Қазақстанның кен ресурстары



Дата01.11.2019
өлшемі325,23 Kb.
Қазақстанның кен ресурстары - Қазақстан кен байлықтарының қоры, елдің даму стратегиясын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары Қазақстанның ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің маңызды кепілі. Қуатты минералдық шикізат базасының қазіргі жай-күйі республиканы шет елдердің кен қазбаларына тәуелділіктен толық арылтып, Қазақстанның дүниежүзілік рынокқа минералдық шикізат қорлары мен оның өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік берді.

Минералдық шикізат ресурстары маңыздылығы жағынан үш топқа бөлінеді:

Бірінші топқа негізгі қаржы түсімін қамтамасыз ететін және экономикалық-саяси мәні бар стратегиялық кен байлықтары жатады: мұнайгазкөміруранхромит кен орындары.

Екінші топты қаржы түсімін қамтамасыз ететін әрі Қазақстанның индустриялық бет-бейнесінің негізі болып табылатын маңызды кен байлықтарынқұрайды: темірмарганецмысқорғасынмырышалюминий және алтын кен орындары.

Үшінші топқа ішкі және сыртқы рыноктарда жоғары сұранымға ие қалайыкүмісфосфорбарит кен орындары кіреді.

Кен байлықтардың барланған қоры негізінде ондаған мұнай-газ және кентас өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді, олар 70-тен аса әр түрлі минералдық шикізат түрлерін өндіреді және өңдейді.



Қазақстанда 200-дей мұнай және газ кен орындары анықталып барланған, оның ішінде 102 мұнай, 29 мұнай-конденсат, 30 мұнай-газ-конденсат, 6 мұнай-газ, 11 газ-конденсат, 19 газ кен орындары бар. Барланған мұнайдың алынатын қоры 2,2 млрд. т, газ – 2,5 трлн./м3, конденсат – 0,7 млрд. м3. Қазақстанда мұнайдың болжамдық қорлары 20 – 25 млрд. т деп бағаланады. Мұнай мен газдың барланған қорының негізгі бөлігі Каспий маңы мұнайлы-газды аймағында шоғырланған. Мұнда 122 кен орыны ашылған, оларда республикадағы көмірсутек қорының 80%-ы (1,3 млрд. т мұнай, 700 млн. т шамасында конденсат, 1,7 млрд. м3 бос және 577 млрд. м3 сұйытылған газ) шоғырланған. Мұнай мен газ ҚашағанТеңіз және Қарашығанақсияқты айрықша ірі кен орындары бар, олардың жиынтық үлесі мұнай мен газ өндірісінің жалпы балансында 30%-дан асады. Оңтүстік Маңғыстау мен Солтүстік Үстірт-Бозащы аймағындағы ең ірі кен орындар – ЖаңаӨзенЖетібайҚаражанбасСолтүстік Бозашы. Мұндағы мұнайдың барланған қоры 700 млн. т, конденсат – 1,4 млн. т және газ – 141,0 млрд. м3кұрайды. Жалпы республикалық баланста бұл аймақтағы көмірсутек өндірісінің үлесі 50% шамасына тең. Мұнайдың өнеркәсіптік мол қоры Оңтүстік Торғай мұнайлы-газды алабында анықталған (ҚұмкөлМайбұлақАщысайАрысқұм, т.б. кен орындары). Бұл жерде жиынтық болжамдық қоры 400 млн. т шамасындағы 11 кен орыны барланған. Олардың ең ірісі – Құмкөл мұнай-газ кен орны (1990 жылдан мұнай өндіріле бастады). Бұл аймақтың мұнай өндірісіндегі үлесі 10% шамасында.

Көмір өңдеу

Қазақстанда тас және қоңыр көмірдің мол қорлары бар. Республикада 200-ге жуық көмір кен орыны барланған. Қазақстан көмірінің жалпы геологиялық қоры 164,4 млрд. т шамасында бағаланады, оның ішінде: тас көмір 17,6 млрд. т, қоңыр көмір 92,8 млрд. т. Барланған қорлар 60 млрд. т шамасында, баланстан тыс қорлар 19,3 млрд. т. Олардың 63%-ы тас көмір (оның кокстелетіні 17%), 37% – қоңыр көмір. Республикадағы ең ірі көмірлі алаптар Орталық Қазақстанда орналасқан (ҚарағандыЕкібастұзМайкөбен). Ірі кен орындары – Шұбаркөл (қоры 2,2 млрд. т), Борлы (0,5 млрд. т), Самара (1,3 млрд. т), сондай-ақ, Теңіз-Қоржынкөл көмір алабы (шамамен 2,7 млрд. т). Торғай энергетикалық қоңыр көмір алабыныңқоры 52 млрд. т, оның барланғаны 7 млрд. т. Оңтүстік Қазақстанда Іле және Төменгі Іле қоңыр көмір алаптары орналасқан. Іле алабының геологиялық қорлары 14,8 млрд. т-ға бағаланады, барланған қоры 0,9 млрд. т. Төменгі Іле алабының геологиялық қоры 9,9 млрд. т, оның 3 млрд. т-сы барланған. Шығыс Қазақстанда Қаражыра (Юбилейное) (қоры 1,5 млрд. т), Кендірлік (1,6 млрд. т, барланғаны 250 млн. т) кен орындары белгілі. Кендірлікте көмірден басқа жанғыш тақтатастар бар. Оның жалпы қоры 4 млрд. т, барланғаны 20,3 млн. т. Қазақстанның батысындағы ең ірісі – Мамыт қоңыр көмір кен орны. Жалпы геологиялық қоры – 1,5 млрд. т, оның 0,6 млрд. т-сы барланған.


Қазақстан Республикасының бүкіл дерліктей аумағын қара металл кендерінің алып кентастық аймағы ретінде қарастыруға болады. Мұнда оның бүкіл әлемге белгілі барлық генетикалық және өндірістік, оның ішінде бірегей түрлері кездеседі. Қазақстанда кара металл кентастарының 1000-нан аса кен орындары мен кен білінімдері анықталған. Темір, хром, марганец пен титан кентастарының кен орындары игерілуде. Балансқа алынғаны 17 кен орны, баланстан тыс 11 кен орны бар. Темір кентасының жиынтық қоры 17 млрд.т Оның 93% мөлшері бес ірі кен орында: ҚашарСарыбайСоколовӘйетЛисаковташоғырланған. Бұл кен орындарының барлығы Солтүстік Қазақстанда (Торғай ойысының солтүстік-батыс бөлігінде) орналасқан. Орталық Қазақстанда пайдаланылып келе жатқан Батыс ҚаражалҮшқатын мен Кентөбе кен орындарының барланған қоры 300 млн. т-дан асады. Оңтүстік Қазақстанда Иірсу(қоры 327,7 млн. т) мен Абайыл кен орындары барланған. Батыс Қазақстанда (Солтүтік-Шығыс Арал маңы) ең ірісі – баланстан тыс оолитті қошқыл теміртас кентасты Көкбұлақ кен орны (1,9 млрд. т), сонымен қатар титан-магнетитті кентастарының болжамдық қоры 1 млрд. т болатын Великов ірі кен орны бар. Қазақстан хромит кентасының қоры бойынша әлемде екінші орында. Балансқа алынғаны 21 кен орны (шамамен 230 млн. т). Қорлардың барлығы Кемпірсай кенді ауданында (Мұғалжар тауында) шоғырланған. Аса ірі хромит кен орындарының қатарына Алмас-Жемчужина кен орны жатады (қоры 100 млн. т-дан асады).

Бұл алапта кобальт-никель кенінің де бай қоры бар. Қазақстанда марганец кентастарының баланстық қоры 400 млн. т-дан асады. Болжамдық қорлары 850 – 900 млн. т деп бағаланады. Қорлар негізінен (99%) Орталық Қазақстанның Атасу кенді ауданында шоғырланған (Батыс Қаражал, Үшқатын, Үлкен Қтай, Қамыс кен орындары). Қаратау, Байқоңыр, Кіндіктас, Жетісу Алатауындағыкөмір-кремнийлі тақтатас қабаттарында орналасқан ванадий кендері мен Батыс және Солтүстік Қазақстандағы, жердің беткі қабаттарында жатқан титан кендерінің де маңызы аса зор.


Түсті металл өңдеу


Қазақстанда түсті металдар шикізатының ірі базасы қалыптасқан. Олардың ішінде жетекші орынды мырыш, қорғасын және мыс кендері алады. Бұл металдардың республикадағы қоры бойынша тиісінше әлемде бірінші, екінші және үшінші орын алады. Олар Қазақстан түсті металлургиясы базалық кәсіпорындарының(ЖезқазғанБалқашЕртісмысШымкентРиддерӨскемен қорғасын мен мырышПавлодар алюминий қорыту зауыттары) шикізат көзі болып табылады. Қазақстан әлемдегі ірі мыс өндіруші елдердің бірі. Республика аумағында мыс кентасының порфирлі, мысты құмтас, колчеданды, скарндық мысты-цеолитті, мысты-никельді, т.б. кен орындарының көптеген түрлері белгілі. Мыс кентасының ірі кен орындарына ЖезқазғанҚоңыратАқтоғай,Айдарлы, ЖаманАйбатБозшакөлКөксай, Қасқырмыс, Нұрқазған (Самара), т.б. жатады. Жекелеген кен орындарының (Жезқазған мыс кен орны, Жаман Айбат мыс кен орны) мыс қоры 10 млн. т-дан асады.

Қорғасын мен мырыштың 100-ден аса кен орындары анықталып, 58-і балансқа алынған. Олардың негізгі қоры Шығыс Қазақстанда (Кенді Алтай) және Орталық Қазақстанда шоғырланған, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстанда да (Қаратау) кездеседі. Қазір қорғасын мен мырыштың 30-ға жуық кен орындары игерілуде. Алюминий шикізаты ретінде ең көп таралғаны – боксит. Қазақстанда бокситтің қоры көп. Анықталған 200 кен орны мен кен білінімдерінің (есепке алынғаны) 50-ден астамы платформалық типті. Олардың ішіндегі ірілері: КраснооктябрьБелинское, Тауынсор, Шығыс ӘйетКөкталНаурызым, Жоғарғы Әйет, Арқалық кен орындары. Бұлардың барлығы Торғай ойысында орналасып, Батыс Торғай, Шығыс Торғай (Амангелді) және Орталық Торғай бокситті аудандарын құрайды.


Сирек металдар өңдеу


Қазақстан сирек металдарға бай өлке. Молибден қоры жөнінен республика әлемде төртінші, Азия елдері арасында бірінші орын алады. Молибден кентастарының қоры 34 кен орны бойынша есепке алынған, олардың 26-сы баланстық. Ірілері: Көктіңкөлі, Оңтүстік, ШалқияЖәнет, Батыстау, Жоғарғы Қайрақты, ҚараобаАқшатау.Молибден кен негізінен штокверктік(порфирлік) типті. Қазақстан КСРО-дағы жоғары сапалы тантал концентраты мен ниобийдің негізгі өндірушісі болды. Тантал бойынша өнеркәсіптік шикізат базасы төрт кен орында шоғырланды: Бәкен, Белогор, Юбилейное және Жоғарғы Баймырза. Кен орындарының барлығы Қалба жотасындаорналасқан. Солтүстік Қазақстанда ірі Сырымбет пен Донецк қалайы кен орындарының ашылуы қалайы шикізат базасын айтарлықтай ұлғайтты. Оған дейін ілеспе қалайының 5 кен орны балансқа алынған болатын, негізгілері кешенді сирек металл кентасты Қалайытапқан (жалпы қордың 70%-ға жуығы), Қараоба, Бәкен, Юбилейное және Ахметкин кен орындары.

Вольфрам қоры жөнінен Қазақстан әлемде бірінші орын алады. Вольфрам қорының 53%-дан астамы 16 кен орнында шоғырланған, оның 12-сі баланстық. Вольфрам кенінің басым типтері – кварц-желілі-грейзенді және штокверкті, оларға Қараоба, Ақшатау, Жетіқара-ҚайрақтыБұғыты, т.б. кен орындары жатады. Вольфрамға бай кентастар скарндық-грейзендік кен орындарында (Солтүстік Қатпар, Баян) немесе олардың мүжілген қатпарларында (Көктіңкөлі) кездеседі. Вольфрамның 16 кен орны есепке алынған. Оның 85%-на жуығы штокверк кендері (Шығыс Қайрақты, Бұғыты, Көктіңкөлі, Қараоба, т.б.), ондағы вольфрам триоксидінің мөлшері 0,12 – 0,19%. Негізгі қорлар 6 ірі және аса ірі: Жетіқара-Қайрақты, Бұғыты, Қараоба (штокверк), Солтүстік Қатпар, Көктіңкөлі, Баян, Ақсораң кен орындарында шоғырланған.

Асыл металдар өңдеу


Қазақстан алтын кені бар ежелгі өлкелердің бірі саналады. Ол алтынның нақтыланған қоры бойынша әлем елдерінің бірінші ондығына, ал өндірісі бойынша – үшінші ондығына кіреді. Оның баланстық қоры 196 кен орнында (126-сы түпкі жыныстарда, 47 кешенді, 23 кенқайраңдық) есептелген. Алтын өндірілетін ірі кен орындары: Солтүстік және Орталық Қазақстанда – Жолымбет алтын кен орныБестөбе алтын кен орныАқсу алтын кен орныАқбейіт алтын кен орны; Батыс Қазақстанда – Юбилейное; Шығыс Қазақстанда – Бақыршық алтын кен орны, Суздаль, т.б.; Оңтүстік Қазақстанда – Ақбақай алтын кен орны. Өнеркәсіптік игерілуге Көкшетау ауданындағы аса ірі Васильковдаярланған. Қазақстанда негізгі алтын көздерінің бірі Кенді Алтайдағы колчедан-полиметалл кен орындары: Риддер-СоколТишин, Малеев, Грехов. Алтын, сондай-ақ, мысты-порфирлі Бозшакөл, Самара, Ақтоғай мыс кені, Айдарлы, мыс-колчеданды Аралшың, Лиманды, колчедан-полиметалды АбызМайқайың, Миөзек, Құсмұрын, Ақбастау, скарндық мыс кентасты Саяқ тобының кен орындарында бар. Ондаған түпкі және кенқайраңдық алтын кен орындары консервацияланған (Бақыршық, ЖітіқараЖарқұлақАқжал, Балажал, Олимпиялық, Кеңгір, Миялы, Құлынжон, т.б.) немесе жете барланбаған (ВасильевОрлов, Прогресс, Сувенир, Алтынсай, Бақтай, Далабай, Гагарин, Шоқпар, Кепкен, Восток В, Комаров І, Қаншыңғыс, т.б.).

Қазақстанда күміс ертеден өндіріледі. Оны өндіру көлемі бойынша республика Азия елдері ішінде бірінші орын алады. Оны полиметалл кентасын кешенді өңдеу кезінде бөліп алады.



Қазақстан аумағында 100-ден астам уран кен орны барланған. Аумақтық белгісі бойынша және геотектоникалық көзқарас тұрғысынан кен орындары уран кені бар 10 өлке мен аудандарға бөлінеді. Олар: Солтүстік Қазақстан (50-ге жуық кен орны бар), Шу – Іле – Кіндіктас – Балқаш жағалауы (8) және Шу – Бетпақдала (6) өлкелері, Шу – Сарысу және Сырдария өлкелерін біріктіретін Қаратау мегаөлкесі (20), Жоңғар – Кетпен (6) және Каспий жағалауы (4) өлкелері, Ұлытау (3), Шыңғыс-Тарбағатай (1) және Мұғалжар – Арал жағалауы (2) аудандары.

Бейметалл кендері өңдеу


Бейметалл кен байлықтарының барланған және әлуеттік қоры мол. Республика аумағында бейкентасты шикізаттың 2000-нан аса барланған кен орындары бар, оның 1200-і құрылыс материалдарының кен орындары. Республикада шипалы балшықтың 30-дан астам кен орны тіркелген. Олардың көпшілігі Қазақстанның батысы мен солт-нде орналасқан.

Жер асты су кендері өңдеу


Қазақстанда минералды және термалдық жер асты суларының ірі қорлары бар. Минералды сулардың пайдаланылатын қоры 48 кен орны бойынша тәуілігіне 31,0 мың м3 мөлшерінде есепке алынған. Барланған кен орындарының ең көбі (18) Оңтүстік Қазақстанда, Батыс Қазақстанда – 9, Солтүстік Қазақстанда – 7, Орталық Қазақстанда – 10 және Шығыс Қазақстанда – 4. Барланған минералдық жер асты суы кен орындары негізінде санаторийлер, курорттар, профилакторийлер, емханалар жұмыс істейді, ал көптеген арасан бұлақтар мен өз бетінше атқылайтын ұңғымалардың суын жергілікті тұрғындар пайдаланады. Қазақстанның таулы-қатпарлы алқаптары мен платформалық аумақтарындағы артезиан алаптарының қойнауларында гидротермалдық судың мол қоры бар. Олар су бойынша 10,275 мың км3, ал жылу бойынша 680 млрд. Гкал шамасында, бұл 97,115 млрд. т шартты отынға тепе-тең.

Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу, магмалық жыныстардың енуі және метаморфизм (өзгеріске ұшыраған), яғни эндогендік процестердің әртүрлілігі, солармен байланысты тау жыныстарының құрылымында, минералдық және химиялық құрылысында болған қандай да бір өзгерістер түрлі пайдалы қазбаларды түзеді.

Пайдалы қазбалар деп, қазіргі техниканың даму деңгейінде, табиғи түрінде немесе өңделгеннен кейін шаруашылықта пайдалануға болатын минералдар мен тау жыныстарын айтады. Әдетте, таулы аймақтарда (қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы аудандарда) және шөгінді қабығынан айырылған платформаларда рудалы қазбалар кені көптеп кездеседі.Ал шөгінді түріндегі пайдалы қазбаларды (мұнайгазкөміруран және т.б.) шөгінді қабығы бар платформаларда (жазықтарда) кездестіруге болады.

1919—1923 жылдардың өзінде Қарағанды тас көмір алабының өнеркәсіптік мүмкіндіктері анықталды. Содан бері Қазақстанда геологиялық пайдалы кендер ашылып, жоспарлы зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.



Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі дерлік бар. Еліміздің жер койнауынан Менделеев кестесіндегі 105 элементтің, оның 70-інің мол қоры барланған және 60-тан астамы өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Энергетика және минералдык ресурстар министрлігі мамандарының мәліметі бойынша (2007) республика дүние жүзінде уран, хром және марганец қоры жөнінен - екінші орында, мырыш, молибден, корғасын, мыс, вольфрам және алтын корынан - алғашкы бестікте, ал мұнай, темір және калайы қорынан - алғашкы он орынның біріне ие. Қазақстан Еуразияконтинентінде хром қорынан ең бай ел, ал марганец қорынан бүкіл ТМД-да басым ел. Алтын корынан Қазақстан дүние жүзі бойынша 5-орында, ал ТМД бойынша Ресей мен Өзбекстаннан кейінгі 3-орында. ТМД көлеміндегі мыс пен қорғасын корының жартысынан астамы, мырыштың 70%-ынан астамы Қазақстанда шоғырланған.Пайдалы қазба орындары жанатын, кен және кен емес болып үш топқа бөлінеді.Жанатын пайдалы қазбаларға мұнай мен газкөміруран және т.б. кен орындары жатады.

Мұнай мен газ қоры АтырауМаңғыстауҚызылордаАқтөбе және Батыс Қазақстан аймақтарында шоғырланған. Мұнай елімізде бірінші рет 1899 жылы Қарашүңгілдегі Ембі кен орнындағы мұнай ұңғысынан (скважина) атқылады. Ал 1911 ж. Доссор, 1915 ж. Мақат кен орны пайдалануға берілді. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңғыстау түбегіндегі Өзен мен Жетібай қосылды. Кейінірек олардан да куатты Қаражамбас пен Қаламқас, Теңіз (Атырау облысы), Кеңкияқ және Жаңажол (Ақтөбе облысы), Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысы) пен Құмкөл (Қызылорда облысы) кен орындары ашылды. Қазір Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 207 кен орны бар. 1999 жылы Қазақстан қойнауынан алғашқы отандық мұнай алынғанына жүз жыл толғаны тойланды. Бүгінде республиканың жылына (2005 ж.) шамамен 50,2 млн мұнайы шет елге шығарылады. 2000 жылы Атыраудың солтүстік шығысында 45 км жерде Каспий қайраңында Қашаған мұнай кен орны ашылды. Ол соңғы 30 жылдағы дүние жүзіндегі ең ірі кен орны. Геологиялық қоры 4,8 млрд тоннаға бағаланды. Жалпы Қазақстандағы мұнай қорының болжамы 20-25 млрд тонна. Қазақстандағы жалпы газ коры 6 трлн м3. Дүние жүзінде он екінші орын алады. Соның 70%-ы Қарашығанақтың үлесінде.

Қазақстанда көмір қоры мол. Мұнда тас көмір мен қоңыр көмірдің 10 алабы, 300 кен орны бар. Қазақстанның жалпы көмірқоры 164 млрд тоннаға жетті. Республика 90-жылдардың аяғына қарай жылына 90 млн т. көмір өндіреді. Ғалымдардың жобалауы бойынша жылына 140 млн т. өндірілсе еліміздегі көмір қоры 250 жылға жетеді. Көмір кен орындарының басым бөлігі ҚарағандыПавлодар және Қостанай облыстарында орналасқан.

Қазіргі кезде Қарағанды алабы 3600 км2жерді алып жатыр. Бұл Қазақстанныңнегізгі көмір базасы. Қарағанды көмірі кокстелетіндіктен сапасы өте жоғары. Тас көмірдің 80 кабаты анықталған, олардың жалпы қалыңдығы 120 м. Көмірдің барланған жалпы қоры 60 млрд т.

Маңызы жағынан екінші орынды Екібастұз көмір алабы алады. Бұл алап Сарыарқа мен Ертіс маңы жазығы аралығында орналасқан. Павлодар облысында ауданы 160 км2, қазып алынатын көмір қабатының қалыңдығы 150 м. ашық әдіспен өндірілетін болғандықтан, еліміздегі көмірдің ең арзаны болып табылады. Дүние жүзіндегі ең ірі «Алып» кенішінде жылына 36 млн т. көмір өндіріледі. Соңғы кезде Майкүбі (Павлодар облысы) және Торғай (Обаған) көмір алаптарын игеру басталып, сондай-ақ Екібастұз көмір алабының «Алып», «Солтүстік» және «Шығыс» кеніштерінде кайта құру, кайта жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстанның минералды шикізат базасы дүние жүзінде уранның 25%-ын құрайды. Экзогендік кен орындары басым таралған. Елімізде уранның 100-ге жуык кен орындары барланған. Оның тең жартысы Солтүстік Қазақстанда орын алады. Ірі органогендік кен орындары Маңғыстау түбегінде кездеседі. Қазақстан дүние жүзінде екінші орында. Қазақстанда бүкіл ТМД жерінде өте қуатты уран минералдық базасы бар.

Табиғат жағдайы. Тіршілік үшін табиғаттын ролі зор.аумақ бойынша табиғат жағдайының өзгеріп отыруы да заңды құбылыс.Табиғат жағдайы дегеніміз-табиғат күштерімен обьектілері,оның сапасы.Табиғат жағдайының өндірістік күштерді дамытуда,қоғамдық өмірде маңызы зор.Бірақ табиғат жағдайы шаруашылықта,адамның өндірістік жөне өндірістік емес іс-әрекеттерінде тікелей пайдаланылмайды.

Табиғат жағдайына-белгілі бір жердің шаруашылыққа әсер ету тұрғысынан алып жатқан аумағы,материктегі орны және көлемі,жер бедері,климаты мен су режимі,топырақ жамылғысы жатады.

Табиғат жағдайының алуан түрлілігіне қарай адамның шаруашылық іс әрекеттеріде түрліше.Қазақстан аумағының көпшілік бөлігі жазық болғандықтан,егін шаруашылығын,өнеркәсіп орындарын,жол құрылыстарын салуға қолайлы.Жауын-шашын көп түсетін жаз айларында солтүстік аудандарда және оңтүстіктегі тау бөктерінде,сонымен қатар ірі өзендер аңғарларында егіншілікпен айналысқан тиіьді.Республика аумағындағы мақта,қант қызылшасы,күріш сиақты ауыл шаруашылық дақылдарының пісіп жетілуіне қажетті жылу жеткілікті.

Табиғат ресурстары-бұл шаруашылықтың дамуына қажетті табиғи қор.Табиғат ресурстары шаруашылықты дамытуда тікелей қолданылады.Пайдалы қазбалар,жер,су,уа,жел,топырақ,өсімдік және жануарлар дүниесі-табиғат ресурстарын құрайды.

Табиғат ресурстары қоғамдық өндірістің энергетикалық және шикізат бзасы болып табылады.

Минералды ресурстар. Республикамыздағы минералды ресурстардың ерекшелігі- олар көбіне жер бетіне және бір-біріне жақын орналасқан.Сондықтан да минералды ресурстарды арзанашық әдіспен өндіріп,кешенді түрде пайдаланады.

Еліміз пайдалы қазблардың аса бай қорына ие. Жер қойнауынан Менделеев кестесіндегі 109 элементтің 99-ы ашылып,оның 60-қа жуығы зертеліп,өндіріске таратылған.Еліміз дүниежүзі бойынша вольфрам қорынан бірінші,хромит,уран,фосфор кендерінен екінші,марганец қорынан үшінші,қорғасын мен молибденнен төртінші,ал темір бойынша сегізінші орында.Қазақстан мұнай мен газ қоры бойынша да көптеген елдерден алда тұр.

Жер ресурсы. Қзақстанның жер ресурсы орасан зор,оның жалпы көлемі 270,1млн га млн га-ды құрайды. Мұндағы жер көлемінің 82%-ы ауыл шаруашылығына жарамды жер.Оның жайылым мен шабындыққа жарамдысы-190млн га,ал жыртылған жер көлемі -36млн га.Бірақ еліміздің рыноктық эканомикаға көшіуінің қиындықтарымен байланысты жыртылған жердің көлемі біртіндеп азаюда.Қазақстан дүниежүзі бойынша жыртылған жер көлемі жөнінен алтыншы орында,ал жайылым мен шабындықтан төртінші орында тұр.Республиканың әрбір тұрғынына 15га ауыл шаруашылығы жерінен,соның ішінде,Ресейде бұл көрсеткіш 0,87-га,Канадада 1,7га АҚШ-та 0,54-га,Жапонияда 0,03а тең.

Су ресурстары. Қазақстан су ресурсына онша бай емес және олар біркелкі таралмаған.Жалпы климаттық ерекшеліктерге байланысты су қоры өзгеріп отырады.Климат жағдайының құрғақтығына байланысты егістікті суландыру үшін өзен суының маңызы зор.Республикада су ауыл шаруашылығында егістік суаруға,өндірістік,коммуналдық қажеттіліктерге пайдаланылады.Елімізде ішкі суресурсы 115,3млрд м–ты құрайды.Оның 60,4млрд м 3 су қоры республика аумағында, ал 54.9 млрд.м3су қоры көршілес аумақтардан келеді. Су қорының жиналуы еліміздің географиялық жағдайымен тығыз байланысты.Қазақстан аумағындағы ішкі су қорының 62% –ы Оңтүстік Қазақстанға,30%-ы Солт. Қазақстанға, ал қалғаны басқа аймақтарға тиесілі.

Қазақстанда жалпы саны 85 мыңға жуық өзен,48 мыңнан астам көл бар.Көптеген өзендер сортаңдар мен құмдарға сіңіп, ізін жоғалтады.Көлдердің жалпы ауданы-45мың км.2, оның 94%-ның ауданы 1км.–ден аспайды.Балқаш,Зайсан,Алакөл,Теңіз,Сілетітеңізі,Сасықкөл,Құсмұрын,Марқакөл, т.б. ірі көлдерге жатады.

Елімізде 4мыңнан астам тоған мен су қоймалары бар.Тоған мен су қоймларындағы суларды жер суару үшін, электр энергиясын өндіру үшін, сондайақ өндірісте пайдаланады.

Биологиялық ресурстар. Қазақстан аумағы өсімдіктерінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Еліміздегі өсімдіктердің 5700 дей түрі кездеседі,оның 14%тек Қазақстанға тән. Осы өсімдіктердің 279 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

Республика аумағы орманға өте тапшы.Орман алқабы бар болғаны- 13 млн. га.Бұл барлық аумақтың 4% ғана құрайды.Қазақстан орманының басым бөлігі- Сексеуіл ағашы. Ол көбіне шөлді аумақтарда өседі.Қылқан жапырақты ормандар Тянь- Шань,Жонғар Алатауы,Алтай тауларында кездеседі.

Жануарлар дүниесінде сүтқоректілердің 155 түрі, құстардың 480 түрі, бауырмен жорғалаушылардың 49 түрі, балықтардың 150 түрі бар.Биологиялық ресурстардың ішіндегі негізгісі-балық ресурсы. Каспий теңізінен қымбат бағаланатын қызыл балықтың 90% ауланады.

Қазақстанның табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілуі өте жоғары және шаруашылықтың өзінің ресурсы негізінде дамытуға мүмкіндік зор.Табиғат ресурстарына жауапкершілікпен қарау, еліміздің табиғат байлықтарын сақтау, яғни табиғи ортаны қорғау, оның ресурстарын ұтымды пайдалану әрбір азаматтың міндеті.Еліміз аумағындағы табиғат ресурстарының алуан түрлілігі мен оның қорының молдығы біздің ұлттық мақтанышымыз.

Пайдалы  қазбалар  қалпына  келтірілмейтін  ресурстарға  жатады. Ал  бұл  олардың  көпшілігінің  қорларының  уақыт  өте  келе  толығымен   таусылуы  мүмкін  екендігін  көрсетеді.

Қазақстан – минералды шикізат   базасына  бай  аздапған  елдердің  бірі. Әлемдегі  алынатын  55 түрлі  пайдалы  қазбалардың Қазақстанда  39 –ы  алынады. Салыстырмалы  түрде  алсақ  жоғар  көрсеткіштер  тек  Ресейде – 49, Қытайда – 45, Австралия  және  АҚШ – 42, Бразилия – 41  түрлі  пайдалы  қазбалар  өндіріледі.

Мұнай  мен  табиғи  газ   қорлар  бойынша  республика  әлемі  елдерінің  бірінші  ондығына  кіреді, мұнда  тас  және  қоңыр  көмір, темір, хормит, қорғасын, мырыш, мыс, уран  және  сирек  кездесетін  металдар  т.б. табылған.Аталған  пайдалы  қазбалардың  түрлерін   өндіру, қайта  өңдеу  және  байыту  процесінде  литосфера  мен  тұтас  қоршаған  орта  жағдайына  мұнай мен табиғи  газ  концентраттарын  өндіру  ықпал  етеді.

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегия­сын­да кен-металлургия кешені Қазақ­стан­ның әлеуметтік-экономикалық жағынан жоғары дамыған елдердің қата­ры­на қосылуын қам­тамасыз етуге жәр­демдесетін басым салалардың бірі ретінде белгіленген. Республика кен-металлургия кешенінің басты міндеті ішкі және сыртқы рыноктардың қажеттерін қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті өнімдер шығару болып табылады.

Қазақстанның минералдық-шикізаттық кешені әлемдік минералды шикізат балансында айтарлықтай  күшті  позицияға ие,  әлемдік минералды шикізат рыногы­ның дамуы мен ұлғаюына үлкен ықпал ете алады. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі геология және жер қойнауын игеру комитетінің ақпараттық-талдау орталығының мәліметтері (2003 ж.) бойынша әлемдік зерттелген қор жөнінен Қазақстанның алар үлесі мынадай:

Алтын – 2,7% (әлемде 8-орында), күміс – 16%, мыс 7,1%, марганец – 30% (2-орын), қорғасын – 22%, мырыш – 15,2%, барит – 47,2% (1-орын), темір – 6%, кобальт – 3,9% (5-орын), хром – 37,6% (8-орын), боксит – 1,4% (10-орын), никель – 1,4% (12-орын).

Минералды шикізат өнімдерін өндіру және алу жөнінен республика хром бойынша екінші орында, титан бойынша – екінші-үшінші, мырыш және қорғасын бойынша – алтыншы, марганец бойынша – сегізінші,  күміс бойынша тоғызыншы орында.

Әлемдік мыс, титан, ферроқорытпа және болат рыноктарында Қазақстанның атқаратын рөлі аз емес, ал Еуразиялық суб­континентте хром бойынша монополист, темір, марганец, алюминий жөнінен өңірлік рынокта (ТМД елдері, бірінші кезекте Ресей) айтарлықтай ықпалы бар.Бұл жетістіктер өздігінен келген жоқ, ол ғалымдар мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің ерен еңбегінің жемісі болды. Кезінде осы сала Қазақстан ғылы­мының қарыштап дамуына зор әсер етті. Отан­дық геология, кен ісі, металлургия са­ла­л­ары әлемдік жетістіктерге қомақты үлес қосты.Соңғы 15 жылда Қазақстан ғылымы­ның алдында қосымша міндеттер пайда болды. Яғни, отандық ғылымның жауап­кершілігі артты. Кеңес өкіметі кезінде осы саладағы қазақстандық ғалымдар тек ғылыми ізденістермен – жаңа технология   жасау, оларды сынақтан өткізу, өндіріске енгізу сияқты мәселелермен айналысатын, ал  өндірістің даму стратегиясын жасауды үкімет ол кезде тек мәскеулік ғалымдарға тапсыратын.

Тәуелсіз   мемлекет   болғаннан кейін, біздің    үкіметіміз ондай маңызды бағдарламалар дайындауды Қазақстан ғылымына жүктейтін болды. Сол себепті, еліміз экономикасының стратегиялық ба­ғыттары бойынша Президент Жарлығымен бірнеше ұлттық орталықтар құрылды, олар­ға өз салаларында мемлекеттік бағдарлама­ларды іске асыру жүктелді. Сондай құрыл­ған орталықтың бірі –  “Қазақстан Рес­публикасының   минералды шикізатты   кешенді ұқсату   жөніндегі   ұлттық орталы­ғы” РМК. Бізге тау-кен, металлургия ба­ғыт­тары бойынша бағдарламаны  орындау  жүктелді.Мекеме қазір Орталық Азиядағы  ірі ғылыми  кәсіпорындардың бірі.

Ал жекеменшікке өтіп кеткен кәсіп­орындарға келсек, әрине, нарықтық эко­но­микада мемлекет   кәсіпорынның   шаруасы­на араласпайды. Әйтсе де үкімет өз мен­шігіндегі кен орнын   кәсіпорынға пайда­лануға бергеннен   кейін, сол пайдалы   қаз­ба­ны    өндіру    мен өңдеу барысында жеке   қожайындардың    мемлекет мүддесін бұзбауын қадағалап отыруы тиіс. 

Біріншіден, кен орнын пайдаланушы­лар руданы өндірген кезде үкімет белгі­леген норматив бойынша, руданы барын­ша толық (тек қана бай руданы емес) қа­зып алулары керек.

Екіншіден, руданы өң­деген кезде оның құрамында бар элемент­терді  мейлінше толық бөліп алу керек.

Үшіншіден, металдардың өзіндік құнын шектен тыс жоғарылатпауы, сату бағасын төмендетпеуі тиіс.

Төртіншіден, өндіріс үдерісінде қоршаған ортаны ластамауы, ал егер оған нұқсан келтірсе, сол үшін үкімет­ке жеткілікті мөлшерде төлем төлеуі тиіс.

Бесінші, өндірісте істейтін жұмыскерлердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс.

Осы бағыттарда кәсіпорынның жұмы­сын бақылайтын мемлекеттік органдар бар. Біздің жұмысымыз жоғарыда аталған пункттер бойынша әлемдегі осындай  өн­дірістердің  көрсеткіштері   мен  ғылыми же­тістіктерін назарға ала отырып, өндірілетін   шикізаттардың   ерекшеліктерін ескеріп, үкімет органдары нормативтерді белгілеуі үшін қажетті   материалдармен,   ұсыныс­тармен   қамтамасыз етуге саяды.Бүгінгі Қазақстандағы кен-металлургия жүйесіне келсек, ол  екі ірі саладан тұрады – қа­ра металлургия және түсті метал­лургия:

қара металлургия  темір, марганец, хром кенін, болат, шойын, прокат, ферро­құймасы, отқа төзімді өнімдер, металл сынықтарын қайта өңдеу өндірістері сияқты 12 саладан тұрады;

түсті металлургия  26 өнеркәсіп кіретін қорғасын, мырыш, мыс, титан, бағалы және сирек металдар, глинозем, молибден концентратын, уран шикізатын өңдеу сияқты 8 саладан тұрады.

1996-2005-жылдар аралығында Қазақстанның минералды-шикізат кешеніне 55 млрд. доллардан астам, соның ішінде жер  қойнауын игеруге 40 млрд. доллардан астам инвестиция салынды. Бұл туралы еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов бүгін Алматыда ІІІ инвестициялық саммит барысында   мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Б.Ізмұхамбетовтың айтуынша, көмірсутегі шикізатына бағытталған инвестициялардың орта есеппен 79 проценті өнім өндіруге, 21 проценті геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге жұмсалды.

Министрдің айтуынша, қазіргі жағдаймен Қазақстан көмірсутегі шикізатының   қорына   қарай әлемдегі алдыңғы   ондыққа кіреді. Ал табиғи газдың   барланған   қоры   бойынша   еліміз   дүниежүзінде 15-ші орында.

Расталған және алып пайдалануға болатын мұнай қоры 35 млрд. баррельді, газ қоры 3 трлн.

Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігінде 120-ға жуық құрылым анықталған. Олардың арасында көмірсутегі шикізатының үлкен қоры болуы  әбден мүмкін. Мамандардың болжамы бойынша, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің көмірсутегі ресурстары 12-17 миллиард тонна болады.

Солтүстік Каспий жобасының аясындағы алғашқы барлау бұрғылау жұмыстарының алғашқы нәтижелері – Каспийдің қазақстандық бөлігінің болашағы зор деген қорытынды жасатып отыр.

Республикамызда  197 мұнай  және  газ кен   орындары, олардың  ішінде 102  мұнай, 29  газ  конденсаты, 30 мұнай –газ  конденсаты, 6  мұнай –газ,   11 газ  конденсаты  және  12  газ  кен  орындары  ашылған. Мұнайдың  ашылған  кен  қорлары  3млрд. тоннасы, ал  газдың  анықталған  қорлары  3 трлн. текше   метрді  құрайды. Негізгі  мұнай  мен  газды  өндіру  Батыс Қазақстанда  жүзеге  асырылады. Онда  мұнайдың  90,4% және  газ  конденсатының  100% өндіріледі. Бұл регион  Қазақстан   территориясындағы  неғұрлым  ластанған   және  экологиялық  жағдайы  нашар  аудандар қатарына  жатады. Тау – кен  өндіру  өнеркәсәбәнің  мұнай  өндірі  саласы  жеке  тұрғыдыан алғанда  да басымдық  маңызға ие.Тас көмір мен қоңыр көмір өндірудің де экологиялық салдары бар.қоршаған ортаның эколргиялық жағдайына негативті әсер ететін отын ресурстарының басқа түрлерінің ішінен уран рудаларының ірі кен орындарын атап өтейік.

Сондай ақ темір,марганец,хром, қорғасын, мырыш, мыс  рудаларын алтын, фосфориттер,құрылыс тастарымен минералды шикізат ресурстарының басқа  түрлерін өңдеумен және қайта өңдеумен байланысты көптеген рудниктер және карьерлер  табиғи ортаға  жағымсыз  әсер  етеді.Осылардың барлығы қоса алғанда ландшафтар табиғатының литогенді ортасын  қорғау  жөнінде  тиімді  шараларды  қолдануды талап  етеді.Жер  қойнауларын  қорғау  мәселесі  литосфера  қабаттарынан  минералды шикізатты  рудалы  және  рудалы  емес  пайдалықазбалар  түрінде  неғұрлым толығымен  айырып  алуды  қамтамасыз  ететін  шаралардың жиынтығын қамтиды. Жер  қойнауларын  қорғау  жөніндегі  шаралар  кешені  сондай – ақ  рельеф  формасының  сақталуын,  геодинамикалық  процестердің  көрініс  табуда  жоюын  қамтиды.Осыған  байланысты  пайдалы  қазбалардың  кен  орындарын  кешенді  түрде  өңдеу , минералды  шикізатты  өндіру , өңдеу , және  тасымалдау  кезінде  шығынды  жан–жақты  жоюға  ұмтылу  жер  қойнауын  эксплатациялаудың  басты  қағидасы  болуға  тиіс.Бұл  шығындар  неғұрлым  аз  болған  сайын, соғұрлым  көп  пайдалы  қазбалар  болашақ  ұрпақтың  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  мақсатында  жер  қойнауында  қала  береді .

Тау–кен  өндіру  өнеркәсібі  қоршаған ортаға   жан–жақты  әсерін  тигізеді .Бұл  рельефтің  өзгеріске  ұшырауынан , карьерлердің , жарлардың ,террикондардың  пайда  болуынан  және  тау  жыныстарының  құлауынани  көрінеді.Пайдалы  қазбаларды  өндіру  топырақ , атмосфера , су  бөгендері  мен  жерасты  суларының  сулық  режимінің  жағдаййына  әсер  етеді.Мұның  үстіне  өсімдіктер  мен  жануарлар  тіршілігінің  мән  жайлы  түбірімен өзгереді.Пайдалы  қазбалардың  кен  орындарынөңдеу  тікелей  ландшафтардың геохтмиялық,техногендік  аномалиялардың  пайда  болуына  әсерін 

тигізеді.

Өндіру  және  қайта  өңдеу  процесінде  пайдалы  қазбаларды  шала ралдарды–шикізат ресурстарын  эксплутациялаудағы  басты  кемшілік  болып  табылады.Технологиялық   дамымаудың  нәтижесінде  түсті  металлургияда  өндірілген  рудаларды  байыту  кезінде  алынған  шикізаттың 10-20% ғана пайдаланылатыны  ,ал90%  лақтырылатынымәлім  болды.Бұл  қалдықтар  химиялық  реагенттер  сіңген  тау  жыныстарының  ұсақталған  түрін  білдіреді.

Байыту  фабрикаларында  өңдеу  процесінде  минералды  шикізат  көп  жұмсалады.Руданың  гегізгі  компоненттерін  айыру  кезінде  қосалқы  лақтырылып  тасталады  да ,  су  мен  жел  эрозиясы  нәтижесінде  жойылып  кетеді.Қосалқы пайдалы  компоненттердің  жалпы  құны  көбінесе  негізгі   түрдің  құнына  жоғарғы болатынын ұмытпауымыз тиіс. Өндірістік  қалдықтарды  қайтадан  эксплутациялау  үлкен  экологиялық  жәнебасқа  да  қиыншылықтармен  жалғасады  және  барлық  уақытта  мүмкін  бол бермейді.Нәтижесінде  қалпына  келтірілмейтін  табиғи  ресурстар  үлкен  шығынға  ұшырайды.Қалдықсыз  кен  қалдығы  аз  өндірісті  жасау  жер  қойнауының  байлықтарын    неғұрлым  толық  пайдалануды  және  қоршаған  ортаны  қорғауды  қамтамасыз  етеді.Жер  қойнауы  ресурстарын   рационалды  пайдалану  және  қорғау  негізінде  келесі  басымдықтар  жатқызылуы  тиіс:

Қазақстан Республикасы: кен байлықтары. Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары Қазақстанның ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің маңызды кепілі. Қуатты минералдық шикізат базасының қазіргі жай-күйі республиканы шет елдердің кен қазбаларына тәуелділіктен толық арылтып, Қазақстанның дүниежүз. рынокқа минералдық шикізат қорлары мен оның өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік берді. Минералдық шикізат ресурстары еліміздің даму стратегиясын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Кен байлықтардың барланған қоры негізінде ондаған мұнай-газ және кентас өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді, олар 70-тен аса әр түрлі минералдық шикізат түрлерін өндіреді және өңдейді.

Мұнай мен газ. Қазақстанда 200-дей мұнай және газ кен орындары анықталып барланған, оның ішінде 102 мұнай, 29 мұнай-конденсат, 30 мұнай-газ-конденсат, 6 мұнай-газ, 11 газ-конденсат, 19 газ кен орындары бар. Барланған мұнайдың алынатын қоры 2,2 млрд. т, газ – 2,5 трлн./м3, конденсат – 0,7 млрд. м3. Қазақстанда мұнайдың болжамдық қорлары 20 – 25 млрд. т деп бағаланады. Мұнай мен газдың барланған қорының негізгі бөлігі Каспий маңы мұнайлы-газды аймағында шоғырланған. Мұнда 122 кен орыны ашылған, оларда республикадағы көмірсутек қорының 80%-ы (1,3 млрд. т мұнай, 700 млн. т шамасында конденсат, 1,7 млрд. м3 бос және 577 млрд. м3 сұйытылған газ) шоғырланған. Бұл жерде мұнай мен газдың Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ сияқты айрықша ірі кен орындары бар, олардың жиынтық үлесі мұнай мен газ өндірісінің жалпы балансында 30%-дан асады. Оңт. Маңғыстау мен Солт. Үстірт – Бозащы аймағындағы ең ірі кен орындар – Өзен, Жетібай, Қаражанбас, Солт. Бозащы. Мұндағы мұнайдың барланған қоры 700 млн. т, конденсат – 1,4 млн. т және газ – 141,0 млрд. м3 кұрайды.

Қазақстанда тас және қоңыр көмірдің мол қорлары бар. Республикада 200-ге жуық көмір кен орыны барланған. Қазақстан көмірінің жалпы геол. қоры 164,4 млрд. т шамасында бағаланады, оның ішінде: тас көмір 17,6 млрд. т, қоңыр көмір 92,8 млрд. т. Барланған қорлар 60 млрд. т шамасында, баланстан тыс қорлар 19,3 млрд. т. Олардың 63%-ы тас көмір (оның кокстелетіні 17%), 37% – қоңыр көмір. Республикадағы ең ірі көмірлі алаптар Орт. Қазақстанда орналасқан (Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен). Ірі кен орындары – Шұбаркөл (қоры 2,2 млрд. т), Борлы (0,5 млрд. т), Самара (1,3 млрд. т).











Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет