Қазақстанның ХVІІІ ғасырдағы мәдениетінің даму ерекшеліктеріне түсінік беріңіз



бет7/17
Дата07.05.2023
өлшемі100,71 Kb.
#176216
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
кз тарих
МТ 1,2.3. деңгейлі тесттер 2023 жыл кз (1).docx (сарапшыдан), Pedagogika
Қорыта айтқанда, қазақ ағартушылық Қазақстанның XIX ғасырдың екінші жартысындағы жағдайында əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени прогресс жолындағы мықты қозғалыс беруші күшке айналып, орыс өркениетіне бейімделу жолында дамыды. Сонымен қатар отандық ағартушылар осы прогреске жету жолда өз мүмкіндігінше жағдай жасауға тырысты. Жалпы алғанда, Абайдың жəне басқа алғашқы қазақ ағартушыларының адамның ақыл-парасатын дəріптеуінің, надандықты, ескілікті, діни əдет-ғұрыптарды сынап-мінеуінің, сондай-ақ қажетті саяси-əлеуметтік өзгерістерді қазақ даласына енгізу қажеттілікті жəне басқа ағартушылық идеяларының зор прогресшіл маңызы болғанына толық сенім білдіреміз.



  1. ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстағы қазақ зиялыларының орны мен рөлін жүйелеп көрсетіңіз.

Қазақ ұлт зиялы.ң қоғамдық саяси қызметтеріндегі белсенділігі де арта түсті,олар 1905 ж. Желтоқсанында Оралда бес облыстың қазақ халқы делегаттарының съезін өткізіп, өз партиясын Ресей конс.қ демократиялық партияның бөлімшесін құруға әрекет жасаған болатын.Ондағы мақсат-берген бостандықтар шеңберінде Қазақтардың ұлттық мүддесін қорғау еді.Қаз.ң барлық жерін байырғы халықтың меншігі деп тану,ұлттық мектептер ашу т.б талаптар енгізілді. Олардың басында,Бөкейханов,А.Байтұрсынов,М.Тынышбаев,М.Шоқаев,М.Дулатов Б.Қаратаев,және қазақ зиялыларының басқа да көрнекті қайраткерлері жүрді. Қазақстан халқының саяси ой өрісінің дамуында мем.к Думаға сайлау жүргізу науқаны маңызды роль атқарып,онда қазақ зиялыларының көптеген өкілдері белсенді қызметтермен көрінді. Мыс:1905 ж. 6 тамызында мем.к Дума жөніндегі патша монифесі қазақ еліне де депутат сайлау құқығына ие болды.Сөйтіп,Қазақстаннан 1-ші мем.к Думаға барлығы 9 депутат;оның ішінен 4млн.қазақ халқының 4депутат;Ә.Бөкейханов,А.Білімжанов,А.Қалменов,Б.ҚҰлманов сайланды.Олар Дума жұмысына мұсылман депутаттары фракциясы құрамында қатынасты.Ал барлығы 72 млн. Ғана жұмыс жасаған мемлекеттік Дума 1906ж. 9шілде күні үкімет шешемімен таратылды.2-мем.к Думаны сайлауына келер болсақ,ол 1905 ж.6 тамызындағы және 11 желтоқсанындағы сайлау заңдарын негізінде өткізілді. Думаға Қаз.ң 14 депутат,олардың 6 қазақ ұлтының өкілдері: молда Ш.Қосшығұлов-Ақмола обл.Б Х.Нұрекенов –Орал обл. Сот тергеушісі А.Бірімжанов-Торғай обл.Т.Алдабергенов-Сырдария обл.Қатынас жолдары инженері-Жетісу обл. сайланды.Патша үкіметі 1907ж. 3 маусымында шығарған заңымен II мем.Думаны да таратып жіберді.Қазақ депутаттары қатынасқан I-ші және II Думалар қазақ қоғамының отарлық жағдайына өзгеріс енгізе алатындайешқандай заңдар қабылдаған жоқ «3-маусым Заңының»өмірге келуімен бірге, қазақ зиялы.ң Думаға артқан үлесті де біржола жойған еді.Бірақ олар қазақ жеріндегі отарлау саясатына,3-маусым заңына қарсы әрекеттерін тоқтатпады.Ал,жалпы алғанда сол кезеңдегі қазақ зиялыларының мерзімінен бұрын таратылған патша үкіметінің I-ші және II-ші Дума жұмысына және оларға қатысты саяси шараларға қатысуы әрине,олар ушін үлкен өмір мектебіне айналып,белгілі деңгейде өзіндес із қалдырды.
Қазақ халқының азаттық қозғалысының тарихындағы белгілі тұлға, ХХ ғасырдың басындағы туған халқын бостандық пен еркіндікке жеткізу ісінің жетекшісі, Отан тарихындағы орны ерекше саяси қайраткер Әлихан Бөкейханның осы қасиетті мақсатты іске асыруды бүкіл өмірінің негізіне айналдырған қызметін мөлшермен үш кезеңге бөлуге болады. Олар атап айтқанда:
1. Ресей империясы мерзіміндегі қазақ жерін патшалық отарлықтан азат ету жолындағы ісі (ХІХ ғасырдың соңынан -1917 жылдың ақпанына дейінгі мерзім);
2. Ресейдегі 1917 жылғы ақпан және Қазан төңкерістері, азамат соғысы жылдарындағы қызметі (1917 жылдың басынан 1919 жылдың ортасына дейін);
3. 1919 жылдан өмірінің соңына дейінгі мерзімдегі қызметі.
Қасиетті жоспарды шындыққа айналдыру жолындағы қызметінің барлық кезеңі өміріне қауіп төндіретін шиеленісті, қарама-қайшылықты, сын-қатерлі кезеңдермен ерекшеленді. 1920 жылдың соңынан сталиндік жазалау орындары тарапынан Кеңес өкіметіне қарсы әрекет жасаушы деген айыппен бірнеше рет тұтқындалды, ақырында халық жауы деген жалған үкім шығарылып, атылды.
ХІХ ғасырдың соңынан басталған Қазақстандағы демократиялық тұрғыдағы азаттық қозғалысының басында болған Әлихан Бөкейханның өмірі мен бұл бағыттағы қызметі Ресей империясы, одан ары Уақытша үкімет, Кеңестік жүйенің үнемі назарында болып келді. Бұл билік түрлерінің барлығы да Қазақстандағы өздерінің саясатын жүргізуде білімді, көреген саясаткер, Ресей қоғамында, соның ішінде Қазақстандағы жергілікті халық арасында үлкен ықпалға ие болған Ә. Бөкейханды өз мүдделеріне сай пайдалануды жоспарлап келді.
Әсіресе сталиндік ішкі істер орындары тарапынан Әлихан Бөкейханның әр қадамы, шығармашылығы, жергілікті тұрғындар арасындағы Кеңестік саясатты насихаттау мен социалистік құрылымдарды жүзеге асырудағы атқарып отырған істері жіті бақылауға алынды. Мысалы, 1922 жылдың қыркүйегінде ҚКСР ГПУ Саяси ұйымының “Қазақстандағы топтар туралы хабарламалық баяндамасы дайындалды. Онда: “...Бөкейханов Әлихан. Шығу тегі жағынан қырғыз. Семей губерниясы Қарқаралы уезінің тумасы. Әр жерлерде жоғары білім алған. Саяси өмірге 1904-1905 жылдардан шыға бастады. Өзінің саяси қызметінің алғашқы қадамдарынан ол қырғыз ұлтшыл қызметкері бағытында қалыптасты. 1906 жылы Жетісу облысы қырғыздары атынан Бөкейхан Мемлекеттік Думаның мүшелігіне сайланып, оның қатарында 1917 жылға дейін болған кадет партиясына қосылады. Бір мерзімде ол Кадеттердің ОК мүшесі болды. Кейін осы партияның белгілі қайраткеріне айналған ол оңшыл эсерлерді 1917 жылға, яғни қырғыздық бұратаналық ұлттық партиясы негізделгенге дейін қолдады.
Уақытша үкімет құлатылғаннан және Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Алашорданың төрағасы ретінде Бөкейхан Семей губерниясына кетіп, осында Алашорда үкіметіне басшылық жасады; Соңғысының Орал облысындағы батыстық, Бөкей ордасында шығыстық бөлімдері құралды. Алаш Орда партиясы Бөкейханның жақын көмекшісі Ахмет Байтұрсын редакциялаған (қазіргі Қыр Республикасының Халыққа білім беру Халық комиссары) қырғыз тіліндегі өзінің париялық баспа органы – “Қазақ” газетін шығаруды үздіксіз жалғастырып келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет