Қазіргі қазақстандағЫ Әйелдер мен ерлерге қатысты саясат



Pdf көрінісі
бет14/56
Дата13.10.2023
өлшемі1,9 Mb.
#185333
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56
Байланысты:
Жай мектеп Алгебра 4 kz, ZAEEPIQFYNBQ21112023062036
 
 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 
11
мүгедек балалы әйелдерді (49,9 %) жатқызды. Ер
адамдар әлеуметтік тұрғыдан ең осал топқа
жұмыссыз әйелдерді (53,6 %), ал әйелдер мүгедек 
әйелдерді (56,4 %) жатқызады. Ерлердің пікірі 
бойынша еңбек ету арқылы ақша табудың мүмкін 
еместігі әйелдердің осалдық дәрежесін арттыра 
түседі. Ал әйелдердің пікірі бойынша мүгедек 
немесе ауру бала осалдық дәрежесін арттыра 
түседі. Жұмыссыздық мәселесі одан кейінгі 
орында. Респонденттердің жас тұрғысынан 
қарасақ, барлық топтың өкілдері денсаулықтың 
болмауы немесе балалардың ауруға шалдығуы 
әйелдерді әлеуметтік тұрғыдан осал етеді деген 
пікірде. Әйелдердің әлеуметтік тұрғыдан осал 
топтарын анықтауда жоғары және орта 
білімділердің жауаптары өзара өте ұқсас. Жоғары 
білімділер де, орта білімділер де бірінші орынға 
жұмыссыз әйелдерді (54,3 %), екінші орынға 
мүгедек әйелдерді (52,7 %) қояды. Қазақтар 
жұмыссыз әйелдерді (53,9 %), ал орыстар мен 
басқа этникалық топ өкілдері мүгедек әйелдерді 
(59,9 %) ең осал топқа жатқызады.
 
 
 
Бөлім B. Саясат 
B.13. Сіз әйелдерді саясатқа қатыстыру 
қажет деп санайсыз ба? 
 
 
 
 

 
58,3 % 
 
22,7 % 
Сауалнамаға қатысқандардың жалпы пікірін 
саралайтын болсақ, олардың көпшілігі әйелдер 
саясатқа міндетті түрде қатысу керек деп 
есептейді. Бірақ респонденттердің 22,7 % 
әйелдерге саясатқа араласудың қажеті жоқ деп 
білсе, 19 % бұл сұраққа пікір білдірмеді. Бұдан 
қазақстандықтар әйелдердің саясатқа араласуына 
қарсы емес деген тұжырым жасай аламыз. 
Пікірлер бөлісіне тұрғылықты өңірлердің әсері 
барын байқауға болады: шет аймақтардағы 
қалаларға қарағанда астана тұрғындары аталмыш 
мәселеге көбірек толеранттылық танытады 
(Астана - 69,2 %, Алматы - 63,25 %). Орал қаласы 
тұрғындарының әйелдерді саясатта көргісі келетін 
қалауы жоғары екендігін айта кету керек - 75,1 %.
Әйелдердің 
саясатта 
қажеті 
жоқ 
деп 
санайтындардың басым көпшілігі Семей (31,4 %) 
және Шымкент (30,6 %) қалаларында. Әйелдердің 
саясатқа қатысуының қажет екендігіне ерлерге
қарағанда (49,3 %) әйелдер (64,5 %) сенімдірек. 
Сонымен қатар әйелдерге (16,9 %) қарағанда
әйелдерді саясатқа тартудың қажеті жоқ деп 
санайтын ерлер (22,3 %) көбірек. Басқа жастағы 
топтарға қарағанда 18 - 30 жас аралығындағы 
респонденттердің ішінде әйелдерді саясатқа 
тартудың қажеттілігі жоқ деп санайтындардың 
үлесі жоғары (26,8 %). Әйелдердің саясатпен 
айналысуына жоғары білімі барларға (64,1 %) 
қарағанда орта және арнайы орта білімі бар 
азаматтар (50,4 %) көбірек шүбә келтіреді. Орта 
және арнайы орта білімі бар респонденттердің 
арасында әйелдерді саясатқа тартудың қажеті 
жоқ деп санайтындардың үлесі басымырақ (24,2 
%). Әйелдердің саяси белсенділігіне қатысты 
белгілі бір пікірі жоқ респонденттердің үлесі де 
айтарлықтай көп (45,9 %). Қазақ (56,5 %) және 
басқа ұлттармен (51 %) салыстырғанда орыс 
ұлтының өкілдері (67 %) әйелдердің саясатқа 
араласуын көбірек мақұлдайды. Сондай-ақ бұл 
мәселеге ауыл тұрғындарына (54,5 %) қарағанда 
қалалықтар көбірек қолдау танытады (60 %). Ауыл 
тұрғындарының арасында әйелдерді саясатқа 
тартудың қажеті жоқ деп есептейтіндердің үлесі 
көбірек (23,5 %).
 
B.14. Егер олай санасаңыз, не себептен? 
 
Информанттар әйелдердің саясатқа араласуы 
мемлекеттің әлеуметтік саясатының тиімділігін 
арттырады (39,5 %) және әйелдер Қазақстан 
халқының көп бөлігін құрайтындықтан саясатқа 
қатысуға міндетті (39,2 %) деген пікірде. Әйелдер 
қоғамның өзекті проблемаларынан көбірек 
хабардар деген пікірлегілердің үлесі де аз емес 
(32,6 %). Бір де бір респонденттің «Басқа, атап 
көрсетіңіз» деген жауап нұсқасы бойынша өзінің 
жеке пікірін білдіре алмауы аталмыш мәселеге 
қатысты пікірлер таптаурын сипатта және ол 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет