ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет142/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov
20201028, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
Шаханов М.
Заблуждение цивилизации Сага о нравах эпохи. Алматы, 1999. С. 117. 
2
Сонда, 
123 б. 


419 
барлық бітімдерін бойында ұстайды. Осындай адам тұғырынан, ақын 
қазіргі әлемнің көркем суреттемесін жасағанда, айшықты бейнелердің 
тұтас галереясын жасап шығады... 
Қазіргі ақпараттық өркениеттің жетістіктеріне қаншама риза 
болғанымызбен, оның теріс салдары кез келген адамды қобалжытпай 
қоймайды. Қазіргі тұтынушылық деп аталатын қоғамда діни, саяси, 
әлеуметтік құндылықтардың құнсыздануы жүзеге асып жатыр, адамға 
деген сенім барған сайын жоғалып келеді, өнерге жат элементтердің 
енуі, оны көпшілік мәдениетінің жай қарапайым тауарына 
айналдырып жіберді. Академик Д.С. Лихачев жазғандай, «мәдениет 
құлдырауында прогресс сенімсіз болып шығады». 
Қазіргі әлемдегі өркениеттік үрдістерді сезіну және аңдау қазақ 
көркемөнер мәдениеті мен әдебиеті өкілдеріне Қазақстанның рухани 
құндылықтарын, олардың өрістеу бағдарлары мен коллизияларын 
көркем формада білдіруге мүмкіндік береді. Ш. Айтматов пен М. 
Шаханов өздерінің «Құз үстіндегі аңшының жоқтауы» атты диалог-
романында батыс ақылы, дәстүрлі құндылықтарды қирата отырып, 
«үш өлшемді әлемді» рационалдық парадигмамен «тауысып», 
«дүниенің қараңғы жақтарына» байлап кетті дейді
1
. Қазіргі 
руханисыздықтың себебі ретінде авторлар жақсылықты тасада 
қалдырып, зұлымдықпен (эрзац-құндылықтармен) әуестеніп кетуді 
атайды. «Тірі адам сансыз әрекеттерден: жасампаз және жоюшы, 
ұйғарылған және спонтандылардан тұрады. Адам ішкі болмысының 
тылсым тұйықтары күрделі және қауіпті. Бірақ не болса да, 
қанішерден қанішердің, зұлымнан зұлымның тууын шектеу, 
мәңгүртер мен зомбилардың қаптап кетуін болдырмау қажет»
2

Көптеген демократиялық еркіндіктер кейбір тұлғалармен дұрыс 
түсінілмеген. Телеарналар садизм, порнография мен нәпсіқұмарлыққа 
толы, кітап сөрелері, қазақтың дәстүрлі адамгершілік тәжірибесімен 
мүлдем сиыспайтын, көркем-эстетикалық талғамы төмен, триллерлер 
мен үрей фильмдеріне, пансексуалдық мелодрамаларға толы. «Ол 
қандай нақыштаумен берілсе де, тәрбиенің негізінде кісі өлтіру жатса, 
онда не камикадзені, не Джеймс Бондты аламыз»
3

Қатігездік тек мейірімсіздікті туындатады, ол үлкен мөлшерде, не 
кішігірім түрінде көрініс таба алады. Мысалы, ежелгі Рим тұрғындары 
гладиоторлардың қантөгісінен ләззат алса, Испанияда корридаға 
түбінде сондай себептермен барады, ал қатыгездік басты рөл 
атқаратын қазіргі үрейлі фильмдерді миллиондаған адамдар қарайды. 
1
Айтматов Ч., Шаханов М.
Плач охотника над пропастью. Алматы, 1996. С. 115-116. 
2
Сонда
, 134. 
3
Сонда,
110 б.


420 
Осы жөнінде қос қалам шеберлері мынадай мысал келтіреді: 
«XVII ғасырды өмір сүрген, венгер графиясы Елизавета Баториді 
алайық. Бұл ақсүйек әйел арнаулы өлтірілген қыздардың қанымен 
толтырылған ваннада шомылудан ләззат алған. Зұлым әйелдің осы 
«еркелігі» 650 шаруа қыздарының өмірін қиған. Графиня жас қан 
оның сұлулығын жетілдіреді деп есептеген»
1

Біздің заманымызда да мына үш сұрақтар өз көкейкестілігін 
жоғалтқан жоқ: Адамдардағы ізігіліктің бастауларын қалай ашып 
шығару керек? Жаңа Шыңғысхандар мен Жаңа Гитлерлердің 
айуандық инстинтиктерін қалай басып тастау керек? Қалай олардан 
руханилықты қорғау қажет? «Бұл қасиет кез келген сырқатпен ұқсас: 
жай ғана сызат қауіпті ісікке айналуы мүмкін, кәдімгі грипп адам 
өлімімен аяқталуы мүмкін. Бірақ гумандық насихат пен рахымдық 
үгітімен және діни өсиетпен бірге эпидемияның ошақтарын жоюға 
болады. Жүйелі мемлекеттік қамқорлық пен нысаналы саясат бұл 
жерде ауадай қажет. Адамда аңды оятпай-ақ қояйық»
2

Рух мәдениетіне жетуге бағытталған Ш. Айтматов пен М. 
Шахановтың бұл талпыныс әрекеті өнеге тұтарлық. Рух инфляциясы 
адамды құртып жібере алады. «Бізге төніп тұрған апатттардың 
арасындағы ең қауіптісі атом бомбасы, планетаның жаһандық 
жылынуы емес, ал антропологиялық апат – адамда адамгершілікті 
жою болып табылады»
3
... 
Дүниежүзілік көркем мәдениеттің алып тұлғалары қалыптасып 
келе жатқан өркениеттің гуманистік мазмұнын нығайту үшін Шығыс 
пен Батыстың арасында мәдени-рухани синтезді жүзеге асыру керек 
дейді. Мысалы, жапон ойшылы Д. Икэдамен бірігіп жазған «Рух 
ұлылығын мадақтау» атты еңбегінде Ш. Айтматов, Шығыс пен 
Батысты бірегейлендіре отырып, әлемдік субъектінің үйлесімдігін 
қалыптастыру қажет дейді. Батыс сыртқы дүниені тануда табысқа 
жетіп, Құдайды сырттан іздейтін күш ретінде алға шықса, Шығыс 
Құдайды адаммен имманентті қарастырады, адамдық субстанцияның 
ғарыштық табиғатына мән береді
4

Осындай 
жаһандану 
өрінісіндегі 
Қазақстанның 
өзіндік 
ерекшеліктеріне соңғы жылдары қазақ авторлары да көңіл аударып 
келеді. Мысалы, «Тамыр» журналында д-р Найман деген автор 
«Көкжал егеуқұйрық» атты эссесінде «Қазақ жастарында үлгі 
тұтарлық кейіпкерлер жоқ, ал мұратсыз қоғам мутацияларға 
ұшырайды»
5
дейді. 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   145




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет