ТӘжірибелік сабақҚа арналған әдістемелік өҢдеу №1 тақырып: «Төтенше жағдай кезінде пайда болатын зақымдану ошақтарының сипаттамасы. Ядролы (радиациялы) зақымдану ошағының сипаттамасы»



бет1/20
Дата27.04.2018
өлшемі4,35 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20



ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы




ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
№ 1 тақырып: «Төтенше жағдай кезінде пайда болатын зақымдану ошақтарының сипаттамасы. Ядролы (радиациялы) зақымдану ошағының сипаттамасы»
Оқытылатын курс пен семестр: II курс және IV семестр
Мамандық: 5B110400 – Дәрігерлік емдеу ісі
Сағат саны: 2

2014ж.


Әдістемелік өңдеу акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.
Хаттама № __ «__» _______ 2014 ж.
Акушерия және гинекология курсымен

АМСЖ кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доцент ________________________ Югай Н.В.
Өңдеген: оқытушы Сырманова З.К.
1. Тақырыбы: Төтенше жағдай кезінде пайда болатын зақымдану ошақтарының сипаттамасы. Ядролы (радиациялы) зақымдану ошағының сипаттамасы

2. Мақсаты:

- үйренушілерді АҚ ұйымдастыру және төтенше жағдай шараларына қатысу кезіндегі азаматтық позиция мен ұмтылысқа тәрбиелеу;

- төтенше жағдай кезінде пайда болатын зақымдану ошағының мінездемесін оқып-үйрену.

3. Оқыту мақсаты:

- төтенше жағдай кезінде пайда болатын зақымдану ошақтарының

сипаттамасын білу;

- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы нормативті-құқықтық актілердің негізгі ережелерін білу;

- қауіптіліктерді білу, пайда болу мумкіндігін және қирау масштабтары туралы және оларға тиімді шешімді қабылдауды білу;

- қауіптілік орын алғанда төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету

тәртібі;

- тіршілік қауыпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша

құзыретті болу;

- топта және топ арасында арақатынасын дамыту.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Ядролық (радиациалы) зақымдану ошақтарының сипаттамасы.



5. Білім берудің және оқытудың әдістері: дискуссия, бейне материал көру, кіші топта жұмыс істеу, тесттік тапсырмаларды орындау.


  • Ақпаратпен жұмыс:

Ядролық (радиациалы) зақымдану ошақтарының сипаттамасы

Биосфера қабатына өркениеттің техногенді қысымының ұлғаюына, халықтың тұтынушы шаруашылық іс-әрекеттері мен қаруланған қақтығыстары, табиғаттың негативті реакциямен жауап беруін тудырғанына назар аударту. Ірі масштабты табиғи және техногенді төтенше жағдайлардың катастрофалық өсуі, адам өлімдері мен орны толғысыз экологиялық зияндық жер планетасының адамдарына маңызды және мүмкін соңғы ескертуі. Табиғат пен байланысудың ноосфералы жолы әртүрлі төтенше жағдай себептері мен зақымдану факторларын зерттеумен байланысты.

Ядролы (радиациялы) зақымдану ошағы деп ядролы қару, техногенді (өндірістік) апат (атом станциясы) әсерінен болған ауылшаруашылық жануарлары, өсімдіктер жаппай адамдар мен тұрғын үйлер зақымданған территорияны айтамыз. ҚР аумағына әртүрлі заттарды құрал жабдықтарды тамақтану заттары мен тағы басқа диверсиялы және бақылаусыз кіргізу (кеден қызметінің салғырттығы) фактісі радиоактивті зақымдану ошағының (зонасы) таралуына байланысты қарапайым немесе күрделілігіне алып келеді.

Ядролық қаруды бірнеше мемлекеттер арасында қақтығыстар болған жағдайда қолдануы мүмкін. Ядролы оқ-дәрі жарылған кездегі пайда болған ошақты талқылайық. Ядролы зақымдану ошағы сипатталды: жарақаттанғандар сонымен зақымдану ошағының мөлшері мен әртүрлі радиациялы зақымданған аймақтар мен су алумен өртенген аймақтар мен тұрғын үйлер мен басқа ғимараттардың бұзылуымен ошақ мөлшері жарылыс түріне, күшіне, метрологиялық жағдайға, құрылыс сипаты мен аумақтың релефіне байланысты.

Ядролы қарудың зақымдалу әсері, соққы толқынының механикалық әсері, сәулелендіру, радиациялы әсермен және радиоактивті зақымдануымен анықталады.

Объектілердің кейбір элементтеріне электромагнитті сәуле (электромагнитті импульс) зақымдауыш факторы болып есептеледі. Ядро жаралыстың зақымдаушы факторлардың арасындағы энергияның таралуы жарылыс түрі мен шартына байланысты.

Ядролы оқ дәрі жарылған кезде атмосфераға энергиясы таралатын 5 зақымдауыш фактор бөлінеді:


  • соққы толқыны – 50%

  • жарық сәулесі – 30-40% (орташа 35%)

  • радияциялы – 4-5%

  • аймақтық радиоактивті зақымдануы – 10-15% (көбіне 10%)

  • электромагнитті импульс – 1%

Ядролы жарылыстың зақымдаушы факторларының әсері адамдар мен объектілерге бір уақытта болмайды, сондықтан әсер ету ұзақтығы, зақымдану масштабы мен сипаттамасы бойынша әртүрлі болады.

Соққы толқыны – таралу ортасына байланысты ауада, суда және топырақта (сейсможарылыс толқындары) ауадағы соққы толқыны реакция аймағындағы күшті энергия есебінен пайда болады, ал қысымы миллиард атмосфераға жетеді (105 млрд Па жетеді).Шоқ болған бу мен газ, кеңею жолында ауа қабаттарына қатты соққы беріп, үлкен қысымға дейін сығып, жоғары температураға дейін қыздырады. Сол ауа қабаттары кейін тұрған ауа қабаттарын орнынан жылжытады. Осылай ауаның ығысуы мен қозғалысы бір қабаттан екінші қабатқа өтіп, жарылыс ортасынан ауа соққы толқынын түзейді. Жарылыс орнынан (эпицентр) алыстаған сайын толқын таралуы төмендейді, ал соққы толқыны әлсірейді. Қашақтығы алыстаған сайын соққы толқыны кәдімгі акустикалық толқынға ауысып, таралу жылдамдығы қоршаған ортадағы дыбыс жылдамдығына жақындайды, 340 м/с.

Орташа күштіліктегі ядролы жарылыста ауа соққы толқыны 1000м – 1,4с, 2000м – 4с, 3000м – 7с, 5000м – 12с өтеді. Соққы толқынының таралу уақытын есепке ала отырып, адам ядролы жарылысты көргеннен кейін, соққы толқыны келгенше жақын жерді паналауға (аймақ қатпары, арық және т.б.) сонымен, соққы толқынын зақымдауын азайтады. Соққы толқыны ядролы жаралудың негізгі зақымдағыш факторы болып есептелінеді.



Ауа соққы толқыны өткендегі кеңістік нүктесінде қысымның өзгеруі.

Ауа соққы толқыны жарылыс ортасынан жан-жаққа таралатын сығылған қатты ауа аймағы. Соққы толқынының алдыңғы шекарасы фронт деп аталады. Зақымдану әсерін анықтайтын соққы толқынының негізгі параметрі, артық қысым ∆Рф,жылдамдық қысымы ∆Рск және соққы толқынының әсер ету уақыты.

Фронттағы соққы толқынының артық қысымы – ∆Рф – бұл фронттағы Рф максималды ауа қысымы мен атмосфералық қысым Р0 арасындағы айырмашылығы. Физикалық шама бірлігі ∆Рф – паскаль (Па) немесе кгс/см2 (1кгс/см2≈105Па).

Жылдамдық қысымы ∆Рск - ауа ағынынан құралған динамикалық қысым. Жылдамдық қысымы ауа массасының тығыздығына тәуелді және соққы толқының артық қысымымен байланысты. Жылдамдық қысымының зақымдаушы әсері, ауа алмасуының жылдамдығы 100 м/с, ал артық қысымы 50 кПа жоғары аймақтарда көрінеді.

Ауа соққысының уақыты tув – бұл артық қысымның әсер ету уақыты, жарылыс күштілігіне тәуелді шама, секундпен өлшенеді.

Ядролы жарылыстың жарық сәулесі спектрдің инфроқызыл, ультракүлгін және көрінетін аймақтарындағы оптикалық диапозонның электромагнитті сәулесі. Жарық сәулесінің көзі – ядролық оқ-дәрі материалдарының жоғары температураға дейін қыздырылған буы мен ауадан тұратын жарылыстың сәулелі аймағы, ал жерде жарылғанда – буланған топырақ.

Жарық сәулесінің зақымдану әсерін сипаттайтын негізгі параметр – жарықтық импульс – жарықтанған кеңістіктің 1 см2 түсетін, жарық энергиясының саны. Жарық импульсі Дж/м2 өлшенеді. Жарық импульсінің ұзақтығы tс(секундпен) оқ-дәрі күштілігіне тәуелді және келесі формула арқылы анықталады:



tс= q1/3

q =оқ-дәрі күштілігі, кг.

Жарық сәулелендіру энергиясы жарық түскен дене кеңістігімен сіңеді және қызады. Сондықтан жарық сәулемен зақымданған адамдардың жарақаттануы әртүрлі күйік деңгейімен және көздерінің зақымдалуымен сипатталады. Күйіктер жарықтану сәулесінен немесе әртүрлі материалдардың жануынан болуы мүмкін.

Ғимараттар, тұрғын үйлер мен техникаға әсері олардың құрылыс материалдарына байланысты және балқу, жану немесе көмірленуімен сипатталады. Ядролы жарылыстың кіру радиациясы – гамма сәулелер мен нейтрондар ағыны.

Гамма сәулелер мен нейтронды сәулелер физикалық қасиеттері бойынша әртүрлі бірақ ауада таралуы бірдей – барлық жаққа 2,5-3 км қашықтықта.

Радиацияның көзі – жарылыс кезіндегі оқ-дәрідегі жүріп жатқан реакцияның бөлінуі мен синтезі және бөліну жарқыншақтарының радиоактивті ыдырауы. Дегенмен, радиация әсерінің уақыты бірнеше секундтан аспайды.

Радиацияның зақымдауыш әсері сәуле мөлшерімен сипатталады, немесе иондалған сәуле энергиясының саны. Экспозияциялық мөлшер мен сіңу мөлшері болып бөлінеді. Сондықтан сіңу шамасы ағзаның биологиялық тіндеріне иондалған сәуле әсерімен анықталады. Ол рад-пен өлшенеді. (1рад=0,001Дж/кг=100эрг/г тіндерінің сіңу энергиясы). СИ жүйесінде сіңу шамасының өлшем бірлігі Грей (1Гр=1Дж/кг=100рад).

Адамдарға ену сәулесінің зақымдаушы әсері сәуле шамасы мен жарылыс өткеннен кейінгі уақытқа тәуелді.Сәулелену шамасына байланысты сәулелі ауру 4 деңгейге бөлінеді. І деңгей (жеңіл) – соммаланған сәуле шамасы 150-200рад; ІІ деңгей - (орташа) 250-400рад; ІІІ деңгей (ауыр) – 400-700рад; ІV деңгей – 700рад жоғары

Аймақтың радиоактивті зақымдануы – жергілікті атмосфера қабаты, ауа кеңістігі мен басқа объектілердің зақымдануы – ядролы жарылыс бұлтынан радиоактивті заттардың түсуі нәтижесінде болады.

Зақымдану факторы ретінде радиоактивті зақымдану ерекшелігі – жарылыс орнынан жақын жердегі радиация деңгейінің жоғарылығы және жарылыс болғаннан кейін бірнеше тәулік немесе апта бойында радиоактивті зақымдану қауіптілігімен анықталады.



Аймақтың зақымдануының себебі – бөліну жарқынщақтарының шөгуі мен бағытталған белсенділік болып табылады. Жарылу бултының ізі бойынша аймақтың радиоактивті зақымдану шекарасын қауіптілігі бойынша 4-ке бөледі.

Бұлт қозғалысы бойынша жарылыс болған аймақтағы радиоактивті жараланудың сызбасы.

А аймағы – орташа зақымдану, аймақтың сыртқы шекарасында Д = 40 рад және Д = 1200 рад тең.

Б аймағы – қатты зақымдану сәулелену шамасы шекарада сәйкесінше Д = 1200 рад және Д = 1200 рад тең

В аймағы – қауіпті зақымдану, шекарадағысәулелену шамасы Д = 1200рад және Д= 4000рад сипатталады.

Г аймағы – аса қауіпті Д = 4000рад және Д = 7000рад.

Атмосферадағы және жоғары қабаттағы ядролы жарылыстар, 1-ден 1000м дейін электромагнитті алаңдардың пайда болуына әкеледі. Бұл алаңдар қысқа мерзімді болғандықтан электромагнитті импульс деп аталады.

ЭМИ зақымдану әсері ауада, жерде, техника және тағы басқа объектілерде орналасқан әртүрлі өткізгіштегі пайда болған тоқ пен қысыммен сипатталады. ЭМИ зақымдаушы әсері бәрінен бұрын нысанада орналасқан радиоэлектронды және радиотехникалық қондырғыларға әсер етеді. Егер ядролы жарылыс энергиямен қамтамасыз ету жолдары мен байланыс жолдар маңында болса, бағытталған қысым үлкен қашықтыққа таралып, радиоаппаратуралар мен жақын маңда тұрған адамдарға әсер етеді.

Студенттердің есіне түсіреміз, ядролық жарылыс аймағында ядролық зақымдану ошағы пайда болады, бұл адамдар мен ауылшаруашылық жануарлар мен өсімдіктер зақымданған, ғимараттар мен тұрғын үйлері бұзылған территория аумағы.

Бұзылулар мен өрттер адамдар зақымданулары, соққы толқыны, жарықтық сәуле, сіңу радияциясы, аймақты радиоактивті зақымдану мен электромагниттену импульс әсерінен болады.

Ядролы зақымдану шекарасы шартты сызық, сыртында аса қауіпті емес өрттер мен ғимараттар бұзылулары бар. Бұндай зақымданулар фронтта соққы толқыны 10 кПа артық қысым кезінде болады.

Ядролы зақымдану ошағының радиусы ережеге сай жарылыс күштілігіне (q), түріне, құрылыс сипаты мен аймақ рельефіне байланысты. Ядролы жарылыстың ауданы жазық аймақта дөңгелектің ауданына сәйкестендіріп, келесі формула бойынша есептелінеді:

S=π · R²

R – арақашықтық (радиус,км) жарылыс ортасы мен ядролы зақымдану ошағының шекарасына дейін, 10кПа артық қысымы бар нүктеге дейін (жарылыс түрі мен оқ-дәрі қуаттылығына арналған кестеден табамыз немесе зақымдалған қаланың радиусы ретінде аламыз) соққы толқының әсерінен болған ғимараттар мен тұрақтардың әртүрлі бұзылуы негізінде ∆Ptжәне tуванықталады.



Мәтіннен кейінгі тапсырма (ашық дискуссия):

- негізгі түсініктемелер мен анықтамаларды жазып алу.

1. Ядролы (радиациялы) зақымдану ошағы деп нені айтады, ядролы зақымдауыш ошағының қандай 5 факторға бөлінеді?

2. Осы анықтамаларды қалай түсінесіз:

- соққы толқыны;

- жарықтың сәуле шығаруы;

- өткіш радиация;

- жердің радиоактивті ластануы;

- электромагниттік импульс.
«Кіші топта жұмыс жасау»

Аумақтың радиоактивті зақымдануы мен бұзылу жерлері және ядролы зақымдану ошағының өртену аймақтары ақпаратпен алдын-ала дайындалған карточкаларын алып, студенттерді екі топқа бөліп және әрқайсысына бір-біреуден карточкаларды беру . Әр топқа өзінің карточкаларындағы ақпаратты оқып саралауына уақыт беру, содан кейін әр топ өз ақпаратымен келесі топпен алмасады. Студент өзінің әр топтасымен ақпарат алысып болмағанша, жаттығу жалғасады.

Жаттығудың мақсаты студент өзінің ақпаратымен басқа студентпен бөлісіп, одан басқа ақпарат алады. Жаттығу аяқталғаннан кейін, студенттер бір-бірінен алған білімдері туралы айтып беру тиіс.
Өткізу ережесі:


  1. Студент ақпаратты мұқият тындап, есте сақтауы тиіс.

  2. Алған ақпаратты дәл кеспе қағазда берілгендей, басқаға сол түрде жеткізүі тиіс.

  3. Бір мезгілде тек бір студентке ақпаратты айтып және содан ақ ақпарат алұға болады.

  4. Айтып жатқан студентті бөлуге болмайды.

  5. Уақыт тәртібін қатал сақтау қажет.



Карточка №1.



Аумақтың радиоактивті зақымдануы мен бұзылу жерлері

ٕІ, ІІ, ІІІ, ІV – сәйкесінше әлсіз, орташа, күшті және толық бұзылыстар, 1-радиоактивті зақымдану аумағы (А, Б, В, және Г- сәйкесінше әлсіз, күшті, қауіпті және аса қауіпті аумақтар) 2 – жел бағыты, R-ядролы жарылыс ошағының радиусы.

Толық бұзылу аумағы – 50кПа және одан да жоғары ауа соққы толқынының фронттағы артық қысымымен сипатталады. Бұл аумақта өндірістік тұрғын-үй ғимараттары жарылыс эпицентріне жақын орналасқан қорғаныс аймақтары да толығымен қирайды. Жаппай үйінділер пайда болады. Жарық сәулесінен өртенген конструкциялар қираған ғимараттарды басып, ауаға көп мөлшерде түтін шығарады.

Күшті бұзылу аумағы фронтта 50-ден 30 кПа дейінгі ауа соққы толқынының артық қысымымен сипатталады. Бұл аумақта өндіріс және тұрғын-үй ғимараттары толығымен қирайды. Қираған ғимараттар орнына жаппай және жергілікті үйінділер пайда болады. Жарық сәулесінен жаппай өртенулер туындайды.

Орташа бұзылу аумағы – фронтта 30-дан 20 кПа дейінгі ауа соққы толқынының артық қысымымен сипатталады. Бұл аумақта ғимараттар орташа бұзылысқа ұшырайды, ағаштан жасалған құрылыстар толығымен қирайды, бөлек орналасқан үйінділер мен жаппай өртену пайда болады.

Әлсіз қирау аумағы – фронтта 20-дан 10 кПа дейінгі ауа соққы толқынының артық қысымымен сипатталады. Бұл аумақта ғимараттар толығымен бұзылмайды, бөлек орналасқан өртенулер пайда болады. Адамдардың зақымдануы соққы толқынынан басқа, қосалқы әсерден (ғимараттардың ұшқан бөліктері, ағаштар және т.б.) болады.

Адамдар жарақаттануының деңгейі келген толқынның артық қысымына, адамның орналасуына және қорғаныс деңгейіне байланысты. Алған жарақаттар келесідей бөлінеді: әлсіз (∆Рф=0,2-0,4 кгс/см2), орташа (∆Рф=0,5 кгс/см2), және ауыр (∆Рф>0,5 кгс/см2). Егер қысымы 1кгс/см²- ден жоғары болса жарақаттар аса қауіпті және адам өліміне әкеледі.

Ядролы зақымдану ошағы күрделі өртену жағдайымен сипатталады.



Карточка 2.



Ядролы зақымдану ошағының өртену аймақтары

I- бөлек орналасқан өрт аймағы; II – жаппай өртену аймағы; III – үйіндідегі өртену аймағы; 1 – қирау аймағының шекарасы; 2 - өртену аймағының шекарасы (жарық импульсінің төменгі көрсеткіштері 100кг ядролы оқ-дәрі күшіне сәйкес келеді, ал жоғарғысы-100кг және одан да жоғары)

Ядролы зақымдану ошағында 3 негізгі өртену аймағы бөлінеді:


  • бөлек орналасқан өртену аймағы

  • жаппай өртену аймағы

  • өртенулер мен үйінділер аймағы

Бөлек орналасқан өртену аймағы бөлек тұрған ғимараттарда өртену болған ауданды қамтиды. Жарық импульсінің сипаттамасы келесідей:

  • сыртқы шекарада – 100-200 кДж/м²

  • ішкі шекарада – 400-600 кДж/м²

Ядролы зақымдану ошағының әлсіз бұзылу аймағын қамтиды және жарылыстан кейінгі 20мин ішінде пайда болған өртенулерді өшіру мүмкіндігі бар.

Жаппай өртену аймағы – бұл жарық сәулесінің әсерінен пайда болған өртену, ғимараттардың 50% қиратады және 1 . . . . 2 сағат ішінде осы ауданда орналасқан көптеген ғимараттарға таралатын территория. Бұл жағдайда жаппай өртену ғимараттардың 90% қамтиды. Жаппай өртену аймағы 400 . . . . . 600 кДж/м² жарық импульсімен сипатталады. Ол қатты бұзылулар аймағын барлық орташа бұзылу аймағының жартысын қамтиды. Жаппай өртену аймағына арнайы өрт сөндіру іс-шаралары жүргізілмей, АҚ және ТЖ өтуге мүмкін емес.

Өртену мен үйінділер аймағы – толық бұзылу аймағы мен қатты қирау аймағының жартысына таралады. Бұл аймақта қатты түтіндеу мен ұзақ уақытта өртенулер (бірнеше тәулікке дейін) толық жанбаған заттардан токсикалық немесе қоспалардың шығуы тән. Бұл жағдайда апатты құтқару жұмыстарына қатысып жүрген адамдардың улану қаупі бар. Адамдар өлімінің бір себебі түтін температурасының жоғарылауы. 600С дейін қыздырылған улы ауаның қоспасымен дем алу өлімге әкеледі.


6. Әдебиет:

1. «Тіршілік қауіпсіздік негіздері және салауатты өмір салтын қалыптастыру» К. Е. Саудабеков Ш.-1999 ж.

2. «Тіршілік қауіпсіздік негіздері және медицина апаты». Л.К. Фефилова М.-2005ж.

3. А.В.Куценко. «Әскери токсикология, радиобиология және медициналық қорғаныс». С-Петербург-2004ж.

4. Аманжолов Ж.К., Балабас Л.Х. Тіршілік қауіпсіздік негіздері- Астана, 2009ж.

5. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған құралы І кітап.

6. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы5 шілде 1996 ж.

7. Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңы, Астана 3 сәіур 2002ж.

8. «Радиацилық қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 23 сәуір 1998 ж.

9. Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңы, Астана, 22 қараша 1996ж.



7. Бақылау

Бақылау сұрақтары:

1. Ядролық (радиациялы) зақымдану ошағын анықтау.

2. Соққы толқынын анықтау.

3. Ядролық жарылыстың жарық сәулесі дегеніміз не?

4. Адамдарға ену сәулесінің зақымдаушы әсері дегеніміз не?

5.Бұлт қозғалысы бойынша жарылыс болған аймақтағы радиоактивті жараланудың сызбасы.н келтіріңіз.

6. Ядролық зақымдану ошағының қандай өртену аймақтары болады?

Тесттер:

1. Жаппай-қырып жою қаруына ... қару жатады.

А) ядролық

В) кәдімгі

С) генетикалық

D) информациялық

E) климатикалық



2. Соққы толқынының пайда болу себебі:

А) шектен тыс қысым

В) жоғары температура

С) альфа, бета және гамма бөлшектерінің бөлінуі

D) ылғалды атмосфера

E) жердің беткі қабатының толқуы



3. Соққы толқынының әсері адамдарға ... тудырады.

А) түрлі ауырлықтағы жарақаттар

В) жұқпалы аурулар

С) жүйке жүйесі жұмысының бұзылуын

D) көру функциясының жоғалуын

E) есту функциясының жоғалуын



4. Ядролық жарылыстан пайда болатын жарық сәулесі ... алып келеді.

А) терінің күюіне

В) мидағы орталықтардың салдануына

С) шаштың түсуіне

D) жүйкелі-психикалық өзгерістерге

E) тұншығуға



5. Жаппай- қырып жою қаруын қолданған жағдайда халықты қорғау үшін қолданылады ….

А)паналау ғимараттары

В) демалу аймақтары

С) көліктер

D) үйлер

E) ағаштар



6. Жаппай- қырып жою қаруынан коллективті қорғану үшін ... қолданылады.

А) паналау ғимараттары

В) тұрғын үйлер

С) сайлар

D) ормандар

E) үй шатырлары


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы




ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
№ 2 тақырып: «Химиялық және бактериологиялық зақымдану ошақтарының сипаттамасы»

Оқытылатын курс пен семестр: II курс және IV семестр


Мамандық: 5В110400 – Дәрігерлік емдеу ісі

Сағат саны: 2

2014ж.

Әдістемелік өңдеу акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.


Хаттама № __ «__» _______ 2014 ж.
Акушерия және гинекология курсымен

АМСЖ кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доцент ________________________ Югай Н.В.
Өңдеген: оқытушы Сырманова З.К.
1. Тақырыбы: Химиялық және бактериологиялық зақымдану ошақтарының сипаттамасы.

2.Мақсаты:

- үйренушілерді АҚ ұйымдастыру және төтенше жағдай шараларына қатысу кезіндегі азаматтық позиция мен ұмтылысқа тәрбиелеу;

- төтенше жағдай кезінде пайда болатын зақымдану ошағының мінездемесін оқып-үйрену.

3.Оқыту мақсаты:

- төтенше жағдай кезінде химиялық және бактериологиялық зақымдану ошақтарының сипаттамасын білу;

- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы нормативті-құқықтық актілердің негізгі ережелерін білу;

- қауіптіліктерді білу, пайда болу мумкіндігін және қирау масштабтары туралы және оларға тиімді шешімді қабылдауды білу;

- қауіптілік орын алғанда төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету

тәртібі;


- тіршілік қауыпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша құзыретті болу;

- топта және топ арасында арақатынасын дамыту.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Химиялық зақымдану ошақтарының сипаттамасы.

2. Бактериологиялық зақымдану ошақтарының сипаттамасы.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері: бейне материал көру, дискуссия, кейс-стади, топта жұмыс істеу, тесттік тапсырмаларды орындау, жағдайға байланысты тапсырманы орындау.

Ақпаратпен жұмыс:

1. Химиялық зақымдау ошағының қысқаша сипаттамасы

Зақымдану құралдары туралы слайд көрсету.

Ядролық жарылыс турлері туралы бейне материал шолу.

Химиялық зақымдану ошағы – бұл химиялық қару қолданылған немесе химиялық қауіпті нысанада апат болған территория, ол жерде халық ауылшаруашылық жануарлар мен өсімдіктер өлімі орын алады.

Жергілікті атмосфера қабатының зақымдану деңгейінің сандық сипаттамасы улы заттың концентрациясы (УЗ), ауа көлемінің бірлігіндегі (г/м³) УЗ саны.

Территорияның зақымдану деңгейінің сандық сипаттамасы зақымдану тығыздығы

зақымданған аудан кеңістігіндегі УЗ көлемі (г/м²).

Химиялық зақымдану ошағының негізгі сипаттамасы:


  • улы заттың концентрациясы;

  • УЗ тұрақтылығы;

  • зақымдану ауданы;

  • жарақаттанған адамдар саны;

Химиялық қарудың негізін химиялық улы заттар құрайды(УЗ). Бірінші кезекте олар адамдарды зақымдауға арналған. УЗ – екі негізгі белгі бойынша жіктеледі: адам ағзасына әсері және тұрақтылығы.

Адам ағзасына әсері бойынша:



  1. Нервті-паралитикалық

  2. Тері- іріңді

  3. Жалпыулы

  4. Тітіркендіргіш

  5. Тұншықтыратын

  6. Психохимиялық

УЗ тұрақтылығы – тірі ағза мен өсімдікке әсер ету уақыты. Ол факторларға тәуелді заттың физико-химиялық құрамы, метеожағдай, аймақтың рельефі (ашық немесе жабық).

Химиялық қаруды қолдану үшін – бомбалар мен снарядтарды қолданады. Ластанған бұлт таралған аймақты сипаттау үшін химиялық зақымдану аймағы енгізілген. Ол химиялық қару қолданылған немесе химиялық қауіпті нысанда апат болу салдарынан орын алған адам өлімі бар территория. Химиялық ластанған аймақ 4 параметрмен сипатталады.



  1. Аймақтың тереңдігі

  2. Аймақтың ені

  3. Аймақтың ауданы

  4. Химиялық ластану аймағындағы химиялық зақымдану ошағының ауданы.

Химиялық зақымдану аймағы улы және күшті әсер ететін улы заттардың таралуы нәтижесінде пайда болады. Өте маңыздысы улы заттардың бір бөлігі аймаққа тамшы түрінде түсіп, кейін буланғанда екінщілік ластанған бу түзейді. Жел арқылы орын ауыстырып ауданы 6-12 км тереңдікке зақымдайды.

Химиялық зақымдану аймағы. Химиялық зақымдану ошағы.


Химиялық қауіпті нысандар – бұл қатты әсер ететін улы заттар өндіретін немесе өндірісте қолданатын халық шаруашылық нысандары. Қазіргі кезде күшті әсер ететін улы заттардың 140 түрі. Зақымдану аймағы химиялық қару кезіндегідей сипатталады.



Мәтіннен кейінгі тапсырма (ашық дискуссия):

- негізгі түсініктемелер мен анықтамаларды жазып алу.

1. Химиялық зақымдану ошағы деп нені айтады?

2. Химиялық зақымдану ошағының негізгі сипаттамасы?

3. Адам ағзасына әсері бойынша УЗ.

2. Бактериологиялық зақымдану ошағының қысқаша сипаттамасы

Биологиялық қару қолдану және ауру туғызатын микроағзалар мен токсиндердің таралуы нәтижесінде биологиялық зақымданған ошақтар пайда болады. Биологиялық зақымданған ошақ деп биологиялық қару әсер еткен және биологиялық рецептура мен инфекциялық ауруларды тасымалдаушы зақымдалған қансорғыш жәндіктер таралған территорияны айтамыз.

Биологиялық зақымданған ошақ деп, биологиялық қару қолдану салдарынан адамдардың, өсімдік пен ауылшаруашылық жануарлар зақымдалған территорияны атаймыз. Ол биологиялық зақымдалған аймақта және зақымдану аймағынан тыс инфекциялық аурулардың таралуынан пайда болады.

Биологиялық зақымдану ошағы сипатталады: ауылшаруашылық жануарлары мен адамдардың жаппай инфекциялық аурумен ауруы, инфекцияның дамуындағы жасырын (инкубациялық) кезеңі, зақымданушекарасының анықталмауы, инфекциялы ауруды тудыратын қоздырғышты анықтаудағы лабораториялық талдаудың ұзақтығы мен күрделілігі, екіншілік зақымдану салдарынан ауру таралуының теңдігі, зақымдану әсерінің ұзақтығымен.

Биологиялық зақымдану аймағының көлемі биологиялық қару түріне, қолдануына, метеорологиялық және климаттық жағдайына, айқындалуына және алдын алу шараларының уақыты, залалсыздануы мен емдеуіне байланысты.

Солай биологиялық зақымдану аймағының шекарасында ауданы сәйкесінше S1және S2 2 биологиялық ошақ пайда болды. Биологиялық зақымдану ошағының шекарасы (S1және S2) елді мекен ауданымен (N және K елді-мекен шекарасы) анықталады.



Биологиялық зақымдану ошағы бар биологиялық зақымдану аймағының схемасы: 1 – биологиялық зақымдану аймағының сыртқы шекарасы; N (к) елді-мекен–биологиялық зақымдану ошағы.

Биологиялық затпен зақымдалған территория шекарасын алғашында бақылау постынан және барлау бөлімінен анықтауға болады. Шабуыл кезінде қорғаныс заттарын қолданбаған барлық адамдар зақымданған деп есептеледі (шартты түрде). Зақымданған адамдарға ауырған адаммен жанасқан немесе зақымданған заттарды ұстаған адамдар жатады. Биологиялық қару химиялық қару сияқты ғимараттар мен құрал жабдықтарға тура әсері жоқ. Бірақ оны қолдану полиграфиялық кәсіпкерліктің өндірістік қызметіне әсер етеді. Ол өз кезегінде жұмыс ауысымының графигіне кедергі жасап, өндірістің тоқтап қалуына әкеледі.

Бактериологиялық зақымдану ошағының шекарасын АҚ және өсімдіктер мен жануарлар медициналық қызметінің эпидемияға қарсы қызметі, радиациялық және химиялық бақылау посттары, барлау топтары мен метеорологиялық және санитарлы-эпидемиологиялық станциялардан алынған деректер негізінде анықталады. Инфекциялық аурулардың таралуын тоқтату үшін инфекциялық аурулардың таралуын тоқтату үшін бактериологиялық зақымдану ошағына карантин жүргізеді, ал жақын аудандарда обсервация режимін енгізеді. Ол жерде емдеу алдын-алу іс-шаралар кешенін жүргізеді. Карантинді бактериологиялық (биологиялық) қару қолданғанда және қоздырғышты анықтағанша жүргізеді. Егер ауру қоздырғышы аса қауіпті ауруға жатса (сібір жарасы, тырысқақ, оба, табиғи шешек) онда енгізілген карантин жалғасады.

Карантин – инфекцияның таралуын жоятын, зақымдану ошағын оқшаулайтын және инфекциялық ауруды жоюға бағытталған режимді-шектелген қатал эпидемияға қарсы іс-шаралар жүйесі.

Уақытылы анықтау мен ауырған адамдарды оқшаулау және алдын-алу шараларын жүзеге асыру үшін зақымдану ошағына бақылау орнатады. Ауырған адамдарды бақылау және күнделікті сұрау арқылы анықтайды.

Карантин болған территорияға қарулы күзет тағайындалады, комендантты күзет ұйымдастырылады, іс-қимылдар реттеледі. Адамдардың щығуына, жануарларды алып шығуға және заттарды тасуға тыйым салынады. Кіру (кіргізу) тек азаматтық қорғаныстың арнайы бөлімі мен медицина қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі.

Карантин аймағында орналасқан полиграфия нысандары ерекше жұмыс тәртібіне көшіп, эпидемияға қарсы іс-шараларды қатаң орындайды. Жұмыс ауысымдары бөлек топтарға (құрамы азайтылған) бөлініп, бір-бірімен ара қатынасын қысқартады. Жұмысшылардың тамақтануы мен демалуын топтарға ұйымдастырып, арнайы бөлмелерде жүзеге асырылады. Карантин аймағында оқу орындарының жұмысы тоқтап базарлар мен сауда орындары жабылады.

Кезекті алдын-алу және санитарлы-гигиеналық іс-шаралар ошақта дезинфекция мен дератизация санитарлы өңдеу жүргізіледі. Ошаққа азық-түлік пен заттарды кіргізу арнайы пункт арқылы медициналық қызметтің қатаң бақылауымен жүргізіледі.

Егер қоздырғыш түрі аса қауіпті емес түрге жатса (туляремия, ботулизм және басқалар) және жаппай ауру қаупі болмаса енгізілген карантинді обсервацияға ауыстырады.

Обсервация – қауіпті аймақта орналасқан немесе карантин енгізілген ошақтан келген жануарлар мен адамдарды бақылау шараларының жүйесі. Обсервация кезінде карантинге қарағанда оқшаулау-изоляциялау шаралары қатаң емес: кіру мен шығуды, максимальді шектеу, заттарды залалсыздандырудан кейін алып шығу, сумен қамтамасыз ету мен тамақтанудың медициналық бақылауын күшейту, алдын-алу іс-шаралары.

Бактериологиялық (биологиялық) ошақтағы бірінші кезектегі іс-шара шұғыл түрде халықты алдын-ала емдеу (антибиотик, сарысу қолдану және т.б.) және де дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу.

Дезинфекция – нысандарды, территорияны, ғимараттарды, техника мен әртүрлі заттарды залалсыздандыру.

Дезинсекция және дератизация – инфекциялық ауруларды тасымалдаушы жәндіктер мен кеміргіштерді жоюмен байланысты іс-шаралар.

Дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізгеннен кейін іс-шараны жүзеге асырған адамдар толық санитарлы өңдеуден өтеді. Керек болса өалған халыққа санитарлы өңдеу ұйымдастырылады.

Аталған іс-шарадан басқа карантин (обсервация) аймағында ауруға шалдыққан адамдарды анықтау жүргізіледі. Инфекциялы аурулар ауруханаға жатқызылады немесе үйде оқшауланады. Оларды тұрған пәтерлерінде дезинфекция жүргізіп, заттары мен киімдері залалсыздандырылады. Аурумен жанасқан адамдардың барлығы оқшауланады және санитарлы өңдеуден өтеді.

Карантин және обсервация мерзімі аурудың инкубациялық кезеңінің ұзақтығына қарай қояды. Оны соңғы ауруды ауруханаға жатқызу сәті мен дезинфекция аяқталуынан бастап есептейді.



Мәтіннен кейінгі тапсырма (ашық дискуссия):

- негізгі түсініктемелер мен анықтамаларды жазып алу.

1. Бактериологиялық зақымдану ошағы деп нені айтады?

2. Бактериологиялық зақымдану аймағы деп нені айтады?

3. Дезинфекция дегеніміз не?

4. Дезинсекция дегеніміз не?

5. Дератизация дегеніміз не?

6. Обсервация дегеніміз не?



6. Әдебиет:

1. «Тіршілік қауіпсіздік негіздері және салауатты өмір салтын қалыптастыру» К. Е. Саудабеков Ш.-1999 ж.

2. «Тіршілік қауіпсіздік негіздері және медицина апаты». Л.К. Фефилова М.-2005ж.

3. А.В.Куценко. «Әскери токсикология, радиобиология және медициналық қорғаныс». С-Петербург-2004ж.

4. Аманжолов Ж.К., Балабас Л.Х. Тіршілік қауіпсіздік негіздері- Астана, 2009ж.

5. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған құралы І кітап.

6. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы5 шілде 1996 ж.

7. Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңы, Астана 3 сәіур 2002ж.

8. «Радиацилық қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 23 сәуір 1998 ж.

9. Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңы, Астана, 22 қараша 1996ж.



7.Бақылау

Бақылау сұрақтары:

1. Химиялық зақымдану ошағы деп нені айтады?

2. Химиялық зақымдану ошағының негізгі сипаттамасы?

3. УЗ тұрақтылығы дегеніміз не?

4. Химиялық қауіпті объектілер?

5. Бактериологиялық зақымдану ошағы деп нені айтады?

6. Бактериологиялық зақымдану аймағы деп нені айтады?

7. Дезинфекция дегеніміз не?

8. Дезинсекция дегеніміз не?

9. Дератизация дегеніміз не?

10. Обсервация дегеніміз не
Тесттер:

1. Бактериологиялық қарудың зақымдау факторы ... болып табылады.

А) микроорганизмдер

В) иммунодефицит

С) электромагнитті импульс

D) биологиялық улар

E) уланған су



2. Жаппай- қырып жою қаруын қолданған жағдайда халықты қорғау үшін қолданылады:

А)паналау ғимараттары

В) демалу аймақтары

С) көліктер

D) үйлер

E) ағаштар



3. Жаппай- қырып жою қаруынан коллективті қорғану үшін ... қолданылады.

А) паналау ғимараттары

В) тұрғын үйлер

С) сайлар

D) ормандар

E) үй шатырлары



4.Жіктелуі бойынша апат кезінде радиоактивті заттардың атмосфераға шығуы ТЖ-дың ... түріне жатады.

А) техногенді

В) табиғи

С) әлеуметтік

D) экологиялық

E) метеорологиялық



5.Жіктелуі бойынша апат кезінде радиоактивті заттардың атмосфераға шығуы ТЖ-дың ... түріне жатады.

А) техногенді

В) табиғи

С) әлеуметтік

D) экологиялық

E) метеорологиялық



6.Жіктелуі бойынша батерологиялық уландырғыш заттардың апат жағдайында табиғатты улауы ТЖ-дың ... түріне жатады.

А) техногенді

В) табиғи

С) әлеуметтік

D) экологиялық

E) метеорологиялық



7.Жүйкелі-паралитикалық жүйені уландырғыш заттарға жатады:

А) табун


В) иприт

С) синильді қышқыл

D) фосген

E) BZ


8.Жүйкелі-паралитикалық жүйені уландырғыш заттарға жатады:

А) зоман


В) BZ

С) хлорацетофенон

D) фосген

E) хлорциан



9.Жүйкелі-паралитикалық жүйені уландырғыш заттарға жатады:

А) VX


В) адамсит

С) CS


D) хлорацетофенон

E) хлорциан



10.Ядролық жарылыстың соққы толқынының адамдарға әкелетін жеңіл зақымдары ... жатады.

А)құлақтағы шу, бас айналу, буын шығуы

В) құлақтан және мұрыннан қан кету, ми шайқалуы

С) ми шайқалуы, өлім болуы

D) есінен тану, ішкі органдардың зақымдануы

E) есінен тану, ішке қан кету



11.Микроорганизмдердің өмір сүруіне қажетті заттарға ... жатады.

А) микроб токсиндері

В) саңырауқұлақтар

С) вирустар

D) микробтар

E) бактериялар



12.Тек тірі клеткаларда көбейетін және өсетін микроорганизмдер түрі ...

А) вирустар.

В) риккетсиялар.

С) микробтар.

D) бактериялар.

E) микробтар, бактериялар.



13.Сәулелену өлшем бірлігі ...

А) Рентген/сағат.

В) Ньютон.

С) килограмм.

D) Рентген.

E) Паскаль.



14.Толқын соққысынан адамды ... қорғамайды.

А) газқағар

В) пана

С) сай-сала



D) шұңқыр

E) ор


15.Жүйкелі-паралитикалық уландырғыш затқа ... жатады.

А) зарин


В) хлорциан

С) иприт


D) фосген

E) ВZ


16.Жалпы уландырғыш әсері бар уландырғыш зат ...

А)синиль қышқылы.

В) CS

С) иприт


D) VX

E) фосген



Жағдайға байланысты тапсырма:

1. Бір топ жастар коледжден уйлеріне қайтып жатқан кезінде теміржол вокзал ауданынан жарылыс ьолғанын естіді. Олар жоғары көтерілген сарығыш жасыл түсті булт көрді, булт жайлап төмен түсіп көлемін ұлғайтып, желдің бағытымен тарай бастады.

Зақымдаудың сипатын анықтаңыз. Кейінгі іс-әрекет туралы шешім қабылдаңыз.

2. Он екі қабатты уйдің жоғарғы қабатында тұратын тұрғындар, дабылдың дауысынан оянып ашық терезеден мүсәтір иісін сезді. Біраз уақыттан кейін адамдарда жөтел басталып, көздері қатты ашып, жасаурай бастады.

Не болғанын анықтаңыз. Зардап шеккендердің іс-әрекеті.

3. Кешкі уақытта букіл отбасы ата анысымен екі баласы дидар көруге жиналды. Жарнама узіліс кезінде барлығы асханаға шығып кеткен. Бір кезде бөлмеден қою қара түтін шыға бастады.

Сіздің іс-әрекетіңіз.

4. Түнгі уақытта өрт шуынан және түтін иісінен ояндыңыз. Сіз көп қабатты үйде тұрасыз.

Сіздің іс-әрекетіңіз.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы




ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
№ 3 тақырып: «Радиациялық жағдайды бағалау. Радиациялық барлау аспаптары»

Оқытылатын курс пен семестр: II курс және IV семестр


Мамандық: 5В110400 – Дәрігерлік емдеу ісі
Сағат саны: 2

2014ж.


Әдістемелік өңдеу акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.
Хаттама № __ «__» _______ 2014 ж.
Акушерия және гинекология курсымен

АМСЖ кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доцент ________________________ Югай Н.В.
Өңдеген: оқытушы Сырманова З.К.

1.Тақырыбы: Радиациялық жағдайды бағалау. Радиациялық барлау аспаптары.

2.Мақсаты:

-радиациялық және химиялық баолау приборлары және дизометриялық бақылау приборларын жұмысқа дайындау;

-студенттермен олардың жұмыс істеу принциптерін талдау және үйрету.

3.Оқыту мақсаты:

-радиациялық барлау аспаптарының жұмыс істеу принциптерін білу;

-студенттерді ТЖ жою және АҚ ұйымдастыру шараларына араласу кезіндегі белсенді азаматтық позициясын және тану талпыныстарын тәрбиелеу.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

-радиациялық барлау приборлары және дизометриялық барлау приборларының тактико-техникалық смпаттамасы және тағайындалуы;

-радиациялық приборлармен тәжірибелік жұмыс жүргізу.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

-түсіндіру, оқып үйрету, жаттығу, пікірталас.

Тапсырма:

Бақылау сұрақтары:

-ядролық жарылыстың зақымдау факторларының сипаттамасы;

-жергілікті радиоактивті улану;

-уландырғыш заттардың жіктелуі және адам организміне әсері;

-жаппай қырып-жою қаруынан қорғану құралдары.



  • Ақпараттық материал

«Радиациялық барлау приборлары және дозиметриялық бақылау приборларының тактико-техникалық сипаттамасы және тағайындалуы»

Осы заманғы барлық дозиметрлік приборлар иондық әдіс негізінде жұмыс істейді. Оқшауланған көлемдегі иондаушы сәулеленудің ықпалымен газдың электрлі бейтарап атомдары жағымды және жағым-сыз иондарға бөлінеді. Егер осы көлемге әрқайсысына тұрақты кернеу қойылған екі электрод орналастыр-са, оңда иондалған газдағы электродтар-дың арасында зарядталған бөлшектердің бағытты қозғалысы пайда болады, яғни газ арқылы иондық ток деп аталатын электр тоғы өтеді. Оның көлемін өлшей отыра, радиоактивті сәулеленудің жиілігі туралы бағалауға болады.


ДП-5-А (Б,В)доза қуатын өлшегіші (рентгенометр)
Прибор гамма-сәулелену бойынша әртүрлі заттардың радиоактивті зақымдалу және гамма-радиация деңгейін өлшеуге арналған. Гамма-сәулеленудің экспозициялық қуаты сағаттағы миллирентгенттермен (мР/сағ) немесе сағаттағы рентгенттермен анықталады (Р/с).

Диапазон өлшеу:

Диапазондар Қаламсап жағдайы Ауыстырғыш Шкала Бірліктер Өлшеу шегі

1 200 0-200 р/ч 200

2 x1000 0-5 мр/ч 500-5000

3 x100 0-5 р/ч 50-500

4 x10 0-5 р/ч 5-50

5 x1 0-5 р/ч 0.5-5

6 x0.1 0-5 р/ч 0.05-0.5
Прибор жиынына мыналар кіреді: сақтауға арналған чемодан, қақпағы бар өлшеу пульті, газбен зарядталған екі есептегіші бар қымталған цилиндрлі түтік, түтікті бекітуге арналған ұзарту штангасы, өлшеу пультінің дабылдарын дыбыстық бақылауға арналған телефондар (құлақ ілдіргі), зонд пен те­лефон кабельдері, сондай-ақ қуаттандыру блогы, нұсқаулық пен артық мүлік.

Радиация деңгейін өлшеу 1м биіктікте, яғни адамның тіршілік орталықтарының деңгейінде жүргізіледі.

Гамма-сәулеленудің дозасының қуатын (радиация деңгейін) анықтау үшін мыналарды істеу қажет: түтік экранын "Г" жағдайына, қосалқы диапазондар ажыратқышын 200 жағдайына қойып, 15 секундтан кейін төменгі шкаладан кейін прибор тілі бойынша есептеуді жүргізу керек. Алынған нәтиже сағаттағы рентгентте гамма-сәулелену көлемін көрсетеді. Егер прибор тілі болмашы ауытқыса (0—5 Р/с шегінде), оңда өлшеуді сезімталдау қосалқы диапазондарында жүргізген жөн.

Өлшеу кезінде тілдің шеткі жағдайларында есептеуді жүргізбеген дұрыс (шкаланың басында немесе аяғында). Ұзақ жұмыс кезінде әрбір 30—40 минуттан кейін прибор жұмысының режимін тексеру қажет.

Өлшеу барынша дәл болу үшін зондты кеңістікте оның кіндігінің жермен қатар орналасатындай етіп бағыттау керек.

Дененің, киімнің басқа объектілердің радиоактивті заттармен зақымдалуын анықтау, егер сыртқы гамма-фон сол объектінің шекті жол берілетін зақымдалуынан үш еседен артық болмаған жағдайда ғана жүргізілуі мүмкін. Гамма-фон зертелетін объектіден 15—20м. қашықтықта өлшенеді (зонд жер­ден 1м қашықтықта).

Объектінің үстіңгі бетінің зақымдалуы барлық қосалқы диапазонда өлшенеді (200-ден басқасында).

"Г" жағдайында экраны бар зондтың зақымдану деңгейін өлшеу үшін тексерілетін объектінің үстіңгі бетіне қойып оның үстінде баяу қозғай отыра қүлақ ілдіргідегі дыбыстардың ең үлкен жиілігі немесе микроамперметрдің ең жоғарғы көрсетуі бойынша қатты зақымдалған жерді анықтап, прибордың көрсетулерін жазып алу керек. Осы көрсетулерден гамма-фон көлемін оқып, объектінің зақымдануының шынайы деңгейін алады. Егер прибордың көрсетулері екі өлшеу кезінде де бірдей болса, онда объекті зақымданбаған болып шығады.

Зақымданған объектіде бета-сәулеленуін анықтау үшін зонд экранын "В" жағдайына қою қажет. Гамма-сәулелену бойынша көрсеткіштермен салыстырғанда (зонд экраны "Г' жағдайында) прибор көрсетулерінің бір қосалқы диапазондарында артуы бета-сәулеленуінің бар екендігін, тиісінше тексерілетін объектінің бета, гамма-радиоактивті заттармен зақымдалғанын, яғни зақымдалған объектінің қауіптілік деңгейін арттыратындығын айғақтайды. Бета-сәулеленуді анықтау сондай-ақ радиоактивті ластану іздерінің тастың, автомашинаның, жәшіктің, ыдыстың, ғимарат қабырғасының қай жағында екендігін табу үшін қажет.

Сұйық және сусымалы заттардың зақымдалғанын өлшеу кезінде датчикті радиоактивті заттармен ластанудан қорғау үшін түтікке полиэтилен пленкасынан жасалған жамылғы кигізеді.


ДП-22В дозиметрлер комплектісі
ДП—22В жеке дозиметр жиынына 50 тік көрсететін ДКП— 50—А дозиметрлері мен ЗД — 5 зарядтау қондырғысы кіреді.

0,5—200Р/С дозалар қуатын өлшеу кезінде 2 - 50 диапа-зондағы гамма-сәулеленудің жеке дозасын өлшеуге арналған. Дозиметрлерінің жұмысы температуралардың -40 +50 °С аралығында және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 98% кезінде қамтамасыз етіледі.

Әрбір дози­метр алюминий құймасынан ав­тоқалам түрінде жасалынған.

ДКП-50-А дозиметрін жұмысқа даярлау кезінде дозиметрдің шаңнан қорғайтын қалпақшасын және зарядтау қондырғысындағы "заряд" ұясындағы қалпақшаны бұрайды. "Заряд" тұтқасын сағат жүрісіне қарсы қойып, дозиметрді ұяға салады, осы кезде ұяның төменгі жағындағы дозиметр шкаласына жарық түсіретін шам жанады. Оператор окулярға қарай және сағат тілі бойынша "заряд" тұтқасын бұрай отыра тілді дозиметр шкаласындағы нольдік белгіге қойып, дозиметрді ұядан алады және қорғаныс қалпақшасын бұрайды. Дозиметрлерді зарядтағаннан кейін радиоактивті зақымдану аймағыңда жұмыс істейтін бөлімшелердің жеке құрамына береді.

Ошақтан қайтқаннан кейін дозиметрдің көрсеткендері жеке құрамнын сәулеленуін есептеу журналына енгізіледі.

ИД—1 доза өлшеу жиыны



Техникалық мәліметтері, тағайындалуы

ИД—1 доза өлшеу жиыны температуралардың - 40 +50°С аралығында жөне ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 98 % кезіңде гамма-нейтрондық сәулеленудің жұтылған дозасын өлшеуге арналған. Дози­метр 20—500 рет диапазондағы гам­ма-нейтрондык сәулеленудің жұтылған дозасын өлшеуді қамтамасыз етеді.

Өлшенетін дозаларды есептеу дозиметр ішінде орналасқан және окуляр арқылы жарықта көрінетін шкала бойынша жүргізіледі. Дозиметрлерді зарядтау ЗД—6 зарядтау қоңдырғысымен жүргізіледі. Жиынға зарядтау қондырғысьшен қатар 10 дозиметр жөне футлярға салынған нұсқаулық кіреді.

Зарядтау қондырғысының жұмыс принципі мынаған негізделген: сағат тілі бойынша тұтқаны айналдырған кезде рычагтік механизм пьезоэлементтерге қысым жасайды, олар бұзылғаннан кейін кіре берісте дозиметрдің иондық камерасының орталық электроды зарядтау ұясының орталық діңгегі бойынша плюс, ал корпус бойынша иондық камераның сыртқы электродына минус берілетіндей ретпен орналасқан әр түрлі қуаттылықты құрайды.

Дозиметрді жұмыс жағдайына келтіру үшін оны заряд­тау қажет. Бұл үшін зарядтау қондырғысының тұтқасын аяғына дейін сағат тіліне қарсы бұрап, дозиметрді зарядтау қондырғысының зарядтық-байланыс ұясына қояды; зарядтык қондырғышы айнамен жарықтың сыртқы көзіне бағыттап айнаны бұра отыра шкалаға жарықты барынша көбірек түсіреді, дозиметрді басып, окулярды бакылай отыра зарядтык қондырғының тілін сағаттың тілі бойынша дозиметр шкаласындағы тілдің көрсетуі нольге жеткенге дейін бұрайды, бұдан кейін дозиметрді ұядан алып, жіптің жағдайын жарықта тексереді (тілдің тік жағдайы кезде оның көрсетуі 0 болуға тиіс).

Дозиметрді иондаушы сәулелер әсері өрісіндегі жұмыс уақытында киімнін қалтасына салып жүреді. Дозиметр оқулярына ара-тұра қарай отырып дозиметр шкаласындағы тілдің көрсетуі бойынша жұмыс уақытында алынған гамма-нейтрондық сәулелену дозасын анықтайды.


Радиациялық приборлармен тәжірибелік жұмыс жүргізу.

Оқытушы студенттерді 3 топқа бөліп, оқу нүктелерінеде приборларды жұмысқа дайындауға кіріседі.


1 оқу нүктесі

Бұл оқу нүктесінде студенттер ДП-5 В приборын жұмысқа дайындап, онымен әр түрлі заттардың радиоактивті зақымдалу және гамма- радиация деңгейін өлшеудің иммитациясын жасайды.


2 оқу нүктесі

№ 2 оқу нүктесінде студенттер ДП-22В приборларын жұмысқа дайындап, гамма-сәулеленудің дозасын өлшейді. Доза өлшеу шараларын әрбір студент жеке орындап оны дәптерге жазады және қателіктерін оқытушы түзеп отырады


6. Әдебиеттер

1. Ж.К.Аманжолов, Л.Х.Балабас «Тірщілік қауіпсіздік негіздері». Астана, 2009 ж.

2. П.П.Кукин. «Тірщілік қауіпсіздік негіздері». М-2003 ж.

3. Оқулық «Тыныс органдары мен теріні қорғайтын жеке қорғаныс құралдары». Астана, 2007 ж.



7. Бақылау:

Тесттер


1.ИД-1 ... анықтайды.

А) сіңірілген дозаны

В) радиайия мөлшерін

С) радиациялық бақылау мен хабарлау

Д) химиялық заттарды

Е) уландырғыш заттарды



2. ДП-5В ... анықтайды.

А) түрлі заттардың радиоактивтілігі кезінде

В) радиациялық бақылау мен хабарлау

С) химиялық заттарды

Д) сәулелену дозасын

Е) уландырғыш заттарды



3. ДП-22 ... анықтайды.

А) сәулелену дозасын

В) түрлі заттардың радиоактивтілігі кезінде

В) радиациялық бақылау мен хабарлау

С) химиялық заттарды

Д) уландырғыш заттарды



4. Қандай аспап радиация деңгейін өлшегіш болып табылады?

А) ДП-5В


В) ДП-22

С) ДП-24


Д) ӘХБА

Е) ДПК-50А



5. Қандай аспаптар гамма-сәулеленудің жеке-дара мөлшерін өлшеу үшін арналған:

А) ДП-22, ДП-24

В) ДП-5В

С) ДП-3Б


Д) ӘХБА

Е) ДХБА


6. Қандай аспаптар иондағыш сәулеленуді анықтау үшін қолданылады?

А) Дизометр, радиометр

В) Потенциометр

С) Амперметр, вольтметр

Д) Конденсатор

Е) Стабилизатор



7. Дозиметрлік бақылау аспаптары:

А) ДП-5, ДП-24, ДП-22, ИД-1, ИД-11

В) Газдың ШРК-сын анықтайтын аспаптар

С) Газ иісін анықтайтын аспаптар

Д) УЗ ұшқыштығын анықтыйтын аспаптар

Е) УЗ тұнуын және ШРК-сын анықтайтын аспаптар



8. Химиялық барлау бақылауының дизометриялық аспаптары:

А) ВПХР, УГ-2

В) ДП-5, ДП-24, ДП-22, ИД-1, ИД-11

С) ГП-7, ГП-5, ГП-5м, ГП-4у

Д) ПДФ-2Д, ПДФ-2Ш

Е) ИП-4М, ИП-4мк, ИП-5, ИП-46



ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы




ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
№ 4 тақырып: «Радиациалық жағдайды бағалаудың әдістемесі»

Оқытылатын курс пен семестр: II курс және IV семестр


Мамандық: 5В110400 – Дәрігерлік емдеу ісі
Сағат саны: 2

2014ж.


Әдістемелік өңдеу акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.
Хаттама № __ «__» _______ 2014 ж.
Акушерия және гинекология курсымен

АМСЖ кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доцент ________________________ Югай Н.В.
Өңдеген: оқытушы Сырманова З.К.
1. Тақырыбы: Радиациалық жағдайды бағалаудың әдістемесі.

2. Мақсаты:

- радиациялық жағдайдың тәртiбі мен әдісін, мәнін бағалау;

- радиациялық жағдайдың тәжірибесіне баға беру.

3. Оқыту мақсаты:

- радиациялық жағдайды бағалай білу;

- есептер нәтижесін сараптай білу;

- оқу жағдайларына байланысты бағыт таба білу және дұрыс шешім қабылдай білу;

- топ ішінде тіл табыса алу және топ араларында жұмыс жасай білу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

- ядролық жарылыс кезіндегі радиациялық бағалау әдістері;

- радиациялық бағалау жағдайлары;

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

- түсіндіру, оқып уйрету, жағдайларға байланысты есептерді шешу.


Ядролық жарылыс кезіндегі радиациялық жағдайды бағалау әдісі
Радиациялық жағдайды бағалау дегеніміз – белгілі аймақта заттардың радиоактивті улануының деңгейі мен масштабтары.

Радиациялық жағдайды бағалау мақсаты – зақымдану ошағындағы халық пен шаруашылықтардың тиімді әрекет етуін анықтау. Радиациялық жағдайды бағалау – алдын ала болжау немесе барлаудың нәтижесі бойынша негізгі факторларға сүйеніп жүргізіледі.


Радиациялық жағдайды бағалау

Радиациялық жағдайды бағалау үшін негізгі бастапқы мәліметтер бойынша жүргізіледі: радиактивті улануға әкелетін ядролық жарылыстың уақыты, радиация деңгейі және оның өлшеу уақыты, радиация мен сәулелену дозаларының коэфицентінің бәсеңдетуінің мәні және алдағы қойған міндеттер мен оның орныдалу уақыты.



Есеп 1

а) Жарылу уақыты белгілі

Берілгені: Жағдайды картаға түсіруді жеңілдету және радиация деңгейінің төмендетуін кадағалау үшін ядролық жарылыстан кейінгі радиация мөлшерін бір уақытқа келтіру.

t1 = 12 сағат 15 минутта объект аймағындагы (Р) радиация деңгейі 37 Р/сағ кұрады.

Егер ядролық жарылыс t2 = 11сағ 45мин болған болса, жарылыстан 1сағат өткеннен кейінгі радиация деңгейін анықтаңыз.Тапсырманы орындауға арналған бастапқы мәліметтер № 18 кестеде берілген

Шешімі:

Радиация деңгейін өлшеген уақыт пен жарылыс болған уақыттың айырмашалағы:

12І5-1115 = 30 минут болады.

№1 кесте бойынша тік бағана (30 минутпен) көлденең бағанадагы есептеу уақытын (І сағ.) қиылысқан жерінен К-коэффициентінің мәнін табасыз – ол 0,44-ке тең.

Ядролық жарылыстан кейін 1 сағат өткен соң радиация деңгейін шығарамыз:

Р (1 сағ) = 37 Р/сағ.· 0,44=16,3 Р/сағ.

Егер ядролық жарылыс болған уақыт белгісіз болса, онда радиация деңгейінің төмендеу жылдамдығы бойынша анықтауға болады.

Жарылыс өткеннен кейінгі әр түрлі уақыттағы радиация деңгейін қайта есептеу коэффициенті.

Кесте 1

Жарылыс өткеннен кейінгі әртүрлі уақыттағы радиация деңгейін қайта есептеу коэффициенті.


Жарылыстан кейінгі радиация деңгейін өлшейтін уақыт, мин

Жарылыстан кейінгі радиация деңгейін санау үшін пайдаланатын уақыт

0,5 сағ.

1сағ.

2 сағ.

15

20

25



30

40

50



0,44

0,61


0,8

1,0


1,4

1,8


0,19

0,27


0,35

0,44


0,61

0,8


0,08

0,12


0,15

0,19


0,27

0,35

б) Жарылу уақыты белгілі

Берілгені: Цехтың орналасқан ауданында радиация деңгейі өлшенді: t1=1000, Рt1=50 рад/сағ және t2 =1030, Рt2=45 рад/сағ. Тапсырманы орындауға арналған бастапқы мәліметтер №26 кестеде берілген. Жарылыс уақытын анықтаңыздар.



Шешімі:

Δt=t2 - t1=1030-1000=30 мин.

Рt=Рt1: Рt2= 45:50=0,9

№ 27 кесте бойынша Р2 / Р1 = 0,9 және Δt=30 мин үшін, жарылыстан кейінгі 2-ші өлшеміне дейінгі уақытты табамыз, ол 6 сағатқа сәйкес. Ал іздеген жарылыс уақыты мынаған тең болады:

tжар=t2- t =1030-600=4 сағ 30 мин.

Кесте 2

Жергілікті жердегі екінші деңгейлі радиацияға дейінгі уақыт.




Екінші өлшеу кезіндегі

радиация деңгейінің

1-ші өлшеу кезіндегі

радиация деңгейіне

қатынасы, Р t2 /Рt1


Өлшеулер арасындагы

уақыт, мин.



Жарылыстан кейінгі 2-ші өлшеуге дейінгі уақыт (сағ.-мин.)

15

30

60

0,9

0,8

0,7

0,6

0,5

0,4

0,3

0,2

3,0

1,30

1,0

0,45

0,35


6,0

3,0

2,0

1,30

1,10

0,55

12,0

6,0

4,0

3,0

2,20

1,50

1,35

1,20

Кесте №3.

Радиация мөлшерін орташа азайту коэффициенті – Каз




Паналардың аталуы және тасымалдау құралдары

немесе АҚ (халық) құрамаларының орналасу

(әрекетету) шарттары


Каз

Аумақта ашық орналасу.

1

Қорғаныс құрылыстары

Залалданғанашықокоптарменжарықтар

3

Залалданған аумақтағы ашық немесе

дезактивацияланған окоптар



20

Жабылған жарықтар

50

Радиацияға қарсы паналар (ПРУ)

100 аса

Жалпы паналар

1000 аса

Тасымалдау құралдары

Автомобильдер мен автобустар

2

Теміржол платформалары

1,5

Жабылған вагондар

2

Жолаушылар вагондары (локомотивтер)

3

Өндірістік және әкімшілік ғимараттары

Өндірістік бір қабатты ғимараттар (цехтар)

7

Өндірістік және әкімшілік үш қабатты ғимараттар

6

Тастан қаланған тұрғын үйлер

Бір қабатты

10

Үйдің асты

40

Екі қабатты

15

Үйдің асты

100

Үш қабатты

20

Үйдің асты

400

Бес қабатты

27

Үйдің асты

400

Ағаштан жасалған тұрғын үйлер

Бір қабатты

2

Үйдің асты

7

Екі қабатты

8

Үйдің асты

12

Құраманың орналасу ауданы

12-24 сағ ішінде жабдықталған аудан

3

24 сағаттан аса

50

Орташа халық үшін




Қаладағы

8

Ауылдағы

4

Есеп 2

Жұмысшылардың және қызметкерлердің зақымданған аймақта болған кезде оларды қайтадан оқытпау мақсатында сол уақытта сәулеленудің дәрежесін анықтау керек.


Берілгені:

Объектіде жарылыс болған соң 1 сағаттан кейін радиация деңгейі Р= 300 Р\сағ.

Объекті жұмысшылары мен қызметкерлерінің ашық жерлерде және өндірістік бөлмелерде 1 сағат болу кезіндегі (Тсағ) қабылдайтын (Д) радиация мөлшерін анықтау керек, егер сәулелену ядролық жарылыстан 3 сағат өткеннен кейін (Тбаст) басталғаны белгілі болса. Тапсырманы орындауға аранлған бастапқы мәліметтер №20 кестеде берілген.
Шешімі:

№4 кесте бойынша сәулеленудің Тбаст = 3 сағ, және сол ауданда болу уақыты – 4 сағат ашық жердегі радиация 100Р\сағ даңгейі болған кездегі Дсәуле табамыз, ол 62,4 тең.

Ескертуге қатысты мына қатынасты анықтаймыз:

Р\100=300\100=3


Ашық жерде (Кәлс=1, №6 кестеден), мынадай сәулелену мөлшерін алады

Д=62,4 *3=187,2 Р

Өндіріс бөлмелерінде (Кәлс=7), мынадай сәулелену мөлшерін алады

Д =187,2/2 =26,1 Р.


Кесте №4


Жарылысбасталған

уақыттанбастап

радиациялықсәуле-ленууақыты, сағ.


Болу уақыты

0,5

1,0

2,0

3,0

4,0

5,0

6,0

0,5

1,0


1,5

2,0


2,5

3,0


4,0

5,0


6,0

74,5

39,9


25,8

19,0


14,9

12,2


8,3

6,8


5,5

113

64,8


44,8

34,0


28,0

22,4


16,4

13,0


10,6

158

98,8


72,8

66,4


46,0

38,8


29,4

23,6


19,4

186

121


91,0

72,8


61,6

51,8


40,2

32,4


27,0

204

138


106,4

85,3


72,5

62,4


49,2

40,0


33,8

220

151


117

96,4


82,8

71.2


56,6

46,8


39,8

231

161


127

105


90,4

77,8


63,4

52,8


45,0


Елді – мекендегі және өнеркәсіптік объектідегі өрт
Есептің мазмұны
Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет