ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет9/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov
20201028, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
 
7. Соңғы сапар тағылымы 
Қазақ шет жұртқа қоныс аударғанда, соғысқа аттанғанда, сондай-
ақ өлім сәті таялғанын сезгенде өзінің жақын адамдарымен, ел-
жұртымен арыздасып, қоштасқан. Бұлармен бірге қазалы жағдайда 
естірту, тоқтау, басу айту, жүбату, көңіл айту төрізді қаралы күйге 
үшыраған 
адамға 
психологиялық 
түрғыдан 
демеу 
көрсету 
мақсатындагы сөздер айту да әрбір тілеулес адамның парызы 
саналған. Қоштасу, естіртулердің қарасөз өлең, кейде күй түрінде 
айтылатын нұсқалары қазақ ішінде көптеп кездеседі. Төменде 
солардың өлең сөз түріндегі нұсқалары ұсынылып отыр. 
Қоштасу 
Таңсықтың елмен, жермен қоштасуы 
Балталы, Бағаналы ел аман бол,
Бақалы, балдырғанды көл, аман бол!
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман бол!..
Жасы кіші аға мен іні, аман бол,
Іребдел өңшең мырза жаға, аман бол!
Қайын атаң Қарабай сенен қашты,
Жөргекте Қозы Көрпеш, тағы аман бол!... 
Қобыланды мен қарындасы Қарлығаның қоштасуы 
Қарлыға: 
Желі толған сары түйе,
Ағажан, кімге қалдырдың?
Қора толған ақты қой,
Ай көке, кімге қалдырдың?
Тоғай толған көп жылқы,
Күн көке, кімге қалдырдың?


34 
Тоқсанда әкең Тоқтарбай,
Алпыста шешең Аналық,
Ақ көке, кімге қалдырдың?
Бірге туып, бірге өскен,
Көкежан деп жылаған,
Мен сорды кімге тапсырдың?
Бұ дүниеде мұңдасың,
Төсекте жатсаң, сырласың,
Ақиреттік жолдасың,
Бұлаңдаған қыз Құртқа,
Оны да кімге тапсырдың? 
Қобыланды: 
Желі толған сары түйе, 
Сары суға тапсырдым. 
Қора толған ақты қой, 
Аш бөріге тапсырдым. 
Азу тісі балғадай, 
Жас бөріге тапсырдым. 
Тоғай толған көп жылқы, 
Жасанған жауға тапсырдым. 
Төртеуіңді тәуекел, 
Бір құдайға тапсырдым. 
Сіздер — төртеу, мен — жалғыз, 
Жауға кетіп барамын, 
Әлдеқандай боламын, 
Айналайын Қарлығаш, 
Ағаңды кімге тапсырдың? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   145




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет