Қазақстанреспубликасы ғылымжәнебілім министірлігі



Pdf көрінісі
бет7/16
Дата17.03.2020
өлшемі2,13 Mb.
#60306
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
5316dca4b6f55196e5e5a951d6210a82
5316dca4b6f55196e5e5a951d6210a82, Семинар ¦9, Семинар ¦9, cop vsemirnaya-istoriya 5kl kaz

Код поля изменен
Код поля изменен

69 
 
История Казахстана в произведениях античных авторов.В двух томах. Астана: 
Фолиант, 2005. 
История  Казахстана  в  персидских  источниках.  Алматы:  «Дайк-Пресс», 
2005.«Таным тармактары». Алматы., «Санат», 1998./Сост.К.Салгараулы. 
«Сиуңну. 
Хан 
Кітабінан» 
(«Сюнну»). 
Алматы, 
«Санат», 
1998./ 
Сост.К.Салгараулы
«100 құжат». Алматы, «Санат», 1998./ Сост.К.Салгараулы
«Дунху. Гаучы». Алматы, «Санат», 1999./ Сост.К.Салгараулы. 
Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері. 1-2т. Алматы; 2005. 
Абусеитова  М.Х.,  Баранова  Ю.Г.  Письменные  источники  по  истории 
икультуреКазахстанаиЦентральнойАзииXIII,XVΙΙΙвв.:(библиографические 
обзоры).Алматы, «Дайк-Пресс», 2001. – 426с. 
 
 
 
 
 
 
 
8. НАРРАТИВ ТАРИХИ ДЕРЕК РЕТІНДЕ 
 
Жоспары 
1. Тарихи зерттеулердегі нарративті деректердің орны. 
2.Еуропа нарративті деректері. 
3.Орта ғасырдағы қазақ нарративті деректері. 
 
1. Тарихи зерттеулердегі нарративті деректердің орны 
 
Тарихи  зерттеулерде  нарративті  деректердің  орны  ерекше.  Мұндай  деректер 
тек  тарих  ғылымында  ғана  емес,  сонымен  қатар,  басқа  да  гуманитарлық 
пәндерге  тән.  Сонымен  нарратив  дегеніміз  не?  Нарратив  дерегінің  бірнеше 
нұсқасы  бар,  алғашқысы  латын  тіліндегі  narrare  және  gnarus  деген  екі  сөздің 
қосындысынан  пайда  болған.  Қазақ  тіліне  аударғанда  «бірдеңе  жөнінде  біле-
тін»  және  «эксперт»  осы  ұғымға  ұқсас  ағылшын  тілінде  де  «narrative» 
аударғанда  әңгіме  деген  сөз  бар.  Біздің  пікірімізше,  осы  термин  әңгіме  еткелі 
отырған нарратив түсінігіне сәйкес келетін сияқты. Бүгінгі ғылымда нарративті 
деректер  психология,  әлеуметтану,  саясаттану,  филология,  философия  тіпті 
психотрия  ғылымында  да  кездеседі.  Ғылымда  нарративті,  наррация,  нарра-
тивтік техника сияқты нарратология ғылымының бағыттары бар. 
Жо
ғарда айтылғандай нарратив термині білім және әңгіме ұғымдарына сәйкес. 
Яғни  нарратив  дегеніміз  болған  оқиғаны  баяндауды  білдіреді.  Бірақ 
нарративтің  жәй  әңгімеден  түсінігі  бөлек.  Нарративті  әңгімелеудің  өз  сипаты 
және  ерекшеліктері  бар.  Сондықтанда  оны  жәй  әңгімемен  шатыстыруға 
болмайды. Енді оның ерекшеліктеріне тоқталайық: Жәй әңгіме бұл коммуника-

70 
 
ция  әдісі,  ақпарат  алмасу  түрі  ал  нарратив  сол  ақпаратқа  мағына  беретін, 
түсіндіретін  әңгіме.  Американың  философы  және  өнер  зерттеушісі  Артур 
Данто  өзінің  тарихтың  аналитикалық  философиясы  атты  еңбегінде  бұған 
«түсіндіретін  әңгіме»  деген  сипаттама  берген  болатын.  Нарратив  объективті 
емес керісінше субъективті әңгімелеу. Нарративтік әңгіме дегеніміз өмірде жие 
кездесетін жәй әңгімені субъективті эмоцияны және әңгіме айтушының бағасын 
қоса  беру  арқылы  жасалатын  әңгіме.  Әңгіме  айтушы  ақпарат  беру  барысында 
болған  оқиғаға  жәй  ғана  констатация  жасамай  оған  өзінің  жеке  басының 
эмоциясын  қосып  және  сол  оқиғаға  өз  бағасын  береді.  Сөйтіп  тыңдарманды, 
оқырманды өзіне тартуға тырысады, берген ақпаратына қызықтырады. 
Тарихи оқиғалар бір-бірімен себеп-салдарлар байланыста болатындығы белгілі. 
Нарративті  әңгіме  айтушы  осы  оқиғаларды  қисынды  байланыстырады. 
Мысалы:  1812  жылы  Бородино  түбінде  орыс  әскері  шегінуге  мәжбүр  болды. 
Бұл  жәй  әңгіме  түрі  ал  енді  осы  әңгімеге  оның  себебін  білдіретін  сөздерді 
қоссақ ол нарративті әңгіме болып шығады. 1812 жылы «орыс әскері тактика-
лық қулық жасап Бородина түбінде елдің ішкі аудандарына қарай шегінді десек 
бұл  нарративті  әңгіме  болып  шығады.  Мазмұны  жағынан  бұл  әңгіменің  екі 
нұсқасының да бірінен-бірінің айырмашылығы жоқ, дегенмен екінші нұсқадағы 
«тактикалық  қулық  жасады»  деген  сөз  тіркесі  жәй  әңгімені  нарративке 
айналдырып отыр. Бірінші нұсқасында субъективтілік көзқарас жоқ, ал екінші-
сінде субъективтік көзқарас негізгі ойды білдіріп тұр.  
Жалпы,  нарратология  ХХ  ғ.  60-70  жылдарында  жазба  әңгімелерді,  көркем 
мәтіндерді зерттеудің структуралистік әдісі ретінде пайда болды. Оның негізгі 
міндеті  әңгімелеудің  астарында  жатқан  «терең  құрылымдар»  мен  «әмбебап 
грамматиканы»  іздеу  деп  белгіленді.  Нарративті  тарих  аясында  оқиғалардың 
мағынасы  түбегейлі  негізделген  тарихи  процесс  деп  емес,  оқиға  туралы  әңгі-
менің  контексінде  туындайтын  және  интерпретациямен  ішкі  байланыста 
болады деп түсіндірілді. Нарративтік талдаудың көмегімен фактілер, оқиғалар 
іріктеледі және түсінік беріледі.  
Олар  белгілі  бір  «сюжетке»  айналып,  оқиғалар  неге  дәл  осылай  болу  мәнісі 
ашылады. Нарратив шындықты түсіндіру моделін жасайды, тәртіпке келтіреді, 
ұйымдастырады, сендіреді. Ол аудитория назарын бір құбылыстарға аударады, 
ал  екіншісін  тасада  қалдырады.  Нәтижесінде  құбылыстар  әлеуметтік  және 
коммуникативтік контексте мән мағынаға ие болады. Нарратив арқылы субъект 
өзін  әлеуметтік  аудиторияға  белгілі  бір  қоғамның,  мәдениеттің  өкілімін  деп 
таныстырады.  Нарративтің  ерекшелігі  де  осында,  өйткені  когнитивтік 
практикасын түсіндіруші субъект таным процесінің «ішінен шыққан».  
Нарратив  6  элементтен  –  тезис  (қысқаша  мазмұны,  резюмесі),  бағыт-бағдар 
(болған  уақыты мен жері, кейіпкерлері),  оқиға реттілігі,  бағасы (айтушының 
оқиғаны бағалауы), резолюциясы (оқиға немен бітті), коды (айтушының қазіргі 
уақытқа қайтуы) – тұрады.  
Нарративтік  талдау  барысында  сұхбат  материалдары  мазмұндық  ғана  емес, 
мәтін формасына қатысты да сарапталады. Яғни сұхбат берушінің жеке басына 
қатысты  немесе  белгілі  бір  оқиғаны  субъективті  қабылдауына  байланысты  өз 

71 
 
еркімен,  өз  қалауымен  қандай  оқиғалар  мен  өмірінің  жайттарын  бөліп 
көрсететінін өзі шешеді. Сонымен қатар сұхбат беруші қандай категорияларды, 
ұғымдарды,  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  пайдаланатыны  да  маңызды. 
Нарративтік талдау биографиялық немесе тақырыптық сұхбатты сапалы түрде 
талдауға  жетелейді.  Ф.  Шютц,  В.  Фишер,  Г.  Розенталь,  Дж.  Брунер  – 
нарративтік  талдаудың  методологиялық  негіздерін  жасаған  ғалымдар. 
Айтылған  әңгімелерді  (нарратив)  оқу,  түсіндіріп  беру  және  талдау  бір-біріне 
тәуелсіз  холистикалық  тәсіл  немесе  «категориялық  versus»  және  мазмұндық 
тәсіл немесе «формал-дық versus» өлшемдерімен жүреді.  
Бұл  екі  өлшемнен  нарративті  интерпретациялаудың  төрт  моделі  туындайды: 
холистикалық  –  мазмұндық,  холистикалық–  формальдық,  категориялық  – 
мазмұндық  және  категориялық-  формалдық.  Категориялық  тәсіл  толық 
мәтінді  не  түрлі  респонденттерден  алынған  бірнеше  мәтінді  секцияларға  бөлу 
және  ондағы  сөздерді  категориялармен  байланыстырып  талдауды  білдіреді. 
Холистикалық  тәсіл  материалды  тұтас  қарастырып  мәтін-нің  әрбір  бөлігін 
басқа  бөліктердің  контексінде  түсіндіреді.  Категориялық  тәсіл  белгілі  бір 
мәселені  не  феноменді  түсіндіруге  ыңғайлы.  Тұлға  өмірін  тұтас  зерттеуге 
холистикалық әдіс қолайлы. Мазмұндық тәсіл оқиға туралы әңгіменің фактілік 
ақпаратын талдайды: тұтас оқиғаның, не оның бөліктерінің мәні мен маңызын, 
мүдделердің  көрінісін,  информанттың  тұлғалық  ерекшелігін,  т.с.с.  Формалды 
талдау әңгіме сюжетінің құрылымын, оқиғалар реттілігін, уақыттық сәйкестігін, 
көңілкүй мен сезімдерге қатысты сөйлеу стилін, қолданылған метафоралар, т.б. 
анықтау  үшін  қолданылады.  Нарративті  зерттеп  жүрген  ғалымдар  «кездейсоқ 
оқиғалар»  тәжірибесін  баяндайтын  жағдайлармен  жиі  ұшырасатындарын 
айтады.  
 
Дискурс және нарратив 
Дискурс  (фр.)  –  тілдік  коммуникация  түрі.  Кең  шеңберде,  дискурсдегеніміз 
уақыттың  мәдени  тілдік контексті.  Оған  рухани-идеологиялық  мұра,  көзқарас, 
дүниетаным кіреді. Тар мағынада, дискурс деп қандай да болмасын мағыналы, 
құнды іс-әрекеттің (актінің) нақты тілдік шындығын айтады. 
Дискурс–  сөйлесу  арқылы  берілетін  ойдың  әлеуметтік  астарына  талдау 
беретін  ұғым.  Структуралистер  ғылыми  айналымға  қосқан  бұл  ұғым 
философияда,  әлеуметтануда,  семиотикада  мәдениеттануда,  когнитивтік 
талдауларда  қолданылады.  Дискурс  ұғымы  арқылы  қандай  да  бір  тікелей 
оқырманға  не  тыңдаушыға  бағытталған  концепция  (ғылыми,  философиялық) 
белгіленеді.  Дискурс  адамдардың  сөйлеу  арқылы  жасаған  қарым-катынасынан 
кейін  ғана  мағынасы  болады,  яғни  мағынасы  мен  белгісін,  сөз  бен  ойдың 
бірлігін айқындайды. 
Француз әдебиеттанушысы Жан Франсуа Лиотар наррацияны дискурстың бір 
түрі  деп  есептейді.  Ал  енді  екінші  бір  неміс  ғалымы  Иенс  Брокмейер 
нарративті  дискурстың  бір  түрі  деп  есептейді.  Соныменен  лингвистика  дәне 
әдебиеттану  ғылымдарында  нарратив  және  дискурс  ұғымдары  бірімен  бірі 
байланысты бірімен бірі өмір сүре алмайтын түсініктер. 

72 
 
 
Тарихи нарративтер 
Осы  күні  барлық  гуманитарлық  ғылымдар  пайдаланып  жүрген  наративті 
деректер  тарих  ғылымының  аясында  пайда  болған.  Тіпті  орта  ғасырда 
«нарратитві  тарих  деген»  термин  де  болған.  Оның  мәні  тарихи  оқиғаларды 
логикалық  ретімен  емес  контекст  және  интерпритация  призмасы  негізінде 
қарау  болды.  Яғни  нарративтің  негізінде  оқиғаның  өзі  емес  ол  туралы  әңгіме 
жатты.  Соныменен  тарихи  нарратив  әңгімедегеніміз  оқиғаның  объективті 
баяндалуы.  Нарратитвке  трактат,  хроника,  кейбір  фольклорлық  және 
литургиялық  сияқты  тарихи  мәтіндер  жатады.  Нарративті  дерек  дегеніміз 
нарративті баяндауы бар мәтіндер мен хабарламалар. 
Й.  Брокмейера  жәнеР.  Харре  сияқты  ғалымдар  барлық  кез  келген  мәтіннің 
тарихи  нарративке  жата  беретініне  қарсылық  білдіреді.Мысалы  кейбір 
«өмірбаяндық»  мәтіндер  уақыт  өте  келе  өзгеріске  немесе  редакциялауға 
ұшыраған. Ондағы фактілердің объективтілігіне сенім аздығын алға тартады. 
Дегенмен болған оқиға барысы одан өзгермейді. Деректанушы контекстен өзіне 
керегін  сын  елегінен  өткізіп  барып  керегіне  жаратады.  Бәрімізге  белгілі, 
өмірбаян иесі өзі туралы бар шындықты айта бермейді. Өзі туралы мәліметте ол 
жамандығын жасырып, жақсылығын асырып жазуы әбден мүмкін. 
Нарративті  деректерді  адам  жасайды.  Сондықтан  онда  субъективті 
факторлардың  әсері  бар.  Адам  белгілі  бір  әлуметтік  топтың  немесе  қоғамның 
мүшесі.  Қоршаған  орта,  елдегі  саяси  ахуал,  жазушының  білімі, 
қызметі,қоғамдағы  орны,  жас  мөлшері  сияқты  факторлар  нарративті 
деректерден көрініс табады. 
Соныменнарратив  дегеніміз  өзіндік  құрылымы  бар  логикалық  байланыстағы 
әңгіме.  Автор  өзінің  өмірлік  тәжрибесіне  қарай  айналасында  болып  жатқан 
құбылыстарды қабылдап өзін өзі тануы және өзін жұртқа таныстыруы. 
Тарихи  нарратив  арқылы  тарихи  тұлғалардың  өмірге  деген  көзқарасын  ескере 
отыра  сол  заманның  болмысынан  мәлімет  аламыз.  Кейде  автор  сол  оқиғаның 
қатнасушысы немесе оның куәгері. 
 
Нарративті деректерді топтау 
Ортағасырлық  нарративті  деректерге  мына  төмендегілер  жатады:хроника 
(грек.–уақыт)–  тарихи  оқиғаларды  хронологиялық  тәртіппен  сипаттау  дегенді 
білдіреді.Хроника  тарихи  туынды  ретінде  Ежелгі  Рим  империясында  пайда 
болып,  Византия  мен  Батыс  Европада  дамыды.  Әдетте,  хроникалар  өзінің 
баяндауын  ғылымның  қалыптасуынан  бастайды.  Хронографтардың  аударма-
лары  негізінен  Болгарияда  жүргізілген.  Русьте  жасалған  хроникаларды 
хронографтар деп атайды. ХІІ ғасырдың соңынан бастап ХVІІІ-ға дейінЛивония 
мен Шығыс Балтық елдерінде хроника маңызды тарихи дерек болып табылады. 
Солардың ішіндегі ең танымал: ЛатвиялықГенрихтың «Хроника Ливонии»(XIII 
ғасырдың  алғашқы  жартсы.),  «Рифмованная  хроника»  (XIIIғасырдың  соңы.), 
«Новая рифмованная хроника» Б. Гёнеке (XIV ғасырдың орта шені.) 

73 
 
Қазіргі  заманғы  тарихи  әдебиеттерде  «хроника»  атауы  кең  мағынада  жиі 
қолданылады  ортағасырлық  тарихи  шығармаларға,  Шығыс  елдеріне  қатысты. 
Ежелгі  Русь  және  басқа  да  бірқатар  елдердің  (Византия,  Болгария,  Сербия) 
тарихи  шығармалары  хроникаға  байланыстыжылнама  және  хронограф  деген 
атқа ие болады. 
Агиогра́фия (грек – киелі;– жазамын) – діни тақырыпта жазылған шығармалар.  
*Дидактикалық әдебиет– ғылыми, философиялық, моральдық, діни идеяларды 
және  уағыз,  ғибрат  ойларды  білдіретін  шығармалар.  Онда  көркем  сурет  пен 
бейнелеуден  гөрі  байлам,  пікір,  тұжырым,  өсиет,  уағыз,  насихат  басым 
болады. 
*Тарихи  публицистика – қоғамдық салада туындайтын тарихи деректің бір 
түрі.Публицистика қандай да бір маңызды мәселе жайлы әлеуметтік қоғамға 
пікірін  білдіру  жатады.Сонымен  публицистика  термінін  нақты  өмір 
құбылысына  қатысты  қарастырғанда,  шығыс  славян,  поляк,  неміс  тағы  басқа 
тілдерде кең мағынада түсінуге болады.  
Қазақ  публицистикасында  ғасырлар  қойнауындағы  ауызша  ,  жазбаша 
жәдігерлерді  кездестіріледі.  Олар  Күлтегін,  Тоныкөк,  Орхон,  Енисей 
ескерткіштерін жатқызуға болады. 
*Жеке  тұлғалақ  деректері  –  өткен  заманның  ерекше  мәліметтер  тобын 
ұсынады.  Жазбаша  дерек  көзі  ретінде  нақты  шығу  тегі  бойынша  адамға 
байланысты  ерекшелінеді.  Деректанулық  талдаудатарихи  ғылымда  нақты 
қаралады  және  басқа  да  ғылым  салаларында  соның  ішінде  гуманитарлық 
пәндерде  белсенді  пайдаланылады.  Тарихи,  мәдени  ,  әдеби,  лингвистикалық 
және  т.б.  зерттеулерде  жеке  тектік  деректерге  сүйенеді,  сол  дәуірде  болып 
жатқан оқиға тұрғысында терең түсінуге мүмкіндік береді.  
Жеке  тектік  деректердің  жалпы  түсінігі  тарихи  деректерде  әдіснамалық 
тәсілдерге  байланысты  белгіленген.  Негізге  ала  отырып,  олардың  дерек 
көздерін  анықтау,  жеке  тектік  деректердің  айналасында  екі  ұғым  бар  – 
мемуарлық және тұлғалық-коммуникациялық жазбаша деректер. 
*Мемуар  (ғұмырнама)  –  жеке  тектік  деректердің  бір  түрі  болып  табылады, 
оқиғалар туралы өзі қатысқан немесе сол заманда болған адамның жазбалары. 
Ғұмырнамада мәтіннің нақтылығымен ерекшелінеді, бірақ шын мәнінде барлық 
ғұмырнамалар  шыншыл  және  дәл  болып  табылмайды.  Ғұмырнама,  хроника, 
өмірбаян  осы  ұғымдар  өмірде  синоним  ретінде  пайдаланылуы  мүмкін. 
Ғұмырнамашылар өз өмірін тарихи контекст ретінде ұғынуға тырысады, белгілі 
бір тарихи процесс ретінде өз іс-әрекетін сипаттайды. Көпдеген ғұмырнамалар 
тарихты  өзінің  нақты  бір  ролі  бар  тұлғалармен  жазылған  (Уинстон  Черчилль, 
Шарль  Де  Голь,  Екатерина  ІІ).  Олар  белгілі  бір  уақытты,  өмір  бойы  бір  ма-
ңызды оқиғаларын кейде күнделікті өмірінің ұсақ мәліметтерді қамтуы мүмкін. 
Осыған қатысты ғұмырнама тарихи дерек ретінде маңызды. 
Нарративті деректермен жұмыс істеу: 
деректің  мазмұнын  талдау,  жоспар  құру,жазба  деректерге  қарастырылған 
мәселелерге  жауап  іздеу,  бірнешежазба  деректісалыстыра  отырып,  оған  сыни 
баға беру ұсынылады. 

74 
 
  деректердің  маңыздылығы  мен  мазмұнына,  тақырыпқа  сәйкестігіне  қарай 
топтау,  оның  мазмұнын  қысқаша  баяндау,  оқыған  дерек  бойынша  тұжырым 
қалыптастыруды үйретеді. 
Тарихи  деректермен  жұмыс  істеу  кезінде  білім  алушылардың  танымдық 
мүмкіндіктерін  ескеру  арқылы  үш  түрлі  деңгейдегі  күрделі  тапсырмалар 
дайындалады: 
1) деректерді талдау – одан дәйектер алу – оларды ауызша әңгімелеп, жазбаша 
шығармада, сурет арқылы түсіндіру. Деректі сипаттау мен картаның; құқықтық 
күнделік пенкүнделік жазбалардың; кез келген тұлғаның мемуарлары, хаттары 
және портреті байланыстырылуы мүмкін. 
2)деректерге 
сұрақтар 
ойлап 
тауып, 
сөзжұмбақтар 
құрастырады, 
оқиғалардысипаттай  келе  өз  мәтіндерін  жазады.  Деректермен  осылай  жұмыс 
жасау шығармашылық ойлауын дамытуға ықпал етеді, бірақ еңбекті көп қажет 
етіп, уақытты да көп алады. 
3)  деректермен  жұмыс  жасау  барысында  археологиялық  қазба  жұмыстары 
нәтижесінде  табылған  заттайдеректерді  де  сәйкестендіре  отырып,  өзінің 
дайындаған тақырыбын одан әрі көркемдей түседі.  
Қазақстанның  түріктанушылар  мен  шығыстанушыларды  ортағасырлық  жазба 
деректердің  аз  зерттелуін,  деректерді  классификациялаудағы  қиындықтармен 
байланыстырады.  Теориялық  деректануда  Орта  Азия  мен  Қазақстан 
халықтарының  тарихы  жайлы  деректер  ішінде  парсы  және  түркі  деректерін 
территориялық  сипатына  қарай  классификациялауда  филолог  –  ғалым 
Ә.Құрышжановтың  тізген  жүйесі  ерекше  көңіл  бөлуді  талап  етеді. 
Ә.Құрышжанов  кезеңдерді  тарихи  дәуірлерге  байланысты  тарихи  деректерді 
жүйелі  бірізділік  тұрғысынан  бөледі:  ерте  орта  ғасыр  (І–Хғғ.)  –  көне  түркі 
жазбалар, орта орта ғасыр (ХІ–ХV ғғ.) – ескі түркі жазбалар және кейінгі орта 
ғасыр  (XVI–XVIII  ғғ.)  –  жаңа  түркі  жазбалар.  Ғалым  сонымен  қатар  жазба 
деректерді жазылу уақыты, қолдану аясы және тілдік ерекшеліктеріне қарай да 
классификациялайды.  
 
2. Еуропа нарративті деректері 
 
Ортағасырлық  нарративті  деректер  саналуан.  Өкініштісі,  біздің  заманымызға 
дейін  олардың  көпшілігі  жетпеген.  Жазу  материалдарының  тапшылығынан 
немесе  олардың  қымбатшылығынан  жазылған  бір  ескеткішті  өшіріп  оның 
үстіне екіншісін жазған (палимпсестілер). 
Орта  ғасырдың  алғашқы  дәуірінде  көбінесебелгілі  саяси  оқиғалар  жөнінде 
көлемді  шығармалар  жазылды.  Олардың  қатарына  VІғасырда  өмір  сүрген 
византиялық  тарихшы  Кесарийлық  Прокопидің  «Юстиниан  соғыстарының 
тарихы». Турлық Григоридің «Франктар тарихы» (VI в.), Мәртебелі Беданың 
«Ағылшын халқының шіркеулік тарихын» (VIII в.) жатқызуға болады. 
Хроникалар  мен  тарихи  шығармалармен  қатар  ортағасырлық  тарихнамада 
ЭйнгардтыңІХ  ғасырдың  басында  жазылған«Ұлы  Карлдың  өмірі»  деп 

75 
 
аталатын  өмірбаяндық  және  жыл  сайынғы  көрнекті  оқиғаларды  тіркеп 
отырған анналдар шығармалары да кездеседі. 
*Анналдық шығармалар дегеніміз жылда болған,өзара байланысы жоқ саяси 
оқиғалар мен шіркеу өмірін баяндайтын қарапайым тілмен қысқаша жазылған 
әңгімелер жинағы.  
Сонымен  қатар  ортағасырлық  шығармалардың  ішінде  деректік  мәні  бар 
агиографиялық және христиан шіркеуінің әулие санатына қосқан тұлғаларының 
өмір жолдарыннасихаттайтын мәтіндерді айтуға болады.  
XI–XVғасырларда  да  Еуропада  нарративті  деректер  молынан  жазылды.Ескі 
дәстүр  бойынша–анналдар,  хроника  мен  тарихи  шығармалар  пайда 
болды.Олардың көпшілігі крестшілер жорығына арналды.Шала сауатты рыцарь 
жазған  «Деяния  франков  и  прочих  иерусалимцев»,бірінші  жорыққа 
қатынасқан 
маршал 
Шампани 
Жоффруаның«Взятие 
Константинополя»,және  сол  оқиғаны  баяндағанРобер  де  Кларидің 
шығармалары маңызды деректер қатарына жатады. 
ХІІІ  ғасырдан  бастап  тұтастай  бір  ел  туралы  жазылған  тарихи  шығармалар 
пайда  болды.  Эпотолярлық  жанркүш  алып  жүздеген,мыңдаған  әртүрлі 
мазмұндаға  хаттар  жинағы  жарық  көрді.  Феодализм  заманында  әдебиет 
саласында  да  рыцарлық  романдардан  бастап  трубадурлар  мен  ваганттар 
поэзиясы, халық әндерінен балладаға дейінгі шығармалар жазылды. 
Ол  заманда  публицистика  жанры  жеке  бөлек  шыға  қоймаған  кезі  еді.Ондай 
жанр  арнаулар  мен  философиялық  трактаттарда  көрініс  тапты.  Мысалы  Рейм 
архиепископы  Гинкмардың  ІХ  ғасырдың  соңында  король  Карлға  арнап 
жазған«О  дворцовом  игосударственном  управлении»  және  Х  ғасырдың  орта 
шенінде  жазылған  Византия  императоры  VII  Константинніңбаласы  Романға 
арнаған«Об 
управленииимперией»,трактаттары 
жатады. 
Мұндай 
шығармалардан  тек  сол  замандағы  қоғамдық  ой-пікірді  ғана  емес,  сонымен 
қатар  мемлекеттік  құрлыс,  ішкі  және  сыртқы  саясат,ел  ішіндегі  әлеуметтік 
жағдай жөнінде мағұлмат алуға болады.  
Халық  әдебиетінің  үлгілерінен  де  деректік  мәні  бар  ақпарат  алуға  болады. 
Фольклорлық шығармалардың жазбаша үлгілері қалыптасты. 
*Немістің«Песнь  о  Хильдебранде»  және  ағылшынның  «Беовульф»,  герман 
тайпаларының  эпикалық  ескерткіші  «Песньо  Нибелунгах»,  француздың 
«Песнь  о  Роланде»,  исланд  сагтары  әлемдік  өркениетке  қосылған  үлес 
еді.Әрбіреуінеқысқаша тоқталыпөтелік. 
ІХ  ғасырға  жататын  көне  германбатырлық  жыры«Песнь  оХи́льде-
бранде»толық сақталмаған. Оқиға «халықтардың ұлы көші» заманында өрбіген. 
Негізгі  мазмұныәке  мен  бала  арасындағы  жекпе-жек  шайқас.  Хильдебранд 
есімді әскербасы өз билеушісімен келісе алмай, әйелі мен жас баласын тастап 
елден қашып шығуға мәжбүр болады. Гун королі Аттиладан пана тапқан ол 30 
жылдан кейін гун әскерімен туған жеріне қайта оралады. Шекарада оны баласы 
Хадубранд  өз  әскерімен  қарсы  алады.  Шайқас  алдындағы  азғана  пікір  алысу 
барысында  әке  баласы  таниды  да  жекпе-жектен  бас  тартады.  Әкесінің 

76 
 
әлдеқашан өлгеніне сенімді Хадубранд оныбаласымен шайқасуға мәжбүр етеді. 
Осы жерде поэма үзілген. Оның немен аяқталғандығы бізге беймәлім. 
*Ағылшын-саксон  эпикалық  поэмасы  Бе
́ овульф  (аудармасы  аю)  Британ 
аралдарына  қоныс  аударуына  дейінгі  Скандинавияда  болған  оқиғаларды 
баяндайды.  Мәтіні3182  жолдан  тұрады,  Еуропа  халықтарының  ең  көлемді 
шығармаларының  бірі.  Пайда  болған  уақыты  VIIғасырдың  соңы  мен  VIII 
ғасырдың  басы.  Беовульф  есімді  батырдың  қорқынышты  әрі  қауіпті  құбыжық 
Грендел  мен  оның  анасыменкүресі  баяндалады.  Жыр  христиан  дінінің  жаңа 
ғана Еуропа елдеріне тарап жатқан уақытта пайда болған сияқты. 
*Песнь  о  Нибелу́нгахорта  ғасырдағы  герман  тайпаларының  эпикалық 
жыры.Авторы  белгісіз.Жазылған  уақыты  шамамен  ХІІ  ғасырдың  аяғы  мен 
ХІІІғасырдың басы. Оқиға желісі V ғасырда өмір сүрген герман тайпаларының 
қарым  қатынасы,сол  заманда  Рейн  бойында  билік  еткен  гун  тайпаларымен 
туысқандық қатынас орнатуға ұмтылысы жайында өрбиді.  
*Келесі  бір  поэма  «Песнь  о  моём  Сиде»дер  аталады.Испан  әдебиетінің  озық 
үлгісі.  Мұның  авторы  белгісіз.  Пайда  болған  уақыты  1195–1207  жылдар 
аралығы.Испан  халқының  араб  басқыншыларын  қарсы  соғысы  баяндалады. 
Негізгі 
кейіпкеріСидтарихи 
тұлға.Зерттеушілердің 
пікірінше 
оның 
прототипідворян  текті,әскербасы  РеконкистыРодриго  (Руй)  Диас  де  Вивар 
(1040–1099), ел қорғауда өзінің ерлігіменхалықтың жадында сақталған батыр. 
*Роланд  туралы  жырфранцуз  халқының  ортағасырлық  батырлық  эпосы. 
Бүгінгі  күнге  дейін  оның  өзгеріске  түскен  нұсқалары  ғана  жеткен.Ең  көне 
нұсқасы  1170жылы  жазылғанОксфордта  сақталған  қолжазбасы.Жырға  негіз 
болған  жылнамашыЭйнхардтың“Ұлы  Карлдың  өмірін  баяндау”  атты 
туындысы.  778  жылғы  француздардың  басклерге  қарсы  шайқас  тарихы 
баяндалады. 
ІХ–Х ғасырларда жыр өңделіп, өзгертілді. Кейбіртрагедиялықоқиғалар басқаша 
көріністермен ауыстырылды. Басклердің орнына сарациндіктер болып өзгерді. 
Шын мәніндебір жылға жетпей аяқталғанКарлжорығы өзгертілген нұсқасында 
жеті  жылға  созылды.  Поэмағанегіз  болғантарихиоқиға  поэтикалық  бейнелер 
арқылы мүлдем жаңа сипатқа ие болды  
«Роланд  туралы  жыр»  алғаш  1837  жылыПарижде  басылып  шықты,  авторы 
белгісіз. 
1864 
жылыфранцузкомпозиторыО.Мерме«Роланд 
Ронсеваль 
шатқалында» аттыопераныңмузыкасын жазды. 
Жиханкездіктің  дамуы  алыстағы  елдер  туралы,оған  барар  жол  маршруттары 
навигациялық  карта-портоландарды  туғызды.  Бізге  белгілі  XIII  ғасырдағы 
Марко Полоның Азияға саяхаты. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет