Қазақтың құнды өсиеттері



бет1/2
Дата26.06.2018
өлшемі92,57 Kb.
#44527
  1   2
Қазақтың құнды өсиеттері

Қазақтың кемеңгер үш перзенті – Төле би Әлібекұлының, Қазыбек би Келдібекұлының, Әйтеке би Бәйбекұлының есімдері халқымыз үшін қастерлі. Бұл ұлы тұлғалар дуалы сөздерімен де, өнегелі іс-әрекеттерімен де ел ішіндегі бірлік пен ынтымақты нығайтуға айрықша үлес қосты. Ал бірлік бар жерде алынбайтын асу, бағынбайтын биік болмайтыны әбден белгілі.



Бұл күнде елімізде осы әйгілі үш бидің бірі – Төле бидің туғанына 350 жыл толуына орай мерекелік іс-ша­ралар өтуде. Таяуда ғана Жамбыл об­лысының орталығы Тараз қаласында бабамыздың мерейтойы кең көлемде атап өтілді. Шараға қатысушылар алдымен қаладағы Төле би даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысындағы ашық алаңға жиналды. Осында баба ескерткішінің ашылуына орай салтанат өтті. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед пен облыс әкімі Қанат Бозымбаев ескерткіш жамылғысын сыпыра бергенде ар жағынан бабаның ойлы да нұрлы жүзі көрініп, қазақтың абыз биі тіреліп келгендей әсер қалдырды. Мұнан соң облыс әкімі Қанат Бозымбаев пен Төле би атындағы республикалық қордың президенті Мүсілім Дайырбек сөз сөйлеп, ескерткіштің бой көтеруімен жұртшылықты құттықтады.
Бұдан әрі жиналған қауым қаладағы «Баласағұн» Орталық концерт залына ағылды. Осында «Төле би және оның ұлағатты мұралары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин жүргізіп отырды. Алғашқы болып сөз алған Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Құттықтау хатын оқып берді. Онда былай делінген:
«Бүгінгі күн – қазақ мәдениеті мен тарихындағы есте қалар елеулі күн. Ұлтымыздың ұлы перзенті, халқы­­­мыздың қасиетті сөзін ел бірлігі мен жер тұтас­тығына арнаған тарихи тұлға Төле би Әлібекұлының еңселі ес­керткіші көне Тараз жерінде бой көтерді.
Тәуелсіздіктің алғашқы арайында Ордабасыда өткен алқалы жиында біз жұртымыздың әйгілі үш биі – Төле бидің, Қаз дауысты Қазыбек бидің, Әйтеке бидің рухтары ендігі жерде халқымыздың бірлігі мен ынты­мағының нұрлы нысанына айналып, бүгінгі ұрпақтың ұлы тұлғаларға деген құрметі арта түсетіні айтылған еді.
Төле би қазақ жеріне тігілген жат көздің сұғына, жау елдің басқыншы әрекетіне қарсы күресте

сұңғыла сөзімен, сертке сай ісімен, сардарлық стратегиясымен ерекше көрінген тұлға. Елдің намысы мен ерлігін оятқан, жігерін жанып, еңсесін тіктеген қайраткер. Рухани көсемдік пен табиғи шешендікті тең ұстаған абыз. Қазақ жерінің тұтастығы мен ел бірлігін қашанда қазық қылып ұстаған бабамыз кейінгі ұрпағына ұлы өсиетті аманат етіп кетті. Төле би өсиеттері бүгінгі таңда да тәуелсіз еліміз­дің рухани өсіп-өркендеуіне, жастардың бойына отан­сүй­гіштік қасиеттерді сіңіруге өлшеусіз үлес қосып келеді.


Сондықтан осындай ұлы тұлғаға ескерткіш қою арқылы біз өткен тарихымызды қастерлеп, бүгінімізді бедерлеп, ертеңімізді баянды етуге жол ашамыз. Ұлттық тарихымыздың жаңа беттерін жазу үстінде, өткеніміздің өнегесін зерделеуде біз бабалар аманатына адалдық пен беріктіктің үлгісін көрсетеміз.
Түгел сөздің биігі болған Төле бидің қасиеттері мен өсиет­­тері әлемдік өркениетте өзіндік орнын тапқан қа­зақ жұртының тірегі мен тілегі болып мәңгілік қала береді».
Сөз алған облыс әкімі Қанат ­Бозымбаев конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Негізгі баяндаманы Абай атын­дағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент – мүшесі Мәмбет Қойгелдиев жасады. Сөз сөйлеген М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым ака­демиясының корреспондент-мүшесі Уалихан Қалижанұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Абай институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Жанғара Дәдебаев, тарих ғылымдарының докторы, профессор Нәбижан Мұхаметқанұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Клара Харизова, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Ғаппар Маймақов ба­баның қайраткерлігі, даналығы мен шешендігі, дипломатиялық қыз­меті жөнінде айтты. Ш.Уәлиханов атын­дағы Тарих және этнология инс­титутының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Ахмет Тоқтабайдың бидің туған жылына қатысты айтқан мына деректері жиналғандар назарын аудартты: «Төле би 1663 жылы туылған деп жүргеніміз де дұрыс емес. Себебі қарақалпақстандық Жұбатхан Мұратбаев «Қарақалпақ жерінде жасаған шежіреші Ақкете руынан Баймағанбет Ербөлекұлының және қарақалпақ шежірешісі Әбди Жамал ахунның деректеріне сүйене отырып, 1680 жылы Тәуке хан болып сайланғанда ханның биінің ең үлкені Сасық би – 85 жаста, құрама Мұхамед би – 52 жаста, қырғыз Қоқым би – 45 жаста, қазақ Кіші жүз биі Әйтеке би – 36 жаста, Ұлы жүз биі Төле би – 23 жас­та, Орта жүз биі Қазыбек би – 21 жаста екен. Олай болса Төле би 1657 жылы, Қазыбек би 1699 жылы, Әйтеке би 1644 жылы туған деп әбден айтуымызға болады» дейді. Жұбатқан Мұратбаевтың атақты шежірешілерге сүйеніп жазған бұл еңбегі баға жетпес құнды дүние деп айтамыз, себебі көптеген талас тудырып келе жатқан үш бидің туған жылдарын толық анықтап, соңғы нүктесін қоюға жәрдемін тигізеді».
Баяндамашылардың сөздерінде аталып өткен бір жайт – бабаның ақылмандылығы, данагөйлігі. Олай болса сол ақыл дариясынан тағы бір сусындап көрейікші. Бірде Шақшақұлы Жәнібек «Еліңде кәрің болса, жазулы тұрған хатың, жайлаған көліңнің алдында төбе болса, ерттеулі атың» деген сөздерді алға тартып, биден ақыл сұрай келіпті. Сонда Төле би кеудесіндегі маржан сөздерді төбеден құйылған нөсердей былай төгіп-төгіп тастаған екен: «Өгізді өрге салма, қанатың талар, наданға көзіңді салма, сағың сынар. Досыңа өтірік айтпа, сенімің кетер, дұшпаныңа сырыңды айтпа, түбіңе жетер. Жал құйрығы қаба деп жабыдан айғыр салма, жаугершілік туғанда жағдайлап мінер ат тумас. Жақыным деп жаманның малы үшін жақсының жағасынан алма, өрісің тарылар. Қару жисаң, мылтық жи, жаяу жүрсең таяқ, қарның ашса тамақ. Ит жүгіртіп, құс салсаң, әуелі боларсың. Әйел алсаң көріктіге қызықпа, тектіні ал. Мақтаншақ жігіт жисаң, ұятқа қалдырар. Ұрыншақ ат жаз жарға жығар, қыс қарға жығар. Тұмау түбі құрт болар, тұман түбі жұт болар. Ақылдың түбі құт болар. Елге бай құт емес, би құт. Қабырғадан қар жауса, атан менен нарға күш. Ел шетіне жау келсе, қабырғалы биге күш. Қарап отырғанша, бір нәрсеге жарап отыр. Кәсіп болмай, нәсіп болмас. Менен ақыл сұрасаң айтарым осы».
Осы жолдарды ой елегінен өткізе отырып, кешегіден бү­гінге жеткен «Көркем сөздің

көсемі – Төле би» дегенге қалай илан­бассың. Халық тауып айтқан.


Осы күні «Төле бидің қа­сиеттері мен өсиеттері» атты республикалық жыр мү­шәйрасы қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды. Қаладағы Орталық стадионда үш мыңға жуық адамның қатысуымен бабаның өмір жолына арналған театрландырылған қойылым болды. Оның соңы Қазақстан өнер шеберлерінің концертіне жалғасты.
Ертеңіне ипподромда ұлттық ат спорты ойындары өтті. Жиналған қауым құнан жарысты, тоқ бәйге мен аламан бәйгені қызықтады. Топ жарған ат иелеріне сыйлық ретінде көліктер табыс етілді. Облыстық театрда жазушы-драматург Елен Әлімжанның «Төле би» драмасының да табысты өткенін айта кеткен жөн.
Қазақтың үш данасы – Төле бидің, Қазыбек бидің, Әйтеке бидің кейінгі ұрпағына ұраны – бірлікке, татулыққа берік болу еді. Бұл өсиет бүгінгі күні де маңызын жойған жоқ. Бірлік – бұл бүгін де, ертең де қазақтың бас­ты байлығы, басты ұраны. Халқын ауызбірлікке, ынтымаққа шақырған атақты үш биіміз бұл жолда өздері бас болып былайғы жұртқа өнеге көрсетті. Бір-бірін қатты сыйлады, құрметтеді. Мәселен, Әйтеке би «Төле бидей әділ жанды көргенім жоқ, соңынан жайдан-жайға ергенім жоқ» десе, би дүние салғанда Қазыбек би «Төле би өлді дегенше, әділет өлді десеңші!» деп мұңын шақты.
«Берекені көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле!» деп соңына дана сөзін қалдырған Төле бидей бабалар аманатына адал болу – ұрпаққа парыз.

Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы. Все профессии хороши.  All professions are good.
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру. Мамандықтарға сипаттама беру, қыр - сырын ашу. Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңда білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, слайд көрсету.

Жүргізушілер: 

1-Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, құрметті қонақтар және мектеп бітіргелі отырған оқушы түлектер. Бүгінгі өткелі отырған «Мамандықтың бәрі жақсы» деп аталатын кешімізге қош келдіңіздер.

2 -жүргізуші: Бұл күндері өмір жолы сан тарау болып басталатын мектеп түлектері қандай мамандықты таңдасам екен деген сұрақтың алдында біраз тосылады. Ол, тіптен, жылдар, айлар бойы бұл төңіректе толғануы мүмкін, өйткені, бұл оңай сұрақ емес. Бұл жерде ата-ананың, туған-туыстың, іні-қарындастың, жора-жолдастардың кеңесіне құлақ қойған да жөн. Бірақ, шешімді сөз, ақтық таңдау өзіңде! Жүрегіңнің түкпірінде жатқан асқақ арманың бар.

«Кім болам?»деген сөз бар оған да құлақ сал.

Алуан-алуан сыры бар

Бейімді ескер де

Таңдап соның бірін ал

1-жүргізуші:

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Тетігін тап та, бар қалан,- деген Абай сөзі бүгінгі отырған сіздер мен біздерге терең ой салса керек.

2- жүргізуші: Қазақ халқының көрнекті педагог ағартушылары, қоғам қайреткерлері Ы. Алтынсарин, М Жұмабаев, Ж Аймауытов, А Құнанбаев өздерінің төл жазба әдебиеттерінде қазақ жастарын, адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі азамат болуға және пікірлерден әдет- ғұрып, соқыр сезімдерден, ұрлық-зомбылық, жатыпішер, жалқаулық сияқты жаман қылық жат мінездерден аулақ ұстауға шақырады.

1-жүргізуші:

Адалдық, ақылдылық,адамшылық

Қайырымды, мейірімді, жанашырлық

Тәрбие оқу, сана-білімдарлық

Үшеуі ұлағатқа жол ашарлық

Мұғалім: Миға шабуыл

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа


түрі қосылып отырады екен.

Жалпы мамандық дегенімізді сіздер қалай түсінесіздер? (оқушылардың пікірі)

Ең алдымен мамандық сөзіне назар аударайық. Мамандық орыс тілінде профессия, профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
«Укипедия» ашық энциклопедиясында «Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек
дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс - әрекетінің түрі» деп көрсетілген екен. Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Еңбек – адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған. Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек.

Ал мамандық – еңбек қызметнң түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділкті талап етеді.



І. Тест
1. Жер бетінде қанша мамандық түрлері бар?

А) 3000 Б) 3200 В) 3400

2. Мамандықты Климов неше типке бөлді?

А) 2 Б) 3 В) 5

3. Мамандық таңдауда адам өз бойында қандай қасиеттерді жетілдіру керек?

А) тәрбиелік Б) өзін - өзі ұстай білу В) шешім қабылдағыш Г) барлығы дұрыс

4. Мамандықты меңгерген адамды қалай атайды?

А) маман Б) мамандық В) кәсіпкер

5. Мұғалім, дәрігер, тәрбиеші қандай типке жатады?

А) Адам - адам Б) Адам - белгі В) Адам – техника

6. Адам – табиғатқа жататын мамандық

А) ұста Б) тігінші В) агроном

7. Ұстамдылық қандай кәсіп иесіне жатады?

А) суретші Б) сатушы В) әнші

8. Малшыға қандай талап қойылады?

А) шебер Б) күш иесі В) шыдамды

9. Қорлық келісім сауда және биржалық келісім жасағанда арада жүретін адам

А) дилер Б) брокер В) моклер

10. Мамандық таңдауда қандай жаман әдеттерден аулақ болу керек?

А) үстірт қарау Б) ұсақшыл В) әлсіз Г) көп сөзділік Д) бәрі дұрыс



ІІ. Тапсырма
Төмендегі қасиеттер қай мамандыққа сәйкес келеді, дұрыс жауапты бағыт сызығымен байланыстыр
Тренер---------------------------------------- тапқыр
Дәрігер---------- ------------------------------әділ
Мұғалім--------- -----------------------------өте ақылды
Журналист----------------------------------- шыдамдылық
Механизатор---------------------------------өз мамандығын жетік білу
Құрылысшы---------------------------------ой - өрісі жоғары
Заң қызметкері------------------------------мейірімді
Өнер иесі-------------------------------------мәдениетті

ІІІ тапсырма « Кім жылдам?» ойыны

1. Оқу білім-бағдары

Заманының бағбаны ( Ұстаз)

2.Ара тұрар өлімге

Қай маман бұл өмірде ( Дәрігер)

3.Станогы жанды адам

Сансыз өрмек жалғаған

Тірлігі бар тынымсыз

Өрмекшіден аумаған ( Тоқымашы)

4 Жаңалықтың жаршысы

Қаламының жалшысы( Журналист)

5, Теңіз түбі тірлігін

Зерттеп, барлап,білді кім? ( Ихтиолог)

6.Тау мен тасын, өзенін

туған жерді кезетін

Тамыршыдай дөп басып

Таба білер қажетін

Қай мамандық ол қане

Айтып жібер өз атын ( Геолог)

7. Еңбек орны-танабы

Сүйікті әні-дала әні

Егін жайын мәпелеп

Асырайды қаланы ( Диқан-агроном)

IV тапсырма

: Ең ақшасы көп мамандық қандай?


• а/еден жуушы; ә/мал дәрігері, орманшы; б/ бухгалтер, экономист
• Ең “жасыл” мамандық қандай?
• а/ мұғалім, дәрігер; ә/ эколог, бағбан; б/ мұнайшы, ұшқыш
• Ең “тәтті” мамандық қандай?
• а/ аспаз, кондитер; ә/ сот, заңгер; б/ шахтер, ғарышкер
• Ең “күлкілі” мамандық қандай?
• а/ журналист, зергер; ә/ клоун, крикатурашы; б/ ғарышкер, ұшқыш
• Ең жауапты мамандық қандай?
• а/ сот, бухгалтер; ә/ әнші, биші; б/ ұста, шебер
• Ең салмақты мамандық қандай?
• Клоун, әзілкеш; ә/мұғалім, заңгер; б/ аспаз, кондитер
• Ең қарым - қатынасы күшті мамандық қандай?
• а/ мұнайшы, орманшы; ә/ бағбан, дихан; б/ бизнесмен, кәсіпкер

Теңел: Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ қандай мамандық болмасын оның өзіндік талаптары болады. Мамандықтың кез - келгенін игеруге икемділік қажет, бұл жай күнелту немесе тамақ асырау емес, үлкен өнерді, жақсы шеберлікті қажет ететін нәрсе. Меніңше жақсы маман болу үшін ең алдымен өзің таңдаған мамандықты сүюің керек, сол мамандықтың қыры мен сырын жете меңгеруің керек. Сондай - ақ мамандықты таңдаған кезде өзіңнің ыңғайыңа қарай өз жолыңмен қызмет етсең өз басыңа да, елге де үлкен пайдаң тиері сөзсіз. Өзінің бейімділігі мен қабілетіне қарай маман болған адамның жұмысы да өнімді, берекелі де болмақ. Ж. Аймауытов айтқандай, өмірде өз мақсаттарымызға жету үшін қабілетімізге қарай мамандықты таңдай білейік. Мен архитектор болғым келеді.

Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылғанүйлер де болған.

It takes a lot of commitment and desire to become an architect. Nobody becomes an architect because they think it sounds cool or they like to draw. There is a lot more to it and I think it needs to be a calling for you to even think you will experience any measurable success. Do you think you have what it takes to be an architect?



Профессия архитектора достаточно универсальна и востребована в любом обществе.

Профессия архитектора требует от человека большого объёма знаний строительных норм проектирования, инновационных технологий, а также огромного количества строительных материалов, которые постоянно совершенствуются в наш стремительно развивающийся век. Это профессия, для успешной реализации в которой специалист должен обладать большим творческим потенциалом и, в тоже время знать, большое количество нормативной литературы, создавая уникальные сооружения, отвечающие пожеланиям заказчика.



Мейрамгул: Менің пікірімше адам өзін белгілі бір мамандыққа дайындауды мына уақыттан бастау керек деп ашып айту қиындау сияқты. Әрине кейбіреулер ес білгеннен бір мамандықты ұнатып осы мамандықтың иесі боламын деуі мүмкін, ал енді біреулер жағдайына қарай ата - анасының немесе бір жанашырының ықпалымен мамандық таңдауы мүмкін немесе ата бабасынан келе жатқан мамандықты таңдауы мүмкін ғой. Менің таңдаған мамандығым -психолог.

Каждый человек рано или поздно начинает задавать себе вопросы: «Кем быть?» и «Каким быть?». Ответы на них не даются просто, вызывают множество переживаний, потому что жизненно важны. У меня с этим все было гораздо проще… Психологией я стала интересоваться с недавних пор. Я очень хочу помогать людям, решить их проблемы в трудных ситуациях

Психолог – это призвание,
Психолог – это судьба:
Сочувствие и сострадание,
Забота и доброта. 
Именно эти слова полностью отвечают на вопрос: «Почему я выбираюпрофессию психолога?»

Рустем: Мамандық таңдау мен үшін оңай емес. Ата-анам мұғалім не дәрігер бол дейді. Ауыл шаруашылығы саласы қыздарға қол емес, мұнайшылық кәсіп те жеңіл деуге болмас. Жалпы қай саланың да өз қиындығы бар ғой. Тек адамның белгілі бір мамандықты игеруге ынта-ықыласы болса, алынбайтын қамал жоқ. Ата-анам көп ақылдасады, кейін өкініп, опық жеп жүрме дейді. Сөйтіп мен экология саласының маманы болуға талаптанам. Ата-анам бұл талабымды құптайды.

Эколог. Описание профессии

Эколог занимается исследованием ситуаций, связанных с нерациональными и опасными способами вмешательства в естественную природную среду.

Задача эколога — проследить за деятельностью опасных организаций и предотвратить нарушения установленных законом норм. Если катастрофа все же произошла, именно экологи смогут правильно и компетентно обрисовать ситуацию, найти оптимальный выход. Кроме того, эти специалисты исследуют причины различных природных катаклизмов.

Эколог. Виды деятельности:


  • проведение проверок и консультаций по экологическим вопросам;

  • участие в исследовательской работе (лабораторные исследования);

  • организация экологических PR-акций;

  • исследование последствий негативных вмешательств в окружающую среду,поиск путей возможного решения проблем

Места работы:

  • природоохранные организации;

  • фабрики и заводы;

  • строительные компании;

  • экологические общественные организации

Профессиональные навыки:

  • знание законов о природопользовании и охране окружающей среды;

  • умение ориентироваться в воспросах физики, химии, биологии и смежных с ними наук;

  • знание принципов работы специальной аппаратуры для измерения уровня наличия тех или иных веществ в почве, воде, атмосфере

Данияр: Компьютерді жетік меңгерумен қатар, интернетке шығудың қыр-сырын меңгерген дұрыс деп ойлаймын. Бірнеше шет тілін білсең тіпті жақсы. Әрине алдымен ана тілін жетік меңгеруім керек. Менде техник-программист мамандығын қалаймын.


Каталог: uploads -> doc -> 0083
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0083 -> Пәні: қазақ тілі Сынып: 9 «А» сынып Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет