Қазіргі кездегі экологиялық білім берудің Ғылыми педагогикалық негіздері



бет8/12
Дата13.01.2022
өлшемі60,41 Kb.
#111489
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
СТУД КЗ 2 ИНФОРМАЦИЯ
stud.kz-88862 (1), stud.kz-88862 (1), stud.kz-88862 (1)
Экологиялық білім - И. Д. Зверевтің пікірінше, экологиялық мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі, оның мазмұны төмендегідей принциптер негізінде құрылуы керек:

- В. И. Вернадскийдің бионоосфера туралы ілімін, табиғаттың және адамзат қоғамының бірлігі идеясын дамытатын ғылымилық принципі;

- адамның табиғатқа және адамның адамға қарым-қатынасының бірлігі мен қарама-қайшылығын анықтайтын гумандық принципі;

- экологиялық мәселелердің аймақтық және өлкетану аспектісін ашып көрсету принципі,

- кіріккен (интеграция), үздіксіз және жүйелілік принципі Д. Н. Кавтарадзе экологиялық білім беруді жеке топтық және жалпы-адамзаттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, экологиялық дүниетанымды қалыптастыратын негізгі құрал, жер бетіндегі барлық адамдардың бірлігін әр мүшесіне сезіндіріп, адамдардың планетамен ортақ тағдырлас екендігін саналы түсіндіретін , олардың күш-қуаты адамзат пен биосфераның дамуына бағыттайтын рухани өзек ретінде қарастырады[16].

Н. И. Мамедов және И. Т. Суравеғана білім берудің мақсаты мен мазмұнын жаңартудың қажеттілігін сана дамуының деңгейімен, адамның адамгершілік түсініктерімен, оның түлғааралық байланысының сипаты және кеңдігімен, өлеумсттік өміргс араласу дәрежесімен, адамдардың тіршілік әрекетінің құнды мақсаты мен ниеттілегі ретінде көрсетеді. Зерттеудің нәтижесінде экологиялық білімнің мазмұны табиғи жөнс өлсуметгік шындықтың кіріккен ғылыми бейнесі негізінде құрылуы керек екендігі анықталды, ол төмендегі көзқарастардан туындайды:

- қоршаған ортаны жүйелі ұйымдастыру;

- тіршілікті экожүйе деңгейінде ұйымдастыру;

- адамның еріктілігі, экологиялық жауапкершілігін түсіну[17].

Сонымен, экологиялық тәрбиенің мақсаты жеткіншектердің рухани дамуына, қоршаған ортамен өзара іс-орекетінің адамгсршілік деңгейде, оның ішінде, адамның табиғатпен сезімдіх қарым-қаты-насының қалыптасуына бағытталған деп түсіндіріледі. Егер эколо-гиялық білім беру "сана-ойлау-білім-іс-әрекет" ұғымдарымсн анықталса, онда экологиялық тәрбие "құндылық-қарым-қатынас-мінез-құлық" ұғымдарымен сипатталады. Бұл жағдайда "қарым-қатынас" категориясы экологиялық тәрбиені жүйеге келтіруіні тетік қызметін атқарады, ал жеке тұлғаның құнды бағдары, кажеттілігі, ниет-тілегі, оның адамгершілік бағытын анықтайды деп тұжырымдауға болады[18].





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет