Қазақтың ұлттық тәрбиелік тағлымы



Дата07.02.2022
өлшемі17,48 Kb.
#90826
Байланысты:
Баяндама


Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерін ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Өзге халықтар сияқты, қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінде атам заманнан бергі жиып-терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізіттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін-жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді. Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап, оның есейіп, қартайып, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс-әрекеті, басқалармен қарым-қатынасы атаулының барлығы – салт –дәстүрлерден өзекті орын алып, адамның дүниетану көқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі. Өз ұрпағының «сегіз қырлы, бір сырлы», өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-бабамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы өлең-жырымен насихаттады.
Әсіресе, «Өнер алды – қызыл тіл », «Жер астында жатқанды – қазбай қарап тіл табар» деп саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған халқымыз тілді тәрбиенің пәрменді құралы, ақыл-ойдың асыл қоймасы деп таныды. Қазақтың айтыс өлеңдерінде, терме-толғауларында, бесік жырларында, ертегі, аңыз-әңгімелерінде, мақал-мәтел, нақыл сөздерінде ел тағдыры, келер ұрпақ қамы, бас бостандығы, адамгершілік, ар-ождан мәселелері жан-жақты сөз болып, дидактикалық ақыл-өсиет, насихат түрінде айтылып, ол халықтың қыз ұзату, келін түсіру, шілдехана, баланы бесікке салу сияқты дәстүрлі жиындарында марапаттылып келді. Сол арқылы көпшілік қауымға, әсіресе жастарға өнеге айту, тәлім-тәрбие беру көзделеді.
Қазақтың ұлттық тәрбиелік тағлымы
Сұрасаң, атам – қазақ, түбім – түрік,
Мойнына шу асаудың салған құрық.
Дәстүрін ел-жұртымның ардақтаймын,
Ежелгі ата –баба салтын құрып.
Қазақтың халық өлеңі
Дүние жүзіндегі әр елдің өзіне ғана тән әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері бар. Оларды екі ауыз сөзбен халықтың рухани келбеті, тәрбиелік ережесі деуге болатын сияқты. Бұл мирас ата-ата бабалардың сан ғасырлық көш керуені арқылы ұрпақ алмасқан сайын үзілмей жалғасып, асыл аманаттай кешеден бүгінге ардақ қалпында ұласып отырған.
Осынау ұлан-ғайыр тарихи-әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, педагогикалық және дүниетанымдық жағдайларына байланысты жинақтаған өмір тәжірибе ұлт ретінде ұйысып,егемен ел сыңайды еңсе тіктеген жұрт мысалы арғы-бергі адамзат тарихында ұшыраспайды. Себебі салт-дәстүр дегеніміз, сайып келгенде ұлттық болмысты өзгелерден айрықшалап, даралап тұратын ішкі бір рухани айна іспетті. Онсыз халық болмайды.
Кешегісіз бүгін де, ертең де – тұл. Заманында Ғабит Мүсірепов жазғандай, «мал баласын баурында өсіреді, ағаш жапырағын ығына қарай төгеді, адам баласы қоғамның шылауында өседі».
Өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбек сүйгіш абзал азамат болып өсуін армандаған қазақ халқы бұғанасы қата бастағанынан-ақ қыз баланы үй сыпыру, төсек жинау, ыдыс-аяқ жуу, шай құю, ас пісіру, сиыр сауу, өрмек тоқу, ал ер балаларды қозы-лақ қайыру, мал жайлау, суару, бағу секілді шаруашылықтың алуан түрлеріне, ата-кәсбіне үйреткен.
Әрбір әке баласына өзі жетік меңгерген өнер түрлерін үйретуге, мысалы күйшілік, бишілік, әншілік, мергендік, аңшылықты игеруге баулаған. Ал қыз баланы келешек ана, нәресте тәрбиешісі, әулет ұйытқысы деп түсінген халқымыз оның өнерлі де әдепті, еңбекқор да сымбатты болып өсуіне, сәнді киінуіне көңіл бөлген. Сондықтан ұлттық тарихымызда ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан осындай салтымызды кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету – бүгінгі күннің өзекті міндеті.
Отбасы тәрбиесі
Отбасы тәрбиесі – көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал.
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тәне-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік қоршауы болса,екінші тараптан – тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерінде болатын ықпалдардан басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы –бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да еңбек ұжымы да, дос – жарандары да, отбасы – бұл әдеп пен өнер кілті де. Жанұя қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адамда сондай.
Отбасы – тұлға қалыптастырушы бесік. Осыдан, «Азамат қалыптастырамын десең, бесігінді түзе» - деп ұлы ғұлама М. Әуезов бекер айтпаған. Отбасы адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметтік бағыт –бағдар түзіледі. Салт – дәстүр жалғастыған қамтамасыз ететін отбасы. Қаншалықты отбасы болса, тәрбие ерекшеліктері де соншалықты мол. Алайда олардың көп түрлігіне қарамастан, жанұядағы ересектер мен балалар арасында кезігетін қатынастардың жалпылай моделін ажырата тану мүмкіндігі баршылық. Отбасындағы қатынастар түрі сол қатынастардың қай бағытта, қай дәрежеде өсіртеуі мен балалар тәрбиесіне болған келеңсіз ықпалардың салдырына тәуелді анықталады. Олар:
1.Балаларына құрмет көрсете алатын отбасы.
2.Қайырқом, мейірлі отбасы.
3.Күнделікті дүниепараздыққа жүгінген отбасы.
4.Алауыз, жауласқан отбасы.
5.Теріс әлеуметтік бағыттағы отбасы.
6.Ата мен аналардың педагогикалық үйлесіміздегі жайлаған отбасы.
Отбасындағы тәрбие әдістері – бұл ата-аналардың өз баласының санасы мен
Әрекет – қылығына педегогикалық ықпал жасаудың мақсатты жөн-жосығы, жолы.
Қазақ халқының тағы бір нақылы «Ата балаға сыншы» дейді. Әр әке өз балаларының жеке ерекшеліктерін, яғни қандай іске, өнерге бейімділігін ерте аңғарып, шамасы келгенше әрқайсысының бойындағы табиғи қасиетін дамытуға тырысатын. Мәселен, сөз ұғарлық ойлы болса, ел адамы етуді көздеп, жақсыларға жанастыратын, ән мен күй өнерінің нышаны болса, өнер қуған сал – серілерге ертеді, ал шаруа қуарлық қана мүмкіндігі болса, үй шаруасының тізгінін беріп соған меңзейтін. Парасатты әке балаларына ата-бабаларының іс-әрекетін, үлгі боларлық өнерін айтып, ағайынның туыстық, жақындық қатынасатын түсіндіріп отыруды өзінің парызы деп біледі. Балаларын да осыған баулып, әркім өзінің ата-тегі туралы әңгімелеуді, оның өнегелі жақтарын уағыздауды дұрыс деп біледі.
Бала тәрбиесіне байланысты салт – дәстүрлер
Қай халықта да жұбайлар отбасын құрған соң, олар баласы болуын арман етеді. Себебі бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі, ерлізайыптылардың тіреудіңгегі. Сондықтан да қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп ой топшылған.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері: бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер, тұрмыс салт-дәстүрлері, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер болып үш үлкен топқа бөлінеді.
Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиелік дәстүрлерден шілдехана, сүйінші, балаға ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет тойы .....бастап, қыз бала мен ұл баланы келешек отбасы – жанұя құруға, шаруашылыққа, өмірге, еңбекке бейімдеуге арналған азаматтық жөн-жоралғылар кіреді.
Қорытынды
Ұрпақ тәрбиесі –келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. Ол мемлекеттік маңызы зор, аса жауапты іс. Дені сау, сезімі сергек, ақыл-ойы жетілген «сегіз қырлы, бір сырлы» абзал азамат өсіру ісі халқымыздың ғасырлар бойғы ой-арманы болып келді.Осы арман дене, ақыл-ой, адамгершілік, кәсіптік және эстетикалық тәрбиенің түрлері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа заманалар бойы халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарда марапатталып, сіңіріліп, іске асырылып отырды. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып
Халықтың рухани өзегі, тілінің тірегі, мәдениетінің арқылы, ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан ата дәстүрінің жемісін үзбей халқымыздың асу мұрасы ретінде бағалап, оларды көздің қарашығындай сақтап, ілгері дамытып отыру өркенді де өнегелі іс. Салт-дәстүрлер әңгіме етілсе қазақтың тұрмыстық салт-дәстүрлері сөз болады. Ол бірнеше бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде баланың дүниеге келуіненат жалың тартып, мініп, отау тігіп азамат болуына дейінгі аралықтағы салт-дәстүрлер. Халықтың тіршілік тынысы төрт түлік мал өсіру мен егіншілік, балықшылық, аңшылық кәсіптерге үйретудің әдіс-тәсілдері. Келесі бөлім «әлеуметтік-мәдени» салт-дәстүрлер деп аталады. Онда қазақ ауылдағы адамдардың туыстық-отбасылық, қарым-қатынасы, шешендік дәстүрмен ән-күй үйлену рәсімдері, қонақ күту, ұлттық мейрамдар мен ас беру баяндалады.
Дәстүр, салт қашанда адам қиялынан туындап, заман ағымына қарай байып, мазмұны тереңдеп отырады. Барлығымызға белгілі Ұлыстың Ұлы күні мерей тойында көбінесе салт-дәстүрлерді еске түсіру және қазіргі салт-дәстүрлерді тамашалау мен өтеді.
Әдебиеттік көрсеткіш
1.Ж.Ә. Әбиев; С.Б. Бабаев; А.М. Құдиярова «Педагогика», «Дарын» баспаханасы, «Дарын» Алматы, 2004ж. 120 б.
2.Х. Арғынбаев «Қазақтың отбасылық дәстүрлері», Алматы «Қайнар» 2001ж.
3.Ә. Табылдиев «Қазақ этнопедагогикасы», Алматы «Санай» 2001ж.
4.С. Қалиев, М. Оразев, М. Смайылова «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», Алматы «Рауан»1994ж.
5.С. Кенжеахматұлы «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», Алматы 2006ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет