Қазақстанреспубликасы ғылымжәнебілім министірлігі



Pdf көрінісі
бет6/16
Дата17.03.2020
өлшемі2,13 Mb.
#60306
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
5316dca4b6f55196e5e5a951d6210a82
5316dca4b6f55196e5e5a951d6210a82, Семинар ¦9, Семинар ¦9, cop vsemirnaya-istoriya 5kl kaz

7.ЖАЗБАША ДЕРЕКТЕР 
 
Жоспары 
1.Жазбаша дерек түсінігі және түрлері. 
2.Жазу өнерінің пайда болуы және алғашқы жазбаша деректер. 
3.Көне дүние деректері. 
 
1. Жазбаша дерек түсінігі және түрлері 
 
Жазбаша  деректер  тарихи  зерртеулерде  кеңінен  қолданылатын  ақпарат  көзі 
екендігі  баршамызға  белгілі.  Әлем  тарихшылары  арасында  ондай  деректердің 
беделі  өте  жоғары.  Сондықтан  әрбір  зерттеуші  алдымен  жазбаша  деректерді 
іздеп  табуға  тырысады.  Жазбаша  дерек  дегеніміз  кез  келген  затқа  арнаулы 
белгілер  арқылы  өткен  заманнан  жеткен  ақпарат.  Оның  тарихы  жазу  өнерінің 
пайда болуымен тығыз байланысты. 
ХІХ  ғасырдың  аяғында  жазылғанның  бәрі  дерек  емес  деген  түсінік  пайда 
болды.  Жазбашадеректерге  сын  көзбен  қару  қажеттілігі  орта  ғасырда  айтыла 
бастағанымен, тек соңғы ғасырларда ғана деректемелік талдау мәселесі ғылыми 
жолға қойылды. 

62 
 
Жазбаша  деректер  сан-алуан.  Пиктографиялық  ақпарат  көздерінен  бастап 
ғылыми  еңбектерге  дейін  жазбаша  деректер  болып  саналады.  Сондықтан  да 
оларды  бір  жүйеге  келтіріп,  топтау  мәселесі  туындайды.  ӘсіресеКеңес 
тарихшылары  жазбаша  деректерді  бөлшектеудің  бірнеше  нұсқасын  ұсынды. 
Алғашқыда  барлық  жазбаша  деректердіқұжаттық  (документальные)  және 
баяндайтын(повествовательные)  деп  екі  топқа  бөлді.  Бірінші  топқа  жататын 
ақпарат көздері өмірде болып жатқан уақиғаларды тіркеп отыру қажеттілігінен 
туған.  Ондай  құжаттарды  жасағандар  келешек  ұрпаққа  ақпарат  қалдыруды 
ойлағанжоқ.  Сондықтан  да  мұндай  құжаттар  шынайы  болып,  зерттеушінің 
сенімін  арттырады.  Дегенмен  мұндай  деректер  оқиға  жөнінде  толық  ақпарат 
бере алмайды.  
Жазбаша  деректердің  екінші  әдеиі  тарих  үшін  жазылады.  Оқиға  ретретімен, 
толық  әрі  оның  ішіндегі  элементтердің  бір-бірімен  байланыстыра  отыра 
баяндалады.Баяндамалы  деректер  мұқият  тексеруді  қажет  етеді.  Бір  ғана 
ақпарат  көзін  пайдаланып  тарих  жазуға  болмайды.  Зерттеуді  басқа  дерек 
түрлерімен толықтыру қажет. 
Әлбетте  жазбаша  деректерді  осылайша  топтау  шартты  түрде  болуы  мүмкін. 
Өйткені  жоғарыда  айтқанымыздай  ақпарат  көздері  әр  алуан.  Деректердің  бір 
түрі жойылып кетіп жатса, жаңа түрлері пайда болып жатады. 
Деректердің  бұл  екі  тобы  да  өз  кезеңінде  бірнеше  түрлерге  бөлінеді. 
Деректердің  түрі  дегеніміз  –мазмұны  мен  ішкі  құрылымы  ұқсас  құжаттар 
кешенін  айтамыз.Деректердің  топқа  және  түрге  бөліну  мәселесі  ғылымда  ұзақ 
пікірталас  тудырғаны  белгілі.  Сондықтан  ешбір  ғалымның  концепцясына 
еліктемей  қазақ  тарихына  байланысты  жазбаша  деректерді  өз  қалауымызша 
топтауға тырыстық. 
 
I. Құжаттық деректер: 
1.Заңнамалық құжаттар.(Құқық ескерткіштері); 
2.Акт деректері (келісім-шарттар); 
3.Іс қағаздары(кеңселер мен мекемелерде пайда болған құжаттар); 
4. Статистикаматериалдары. 
II.Баяндау деректері: 
1.Жылнама және хроника; 
2.Жазу өнерінің алғашқы нұсқалары; 
3.Ортағасырлық нарративті деректер
4.Естеліктер мен и эпистолярлық жанр ескерткіштері; 
5.Әдеби және публицистикалық шығармалар
6. Баспасөз материалдары. 
 
2. Жазу өнерінің пайда болуы және 
алғашқы жазбаша деректер 
 
Жазу дегеніміз адамның ойын, пікірін білдіретін, хабарын жеткізетін таңбалар 
жүйесі.  Жазудың  басты  атқаратын  қызметі  хабар  беру.Оның  алғашқы  түрін 

63 
 
пиктография(лат.pictusболу,грек,grapho 
жазамын) 
деп 
атаймыз. 
Пиктографиялык  жазу  шартты  түрде  бейнеленген  суреттер  аркылы  тілдік 
формаларды емес, тек ойды, ұғымды білдіретін ертедегі жазу түрі. 
Әрбір  сурет  бүтіндей  хабарды  білдіре  алады.  Ол  хабар  графикалық  жағынан 
жеке  сөздерге  бөлшектенбейді.Осыған  орай  пиктограмма  тілдік  формаларды 
емес,  оның  мазмұнын  бейнелейді.  Осылай  болғандықтан  пиктограммалардың 
мағынасын  әртүрлі  тілдерде  сөйлейтін  адамдар  түсіне  алатын  болған. 
Зерттеушілер пиктографиялық жазу ең алғаш рет неолит дәуірінде пайда болды 
деп есептейді. 
Мұндай  жазу  өте  қарапайымболды,  сондықтан  тереңмазмұнды  ойдыжеткізу 
мүмкіндігі  болмады.  Пиктографиялық  жазудың  тәсілін  қазірде де  кездестіруге 
болады.  Мысалы,  көшеде  жүрудің  тәртібін  аңғартатын  әртүрлі  белгілердің, 
дүкендермен  мен  шеберханалардың  жарнамасындағы  бас,  аяқ  киімдерінің 
суреттеріпиктографиялық сипаты бар. 
Осындай жазудың дамуы барысында идеографиялық жазу пайда болды. Оның 
таңбалары  идеограммалар  деп  аталады.  Идеограммалар  белгіленетін  заттың 
мағынасын білдіретін шартты таңбаларынқолданған. 
Идеографиялық жазудың үлгілерін ертедегі қытай жазуы мен шумер жазуынан 
көруге  болады.  Қытай  жазуының  идеографиялық  жүйесі  осыдан  мың  жыл 
бұрын  жасалған  болатын.  Қытайдың  жазу  жүйесі  әрбір  таңбаның  дыбыстық 
тілдегі  белгілі  бір  сөзге  сәйкес  келіп,  соған  телінуіне  негізделген.  Қытай 
жазуындағы  таңбалар  біртіндеп  өзгеріп,  жетіліп,  белгілейтін  заттар  мен 
құбылыстардың шартты таңбаларына айналған. 
Идеографиялық  жазудағы  графикалық  таңбалар  цифрлар  тәрізді:  олар  сөздің 
дыбысталуын  емес,  мағынасын  білдіреді.  Жазудың  идеографиялық  принцпін 
қазіргі  тілдердегі  сандардың  таңбаларынан  да  көруге  болады.  Мысалы,  «5» 
деген  цифр.  Бұл  цифрдың  сандық  мағынасы  барлық  халыққа  түсінікті.  Бірақ 
бұл  цифрдың  атының  дыбысталуы  әр  тілде  әртүрлі.Цифр  белгілі  бір  ұғымды 
санның  таңбасы  ретінде  көрсетеді,  бірақ  ол  таңбаның  цифр  атының 
дыбысталуына  ешбір  қатысы  жоқ.  Осы  ерекшелік,  идеограммалар  мен 
идеографиялық  жазуға  да  тән  нәрсе.  Идеограммаларды  цифрлар  тәрізді 
таңбалар деп түсіну керек. 
Қазіргі  кездегі  идеограммалар  (математикалық,  химиялық,  астрономиялық 
және т.б. ғылыми-техникалық таңбалар) жеке сөзбен немесе сөз тіркестері мен 
айтылатын ғылыми терминдерді білдіреді. 
Әліпбинемесеалфавит  (гр.–альфа  және  бета  (жаңа  грек.  –  вита  деген  екі 
әрпінің  қосындысы;)  жазуда  қолданылатын  әріптердің  белгіленген  тәртіп 
бойынша  орналасқан  жиынтығы.Әріптердіңрет  тәртібін  де  білдіреді.  Ұғымды 
белгілейтінидеограммажазудан, сөзді бейнелейтінлогограммажазудан әліпбилік 
жазудың жүйесі мүлде бөлек.  
Жазудың  әліпбилік  үлгісін,  яғни  таңбаның  бір  ғана  дыбысқа  сәйкес  келуін 
біздің 
заманымыздан 
бұрынғы3-мыңыншы 
жылдардың 
ортасындасемитхалықтары  ойлап  тапқан.  Семит  тілдерімен  туыстас  көлбеу  – 
(курсив)  арамей  (көне  семит  тілі)  әліпбиі  Таау  және  орта  шығыселдерінің 
Код поля изменен
Код поля изменен

64 
 
бәріне  дерлік  тарады.  Біздің  заманымыздан  бұрынғыVІ-ІV  ғасырлардаКіші 
АзияданҮндістанғадейінгі 
билік 
құрғанАхемен 
әулетібилеген 
парсы 
мемлекетінде қолданылған парсы-арамей жазуы (парфян, соғды, хорезм жазу-
ларына негіз болған),еврейлердіңшаршы жазуы, сирия-арамей жазуы (манихей, 
несториан,  яковит  жазуларына  негіз  болған),  жол  асты,  жол  үсті 
дәйекшелерімен  толықтырылған  араб  жазуы,  т.б.  арамей  жазуының  жергілікті 
тармақтарына  жатады.  Түзу  сызықтыфиникийәліпбиі  бастапқы  түріндеКіші 
Азия, Грекия, Италия, т.б. елдерде қолданылды. 
Ал  көне  грек  әліпбиі  бірнеше  тілдердің  жазу-сызуына  негіз  болды. 
Византияжазуы,  копт  (христиан  мысырлықтар),  гот,  славян  жазулары  көне 
грек  әліпбиінің  Шығыс  тармақтарына  жатады.  Ал  италий,  этрус,  көне  герман 
сына жазуы, т.б. батыс грек әліпбиінің тармақтары болып саналады. Бұлардың 
ішінде этрус әліпбиі латын әліпбиіне негіз болған. 
VІІІ–ХІІІ  ғасырлардаОрталық  Азиядағытүркілердің  арамей-сирия  тармағынан 
тарағаннесториан,  манихейжазуларымен  жазған  жазба  ескерткіштері  болды. 
Сондай-ақпарсы-арамейтармағына  жататын  соғды  әліпбиі  Шығыс  Түркістанда 
кеңінен қолданылған көне ұйғыр әліпбиіне негіз болған. Ал көне ұйғыр әліпбиі 
негізінде  ХІІІ  ғасырданкейінтұңғыс-манжұр  жазулары  қалыптасты.  Түркі 
халықтарының  әлемге  әйгіліОрхон-Енисейжазба  ескерткіштерінің  әліпбиіне 
соғды жазуы негіз болған деген де пікір бар. Ал орыс шығыстанушысыНиколай 
Аристовтүркі  әліпбиін  ешбір  бөгде  әліпбидің  ықпалынсыз,  түркі  таңбалары 
негізінде туған төл жазу деп санайды. Жазу-сызу мен сауаттылық дінмен тығыз 
байланысты болды.  
Арамей 
жазуы 
зороастрашылдық,сирия-арамейжазуларыяковит, 
несториан(христиан секталары), манихей діндерімен байланыста тарады. Араб 
әліпбиі  мұсылман  дінінің,  ислам  мәдениетінің  кеңінен  таралуына  байланысты 
көптеген түркі халықтарының жазу-сызуына негіз болды.  
Қазақ  жазба  мұраларының  көпшілігі  араб  әліпбиі  арқылы  біздің  заманымызға 
жетті.  1912  жылыА.  Байтұрсынұлыараб  әліпбиіне  негізделген  қазақ  жазуына 
алғаш  реформа  жасады.  Ол  қазақ  жазуы  тарихында«жаңа  емле»(төте  жазу
деп  аталып,  халықты  сауаттандыруда  ірі  бетбұрыс  жасады.  Әліпби  1913 
жылдан  бастап  мұсылман  медреселерінде,  1929  жылға  дейін  кеңестік  мек-
тептерде қолданылды.  
ХХ  ғасырдың  20-жылдары  аяғында  әліпбиді  ауыстыру  жайлы  түркі,  қазақ 
зиялылары  арасында  айтыс  жүріп,  төте  жазу  қолданыстан  шығарылды. 
Дегенмен көрші Қытайдың Шыңжаң автономиялық ауданын қоныстанған қазақ 
жұрты бұл әліпбиді қазіргі кезге дейін қолданып келеді. 
1929  жылыКСРОқұрамындағы  түркі  халықтары  латын  әліпбиіне  көшірілді. 
1940  жылыКеңес  Одағыхалықтары  біртекті  әліпбиді  қолдануы  қажет  деген 
саясатпен  орыс  әліпбиі  қолданысқа  енгізілді.  Орыс  тілінде  жоқ  қазақ  тілі 
дыбыстарының таңбалары кирилл таңбаларына ұқсастырылып (қ-к, ғ-г, ө-о, ң-
н,)  қабылданды.  Бұл  әліпбидің  қазақ  тіліне  тән  ерекшеліктердің  бәрін  толық 
таңбалай  алмауына  байланысты  кейінгі  жылдары  қазақ  жазуынлатын 
әліпбиінекөшіру мәселесі көтерілуде. 
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен

65 
 
 
3. Көне дүние деректері 
 
Көне  парсы  деректері.  Басты  деректемелердің  біріЗороастризмнің  киелі 
«Авеста»деген  атауымен  белгілі.  Ахура  Маздақұдайынаарналған  жырларда 
авторыЗаратуштра(«Кәрі 
түйеші» 
деген 
мағына 
береді) 
делінеді. 
ЗаратуштраКаспий  теңізініңшығыс-солтүстігін  қоныстанған  арий  тайпасының 
Спитама руынан шыққан. Шамамен алғанда, адамзат тарихындағы тұңғыш пай-
ғамбар,  абыз  Заратуштра,  біздің  заманымызға  дейін  IX  ғасырда  өмір  сүрді. 
Табиғи  дарынының  арқасында  арийлердің батыр  ұлдары жайлы  жырлап,  отыз 
жасында 
жаңа 
дінді 
ойлап 
табады.Қазақстан,Орталық 
Азия,Иран,Әзербайжан,Aуғанстанжерінде 
таралған 
Заратуштра 
ілімінің 
қасиетті жазбалар жинағы біздің заманымызға дейін III ғасырында хатқа түскен 
21 кітаптан тұрады.  «Авестаның» сақталған бөлігінде Құдай атына айтылатын 
жырлар (гимндер) бар. 
Басында  Айға,  Күнге,  отқа,суғатабынатын  арийлер  оның  діни  уағыздарын 
қабылдай  қоймады.  Әсіресе  турлар  қатты  қарсылық  көрсеткен.  Заратуштра 
басқа  жақтарға  қоныс  аударып,  өз  ілімін  көрші  елдерге  таратады.  Осылайша 
зороастризм діні дүниеге келді. Заратуштра уағыздарыныңҚазақстанныңежелгі 
тұрғындарының  тарихын,  мәдениетін  танып  білуде  маңызы  зор.  Онда  шығыс 
ирандық  көшпелі  тайпалар  "турлар"  деген  жинақ  атаумен  беріледі.  Сонымен 
қатар  "Авестада"  "сайримдер",  "дахтар"  деген  тайпалар  туралы  да 
айтылады.Tурлар 
мен 
арийлер 
арасындағы 
шымшытырық 
оқиғаларӘмударияменСырдария,КаспийменАрал,ЕділменКамаөңірлерінде 
өрбиді.  Бұл  деректегі  кейіпкерлер  доңғалақты  арбаға  мінген.  Олардың 
қарулары  –  садақпен  жебе,найза,  айбалта,  кәсібі  –  мал  өсіру 
(өгіз,жылқыжәнетүйе),  тамағы  –  етпен  –  сүт,  Құдайға  құрбандыққа  шалуға 
жылқы, сиыр,қойәкелетіндігі баяндалған. 
Дерек  Орталық  Азияны  мекендейтін  халықтардың  рухани  әлемі  жөнінде 
біршама  мәлімет  береді.  Ондағы  фактілер  археологиялық  зерттеулер  нәти-
жесінде дәлелденіп отыр. 
Көне  грек  авторларының  шығармалары.Ежелгі  Қазақстан  жөнінде  ең  көп 
хабар жинақтаған антика (көне грек) авторларының шығармалары. Көбіне грек 
және  ішінара  латын  тілдеріндегі  деректердің  ішінен  Галикарнасқаласынан 
шыққан  ежелгі  грек  тарихшысыГеродотты(490  және  484–425  жылдардың 
арасы) ерекше атауға болады. 
ЕжелгіРимғұламасыЦицеронГеродотты  «тарихтың  атасы»  деп  атайды.  Б.з. 
дейін  V  ғасырдың  ортасында  жазған  «Тарих»  атты  тоғыз  томдық  еңбектің  4-
томында  скифтердің  географиялық  орналасуы,  саяси  тарихы,  әдет-ғұрпы, 
тұрмысы  суреттеледі.  Геродот  скифтердің  Шығыстағы  далалық  көшпелі 
тайпалар  арасынан  келгенін  айтады.  Олсақтарды  «азиялық  скифтер»  дейдң. 
Скиф  атауы  Солтүстік  Қара  теңіз  өңірі  мен  Алдыңғы  Азияның  көшпелі 
тайпаларына 
қатысты 
қолданылады. 
Грек 
деректемелерінде 
басқа 
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен

66 
 
дамассагеттер,сарматтар(савроматтар),аргиппейлер,аримаспылар,исседондаржә
не т.б. тайпа атаулары кездеседі.  
Мысалы,Геродот массагеттерді Каспий теңізінен шығыска қарай, Сырдарияның 
(Аракстің) арғы жағына орналастырады.Сақтармен массагеттер еліне жасалған 
Дарийдің, Кирдің жорықтарын егжей-тегжейлі әңгімелейді. 
Сақтардан  солтүстікке  қарай  орналасқан  сайримдер  туралы  Геродоттан 
барынша  толығырақ  деректер  алуға  болады.  Геродот:«Танаис  өзенінің 
(қазіргіДон) арғы жағы сарматтардың қолында», – дей келе, Доннан Еділге 
дейінгі  аралықты  меңзейді.Сарматтартайпа  бірлестігі  құрамына  Солтүстік-
батыс  Қазақстан  өңірінен  шыққан  аорстар  да  енген.Жайық  –  Елекөзендері 
аралығынан табылған археологиялықескерткіштерде аорстардың сарматтармен 
мәдени  ұқсастықтары  бар  екендігін  анықтады.  Геродот  Дарийдің  Скифияға 
жорығы  туралы  айта  келіп:  «Сарматтар  скифтер  жағында  белсенді  түрде 
соғысты»,  –  деп  жазды.  Оларды  әйелдер  басқаратындығын  айта 
келіп,амазонкаәйелдер тайпасы туралы аңызды баяндайды. 
«Сармат  әйелдері  садақ  атады,  сапы  лақтырады,  аттың  үстінде  жүреді. 
Барлық саны үш жауды өлтіргенше қыз күйеуге шықпайды», – деп көрсетеді. 
Сарматтар  негізінде  біздің  заманымызға  дейін  IV–III  ғасырларда  Сармат 
тайпалар  одағы  құрылды.  Соңғы  жылдардағы  БатысҚазақстаннантабылған 
«Алтын 
адам», 
«қайқы, 
қылыш» 
сияқтыархеологиядағыжаңалықтар 
сарматтардың  әскери  өнері  дамығандығы  туралы  Геродот  жазбаларын  растай 
түседі. Сармат-алан тайпаларын IV ғасырдағұндарталқандады. 
Ал  Геродот  болса,  халықтардың  шығыстан  батысқа  қарай  көшуін  айта  келіп: 
«Солтүстік-шығыс Қазақстанды мекендеген аримаспылар исседондарды өз 
жерінен  ығыстырып  шығарды.  Алисседондарскифтерді  отырған  орнынан 
қозғады, ал киммериліктер скифтердің тепкісіне төтеп бере алмай, өз елін 
тастап кетті», – деп жазды. Геродот: «Осынау көшіқон біздің заманымызға 
дейін VII–VI ғасырларда жүзеге асты» деп көрсетеді. Исседондарға ертетемір 
дәуіріндегіОрталық  Қазақстандағы  Тасмола  мәдениеті  тән.  Археологиялық 
зерттеулер  ОрталықҚазақстан,  Жетісу  мен  Орталық  Азияда  табылған  қару-
жарақ  үлгілерінің  ұқсастығын  анықтап  берді.Тасмоламәдениетіндегі  тайпалар 
(исседондар) сақ тайпаларының қуатты бөлігін құраған. 
Геродоткелтірген «алтын қырыққан құзғындар» туралы аңыз Алтай өңірімен 
байланысты  шықса  керек.  Геродоттың  баяндауынан  сақ  тайпалары 
ішіненмассагеттермен  исседондардың  бір-біріне  ұқсас  тайпалар  екендігін 
байқауға  болады.  Тарих  атасының  айтуынша,массагеттерАракс  (Сырдария) 
өзенінен  шығысқа  қарай  исседондарға  қарама-қарсы  мекендеген  ірі,  әрі  күшті 
тайпа болған. 
Бұл  тайпалар  жайлыСтрабонеңбектерінен  де  табуға  болады.  Ертедегі  грек 
географы  әрі  тарихшысы  «География»  еңбегінің  авторы  Страбонның  (біздің 
заманымызға  дейін  64  –  біздің  заманымызда  23  жылдары)  мәлімдеуіне 
қарағанда,Каспий теңізініңшығысына қарай тұратындар массагеттер мен сақтар 
делінеді.  Ал  қалғандарын  Страбон  жалпылама  скифтер  деген  атаумен  береді. 
«Бірақ  әрбір  тайпаның  дербес  атауы  бар.  Олардың  арасындағы  барынша 
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен

67 
 
белгілілер:  асиилер,  пассиактар,  тохарлар,  сакаравилер.  Массагеттер  тек 
Күнді  ғана  Құдай  деп  санайды  және  оған  құрбандыққа  жылқы  шалады... 
аттылы-жаяу  жақсы  жауынгерлер.  Ұрысқа  алтын  белдік  тағып  шығады. 
Аттарына  алтын  жүген  салады.  Оларда  күміс  жоқ,  темір  аз,  бірақ  қола 
мен  алтын  өте  көп.Егіншілікпенайналыспайды,  қайта  номадтар 
(көшпенділер),скифтерсияқты мал бағып, барлық аулап тіршілік етеді", – 
деп  жазды.  Бұдан  Страбонның  тарихи  материалдарды  көбінесе  басқа  да  грек 
авторларының шығармаларынаұқсас екендігін аңғарамыз. 
Орталық  АзияменҚазақстанжерін  мекендеген  скифтердің  шығыстан  батысқа 
қоныс  аударуы  нәтижесіндеҚара  теңіздің  солтүстік  өңіріндегі  скифтер 
мемлекеті  пайда  болды.  Ал  Қара  теңіз  жағалауы  скифтері  өз  замандастары 
гректермен тығыз қарым-қатынас жасаған. Бұл аймақтағы тарихи байланыстар 
жөнінде  бірсыпыра  анық мәлімет  беретін  «Тарихта»  Геродот  Скиф  даласынан 
шыққан ғұламаАнахарсистуралы маңызды дерек қалдырған. 
Анахарсис  Скиф  жерінен  Эллада  еліне  біздің  заманымызға  дейін  594  жылы 
келеді.  Оның  шыққан  тегі  туралы  алғашқы  деректі  Геродот  былайша  береді: 
«Ариапифаның  сенімді  кісісі,  тыңшысы  Тимнен  естуім  бойынша, 
Анахарсис  әке  жағынан  Скиф  патшасы  Идантирстің  ағасы  болып  келеді. 
Спаргапифтен  Лик,  Ликтен  Гнур,  одан  Анахарсис  туған».  Анахарсистің 
басты мақсаты – Эллада еліне барып, мемлекет ісін, философия ғылымын игеру 
еді. 
Анахарсис өз Отанында тамаша тәрбие алып, ана тілін жетік меңгергендігімен 
қатар  грек  тілін  де  жақсы  білген.  Ол  өзінің  скиф  және  эллин  халықтарының 
өмір-тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы, кәсібі туралы 800-ден астам еңбектері 
бар.  АнахарсисСолонарқылы  афинылықтардың  салт-дәстүрімен,  заңымен, 
мемлекет  құрылысымен  тереңірек  танысады.  Скиф  данасы  көне  грек  ой-
шылдарын,  грек  мәдениеті  мен  өнерін  біліп  қана  қоймай,  оларға  сын  көзбен 
қараған.  Оның  көзқарастарынан  далалықтардың  дәстүрлі  дүниетанымы 
байқалады.  Анахарсистің  даналық  сөздерінің  болмыс  бітімі  қазақтың  белгілі 
шешен-билерінің  сөздерімен  қабысып  жатыр.  Эллин  жерінде  жүрсе  де, 
тұрмыста скифтерше өмір сүреді. 
Плутархтың«Жеті  данышпанның  сауығы»  деген  әңгімесінен  Анахарсистің 
эллиндер  елінде  өзінің  ақылымен,  адамгершілігімен,  терең  білімімен  үлкен 
құрметке ие болғаны байқалады. Геродоттың баяндауына қарағанда, Анахарсис 
Эллада  елінде  оқып,  білім  алып,  мемлекет  ісіне  үйреніп,  еліне  қайтады. 
Анахарсис  туған  Отанында  оны  көре  алмаушылардың  қолынан  қаза  табады. 
Геродот  Анахарсистің  қайғылы  өлімінің  себебін  скифтердің  әдет-ғұрпымен 
байланыстырады.  Афины  билеушісі,  Атақты  реформаторСолонныңтөмендегі 
жалынды  сөздері  ұлы  скиф  данышпаны  Анахарсиске  арналады:  Ал  мына 
жателдік  азамат...  скиф  бола  тұра  ақылға  бай,  дана.  Ол  менің  көзімді 
ашты,  ойымды  байытты,  көптеген  пікірлерімді  басқаша  байыптауға 
көмектесті,  толып  жатқан  кеңес  беріп,  білім  мен  пайдалы  іске  үйретті. 
Сондықтан  да  бұл  азаматты  ел  үшін  де,  мемлекет  үшін  де  құтты  деп 
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен
Код поля изменен

68 
 
санап,  оның  мүсінін  мыстан  құйып,  ең  бір  құрметті  жерге 
қалаулыларының мүсіндерімен қатар қойыңдар!» 
Қазақстан  аумағын  мекендеген  тайпалардың  ежелгі  дүние  өркениеттерімен 
парсылармен,  гректермен  байланыс  орнатқандығын  көрсетеді.  Сақтардың  сол 
кездегі  көптеген  тарихи  оқиғалардың  бел  ортасында  жүргендігі  байқалады. 
Адамзат  жинақтаған  мол  құндылықтармен  танысу  әлемдік  өркениеттегі 
Еуразия  көшпенділерінің  алатын  орнын  анықтауға  көмектеседі.  Бұл  өз  кезе-
гінде тарихтағы еуроцентристік көзқарастардан арылуға септігін тигізері сөзсіз. 
Қытай  жазба  деректері.ҚытайдыңБатыс  аймақтарды  бағындыруға  ұмтылуы 
сол  өңірдегі  халықтар  жөнінде  материалдар  жинаудан  басталды.  Қытай  жазба 
деректері өзінің көлемі жағынан және жүйелі жазылғандығымен ерекшеленеді. 
Қазақстан  тұрғындары  туралы  алғашқы  анық  мәліметтер  император  У-ди 
(біздің  заманымызға  дейін  140–87жылдары)  Батыс  өңірге  жіберген  тұңғыш 
Қытай  елшісі  Чжан  Цяннан  алынды.  Қытай  жазбаларындағы  «Батыс  өңір» 
деген жерлер қазіргі Шыңжаң (Шығыс Түркістан) және Қазақстан мен Орталық 
Азияның біраз бөлігіне қатысты қолданылды. 
Чжан  Цянь  екі  рет  Батыс  өңірде  болып  қайтты.Чжан  Цяньбастаған  елшілікке 
ғұндарға  қарсыЖетісудағыүйсіндермен  одақ  жасау  міндеті  жүктелді.  Ол 
елшілік  барысында  жергілікті  халықтың  шаруашылығына,  әскери  күштеріне, 
қару  түрлеріне,  әдет-ғұрып,  салт-дәстүріне  дейін  назар  аударып,  жазып  алып 
отырды. 
Әулеттердің  тарихын  жазушылардың  ішінде  У-ди  императордың  басты 
жылнамашысы «Қытай тарихының атасы Сыма Цянды (біздің заманымызға 
дейін  145–86  жылдары)  бөліп  көрсетуге  болады.  Оның  «Тарихи  жазбалар 
(«Шицзи»)деген  еңбегінің  «Сюнну  туралы  хикая»  және  «Давань  туралы 
хикая» деген екі тарауында ғұндар туралы мәліметтер бар. Мазмұны жағынан 
Геродоттың  Қара  теңіздің  жағалауындағы  скифтер  туралы  баяндауларына 
ұқсас.  
Көне түркі жазуларытарихи дерек. Көне Түркі жазуларының зерттелуі Сібір 
және  Монғолия  далаларына  таралған  жұмбақ  жазулардың  бар  екендігі  туралы 
ғылыми  орта  ертеден-ақ  білетін  еді.  Оларды  «Руна  жазулары»,  яғни 
скандинавия  тілдерінен  алғанда  «құпия,  сыры  ашылмаған»  таңбалар  деп 
атайтын.  Ол  кезде  әлем  ғалымдары  сондықтан,  бұл  жазуларды  көне  Угор 
тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді. 
Жазуларды зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының 
экспедициясы  Минусинск  ойпатында  іздестіру  жұмыстарын  жүргізіп,  Д.Г. 
Мессершмидт  және  Ф.И.  фон  Стралленберг  1721–1722  жылдар  аралығында 
көптеген  материалдар  жинақтады.  Жиалған  деректер  ғылыми  тұрғыдан 
екшеліп,  1729  жылы.  З.  Байердің  Санкт-Петербургтегі  Императорлық  ғылым 
Академиясының 
жазбаларында 
жарық 
көріп, 
Еуропадағы 
барлық 
Шығыстанушылардың қатты қызығу. 
 
Әдебиет 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет