Қазақтан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет9/11
Дата20.12.2021
өлшемі1 Mb.
#104183
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Курстық жұмыс
гос экзамен Нурдаулет, 1 ZHB aza -tili- T1 4-cynyp kaz (1), 1 ZHB aza -tili- T1 4-cynyp kaz (1), «Жаратылыстану» п нінен жиынты ба алау а арнал ан дістемелік , «Ойлаудың типін анықтау» әдістемесі., «Ойлаудың типін анықтау» әдістемесі., 10-11 cынып бағдарлама, Лекция 1 системный анализ отрасли
5-сурет. Қарақат

Қарақат (қой қарақат, аю қарақат деп екі түрге бөлінеді) барлық жерде кездеседі деуге болады. Қолдан өсірілетін қарақат сорттары осы жабайы қарақаттай шығарылған. Республикада — Жалпы сырт қыратында, Ертіс, Есіл, Тобыл өзендерінің бойында, Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Қарқаралы, Жоңғар Алатаулары мен Мұғаджар төңірегінде өседі. Көбінесе орманды дала, өзен-көл жағалаулары мен тау беткейлерінде, ылғалды жерлердің көбінде тамыр жайып, жемістене береді. Қарақаттың биіктігі 100—150 см, бұтақтары тік. Өркендері көктемде бозғылт, күзде қоңыр түске енеді. Жапырақтарының ені 10—12 см, оның үстіңгі беті жылтыр да, астыңғы беті түкті келеді. Гүл шотыры шашақты, бір шоғырла 5—10 гүлден. Күлте жапырағы қызғылт. Жидек пішіні шар тәріздес, түсі қара, хош иісті. Қарақат әр түрлі витаминдерге бай. Оны кейде витаминдердің табиғи және комплексті қоспасы деп те атайды. Жидегінің құрамында 7—11% қант (4% органикалық қышқыл), 0,68—1,02% пектиндік заттар, кальций тұзы, темір, фосфор бар. С витамині—300—400 мг %, Р витамині —500, А провитамині —0,7, В витамині —0,06 мг % Қарақат құрамындағы С витаминінің мөлшері бүлдіргеннен 5, таңқурай, қарлыған (тұшала) және цитрустік дақылдардан (мандарин, лимон, апельсин) — 7—8, алма мен ал мұрттан —10—12, шие мен еректен —20—40, жүзімнен —100 есе көп. Қарақатты өңдегеннің өзінде оның құрамындағы С витамині сол күйінде (80—90%) сақталады деуге болады. Мысалы, қайнатпа мен компот даярлағанда С витамині 42 — 100%, жартылай мұздатылғанда 40—70% сақталады. Ұрығында 16,5 процентке дейін май болады. Оны жас күйінде кептіріп те, консервілеп те тамаққа пайдалынады. Жидегінен қайнатпа, қақ (пастила), конфет, мармелад, кисель, ликер және салқын су сындар даярланып, шырын алынады. Бүршігі мен жапырағы кондитер және витамин өндірістерінде кеңінен қолданылады. Қарақат халық медицинасында кеңінен қолданылған.

Итмұрын (лат. Rōsa) — раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық көпжылдық өсімдіктердің тегі.

Ботаникалық сипаттамасы Өңдеу

Биіктігі 2 метр. Бұталары тікенекті. Итмұрын жер шарының қоңыржай және субтропикалық аймақтарының барлық жерлерінде өседі. 500-ге жуық түрі бар. Табиғатта таулы-тасты жерлерде, беткейлерде, орманда, су жағалауында өседі. Табиғи түрі Қазақстанның барлық тау бөктерлерінде өседі. Итмұрынның екпе түрлерінің барлығын дерлік раушан (роза) деп атайды. Халық арасында итмұрынның «жабайы раушан» деген атауы кеңінен қолданылады. Итмұрынның гүлі ақ, қызғылт, сары түсті, диаметрі 4-6 см, хош иісті, жай күлтелі және гүлпарлы да түрлері бар. Мамыр, маусым айларында гүлдейді. Жемісі тамыз, қыркүйек айларында піседі. Жемісі сопақша келген жылтыр, түсі қызыл немесе қызғылт-сары болады. Итмүрынның ерекшелігі — бағалы дәрумендерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады, күлтелерден дайындалған эфир майы — парфюмерия өндірісінде пайдаланылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет