Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы бойынша мемлекеттік


«Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты ҚР Президенті Қ.Тоқаевтің Қазақстан халқына жолдауы (2019 жыл, 2 қыркүйек)



бет71/71
Дата07.06.2022
өлшемі228,74 Kb.
#146148
түріСабақ
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Байланысты:
2 5357346311572035582-1

124. «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты ҚР Президенті Қ.Тоқаевтің Қазақстан халқына жолдауы (2019 жыл, 2 қыркүйек). Мемлекет басшысы 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын бекітті.
Жалпыұлттық жоспар азаматтық қоғамды дамыту, ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық заңнаманы қатаңдату, әкімшілік юстицияны енгізу, шағын және орта бизнесті қолдау, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару, тауарлар мен қызметтердің құнын төмендету, бәсекелестікті дамыту, әлеуметтік саясатты оңалту, білім беру сапасын арттыру, қазақстандықтардың өз зейнетақы жинақтарын пайдалануға мүмкіндік беру және т.б. бірқатар салалар бойынша нақты іс-шараларды қамтиды.
Сондай-ақ Жолдауда жарияланған бастамаларды қаржыландыруға бағытталған шаралар қарастырылған, оның ішінде Ішкі істер министрлігін реформалауға, педагогтар мен мәдениет және өнер қызметкерлерінің жалақысын өсіруге, бизнесті қолдау бағдарламаларын іске асыруға, инфрақұрылымды дамытуға және т.б..
Жолдаудың барлық бағыттарының іске асырылуын нормативтік қамтамасыз ету үшін Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс, 17 заң, Президенттің 4 Жарлығы мен Үкіметтің 16 қаулысы әзірленіп, қабылданатын болады.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып Үкімет жаңа мемлекеттік бағдарламаларды бекітіп, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін болады (индустриалдық-инновациялық дамыту, «Бизнестің жол картасы-2025», «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту, білім және ғылымды дамыту, «Нұрлы жер» және т.б.).


125. ҚР президенті Қ.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласының мәні мен мазмұны


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы орыс тіліне аударылды.


«Президенттің бұл мақаласы қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналып, биылғы 9 қаңтар күні «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланғаны белгілі. Мемлекет басшысы Абайдың рухани мұрасын ой елегінен өткізіп, бүгінгі Қазақстанның даму жолындағы мақсаттар мен міндеттерді айқындап береді. Аталған бағдарламалық мақаланың мазмұнын қалың жұртшылыққа толық жеткізу үшін оны орыс тіліне аудару қажет болды. Бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан да осындай ұсыныстар түсті. Сондықтан Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының мамандары мақаланы орыс тіліне аударып, қалың бұқараға ұсынып отыр», - деп жазды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет