тұсында әрбір кен орны, әрбір электр стансасы төңірегіне ауыл салынатын еді ғой. Ал енді мына жердегі жұмыс ауқымы біткеннен кейін халық не істерін білмей қалды. Жезқазғанның теміржол тұйығында тұрғаны бәрімізді әр уақытта қинайтын еді. Екіншіден, Кеңес Одағы кезінде барлық теміржол Ресейге қарай салынды. Ал көлденең жүретін, елді бір-бірімен қатыстыратын жол салынған жоқ. Ол Кеңес Одағының да, Ресейдің де ешқандай жоспарына кірмеді. Қазақстанды ешкім ойламады. Енді, міне, еліміздің экономикасы ілгерілеп, 500 миллиард теңге ақша бөлінетін жағдайға жеткеннен кейін осындай 1200 шақырымдық теміржол салынып отыр. Бұл – айта салғанға өте оңай. Ал маңызына келсек, алдағы 50-100 жылда пайдаланатын игілігіміз. Жаңа тікұшақпен ұшып келе жатқанда өзің көрдің, тақыр даланың торғай қонатын бұтасы жоқ. Сол тақыр далада ел тұрмайды. Себебі, оған жұмыс та жоқ, шаруашылық та жоқ. Ал теміржол төрт облыстың бірнеше ауданына тіршілік нәрін береді. Теміржолдың бойынан жұмыс табылады. Жұмыс болғаннан кейін кенттер бой көтереді. Халық қоңданады, даламызды ел жайлайды. Экономикалық жағы өз алдына бір мәселе. Мына өзіміз келіп отырған Ұлытау – өте қасиетті жер. Ұлытау деп аталуының өзінің тарихи мәні бар. Қазақтың ен даласының қай шетіне барсаң да, осындай қасиетті жерлер табылады. Шығысқа барсаң – Берел қорғаны бар, Орталыққа келсең – қалмақтармен соғысқан Аңырақай шайқасы өткен жер бар. Батысқа барсаң – Алтын Орданың хандары тұрған Сарайшық сияқты қасиетті мекен бар, Оңтүстікке барсаң – Түркістан тұр. Қазақстанда осындай қасиетті жерлер көп. Дегенмен Ұлытаудың орны бір басқа. Біздің жастарымыз оны біле бермейді. Біз өз тарихымызды жаңадан игеріп, біліп жатқан елміз. Қазақтың тарихы өте бай. Оны білуіміз керек, қолға алып та жүрміз. Тарих жылы деген жылды жарияладық. Дүние жүзінен – Қытайдан, Ираннан қазақ тарихының жазба жәдігерлерін жинадық. Қазақтың көп дүниелері атадан балаға ауызекі түрде беріліп келген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   71




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет