Қазығұрт ауданы «П. Тәжібаева атындағы жалпы орта мектеп» кмм анарбекова Раушан Ормановна Сынып: 6-а



Дата17.06.2018
өлшемі29.98 Kb.
Оңтүстік Қазақстан облысы өзін-өзі тану пәнінің

Қазығұрт ауданы

«П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектеп» КММ

Анарбекова Раушан Ормановна

Сынып: 6-а

Тәрбие сағатының тақырыбы: Кітап-тарих, шежіре
Сабақтыңмақсаты:

 Оқушыларды білімділікке үйрету, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға саналы түрде баулу. Оларды кітаптың оқырманның қолына жеткенге дейінгі шығу тарихымен таныстыру. Кітапты дұрыс оқу мәдениетіне, пайдалануға және өздігінен кітап таңдай білуге, кітапты ұқыпты пайдалануға, сақтай білуге үйрету. Адамгершілікке, имандылыққа баулу.Кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.



Көрнекілігі: кітап туралы нақыл сөздер, кітаптың шығу тарихы туралы слайд

Сабақтың барысы: ҚР мемлекеттік әнұраны

1-жүргізуші

Кітап — адам өмірінің таусылмас қазынасы мен дүниенің айнасы, ғылым — білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы досың.

2-жүргізуші:

Кітап – нәзіктік те, тұнық әлем! «Әлем кітап беттеріне жазылу үшін жаратылған», - деп Стефан Малларме айтқандай, адамзат тарихының өзі – кітап.

1-жүргізуші:

Кітап-білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы! Ұлтымыздың мерейі мен деңгейі қоғам мен мемлекетіміздің өркенін өсіруде қыруар пайда келтіретін осынау рухани қазына қорын қалай қастерлейтінімен өлшенетін тұста мұндай шараның өткізілуі ізгілікті қадам.

2-жүргізуші: Бүгінгі тәрбие сағатымыз көңілдеріңізді көріктендіріп, жүректеріңізге нұр құйсын! «Кітап – тарих, шежіре» атты тәрбие сағатын тамашалауға шақырамыз.

1-жүргізуші

Кітап – әлем мөлдірлік тұнығындай,

Нәзіктік пен кітапта ұлы ұғым бар.

Кітап – тарих, шежіре сан ғасырдан

Келер күннің кітапта ұрығы бар.

1-жүргізуші

Кен, қазынаң кітап қой нәр беретін.

Жайнатып өміріңе сән беретін.

Жер бетінде ешқандай ғажайып жоқ,

Халайық, дәл кітапқа тең келетін.

Кітап – сәуле, нұр берер шырағыңыз,

Сарқылмайтын білім мен бұлағыңыз.

1-жүргізуші:

Уа, жиылған халайық!

Түгел бері қарайық,

Сөзінің бар иесі,

Кітап Ханшайымына баршамыз назар салайық.

Ести алмай лебізін әсте өкініп қалмайық.

(Ортаға кітап киіміндегі Ханшайым шығады)

Кітап ханшайымы

Мен Кітап Ханшайымымын,

Иесі – рухани әлемнің.

Әкелдім кітап патшалығының

Бәріне жалынды сәлемін!

Мен – білімнің түпсізі, аспанымын,

Мен – ғылымның тұңғиық бастауымын.

Рухани нәр берер бұлақпын мен,

Меніменен байиды бар танымың.

Мен рухани әлеммін,

Кітап атым,

Баға жетпес байлықпын асыл затым,

Мені көктен түсірді жаратқаным

Шын қажеті болған соң адамзаттың.

Мен кітаппын, білімнің бұлағымын,

Жауабымын сауал мен сұрағының,

Ақылшыңмын, ұстазбын, ғажайыппын

Бағдаршаммын, адаспас шырағыңмын!

Кітап ханшайымы: - Балалар, сендер менің шығу тарихымды білесіңдер ме?

Алғашқы кітапты осыдан әлденеше мыңдаған жылдар бұрын вавилондықтар, ассириялықтар, тағы басқа көне халықтар жасапты.

Жұмсақ балшықтан қыш жасап, бетіне үшкір таяқпен таңбалар түсірген. Қыш кептірілген. Содан соң отқа күйдірілген. Дәл күйген кірпіш сияқты. Сөйтіп, тіпті кітапхана жасақталған.

Ал Қытайда бамбуктен жұқа таяқшалар әзірленіп, соған жазған. Таяқшаларды жіпке тізіп қойған. Келе-келе жазуға жібек маталарды пайдаланған.

Кітапты ежелгі заманда Мысырда, Шығыс елдерінде, Грецияда, Римде қыш текшелеріне тақта тастарға сына жазумен жазатын болған.

Ежелгі мысырда қыш текшелердің орнына қамыс қолданыла бастады. Қамыста басылған кітаптар оқтауша түрінде шиыршықталып оралған.

Біздің заманымыздан бұрын ІІ ғасырда Пергам патшалығында кітап жазуға арналған тағы бір материал дүниеге келген. Ол пергамент деп аталған. Жануарлардың терісінен әзірленген.

Осыдан біраз жыл бұрын біздің Қожа Ахмет Иассауи бабамыздың өлеңдері жазылған пергамент табылды.

Ал пергам патшалығы біздің дәуірімізге дейін 283-133 жылдар аралығында Кіші Азияның солтүстік батыс жағында өмір сүрген. Римнің ықпалында болған.

Папирус пен пергамент қымбатқа түскендіктен, Греция мен Рим бетіне балауыз жағылған тақталарға үшкір таяқшамен із қалдырып жазған.

Бізің заманымыздан ІІ ғасырынан бастап түптелген парақты бүктеме кітап дүниеге келді.

«Кітап» - арабтың «жазу» деген сөзінен шыққан. Кітап рухани қазына, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу-тәрбие құралы, алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар білген.

Сондықтан, дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар еврей еліндегі «Таурат», қытай тіліндегі «Конфуция», парсы тіліндегі»Авеста», Юнан грек тіліндегі «Інжу», араб тіліндегі «Құран».

Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Бірақ араб тілінде ІХ ғасырда жазылған. «Оғызнама», ХІ ғасырдағы Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік», Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» тағы да басқа кітаптары болды. 1800 жылы тұңғыш қазақша кітаптар шығарыла бастады.

Қазақ кітаптарының тарихы 1807 жылы Қазан гимназиясының баспаханасында жарық көрген "Сейфілмәлік" кітабынан басталады. Шығыс сюжетінен алынған бұл дастан революцияға дейін ең көп басылған кітап. 1831 жылы Қазанда "Иғланнама", 1840 жылы "Қисса-и- Шәкір-Шәкірат", падишаһ һашим балалары, 1848 жылы "Хатымтай жомарт", 1857 жылы "Мансұр - ул хал-лаж" атты кітаптар басылған. 1912 жылы Ахмет Байтұрсыновтың «Оқу құралы» әліппесі шықты. 1926 жылы үш бөлімнен тұратын «Тіл құралы» оқулығы шықты.

Кітап ханшайымы: Ой, бәрекелді, өздерің менің тарихымды жақсы біледі екенсіңдер. Міне, өстіп мен өмірге келді

1-жүргізуші

Кітап барша адамның көз жанары емес пе? Егер кітап болмаса, сен рухани бай болмас едің. Кітап ел мен жерді сүюге, талапты кішіпейіл болуға, төзімділікке баулиды.

2-жүргуші

Бар білім де, ақылдың нұр сәулесі де кітаптан тараған. «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас», - деп ұлы Абай атамыз таңырқап, тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз бен кітабымыз.

1-жүргізуші

Кітап сенің нағыз айнымас досың емес пе? Барлық білмесіңді үйретеді. Бұл – қайнар көзі өмір бақи суалмайтын, қайта уақыт өткен сайын толысып, жаңара, жаңғыра беретін байлық.

Аякөз:


«КІТАП – ақылшың, әрі досың»

Кітап!


Сен адамзаттың жақын досы,

Келмейді сені оқымай көңіл қошы.

Ел мұны, өмір сыры, ақын жыры,

Басылған таңба болып өзіне осы.

Кітап,

Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,



Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.

Жеткізіп өткендердің өсиетін,

Шешіліп кейде достай сырласады.

Кітап!


Сен адамзаттың жақын досы!

Келмейді сөзі сені оқымай көңіл хошы.

Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры,

Басылған таңба болып өзіңде осы.

Кітап!

Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,

Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.

Жеткізіп өткендердің өсиетін,

Шешіліп кейде достай сырласады.

Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл, терең білуге.

Артық білім кітапта,

Ерінбей оқып көруге.

Кітап – ең сабырлы ұстаз, үндемес серік.

Кітабың – сенің құралың,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсың ешқашан,

Онсыз алға бір адам.

Алтынай:

Кітап – біздің досымыз

Адамның досы – кітап, өмір кілті,

Тең келмес оған жиған дүние мүлкі.

Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.

Тұрады басын құрап әріп неден,

Басталған білім басы әліппеден.

Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит,

Оқысақ кітап сырын ашып неден.

Түлекті тәрбиелер кітап – мектеп,

Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.

Молайтып ақылыңды сан еселеп,

Береді білім нәрін кітап көптеп.

Кітаптар – бейне жапырақ,

Жырлайтын сырын өмірдің.

Оқисың кейде жаттап,

Көтеріп күйін көңілдің.

Елімізде де атақты,

Ғалым ата не тапты?

Бәрін, бірін білесің,

Оқи берсең кітапты.

«Кітап туралы»

Ол арқылы біз үйрендік оқуды,

Ақылды да тәрбиелі болуды.

Ол арқылы үйренеміз осыны,

Үйренеміз білімді де болуды.

Үйренеміз түрлі-түрлі өнерді,

Сен арқылы әлем үнге бөленді.

Мүмкін біз боламыз да шеберлі,

Оқи берсек, түрлі жырлар, өлеңді.

Кейбіреулер оқымайды, «білемін» деп,

Ақшаменен оқимын да жүремін деп.

Алдында компьютердің күнде отырып,

Ақша арқылы бір нәрсені ілемін деп.

Бұл ойларың қате болар ей, балалар!

Кітапты оқымасаң обал болар.

Оны біз оқымасақ бар ынтамен,

Дамымас ешбір елде көп қалалар.
Кітап туралы.

Кітап – ол білімнің бастауы,

Ол білімнің қоштауы.

Кітап бес әріптен құралған,

Сиқырлы арман.

Өнер, өсиет, байлыққа толып атқан,

Кітап дүниедегі сыйлы зат,

Бағала оны болашақ.

Ол бізге ежелден келе жатқан аманат.

Ақын жандар жыр – дастанды жазады

Бар мұрасын кейінгі ұрпаққа тапсырып,

Қайтпас ауқыт

Қолдамын татып,

Босқа өткізбе еркелеп,

Білім – деген бағасыз,

Қадірін білмес санасыз,

Білген жан – көсем,

Сөйлесе шешен.

7-оқушы: Кітап сенің нағыз айнымас досың емес пе? Барлық білмесіңді үйретеді. Бұл – қайнар көзі өмір бақи суалмайтын, қайта уақыт өткен сайын толысып, жаңара, жаңғыра беретін байлық.

Көрініс. «Кітаптың киесі».

Үйболсын Сымбат : Әсет кітап оқымайтын. Тек ойыншықтармен ойнап, компьютерде отыратын. Кітаптарын жыртып – жыртып, лақтырып тастайтын. Ол таңертең тұрып, анасының кітап арқылы жасаған түрлі – түрлі дәмі тіл үйіретін тағамдарын жеп болып, ойынға кететін. Осылайша алтындай уақытын босқа өткізетін.

Кешкі уақыт болды.

Аяулым : Балам тамағыңды іш.

Жаңабай: Тәттісін- ай! Кітаптағы тортты пісіріп беріңізші. Күштісін!

Аяулым: Отырып жесейші.

Жаңабай : Аха

Ол әлі компьютер алдында.

Аяулым: алыстан – Балам, кітабыңды оқыдың ба? – деген дауысы естіледі.

Жаңабай: «Шіркін, менің түсіме періште келсе екен. Ол арманымды орындайтын болса, кітап жоқ болсын дер едім. Кітап деген немене. Әшейін-ақ зат, оқитын түгі жоқ.» деп ойланып отырып, сол күйінде ұйқыға кетеді.

Кенет түсіне періште келеді.

Асылай: Ол Әсеттен:

Саламатсың ба, балақай! – дейді жай үнмен.

Жаңабай: ұйқылы – ояу көзін ашып:

О – о – о, періште! Сәлеметсің бе?, — деді таңырқаған үнмен.

Асылай:


Жағдайың қалай?

Жаңабай:


Жақсы.

Асылай:


Әсетжан, мен сенің бір ғана арманыңды орындаймын. Өзіңнің қиялыңды айта ғой. Тек жақсылап ойлан.

Жаңабай:


Менің арманым – кітап жоқ болсын.

Асылай:


Ай, балақай, сен жақсылап ойландың ба? Ойыңды өзгерпеймісің?

Жаңабай:


Жоқ, өзгертпеймін. Менің жалғыз арманым – осы.

Асылай:


Жарайды, балақай, бірақ кейін өкініп қалма.

Автор: Таң атты. Әсет ұйқыдан тұрып, жуынып келіп, үстелге отырады. Алдына анасы үнемі тамақ әзірлеп қоятын. Бірақ бүгін тамақ жоқ. Неге?

Жаңабай: Мама, мама! Тамақ қайда?

Аяулым: кітап болмаса, тамақ қайдан болсын?

Автор: Әсет біраз ойланып тұрып, басын төмен салбыратып, мұны

ұмытқандай болып, бөлмесіне кетеді. Бөлмеге келіп ойыншық ойнайын десе ойыншық жоқ. Қайда кетті?

Жаңабай: (Әсет анасынан): Мама, мама, менің ойыншықтарым қайда?

Аяулым: кітап болмаса, ойыншық қайдан болсын?

Автор: Әсет бұған да көніп, енді компьютер ойнайын десе, компьютер істемейді. Неліктен?

Жаңабай: Мама, мама. Компьютер неге істемейді?

Аяулым: кітап болмаса компьютер қайдан істесін?

Автор: Әсет өзінің қылығына қатты өкінеді.

Жаңабай: «Шіркін тағы періште түсіме енсе, мен өмірде кітап болсын дер едім. Әттең, мен өз қолымда болған мүмкіндіктен айрылдым. Кітап қадірін мен неге ертерек ұқпадым екен?» - деп өкінеді

Автор: Кітап арқылы әр адам әлемдегі бар нәрсені біле алады. Кітап білім –бұлағы. Кітап – асыл, дара тұлға.

1-Жүргізуші

Кітап ең керемет ғажайып зат. Кітапты оқыған сайын керемет ғажайып құбылыстарға тап боласың. Қазақ халқы кітапты киелі, әулие, қасиетті, құдіретті зат деп бағалаған.

1-жүргізуші:

Келесі кезекте баршаңызды «Әдебиет әлеміне саяхат» атты бөлімізді тамашалауға шақырамыз.

«Кітап – тарих, шежіре», «Кітап – сарқылмас қазына», «Кітап – ұлы үйретуші» «Кітап – менің ғажайып досым » атты тақырыптарында жазған шығармаларын тыңдайық

2-Жүргізуші

«Аласың білім кітаптан» кезеңінде өздері оқыған ақын- жазушылардың әдеби кітаптары туралы пікірлерін тыңдайық.

1-Жүргізуші

«Өзіңе сен қашанда алып шығар, еңбегің мен білімің екі жақтан» -дегендей келесі кезеңде өлеңдердің жалғасын мәнерлеп айтады.

1- Жүргізуші

«Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллегент бола бастадым деп санауына болады» деген ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов.

2- Жүргізуші

«Мен одан қайырымды, көршіні, одан әділ досты, одан асқан елгезек жолсерікті, одан артық көнбіс ұстазды, одан асқан дарынды ақылшыны білмеймін» деген екен араб жазушысы Әл-Жиһаз.

Кітап ханшайымы:

- Барша әлемді ұлан-ғайыр білімімен таң қалдырған. Ұлықбек, Әл-Фараби сынды ғұламалар балалық балғын шағынан өмірінің соңына дейін кітаппен дос болған. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Кітап – білім бұлағы» бағытының мақсаты: «Кітап оқуды мәдениеттің маңызды элементі және жастардың интеллектуалдық әлеуетін көтеру, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін, шығармашылық және әлеуметтік белсенділігін арттыру құралы ретінде, бүкіләлемдік жағдай жасау» болып табылады. Осы сабақтан ұққандарыңдай «кітап ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына» Кітаппен достықтарың үзілмесін. Әрқашанда жүздеріңіз жарқын, жолдарыңыз даңғыл болсын!

Мен осы сөзімді басқа оқушыларға да жеткізейін, қош сау болып тұрыңдар.

1 — жүргізуші

Кітапхана – бар білімнің ордасы,

Ала білсең таусылмайтын қазынасы.

Оқу, білім сәуле құйса санаңа,

Өміріңе аз емес қой пайдасы.

«Ақыл азбас, білім тозбас кен», — дейді,

Іздемесең – бақыт өзі келмейді.

Білім жолын таба білсең ерінбей,

Ол жаққан от өмір бойы сөнбейді.

2— жүргізуші:

Құрметті оқушылар, енді өзіміздің мектептің кітапхана қызметімен, ондағы болатын іс-шаралармен, кітапхананың жаңа қорларымен біздер мен сіздерді таныстыратын кітапхана қызметкерлері. Осы мектептің кітапхана меңгеруші Гүлжан апайды біздерге батасын берсін деп шақырайық.

Ұлтыма білім, байлық сана берсін.

Рухымыз асқақ боп әрқашанда

Халқымыздың бақыты жана берсін!

Халайық, бүгінгі той құтты болсын!

Басталған бұл қадамдарың мықты болсын.

Халқымыз оқитын елге айналып,

Жастарымыз мыңды жығар күшті болсын!

Қазақстан оқитын елге айналсын!

Жаңа әлемде жаңа елдің жастарындай,

Асқақ болып рухы, нұр жайнасын!

Халайық, тойларыңыз тойға ұлассын!



Әумин!
Каталог: materialy -> tarbie
tarbie -> Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырым Сабақтың мақсаты
tarbie -> «Тәуелсіз Қазақстан тарихында Тұлғасы Елбасының жеке –дара»
tarbie -> Жансейітова Патма Отырар ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы мектебі Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
tarbie -> Сабақтың тақырыбы: Кімге не сыйлау керек? Жалпы мақсаты
tarbie -> Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы
tarbie -> Сабақтың тақырыбы : Мен өскенде кім болам ? Сабақтың мақсаты
tarbie -> «мен көп тіл білемін» сайысы
tarbie -> Сабақтыңтақырыбы: «Қыста жол бойында ойнау қауіпті»
tarbie -> Сабақ Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі Тәрбиеші: Керимова А. Б. Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі
tarbie -> Ашық тәрбие сағаты Тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет