ҚазақТҰтынуодағЫ


Ерте дүниедегі Греция мен Ежелгі Римдегі экономикалық көзқарастар



бет12/94
Дата05.02.2022
өлшемі2,72 Mb.
#1920
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   94
    Бұл бет үшін навигация:
  • ТҮЙІН

1.4 Ерте дүниедегі Греция мен Ежелгі Римдегі экономикалық көзқарастар


Ежелгі Грецияның қоғамдық экономикалық өмірінің бүкіл аясын қамтылған, өндірістің құлиеленушілік тәсілінің генезисі, гүлденуі және дағдарысы кезеңіндегі экономикалық проблемалар Грецияның ұлы ойшыларының экономикалық еңбектерінде көрініс тапты.
Ксенофонт (б.д.д. 430-354), Платон (б.д.д. 428-347), Аристотель (б.д.д. 384-322) Ежелгі Грецияның экономикалық ойларының негізгі өкілдері болып саналады.
Ксенофонт – Афина аристократиясының өкілі, аграрлық Спартаның саясы және экономикалық құрылысын идеяландырды. Ірі құлиеленушілік ауыл шаруашылығының өкілі ретінде, ол “Экономикос” (“Домосторой”) деп аталатын өзінің трактатында егіншіліктің артықшылығын мадақтап қолөнершілікпен және саудамен айналысушылықты айыптайды. Дегенмен, ол оған қарамай, ақшаны ссудалық растовщиктік капитал түрінде мойындап айырбас құралы және қазына құрау құралы ретінде ақшаға құрметпен қарады.
Тауардың тұтыну құнын, сол сияқты айырбас (меновая) құнның қарау, Ксенофонттың айырықша еңбегі, яғни ол тауардың қосарлы қасиеті туралы мәселені алғашқы қоюшылардың бірі болды. Соған қарамастан, ол нарықтық қатынастарға қарсы болды, бірақ еңбек қатынастарының бөлініс маңызын жақсы түсінді (ақылмен де, денемен де, сезіммен де), сондықтан нарыққа қатысушы адамдарды, ол құлдар және еркін азаматтар деп бөлді. Ксенофонттың сол кезде айтқан жалпы идеялары 2200 жылдан кейін капитализм дәуірінде ұсақ түйегінде дейін әзер қаралып дамыды деп айтуға болады.
Ксенофонттың көзқарасына сәйкес салықтар, баж салықтары, отарлардан алынатын алымдар, сыртқы саудадан түсетін табыстар мемлекеттік қорлардың көздері болып саналды. Афинаның ақша байлығы, оның әскери қуатының негізі деп санады ол.
Афина аристократиясының идеологы, олигархиялық құрылыстың жақтасы Платон, өзінің “Мемлекет” және “Заңдар” еңбегінде, қоғамның ең жақсы үлгісін (моделін) жасады. Платон мемлекетті адамдар арасындағы қарама қайшылықтарды шешудегі күш деп санады.
Тауар айналымын қарастыра отырып, Платон нарықтық адамдардың еріксіз бөлнетінін (еңбек бөлінісінің күшімен) көрсетті, дегенмен бір мезгілде олар, біртұтас қоғаммен байланысты үш сословия дан: философтардан – қоғамды басқарушылардан; сақшы - әскерлер – қорғаушылардан және дихандардан, қолөнершілерден, саудагерлерден тұратынын көрсетті. Алғашқы екеуі жоғарғы сословия, ал үшінші – жоғарғы сословия – элитаны құлдармен бірге асырағандар. Ал құлдар ешқандай сословияға жатпаған.
Платонның ойынша ең жақсы қоғамда, элиталық қауымдастыққа бірікпеген, тек қана еркін азаматтар ғана мемлекеттен алған үйге, жерге ие бола алады. Осыған орай мемлекет азаматтарының біреуінің байлығы екіншісінің байлығынан 4 еседен асып кетпеу үшін оларың мүлік теңділігін сақтауды қатаң қадағалаулықты ұсынды.
Платонның негізгі идеясы бойынша ең жақсы қоғам: әділеттілікті сақтау; қайырымды іс жасау, кемеңгерлік батылдық, элита үшін жеке меншікті жою, некелесуді мемлекеттік реттеу, ата – анасын білмейтіндей етіп балаларды қоғамдық тәрбиелеу және т.б.
Ежелгі Грециядағы экономикалық ойлардың дамуы ұлы оқымысты Аристотельдің “Никомахова” және “Саясат” т.б. еңбектерінде көрініс тапты. Ол өзінің экономикалық ілімдерінде құлдық табиғи заң деп және ол әрқашанда өндірістің алғы шарты, негізі деді. Адамдарды еркін және құлдарға бөлінуін ол табиғат заңдарымен түсіндірді, яғни “құлдар тірі құралдар”- деді.
Аристотельдің айтуынша,, тек гректер құл емес, құл барлық құзғындар, яғни “құзғындар немесе құлдар бір ұғым”. Ол құлиеланүшілік жеке меншікті өндіріс қатынасының негізі ден санады.
Қоғамдық байлықтың көздерін іздестіру Аристотельден басталады. Экономикаға этикалық көзқарас тұрғысынан келе отырып, ол байлықтың екі формасын анықтады; адамгершілікті – экономика және адамгершілікке жатпайтын хрематистика. Экономика ол өмір үшін үй шаруашылығы және мемлекет үшін қажетті, тұтыну құқына иелік ету деп түсіндірді.
Хрематистика (грек сөзі “мүлік”, “байлық”) – сауда жасау жолымен ақшалы болу өнері. “Байлыққа ие болу жағдайында ешқашанда оған жету мақсатында шек болмайды”, ал ақшаға ие болу мақсаты бұл байлықтың табиғи көзі емес болып саналады. Осыдан Аристотель былай деп мәлімдеді, экономика “мақтауға лайық”, ал хрематия “әділеттілік бойынша ұялтуды (порицание) шақырады”. Бұл жерде ол тұтыну және айырбас (меновой) құндар ретінде тауардың қарама – қайшылығын көрсетті.
Құн формаларына талдау жасау арқылы, Аристотель экономика ғылымына үлкен үлес қосты. Заттың қажеттілікті қанағаттандыру және айырбастау үшін пайдаланылуы мүмкін екендігін атап өтті, Айырбасты талдай отырып, ол өте маңызды ой айтты: “айырбассыз өз ара байланыс болмаған болар еді, сол сияқты тең дәстүрсіз – айырбас болмас еді”.
Бірақ ол, әртүрлі тауарларды салыстыруға мүмкіндік беретін жалпы субстанцияны (құнды) таба алмады.
Дегенмен, Аристотельдің пікірі бойынша, “барлығын” бірге байланыстыратын қажеттілік” және “жалпы келісім бойынша пайда болған монета, тауарлардың бір тұтас өлшемі болып саналады. Монета - сөзбе – сөз өлшем (құн); заттарды өлшенетіндей жасады, теңестіреді. Маркстың сөзі бойынша, Аристотель құн формаларын талдауды аяғына дейін жеткізе алмады, себебі, құнды түсінбей мұны түсіну мүмкін емес, яғни тауар формасы еңбек өнімінің жалпыға бірдей форма.
Аристотельдің аса маңызды идеясы: адам қоғамнан және мемлекеттен тыс өмір сүре алмайды, сондықтан мемлекет отбасы мен жеке адамнан (тұлғадан) жоғары тұрады. Азаматтар, мемлекеттік тәртіпке үйреніп, бірдей тәрбие алуға тиіс.
Біздің дәуірімізге дейін үш жүз жылдан астам Афинада өмір сүрген Аристотель, экономика ғылымының бастауларында тұрса да қазіргі экономикалық жүйенін табиғи түрін жасай алмады деуіміз мүмкін. Шының айтса ол кезде қазіргі экономикалық терминдер болмаған. Дегенмен ол барлық кезеңдерде өмір сүрген экономистердің назарларында болған проблемаларды байқап, оларға назар аудара білді.
Ежелгі Римдегі өндірістік қатынастың құл иенушілігі Ежелгі Грециямен салыстырғанда неғұрлым дамыған дәуірде болды. Бөтен жерлерді басып алу арқасында өте үлкен Ұлы құл иеленуші Рим империясы құрылды, көптеген тайпалар мен халықтар құлдарға айналды. Ауыл шаруашылығы құл еңбегін пайдалуныдың басты айласы болды, олар аяусыз қаналып, ауыр жұмысқа жегілді.Сондықтан құлдар мәселесі, ірі құл еңбегін пайдаланатын шаруашылықтарды ұйымдастыру және жүргізу әдістері. Ежелгі Рим империясының маңызды проблемасы болды (Латифундий).
Римдік, құлиеленушілер Катон Старший (б.д.д. 234-149), ағайында Тиберий (б.д.д. 162-133), Гай Гракхи (б.д.д. 153-121 ж.) және Варрон (б.д.д. 116-27) және т.б. құлдықтан құтқару және дағдарыстан шығу үшін күресті.
Ірі жер иеленуші Катон Старший “Жериеленуші” атты өзінің еңбегінде құл иеленушіліктің ежелгі Рим формаларын, ірі жериелену шаруашылықтарын жүргізу әдістерін негіздеді. Натуралды шаруашылықты өзіндік қажеттіліктермен қамтамасыз ету оның идеалары болды. Катон құлдарды бағындыру, олардың еңбегің пайдалану, оларды қанау әдістері бойынша кеңестер берді. Ол құлдарды өндіріс құралдарына жатқызды, олар қайтарымды болу үшін, қатал ұстауға кеңес берді. Оларды иесіне (қожайынына) берілгендік рухында тәрбиелеу мақсатында құлдарды жас кезінде сатып алып, тәрбиелеген дұрыс деп санады. Ол сонымен бірге құлдар ортасында дау, жанжал отын жағып, сөйтіп бірін – біріне қарсы қойып, оны өз мақсаттарына пайдаланып, жарамсыз, кәрі, аурулардан мезгілінде құтылып, ірі құлиеленушілік шаруашылықтарды ұтымды жүргізуге кеңес берді. Катон, сондай-ақ, құлдарды тамақтандыру, киім, тұрғын жайы “сөйлеуші құралдардың” жағдайына сәйкес келуіне шейін ақыл берді.
Ірі жериенушілер, Рим ғалымдары, агрономдар Варрон.) және Коллумелла “Ауыл шаруашылығы туралы” деген өздерінің еңбектерінде (олардың шығармалары осылай деп аталды) құлиеленуші ауыл шаруашылығының артықшылығының негізі деді. Варрон өзінің трактаттында құлиеленушілік шаруашылықтың құлдыраған дағдыры туралы дабыл қақты.
Ол бай құлиеленуші римдіктер “қалаларға қоныстап”, қолдары мен далбаларында жүзбақшаларын өсірудің орнына театрларға барып, еңбектен қашып, шаруашылықты басқару жұмыстарын меңгерушілерге беретіндігін, сондай-ақ егіншілік пен мал шаруашылығын теңеуге қарсылығын білдірді. Өйткені, оның сөзі бойынша “қандай бір жағдайда іргетас – мал болып саналды”. Ол құлдарды ауылшаруашылық құралдарының үш түрінің біріне жатқызды – сөйлеушіге, ал құралдардың қалған екі түрі – бұл мылқаулар (қару сайман) және дыбыс шығарушылар (жұмыс малы).
Колумелл 12 томнан тұратын “Ауыл шаруашылығы туралы” трактатында құлиелену дағдарысы туралы жазды, онда құлдар еңбегінің аса төмен өнімділігі, олардың егін алқаптарына, құрал сайманға, жұмыс малдарына зиян әкелетіндігі туралы жазды. Дағдарыстан шығу жолы ретінде, Рим ғалымдары артықшылықты - өнімді еркін еңбекке берді.
Ерте Римдік құлиеленуші республиканың ең күрделі экономикалық проблемалар ол жерді атақты – патрицалардың қолдарында шоғырландырып жәй Италия шаруаларын - плебейлерді жерсіз қалуында болды. Жерсіз қалған, ұсақ жериеленуші - шаруаларды қорғаған ағайынды Тиберий мен Гай Гракхилар болды Италиядағы аграрлық мәселелерді шешу мақсатында Гракхилар б.д.д. 133 жылы жер заңын қабылдауды ұсынды. Бұл заң бойынша әр – бір Рим азаматтары 500 югерден (125 га) аспайтын мемлекеттік жыртылған жерді жалға алу құқына ие болды, бірақ бір отбасы 1000 югерден артық жерді жалға алуға қақысы болмады. Қалған жерді мемлекет, салық төлеу арқылы, мұрагерлік иелік ету жағдайында, шаруалар арасында 30 югардан бөліп берді.
Тиберий Гракхтың жобасы жартылай жүзеге асырылды, бірнеше ондаған мың шаруалар жер алды, ал Тиберийдың өлімінен кейін оның ісін інісі Гай қостады. Гай Гракхи шаруаларға жер бөлуді жалғастырды, мемлекеттің сақтық қорынан төмен бағалар бойынша кедейлерге астық сату туралы заң қабылдады. Ағайынды Гракхилардың ісі барынша берік болды және тіпті Гайдың өлімінен кейін де консерваторлар жер туралы заңды ұзақ уақыт бойы алып тастай алмады. Тұтастай алғанда Гракхилардың реформасы ұсақ шаруа жериеленушілерінің позицияларын нығайтуға және Рим халқын пролетаризатсалануын жоюға бағытталады.
Құлиеленушілік өндіріс тәсіліндегінің қарама - қайшылықтарының асқынуы, құлдарды аюандықпен қанау Спартактың бастауымен (б.д.д. 73-71 жж.) құлдар көтерілісінің шығуына әкелді. Көтерілістің басты мақсаты – тұтқандағы құлдарды босату және Италиядан шеткері аумақтарға кетуі. Көтеріліс аса қатігездікпен басылды, дегенмен, ол құлиеленушілік өндірістік қатынастардың негіздеріне қатты соққы болып тиді.
Римдік құлиеленушілік қоғамның бұрқыраған дәуірінің соңында саяси қайраткер, жазушы, ұлы шешен Марк Тулий Цицерон өмір сүрді. Ол жеке меншікті, ірі құлиеленуші Латифундистердің отарларды қанауды күшейтуді жақтаушы болды.
Цицерон ірі жериелену мен ірі сауданың қорғаушысы болды, ұсақ саудаға қарсы болды, плебейлерге жек көруімен қарады. Саудаға деген Цицеронның көзқарастарын да ежелгі Римдегі натуралды және тауарлы шаруашылық арасындағы қарама - қайшылықтар көрініс тапты. Бұл Рим империясының экономикалық базисінің кең ауқымды феодализмін куәландірді. Езілгендердің қозғалысы, яғни құлдардың, кедейлердің және кұқысы жоқ халықтардың діні ретінде, христианство, дәл осы кезеңде кең тарап өріс алды.
Ертеректегі шаруа қауымдастықтарында меншік ортақ болды, қанау жоқ болатын. Қуғынға қарамастан, христиан діні мемлекеттік Рим империясының діни (325 ж.) мәртебесін алды, ол құлдарды міндеттілікте ұстап тұруға көмектесті. Христиан империясы дәуірінде христиан діні қалыптасқан болашақ феодалдық қоғамның идеалогиясына айналды.


ТҮЙІН


Экономикалық ілімдер тарихы ғылым ретінде экономикалық көзқарастардың, теориялардың, мектептердің қалыптасу және даму заңдылықтарын зерттеді, оларға талдау жасады, аса көрнекті ойшыл экономистердің көзқарастарын жүйеледі.
Экономикалық ілімдер тарихы экономикалық ғылымдар дамуының жалпы эволюциясын, оның басты бағыттарының трансформациялануын түсінуге көмектеседі.
Экономикалық ілімдер тарихының мәні диалектикалық материализм негізінде, экономикалық ілімдер тарихын кезең - кезеңге бөліп идеологтар мен ғалымдардың қоғамдық дамудың өзгеру сатыларына ғылыми көзқарастардың қалыптасуын жүйелейді.
“Экономикалық ілімдер тарихы” оқу курсы ретінде зерттейтін әдістерді ғана емес, сонымен бірге Ежелгі Шығыстағы (Вавилон, Қытай, Индия) құлиеленушілік қоғамдағы экономикалық ой, пікір, көзқарастардың, Ежелгі Греция, Рим өкілдерінің экономикалық көзқарастарының қалыптасу ерекшеліктерін қарайды.

Каталог: attachments -> article -> 712
712 -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік
article -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година
article -> «мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Абыз тұЛҒА, АҢыз тұЛҒа кетбұҚа жауапты редакторы
article -> «Мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Элективті пәндердің каталогы Мамандық 5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» (оқу мерзімі – 4 жыл, оқу тілі – қазақ) Қарағанды – 2014-2015


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   94




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет