Қазақстанның сыртқы саясаты: жетістіктері мен болашағы Сыдыкова Жулдыз



Дата04.11.2023
өлшемі3,64 Mb.
#189659
Байланысты:
СІМ сро
1 ЛЕКЦИЯ, сро 2 тмо-1, Сроп тмо-1, философия бөж 6

Қазақстанның сыртқы саясаты: жетістіктері мен болашағы
Сыдыкова Жулдыз
Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік жариялап, дербес мемлекет атанып, өзінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі басым бағыттарын анықтай бастағанына ширек ғасыр толып отыр.
Еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылды­ғын­да халықаралық қауымдастықтың бел­ді мүшесіне айналды. Осы қысқа мер­зімде Қазақстан өзінің ерекше да­му моделін таңдап, әлемдегі бейбіт­ші­лік пен бірліктің бірден-бір үлгісі бо­ла білді.
Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі мақсаты – елдің қауіпсіздігін сақтау, саяси және экономикалық қарым-қатынастарда аймақтық, субрегиональдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау.
1992 жылы наурыз айында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымыына мүше болып қабылданды.Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. Жалпы алғанда, Қазақстан әлемдік қауымдастықтың 138 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты және ТМД елдері арасында дипломатиялық өкілдіктің ең тармақты желісін иеленіп отыр.
1993 жылы президент Н.Ә. Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойды. Қазақстан ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды. Соғыс өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды бейбіт заттар өнімдеріне айналдыру (конверсия) жүзеге асырыла басталды.
Қазақстанның нақты бейбітшілікті қорғау тәжірибесіне үңілуі керектігін атап көрсетті. Қазақстан күшке емес, қажеттілікке негізделген жаһандық ұсыныстар жасауда. Семей полигонының 1989 жылы 29 тамызда жабылуы күнін БҰҰ Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні деп жариялады. Қазақстан атом қуатын тек қана бейбіт мақсаттарға, қуат көзі ретінде пайдалану туралы ұсыныстар айтты.
1996 жылы 31 қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөнінде шартқа қол қойды.Ядролық қаруды қаруды таратпау саласында еліміз бүкіл әлемге үлгі көрсетті
Қазіргі уақытта Қазақстан халықаралық саясаттағы ірі ойыншыға айналды, бұл оның әлемнің екі бөлігінің, Еуропа мен Азияның шекарасында, халықаралық қатынастардың негізгі қатысушылары, Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы стратегиялық тиімді географиялық жағдайына байланысты. Кең аумақтардың (әлемдегі тоғызыншы орын), Пайдалы қазбалардың және басқа да табиғи ресурстардың болуы елге өзінің халықаралық саяси рейтингі мен мәртебесін көтеруге мүмкіндік береді.
Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаяси және экономикалық факторларына байланысты көп ғасыр бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татулық және олардың аймақтық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді.
Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаяси және экономикалық факторларына байланысты көп ғасыр бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татулық және олардың аймақтық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді.
Еліміз тарихи өлшем бойынша өте қыс­қа мерзімде, халықаралық қа­ты­настардың жауапты субъек­тісі ретін­де­гі беделін бекітті. Бү­гін­де біз өзекті әлемдік мәселелерді шешу және жаңа әлемдік тәртіпті құру ісіне белсенді қатысып қана қоймай, сол бағыттарда бір­қатар бастамалар көтеріп, оның оң ше­­шілуі жолында нәтижелі шаруалар ат­қарудамыз. Осындай белсен­ділік­ пен нәтижелі іс-әрекеттің арқасында Қа­зақстан халықаралық аренада тұрақтылықтың, мемлекет дамуының қар­қынды және өркендеген моделінің бастаушысы ретінде лайықты бағасын алып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет