Қазақстанның медицина саласындағы әлеуметтік проблемалар



Дата13.01.2022
өлшемі22,55 Kb.
#111712
Байланысты:
әлеуметтану 13
Улттык бирегейлик (2), Улттык бирегейлик (2), циклограмма балапан

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті

Тарих және шет тілдер институты

110- топ студенті

Жақсыбаева Дина

Қазіргі заман тарихы

Тақырыбы: Қазақстанның медицина саласындағы әлеуметтік проблемалар.

2021ж

Қазір әлемдегі болып жатқан пандемеяға байланысты медицинаның рөлі артты. Бір жыл бұрын елімізге қатерлі дерт аяқ асты келген кезде Қазақстан медицинасының жағдайы айқын көрінді. Олай болса жалпы Қазақстандағы әлеуметтік медицина жайлы, ондағы проблеммалар жайлы өз ойымды айтып бастайын.



Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы 1948 жылы «денсаулық - ауру немесе физикалық кемшіліктердің жоқтығы ғана емес, толық физикалық, рухани және әлеуметтік амандық жағдайы» ден сипаттады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы «денсаулықтың жоғарғы дәрежесін меншіктену бұл әрбір адамның негізгі құқықтарының бірі» деген қағиданы жария етті. Денсаулықты зерттеудің 4 дәрежесі белгілі:

1-ші дәреже — жеке адамның денсаулығы.

2-ші дәреже — кіші немесе этникалық топтар денсаулығы — топтық денсаулық.

3-ші дәреже— халық денсаулығы, яғни белгілі бір әкімшілік-териториалдық бірлікте (облыс, қала, аудан және т.б.) тұратын адамдар денсаулығы.

4-ші дәреже – қоғамдық денсаулық — қоғамның, мемлекет континент, әлем тұрғындарының денсаулығы- болып табылады.

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау — әлеуметтік факторлар мен қоршаған ортаның шарттары халық денсаулығына әсерін зерттейтін және халықтың денсаулық дәрежесін көтеру мақсатында денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыруды нығайтуды әлеуметтік факторлардың кері әсерін болдырмау немесе алдын алуға бағытталған, ғылыми дәлелденген нұсқауларды жасайтын ғылым. Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау халық денсаулығын қорғау аймағында әр түрлі медициналық аспектілерді, әлеуметтік, экономикамық, басқарушылық, фәлфәфиялық мәселелерді зерттейді.

Денсаулықты қорғау құқығы адам және азаматтың негізгі әлеуметтік құқықтарының бірі болып табылады, өйткені ол оның өмірлік маңызды мүдделерін қамтиды, соның ішінде оның бұл құқығы өмірге деген құқықпен тығыз байланысты. Бұл жерде, денсаулықты қорғау құқықтың табиғи құбылысы деп атап өтуге болады. Сонымен қатар, бұл құқықты жүзеге асыру екіжақты сипатқа да ие. Өйткені ол азаматтың жеке игілігі ғана емес, әлеуметтік мәселені де қамтиды.

Бүгінгі таңда ең кең тарағаны мемлекеттік қаржыландыру жүйесі болып отыр, мұндай жүйеде мемлекет салықтар жинап, медициналық көмек көрсетуді мемлекет толықтай басқарады және бақылау жүргізеді, оған тікелей төлем жүргізеді. Бұл жүйенің ерекшелігі, мұнда мемлекет уәкілетті орган арқылы денсаулық сақтау аясындағы қызметтер көлемін, олардың құнын анықтап, медициналық сақтандыруды толық бақылайды.

Негізгі ақпарат көзі болып мемлекеттік және емдеу-алдын алу мекемелерінің тіркеу-есеп беру құжаттары болып табылады; толығырақ зерттеу үшін материал арнайы жасалынған карта немесе анкеталарға жиналу мүмкін, онда бекітілген зерттеу бағдарламасына сай зерттеушінің алдына қойылған міндеттерді қамтитын барлық сұрақтар кіреді. Ол үшін зерттеуші алғаш тіркелген құжаттарды арнайы бағдарлама бойынша керекті мәліметті компьютерге енгізеді.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі көптеген қиыншылықтарға қарамастан, ешқандай ел медициналық сақтандырудан бас тартпауда, өйткені медициналық сақтандыруды әлеуметтік саланың маңызды аясын реттеудің маңызды құралы ретінде түсінуде. Әлемде медициналық қызметті сақтандыру жарнасынсыз, шегерімдерінсіз немесе үлестік қатысусыз шексіз көлемде ұсынатын, сонымен бір мезгілде дәрігерді толықтай еркін таңдайтын жүйе жоқ.

Ерікті медициналық сақтандыруды дамыту үшін қолдау шараларының болмауы (жұмыс берушінің қызметкерге қосымша қолдау ретінде сақтандыруды ұсынуын қоспағанда) және т.б. [4]. Жоғарыда келтірілген және өзге де факторлар, мәселен Қазақстандағы сақтандыру нарығының әлсіздігі, еліміздегі міндетті сақтандыруды кеңінен енгізуге әсер етпей қоймайтындығы белгілі. Еліміздегі сақтандыру ұйымдарының тек 20-сы ғана ерікті медициналық сақтандыру нарығында сақтандыру қызметін жүзеге асырады.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүкіл ел бойынша Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін толықтай енгізу басталды.

Қазіргі уақытта МӘМС жүйесін және ТМККК жаңа моделін енгізу үшін қажетті барлық деңгейлерде медициналық көмек көрсету (бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық, стационарлық, стационарды алмастыратын көмек және медициналық оңалту) жөніндегі заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілердің басым бөлігі қабылданып, өзектілендірілді. МӘМС енгізу халықты медициналық қамтамасыз етудің үш деңгейлі жүйесін көздейді. Бірінші деңгей мемлекеттік бюджет есебінен ҚР барлық азаматтарына, оралмандар мен елде тұрақты тұратын шетелдіктерге ТМККК ұсынуды қамтамасыз етеді.

Бұл пакетке тегін медициналық көмектің мынадай түрлері кіреді: жедел көмек және санитариялық авиация, тіркелген орны бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмек; шұғыл стационарлық көмек, паллиативтік көмек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен негізгі созылмалы аурулар кезіндегі медициналық көмектің толық спектрі.

Екінші деңгей – ТМККК-тен тыс қызметтерді қамтамасыз ететін, сақтандырылған халыққа арналған МӘМС пакеті, ол мыналарды қамтиды: консультациялық, диагностикалық көмек және аурулардың кең спектрі бойынша тегін рецептуралық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету; стационарды алмастыратын көмек, жоспарлы стационарлық көмек, оңалту және қалпына келтіру емі.

Үшінші деңгей – бұл ТМККК және МӘМС пакеттеріне кірмейтін медициналық қызметтер. Олар ақылы немесе ерікті медициналық сақтандыру есебінен беріледі. ТМККК жаңа моделі мемлекет міндеттемелерінің нақты шегін айқындайды және халықты базалық медициналық қызметтермен жаппай қамту бойынша жалпыға бірдей танылған халықаралық стандартты жүзеге асырады.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін интеграциялауға келер болсақ, МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін «Saqtandyrý» қорының АЖ іске қосылды. Оны азаматтардың 15 жеңілдікті санаттары бойынша деректермен алмасу және МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесін беру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ АЖ-мен интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде. Жеңілдікті санаттар бойынша ақпарат 6 орталық мемлекеттік органның АЖ-нен алынған деректер негізінде ЕХӘҚМ АЖ-да қалыптастырылады. Бүгінгі таңда 12 санат бойынша 5 мемлекеттік органдардың (ДСМ, ІІМ, ӘМ, Қаржы министрлігі, ЕХӘҚМ) АЖ-мен интеграция жүргізілді және деректер берілуде. Сонымен қатар қалған 3 санат бойынша деректерді беру мәселесі шешілуде (балалар, студенттер, 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған адамдар).

Биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорынан берілді: балалар – 6 304 830 адам; 3 жасқа толғанға дейін бала тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар – 156 631 адам; күндізгі оқу бөлімінде оқитын адамдар – 680 317 адам.

Азаматтардың өз денсаулығына ортақ жауапкершілігін заңнамалық түрде бекіту мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексінің жобасында азаматтардың ғана емес, жұмыс берушілердің де денсаулығын сақтау үшін ортақ жауапкершілікті арттыруға, атап айтқанда – міндетті медициналық тексеруден, профилактикалық тексеруден өтпеген адамдарды жұмысқа жібермеуге, жұмыс берушілердің профилактикалық медициналық тексеруден өту үшін жағдайлар жасауына және т. б. бағытталған нормалар қарастырылған.

Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы жұмыстар Қазақстан Республикасы Конституциясына, “Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы” Заңға, “Халық денсаулығы” атты мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Републикасы азаматтарының денсаулығын қорғау тұрғысындағы мемлекеттік саясат мына принциптерге негізделген: мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелері көрсететін дәрігерлік-санитарлық, дәрігерлік-әлеуметтік, дәрі-дәрмектік көмектің мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ету; олардың орындалуын қадағалаудағы жауапкершілігі; денсаулығынан айырылған азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, кепілденген дәрігерлік жәрдем шеңберіне сәйкес дәрігерлік жәрдем алудың әлеуметтік әділеттігі және теңдігі.

Жанұялық дәрігердің ауру адамды қарап, емдеуінің маңыздылығын баса айтқан белгілі дәрігер Х.В.Гуфеляндтің (1762 — 1836) сөздері қаламбур яғни сөзойнатым сияқты естілгенімен, мағынасы өте зор. Ол былай деп жазған: «Бір дәрігер – жақсы, екеуі – орташа, үшеуі – сұмдық. Көп дәрігердің бір ауру адамды емдеуі көбінесе аурудың өршуіне әкеледі».

Дәрігердің өмірі – бұл ешқандай бітпейтін университет. «Дәрігердің басты міндеті- өмір бойы қоғам үшін медициналық білімін жетілдіру, жұмыс атқару» — деген болатын, беделді клиницист А.А.Остроумов.

Атақты жазушы, мамандығы бойынша дәрігер А.П.Чехов:«Дәрігер-дің мамандығы — бұл ерлік, ол өзіне құрбан болуды, ойдың, ниеттің адал болуын қажет етеді. Дәрігер ой-санасы анық, пиғылы, мінез-құлқы таза, адал және мұнтаздай болу керек», — деген болатын.

Француз елінің белгілі жазушысы және тарихшы Андре Маруа «Ертең, бүгінгі күн сияқты науқастар болады. Ертең, бүгінгі күн сияқты білікті дәрігерлер қажет. Ертең, бүгінгідей, медициналық киімдегі дәрігер зардап шеккен адам, кім болса да — дос немесе қарсылас, оң немесе кінәлі болған күнде де оның өмірін құтқарады. Дәрігердің өмірі бүгінгі күнге дейін сақталып қалады-күрделі, алаңдатарлық, қаһармандық және жауап-кершілігі күрделі болса да», — деп айтқан болатын. Менің ойымша дәрігер туралы бұл мәлімдеме бүгінгі күні маңызын жоймағандығы баршамызға белгілі болса керек.

Денсаулық сақтау жүйесінде шешілмеген проблемалар жоқ деп айтсақ дұрыс болмас еді. Проблемалар жеткілікті, оның үстіне біз Қазақстан сияқты серпінді дамып отырған мемлекетте өмір сүріп отырмыз. Бүгінде ел алдына үлкен міндет - бәсекеге қабілетті елдердің деңгейіне қол жеткізу міндеті қойылып отыр. Мемлекеттің әлеуеті мен экономикалық мүмкіндіктері үлкен. Сондықтан да ол көрсетілетін барлық қызметтердің, соның ішінде медицина қызметінің де барлық жағынан талапқа сай болуын қажет етеді. Айталық, Бүкіләлемдік форумның рейтингілік бағалау нәтижелеріне қарағанда, елдің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі индикаторлар бойынша Қазақстан 2008 жылы балалар өлімі жөнінен - 87-ші орынға, туберкулездің таралуы бойынша - 94-іншы орында, АҚТҚ таралуы көрсеткішінен - 23-інші және адам өмірінің күтіліп отырған ұзақтығы мәселесінде - 101-інші орында болды. Бұл саланы одан әрі реформалау жөнінде қосымша шаралар алу қажеттігін көрсетеді. Бүгінде Қазақстан денсаулық сақтау қызметінің алдына халыққа медициналық қызмет көрсетуде ең озат әлемдік стандарттарға сай келетін, денсаулық сақтау ісіне азаматтардың да ынтымақтаса қатысуын қамтамасыз ете отырып, сапалы жаңа деңгейге тезірек шығу міндеті қойылып отыр.

Елде әлеуметтік жағдайды жақсартуға, халықтың әл-ауқатын көтеруге және халықтың денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар мемлекеттік және салалық бағдарламалар жүзеге асырылуда. Денсаулық сақтау министрлігі 2005 жылдан бері ана мен баланың денсаулығын жақсарту, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті одан әрі дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі және басқа да шаралар көзделген мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөнінде жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, 2008 жылы ана мен бала өлімін азайтуға бағытталған салалық бағдарламаны іске асыру басталды. Өткен жылдың желтоқсанында «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заң қабылданды, бүгінде мемлекеттік органдар заңға қатысты заңнамалық актілерді жасап, жүзеге асыруда.

Бүгінгі отандық денсаулық сақтау саласы күшті мемлекеттік реттеу құрылымы бар, болашақта нарықтық механизмдерді қолданып реттеуге бағыт алған жүйе ретінде сипатталады. Әлеуметтік дамудың бұл саласындағы мемлекеттік реттеу күшті бола отырып, мемлекеттік емес секторға сапалы қызмет істеуге мүмкіндік беруде.

Денсаулық сақтаудың Біріңғай ұлттық жүйесін қалыптастырудың қазіргі кезеңінде, мемлекеттің нақты мүмкіндіктерін ескергеннің өзінде адамдардың өздері міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге дайын емес.

Қазіргі Денсаулық сақтаудың Біріңғай ұлттық жүйесі денсаулық сақтауды дамытудың жоғары деңгейінің екі негізгі көрсеткішіне сүйенеді – сапа және қолжетімділік, бұлар адам дамуының тұжырымдамалары көрсеткіштеріне сәйкес келеді. «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға жұмсалатын шығын кем дегенде 300 млрд. теңгені (шамамен 2400 млн. АҚШ доллары) құрайды. Атап өтер жайт, бұл қаржы негізінен жалпы және бала өлімін азайту, ер адамдардың өлімін азайту, ана мен баланың денсаулығын одан әрі жақсарту арқылы адам өмірін ұзартуға бағытталған. Бұл тұрғыдан алғанда, қазақстандық қоғам үшін әр адамның толық дене, психикалық саулығы мен әлеуметтік жақсы жағдайы да маңызды.



Жоғарыда аталғандар мен ойымызды қорытындылайтын болсақ, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының жүйелі менеджментін жетілдіру мен жоспарлы түрде жүзеге асыруды жалғастыра беру қажет. Ал мұнда медициналық сақтандыру өзіндік маңызды орынға ие болуы тиіс.

Ал дәл қазіргі әлеуметтік медициналық проблеммаға екпе салдыруды жатқызуға болады. Оған халықтың көз қарастары, салдырып салдырмауы, вирустан қашан толық қанды арылатынымыз- міне осы ең негізгі проблемма.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет