Қазіргі халықаралық қатынастардағы мемлекеттік емес субъектілердің рөлі



Дата04.11.2023
өлшемі15,46 Kb.
#189657
Байланысты:
Сроп тмо-1
1 ЛЕКЦИЯ, сро 2 тмо-1, СІМ сро, философия бөж 6

Қазіргі халықаралық қатынастардағы мемлекеттік емес субъектілердің рөлі.
Қазіргі халықаралық катынастар деп әлемдегі халықаралық қатынастар субъектілерінің арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулер, акциялар мен әрекеттер түсіндіріледі. Осы қатынастардың базалық әлеуметтік негізі Жер планетасында өмір сүретін бірлік пен тұтастықты калыптастыратын адамзат. Дегенмен осынау бірлік пен тұтастық — қайшылықты нақтылық және көп бейнелі, эр түрлі, тіпті карама-қарсы мүдделердің түйісуінің бірлігі болып табылады. Олар (осы мүдделер) қажет болғандықтан саясатқа еніп кетеді және саяси шешімдерді талап етеді. Сонымен, халықаралық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің түйісуінің өзегі болатын саяси шынайылықтың спепификалық мазмұны халықаралық қатынастар болып табылады. Қазіргі кезде мемлекетпен катар мемлекеттен тыс құрылымдар да халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады, яғни жекелей алғанда БҰҰ және оның органдары: Бас Ассамблея, Кауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қамқорлық туралы Кеңес, Халықаралық сот, Секретариат. Қазіргі кезде мемлекетке саяси маневр, өз мүдделерін қорғау, халықаралық қатынастардағы күш пен құралдар балансын реттеу үшін жеткілікті кеңістікке ие болуға мүмкіндік беретін әрдайым дамып отыратын екі жақты және көпжақты келісімдер жүйесі және органдары бар. Азаматтық қоғам ұлттықы да халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады. Олардың алдында тұрған мәселелер ұлттық-мемлекеттік ауқымда (экологиялық, құқық қорғау және басқа да ұйымдар) тиімді шешілмеуі мүмкін. Олар өздерінің мәселелерін шешу үшін бұқаралық қозғалыстар ұйымдастыру және үкімет пен халықаралық ұйымдарға қысым көрсету жағдайында болады. Халықаралық қатынастар субъектілері ретінде саяси бастаманы қоғамдық пікірді көтеруге қабілетті, үкіметтің жүргізіп отырған саясатын реттеу мақсатында оларға ықпалын тигізуге мүмкіндігі бар беделді адамдар да түсе алады. Бұлардан басқа, қазіргі кезде аймақтық, мемлекетішілік қақтығысты жағдайды туғызуға қабілетті, жеткілікті түрде ықпалды халықаралық және мемлекетішілік саяси процестерге өсерін тигізе алатын заңсыз ұлттық мен құрылымдар да бар. бұл ұлттық мен құрылымдар кең көлемде қызмет істеуге қажетті материалдық-қаржылай, адам ресурстарына, өзінің идеологиясына, қарулы отрядтарға ие. йё

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет