Толеранттылық- бұл бейбітшілік, суйгіштік, этникалық, діни, саяси конфессионалдық, тұлғааралық әралуандыққа төзгіштік, “басқаның” теңқұқылы қатар өмір сүруін мойындау. Толеранттылық



Дата01.05.2022
өлшемі8,89 Kb.
#141663
Байланысты:
Толеранттылық- бұл бейбітшілік, суйгіштік, этникалық, діни, саяси ко...ныққа төзгіштік, “басқаның” теңқұқылы қатар өмір сүруін мойындау


Толеранттылық- бұл бейбітшілік, суйгіштік, этникалық, діни, саяси конфессионалдық, тұлғааралық әралуандыққа төзгіштік, “басқаның” теңқұқылы қатар өмір сүруін мойындау.
Толеранттылық - адамның жан - жақты құқықтары мен негізгі бостандықтарын мойындау негізінде қалыптасқан белсенді қарым - қатынас. Жекелеген адамдар, топтар және мемлекеттер толерантты болулары керек.
Толеранттылық – бұл адам құқығының, плюрализмнің (соның ішінде мәдени плюрализм), демократия мен құқықтық тәртіптің бекітілуіне ықпал етуге міндеттілік.
Мінез-құлық — адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері.
Мойындау – бұл басқа адамды басқа құндылықтардың, басқаша ойлау логикасының, басқаша мінез-құлық формасының иесі ретінде көре білу қабілеті.
Қабылдау – бұл осындай айырмашылықтарға дұрыс көзқараспен қарау.
Түсіну – бұл басқаны іштей көре білу, оның ішкі жан дүниесіне екі жақты көзқарас тұрғысынан білу қабилеті.
Интолеранттылық деңгейі жоғары – басқа мәдениет өкілдерін саналы түрде түсінбеу және қабылдамау.Ол сырт көрінісі басқа немесе өзге құндылықтар иелерінің тең құқықтылығын түсінгісі келмейді.
Интолеранттылық деңгейі жоғары емес – мәдениет өкілдерінің құқықтарын сөз жүзінде мойындайды, адамдардың діни, нәсілдік, мәдени, ұлттық ерекшеліктеріне қарамай тең құқықты өмір сүруі қажет деген ұстанымды айтады, бірақ сонымен қатар жекелеген әлеуметтік топтарға жағымсыз қатынасын ұстайды.
Толеранттылық деңгейі жоғары емес – мәдени плюрализмді мойындайды және түсінеді, түрлі әлеуметтік топтарға деген құрметпен келіседі, бірақ солай бола тұра, өз бетімен күнделікті өмірдегі, әсіресе жабық түрдегі мәдени дискриминация құбылысын көруге қабілетті емес.
Толеранттылық деңгейі жоғары – басқа мәдениетті, адамдардың басқа өмір салтына, өз көзқарастары мен құндылықтарын еркін көрсетуге деген құқықтарын мойындайды.
Бұл өзге мәдениетті қабылдау, мәдени ерекшеліктерге жағымды қатынас, кез келген мәдени дискриминацияға ерекше көңіл бөледі, басқа мәдениетпен өзіне қандай да бір пайдалы және құнды нәрселер таба біледі.
Бейімделу – өмірлік әртүрлі жағдайларынан үйрену үдерісі.
Аддиктивті мінез-құлық- тәуелді мінез-құлық.
Қоғамдық тәртіпке қайшы мінез-құлық – әлеуметтік нормаларға қайшы келетін, әлеуметтік тәртіпке және айналадағы адамдардың амандық – саулығына қауіп төндіретін мінез-құлық.
Асоциалды мінез-құлық – адамгершіліктің – өнегелі нормаларды бас тарту әрекеті.
Мақтаншақтық – өзін-өзі мақтау, мақтаншақтық.


Рухсыздық – интелектуалды, рухани мазмұнның болмауы.
Мейірімсіздік – аяушылық білдіруге қабілетсіздік, қатыгездік.
Өнегесіздік – адамгершіліксіздік, әдептілік ережесін бұзу, оларға қарама-қайшы әрекет ету.
Жауапсыздық – бір нәрсеге өзінің жауапкершілігін қабылдамау немесе жете түсінбеу.
Дау - жанжалдан аулақтық – дау жанжалды болдырмау.
Мәдениетсіздік – мәдениеттің, мәдениеттіліктің болмауы.
Бейқамдық – қамсыздық, сақтық шараларын қолдана білмеу.
Илланушылық – ықпал етуге, бұйрық беруге, басқаруға бейімділіе және әдет.
Қозғыштық – ашу кернеген жағдайында мінез-құлықтың ұшқалақтығы.
Әсерленгіштік – әсерге тез көнгіштік, эмотивтілік, сезгіштік.
Ашушаңдық – кейігіштік, ашуланшақтық, қызбалық.
Дөрекілік – әдепсізділік, көргенсіздік, жабайылық, өрескелдік бұрмалау.
Ұстамдық – байсалдылық, бір нәрсені дәл сақтауға бейімділік, бірізділік, ұстамды, байсалды болу.
Босаңдық – ширақтылық, сергектіктің, энергияның болмауы.
Делинквентті мінез-құлық – нақты тұлғаның белгілі бір қоғамда және белгілі бір кезеңде бекітілген нормалардан ауытқушы, қоғамдық тәртіпке қауіп төндіретін іс-әрекеттері.
Деструктивті мінез-құлық - зиян келтіретін, бұзуға әкелетін мінез-құлық.
Мінез-құлықты анықтау – белгілі бір мінез-құлықты тудыратын, арандатушы, күшейтпелі және қолдаушы факторлар жиынтығы.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет