ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет10/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov
20201028, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
 
8. Білімдік айтыс 
 
Ғылым мен Надандық 
Ғылым

Әй, малғұн, мен келгенде көтер басты, 
Болдың ғой түпке жетіп сен албасты. 
Қалғыздың кейбіреудің құр сүлдесін, 
Тынышына қоймаймысың қалған жасты. 
Надандық

Шайқама тәтті ұйқымды тентіреген, 
«Келсін» деп сені мұнда кім тілеген? 
Күшпенен кімді жеңіп алғандайсың, 


35 
Нәп-нәзік түрің мынау үлбіреген. 
Ғылым

Көгілдір ғой, сенің мені қомсынғаның, 
Көріп пе ең құтылғанын құл сұнғаным. 
Қиылып бір нқысам қалатұғын, 
Желкең бе, күжірейген молсынғаның?! 
Надандық

Сен кімсің, түрің нашар, сөзің жуан, 
Бар еді күш берерлік қанша дуаң? 
Қолыңнан келмейтұғын жұмыс жоқтай, 
Жыландай жылмаңдайсың сумаң-сумаң. 
Ғылым

Танырсың асықпай тұр, жуан мойным, 
Қар менен мұзға толар жылы қойның. 
Жоқ қылмақ сендейлерді бұл жаһаннан,
Бұл күнде істеп тұрған менің ойым. 
Надандық

Мен сенің шошымаймын пошымыңнан, 
Достасып сеніменен қосыла алман. 
Қақпамды ашып қойып сендейлерге, 
Батыр-ай, кел ғой деп ұсына алман. 
Ғылым

Қызғаншақ сорлы екенсің, ішің тар-ақ, 
Сөз айтсам тыржиясың әрман қарап. 
Жіңішкелеп қазағың да сөз салып тұр, 
Шаруаға жайлы екен деп біздің тарап. 
Надандық

Ол жұртым, ақылы кем, азған еді, 
Тілге ерме дәйегі жоқ жазған еді. 
Саны да көп болғанда қырық миллион, 
Есептеусіз шетте жатқан аз ғана еді. 
Ғылым

Бұл күнде қытайың да сөз салып тұр, 
Қызығып біздің түрге көз салып тұр. 
Азырақ арасынан жанжал шығып, 


36 
Ол сауал кемді күнге тоқталып тұр. 
Надандық

Қой, жаным, алаң болма, қазағыма, 
Ол сенің ереді деп мазағыңа. 
Жұмысың тұрғанымен шимай-сызбай, 
Көндігер олар неғып азабыңа. 
Ғылым

Түрің жоқ, әптің мынау15 ақыл шығар, 
Мен білсем, өлімің де жақын шығар?! 
Арада соғыс шықса, қан төгілер, 
Бергенің татулықпен мақұл шығар. 



Надандық қысылғаннан кетті терлеп, 
Не шара күшті тұрса, нәубет бер деп. 
Бар еді қазақтарда көп аласым, 
Алғанша жалыпты мәулет бер деп. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   145




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет